Жұмыс бағдарламасы 3-12 б. Силлабус 13- 23 б. Дәрістер 24-88 б. Практикалық сабақтар 89- 92 б. ОбсөЖ және СӨЖ 93-103 б


Дау-дамайлар - отбасында адамдардың көзқарастарының, қызығушылықтарының, қажеттіліктерінің қарама- қайшы келу



бет9/18
Дата11.01.2017
өлшемі3,26 Mb.
#6957
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Дау-дамайлар - отбасында адамдардың көзқарастарының, қызығушылықтарының, қажеттіліктерінің қарама- қайшы келу

барысында туындайтын келіспеушіліктер.

Дау-дамайлар дауласу,жанжалдасудан басталып, дау-дамайлық жағдаятқа ауысады. Егерде осы кезде алдын алу, үдетпей тоқтату жолдары қарастырылмаса , онда дау-дамайға ауысып қыза түседі. Ең қызған кезі инцидент деп аталады.

Дау-дамайлардың жиілігіне, тереңдігіне қарай В.Торохтий отбасның төмендегідей түрлерін белгілеген: кризисті, конфликті, проблемалы және неврозды (В. Торохтий).

Кризисті отбасы. Отбасының өмір сүру жағдайында қажеттіліктердің, қызығушылықтардың қарама-қарсы келіп шиеленіске айналуы. Ерлі -зайыптылар бір біріне өшігіп қарсы тұруларымен сипатталады

Проблемасы бар отбасы. Бас пананың болмауы, бір адамның

аурушаңдығы, материалдық жағдайдың төмендігі, бір адамның қылмыс жасап сотталуы т.б. проблемалар болып тұратын отбасылар. Мұндай отбасында қарым- қатынастар бұзылып, психикалық ауруға шалдыққандар жиі кездесіп тұрады.



Неврозды отбасылар. Бұл отбасы түрлерінде тұқымқуалаушылық арқылы пайда болған аурулармен ауыратын адамдар кездеседі, отбасындағы басым алған қорқыныш сезімдері, ұйқының бұзылуы, агрессия көрсету т.б. тән отбасылар.

Дау-дамайлы отбасылар. Отбасында жағымсыз эмоциялар көп орын алған, жиі-жиі ұрыстар, кікілжіңдер болып тұратын отбасыларды жатқызуға болады.

Дау-дамайлар бастауы отбасындағы даулардан, келіспеушіліктерден басталып, дау-дамайлар жағдайларына ауысады.

Ғалымдар отбасындағы дау-дамайларды төрт түрге бөледі: тұлғаның өзімен өзі,тұлғааралық, тұлға мен топ арасындағы, топтар арасындағы.

Дау-дамайлардың жалпы мәселелерін зерттеген (В.Шуман), балалардың жастарына байланысты кризистерді (И. Кон), ерлі-зайыптылардың арасындағы дау–дамайлардың бала тәрбиесіне ықпалы (А. Ушатиков, А. Спиваковская) т.б.

Отбасындағы негізгі дау-дамайлар ерлі-зайыптылар арасындағы кездесетін дау-дамайлар. Олардың пайда болу себептері орындалмаған қажеттіліктер арқылы белгіленеді. Негізгі себептерге төмендегі себептерді жатқызуға болады:

• Психосексуалдық үйлесімділіктің болмауы;

•Қажеттіліктердің орындалмауы, «МЕН» деген позицияның, сезімнің құрметтелмеуі;

• Жағымды эмоциялардың болмауы, идеалға сәйкес келмеуі, басқаны өзіне бағындыруға тырысу, түсінушіліктің, қамқорлықтың жоқтығы;

• ерлі-зайыптылардың біреуінің зиянды әдеттерге әуестігі (алкоголь, наркотик, ақшаны тек өзінің қажеттілігіне жұмсау т.б.);

• үй шаруашылығында бір біріне көмек көрсетпеу, қамқорлық жасамау;

•бала тәрбиесіндегі келіспеушілік, бос уақытты бөлек өткізу т.б.

Дау-дамайлардың пайда болуын С. Кратохвил отбасының даму

кезеңдеріндегі кризистерге байланысты екенін көрсеткен.

Бірінші кризис адаптация мәселелеріне тәуелді, екі адамның бір біріне үйреніп, «біз» позициясының қалыптаспауымен.

Екінші кризис -баланың өмірге келгеннен кейін туындайды.

Үшінші кезең -отбасының өмірінде бірыңғай өмір жағдайы қалыптасып ерлі- зайыптылар бір бірінен шаршай бастаған кезінде пайда болады.

Төртінші кезең 18—24 жыл бірге тұрып, балалар өсіп бөлек кеткеннен кейін басталады.

Дау-дамайлардың шешілуі екі жолмен өтеді: конструктивті және диструктивті. Конструктивті шешілуі арқылы адамдар қателіктерін түсініп, дұрыс шешімге келеді. Диструктивті шешілген жағдайда адамдар бір біріне өшігіп, кек сақтап қалады да келесі бір жанжалдасқанда бәрін еске түсіреді, үдей берсе денсаулыққа кері әсері тиеді. Дау-дамайларды шешуде қолданылатын әдістер: әзіл, комплимент айту, жылы сөз, назарды басқа екеуіне де маңызды мәселеге көңіл аударуға тырысу т. б.

Ерлі-зайыптылардың арасындағы дау–дамайлардың шешілуінің төмендегідей жолдары кездеседі: еріксіз көндіру – зорлап өзінің шешімін мойындату, екінші вариант- конфронтация – қарсыласқан адамдар бір бірінің позициясын ескермейді, қабылдамайды, ызалану арта түседі.

Үшінші: дау–дамайды шешуден бас тарту, бұл дау–дамай барысында туындаған қарама-қайшылықты шешуден қашу. Бұл әрекеттің жақсы жағы араға уақыт салу, ойлануға мүмкіндіктің пайда болуы мен сипатталады. Тағы бір вариант: дау–дамайды жұмсарту -бұл әдіс дау–дамайды өршітпей, бәсеңдетеді. Дау-дамайлардың шешілуінің дұрыс жолы – компромисс, екі жаққа да тиімді жолы.

Конструктивті шешілуі адамдардың қателіктерін түсініп, қателіктерін кешіріп, дұрыс шешімге келумен аяқталады. Сүйген адамды жеңу ешкімге де қуаныш әкелмейтінін екі жақта түсінгендері жөн.

Конфликті отбасында жағымсыз эмоциялар орын алып, отбасы мүшелері, балалар үшін психотравмалық жағдай тудырады. Отбасындағы үлкен дау-дамайлар ерлі -зайыптылар, ата -ана мен балалар, орта буын мен аға буын , арасында туындап үлкен үрей, кінә, қорқыныш, ыза тудырып отбасы мүшелерінің денсаулықтарына үлкен зиян тигізеді.

Отбасында кездесетін дау-дамайларда ерлі –зайыптылардың тәртібі ашық және жабық түрде өтеді: жабық түрде олар бір бірімен қатынас жасамайды, қимылдарынан, көзқарастарынан байқауға болады, ал ашық түрінде олар бір біріне қарсылық көрсетеді: есікті тарс еткізіп жауып, бір бірін кінәләп қол көтеруге дейін барады.

Отбасындағы дау-дамайлардың алдын алу жолдарын В. Владин, Д. Капустин, И. Дорно, А. Егидес, В.Левкович, Ю. Рюриков төмендегідей жолдарын белгілеген :

- Басқа адамды өзіңдей сыйлай білу;

-Ол саған ең жақын адам екенін естен шығармау, ол сенің балаңның анасы, әкесі;

– Кек сақтамауға тырысу, жағымсыз эмоцияларды жинамау;

- Сексуалдық өмірге қатысты кінәламау, ол еш уақытта ұмытылмайды;

- Бөтен адамның көзінше ескерту жасамау;

- Өзіңнің жақсы қасиеттеріңді үлкейтіп, өзіңнің пікірің әр уақыта дұрыс деп санамау;

- Көбірек сенім білдіріп, қызғануды азайтуға тырысу;

- Басқа адамға құрметпен қарап, тыңдай да сөйлей де білу;

- Өзіңді жақсы жағынан көрсетуге ұмтылып, кемшіліктерді жоюға тырысу;

- Жолдасыңның қызығушылықтарымен санасу;

- Кейбір жағдайларда шындықты білгеннен білмеген дұрыс;

-Кейде бір бірінен дем алғанда дұрыс, оның да қатынастан шаршап кеткенінде пайдасы бар.



Ата -ана мен балалар, орта буын мен аға буын арасында болып тұратын дау-дамайлар.

Отбасында дау-дамайлар ата -ана мен балалар, орта буын мен аға буын , балалар арасында кездесіп тұрады. Дау-дамайлар жақсы отбасында да болып тұрады. Сондықтан оның дұрыс шешу жолдарын білу қажет. Бұл дау-дамайларды шешуде педагог-психолог жиі араласады.

Жағдайы жақсы отбасыларында да 30% жақын дау-дамайлар ата -ана мен балалар арасында кездесіп тұратынын И.Горьковская көрсеткен.

Дау-дамайлар жиі болып тұратын отбасылардың бірқатары мына жағдайлармен суреттеледі: материалдық деңгейінің төмендігі, азық-түліктің жетіспеуі, жақын адамдардың маскүнемдігі, ұрыс-керіспен күн кешу, психикалық ауруға шалдыққан туыстарымен бірге тұру т.б.

Мұндай отбасындағы басты проблема-балалармен қатігез болу, ұрып-соғу. Отбасындағы бала ата-ана мейірімінен айрылып қана қоймай, бала-бақшаға, мектепке барудан бас тартады. Мұның бәрі баланың үйден қашып кетуіне себеп болады. Бұл жағдайға соқтыққан балаларда сенсорлық және әлеуметтік депривацияның белгілері, психикалық дамудың артта қалуы байқалады. Сонымен қатар олардың ми функциясының қызметі, таным әрекеті бұзылады, эмоционалдық тұрақсыздық пайда болып, өтірік айтуға, қиялға бейім екендігі байқалады.

Отбасында ата -ана мен балалар арасында болып тұратын дау –дамайлардың психологиялық себептері төмендегідей:

1.Отбасындағы қарым-қатынас типтеріне байланыстылығы. Ғалымдар үйлесімді үйлесімі жоқ (гармоничный и дисгармоничный) типтерге бөледі.

Үйлесімді типтегі отбасында дау-дамайлар ата -ана мен балалар арасында ақылмен дұрыс шешіледі, ал үйлесімі жоқ отбасында ерлі-зайыптылар арасындағы туындаған дау-дамайлар балаларда қорқыныш, мазасыздану тудырады.

2. Отбасындағы деструктивті тәрбиенің белгілері:

• Отбасында бала тәрбиесі туралы түрлі көзқарас;

• Отбасында бала тәрбиесінде жүйеліліктің жоқтығы, қарама-қайшылықтың жиі болып тұруы;

• Отбасында бала тәрбиесінде шектен тыс қорғаштау, тйым салу;

• Балаға қатал талап қою,қорқыту, сын айту.

3.Балалардың жастарына байланысты кризистерде дау–дамайлардың туындауы:

• бір жас кезеңіндегі кризис;

• «үш жастағы» кризис;

• 6—7 жастағы кризис;

• 12—14 жастағы балалардың жыныстық жетілуіне байланысты кризис;

• 15-17 жас аралығындағы жеткіншек жастағы кризис (Д. Эльконин).

5.Тұлғааралық факторларға байланысты дау–дамайлар. Оған эгоизм, эгоцентризм, жалқаулық, өзін жоғары бағалау т.б. жатқызуға болады.

Отбасында ата -ана мен жеткіншек жастағы балалар арасында болып тұратын дау –дамайлардың психологиялық себептері төмендегідей:

- ата-ана мен жеткіншек жастағы балалар арасында қатынастардың тұрақсыздығына байланысты туындайтын дау –дамайлар;

-баланы шектен тыс қорғаштау;

-балалардың құқығын құрметтемеу, еркіндік бермеу;

- әкенің беделінің басымдығы, баланы еріксіз көндіру.

Ата-аналардың әрекеттеріне балалар төмендегідей реакциялар білдіреді:

• оппозицияда болу;

• қарсылық көрсету;

• шындықты ата-аналарынан жасыру, олармен қатынас жасаудан бас тарту.

Дау –дамайлардың алдын алу жолдары.

1. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жетілдіру.

2. Отбасының өмірін ынтымақтастық негізде ұйымдастыру.

3.Талап қоюды іс- әрекет арқылы бекіту.

4.Балалардың қызығушылықтарын ескеру, оларды түсіне білу. (Д. Лешли, А. Рояк, Т. Юферова, С. Якобсон)

Ата-аналардың балалармен конструктивті әрекет жасауына төмендегідей жағдайлар ықпал жасайды:

- әр жағдайда балалардың ерекшеліктерін ескеру;

- жаңа жағдайда жаңа шешім қабылдау;

-баланың талабын түсінуге тырысу;

- жағдайды өзгерту үшін араға уақыт салудың қажеттілігі;

- қарама-қайшылықтарды баланың дамуына ықпал жасайтын фактор деп түсіну;

-балаға деген қатынастың тұрақты болуы;

-бірнеше альтернативадан баланың өзі таңдауына мүмкіндік тудыру;

-балаға белгілі жағдайлардың негативті аяқталуын түсіндіру;

-материалдық қолдау көрсетудің орнына моральдық қолдау көрсету;

-үлкендердің, басқалардың үлгі-өнегесі;

Қорта келгенде,отбасындағы дау-дамайлардың алдын алу жолдарын кез келген ата-ана білсе, онда бала тәрбиесіндегі көптеген проблемалар дұрыс шешілер еді. Ашуланған кезде өзін қалай меңгеруге болады?

Ол үшін, ашуды тудырған мәселеге ұстамдылықпен қарау қажет, оған трагедия деп қарамау. Ашуланған кезде адам өзін-өзі бақылау керек. Ол кезде аяқ, қолдың бұлшық еттері қатаяды, осы кезде белсенді түрде қимылдар жасау қажет. Және назарын басқа көңілді жағдайға ауыстырған жөн.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Дау –дамайлар деген не?

2. Отбасындағы ерлі-зайыптылардың арасындағы дау–дамайлардың пайда болу себептері қандай?

3.Дау –дамайлардың түрлері қандай?

4. Дау –дамайлардың аяқталу жолдары қандай?

5. Дау –дамайлардың алдын алу жолдары қандай?

6. Отбасындағы дау –дамайлардың, кикілжіңнің, зорлық-зомбылықтың әсерінен балаларда қандай проблемалар туындайды?

7. Дау-дамайлар мәселелерін зерттеген ғалымдар кімдер?

Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:

Дау-дамайлар-отбасында адамдардың..., ..., ...қарама- қайшы келу барысында туындайтын келіспеушіліктер.

Конфронтация – қарсыласқан адамдар бір бірінің позициясын... .

Компромисс, екі жаққа да ... жолы.

Дау-дамайлар болып тұратын отбасы түрлері....

Дау-дамайлар шешілу жолдары... , .... .

Дау-дамайлардың ең қызған кезі .... деп аталады.

Дау-дамайлардың басталу кезі .... деп аталады.

Келесі жағдаяттардың дұрыс шешілу жолдарын көрсетіңіз:

Сенбі кунінің кеші. Күйеуі теледидардан спорт туралы хабарды көргісі келеді, ал әйелі – телесериалды басқа бағдарламадан көргісі келеді.

Әйелі баласына сабақ оқуын талап етіп ұрысады, ал күйеуі теледидар көруге кедергі жасама деп ренжиді.


Тақырып: Ажырасудың бала психикасына тигізетін кері әсері.

1. Ажырасу әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде.

2. Ажырасу: себептері мен салдары.

3. Ажырасудың бала психикасына тигізетін кері әсері.

4. Ажырасқан отбасындағы балаға педагогикалық – психологиялық көмек.

Әдебиеттер тізімі:

1.Куликова Т.А.Семейная педагогика и домашнее воспитание:Учебник для студентов сред. и высш. пед .учеб. заведений-М.:1999.-232 с.

2. Баймұқанова М.Т.Отбасымен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс. Оқу құралы.Астана.2005.-180 б.

3.Зритнева Е.И. Семьеведение: учеб. Пособие для студентов вузов.-М.: изд.гуманитар. центрВЛАДОС,2006-246 с.

4.Шнейдер Л.Б. Семейная психология: Учебное пособие для вузов. 2-е изд.- М.: Екатеринбург: Деловая книга, 2006.-768.


Қазіргі кезде бүкіл әлемде ерлі-зайыптылық пен отбасы мәселелеріне баса көңіл бөлу ажырасу деңгейінің жоғарылауына әсер етіп отыр. Өзгеріп отыратын қоғам жағдайында біздің елімізде ажырасу деңгейіне әсер еткен себептер мынадай: әйелдердің кәсіптік қызметке жаппай кірісуі, діннің өз күшін жоғалтуы, халықтың білімділігінің және жалпы мәдениетінің едәуір артуы, соның нәтижесінде некеге деген талаптың көтерілуі, ажырасуға қатысты заң нормаларының әлсіздігі, жыныстық моральдың бұрмалануы, ірі өнеркәсіп өндірісінің дамуы және осыған байланысты тұрғындардың едәуір бөлігінің ауылдан қалаға қоныс аудару процесі, сондай-ақ отбасын нуклеаризациялау туыстық жүйе мен қоныстанушы қауымның ерлі-зайыптылардың іс-әрекеттерін әлеуметтік бақылауын әлсіретті. Бұл тұрғыдан ерлі-зайыптылардың, әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалары бар отбасылардың достарымен араласу мүмкіндігі өте шектелген.

Ең бірінші ажырасу туралы деректер Хамурапи патшаның заңдарында 18 ғасырда көрсетілген. Ажырасу туралы заңдар өзгеріп тұрған. Ерте кезде ажырасуға күйеуінің ғана құқығы болған, ал әйелдерге құқық берілмеген. Ажырасу отбасындағы қатынас типтеріне қарай өзгеріп тұрған.



Ажырасу-ерлі- зайыптылардың тірі кезінде некенің тоқтатылыуы, ресми түрде бұзылуы.

Ажырасу алдындағы жағдайдың дамуының басы ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) қарым-қатынасқа және жалпы некеге көңілі толмауынан басталады. Бұл жағдай бірнеше сәттен тұрады:

• ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) ажырасу туралы шешім қабылдауы;

• ерлі-зайыптылық қатынастарды тоқтату;

• қоғамға ерлі-зайыптылық қатынастардың жайсыздығы туралы жариялау (ажырасу жөнінде өтініш беру).

Ажырасуға әкелетін себептер:

1.Отбасындағы тұрмыстық-шаруашылық проблемалар(баспананың болмауы, үй шаруашылығына бейімділіктің жоқтығы, материалдық қиындықтар).

2.Тұлғааралық конфликтер (махаббатты жоғалту, жанжалдасу,дөрекілік, қызғаншақтық, өмірге әртүрлі көзқарас, т.б.).

3.Сыртқы факторлар ( көзге шөп салу, басқа адамға деген жаңа сезім, ата-аналардың араласуы, баланың болмауы ).

Өте сирек кездесетін себептер: ерлі-зайыптылардың саяси немесе діни көзқарастарының келіспеуі.

Әрине, ажырасуға абсолюттік негатив деп қарауға болмайды, ажырасу арқылы қателікті жөндеп, бақытты өмір бастауға мүмкіндік тууы мүмкін. Алайда, ажырасуды болдырмау үшін қателеспей алғашқы қадам жасауға тәрбиелеуді жасөспірім шақтан бастау маңызды.

Ажырасуды әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде қарастыруға байланысты бірнеше теориялар бар. Солардың ішінде «итеру» теориясы, -ситуациалық қиындыққа байланысты (көзге шөп салу, біреуінің ауруы, қайтыс болуы,қылмыс жасауы). Отбасының бұзылуы бір себеп арқылы бұзылуы мүмкін емес. Ажырасу – процесс, оған бірнеше себептер арқылы келеді, оған дайындық болуы керек. Басқа концепцияда ажырасуды «кері қарай даму» деп түсіндіреді. Онда ерлі-зайыптылар қатынастары дамиды төмендегідей ретте: ұнату- махаббат -жақындасу- салқындық- тітіркену –қатынастың бұзылуы. Бұл тізбек әрбір ажырасуда байқалады. Оның шешілуі ерлі-зайыптылардың тәртібіне , әрекетіне байланысты болып келеді.

Т.В. Шеляг отбасының бұзылуының төрт стадиясын белгілеген:

Бірінші – эмоционалдық ажырасу ;

Екінші - физикалық (интимдік) фактор;

Үшінші - «сынау үшін ажырасу»(отбасы ажырасқан, бірақ заңды түрде неке бұзылмаған);

Төртінші – заңды түрде некені бұзу.

Эмоционалдық көңіл күйдің бұзылуын психологтар төрт фазаға бөледі.

1.Интра(ішкі)-психикалық. Өзіне көңілінің толмауы.

2.Интер (ерлі зайыптылар арасында) – партнерлер өздерінің қатынастарын талқылап, эксперимент жасайды.

3.Әлеуметтік фаза–процеске басқа адамдар араласады, олар ажырасқандарға куәгерлер.

4.Ажырасқаннан кейінгі фаза. Ерлі-зайыптылар алған тәжірибеден қорытынды жасап , әрқайсысы уайымын іште сақтайды.

Ажырасудың тағы бір маңызды аспектісі оның салдары болып табылады. Жалпы алғанда, ажырасу салдары жөніндегі мәселе толық зерттелмеген. Алайда қолдағы бар мәліметтер, оның ішінде шетелдік мәліметтер ажырасу салдарының бір-біріне тәуелсіз үш тобын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: ерлі-зайыптылар үшін, балалар үшін және қоғам үшін.

Қашқындардың бір қатары бұзылған ажырасқан отбасылардан және сәтсіз отбасынан шыққан. Жеткіншектердің үйден кету себебі-бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылуы. Отбасында болған ұрыс- керістер салдарынан бала өзін бақытсыз сезінеді, іштей тынады, уайымға салынады. Ажырасқаннан кейін ата-анасының біреуі қайтадан некеге отырады.

Е.П.Арнаутованың жүргізген зертеуіннен екінші некеге отырған әйел адамда жаңадан проблемалар қиындықтар табылатындығын көрсеткен. Бала жаңа әдеттерге, тәртіптерге қарым-қатынастарға үйренеді, бейімделеді. Мамандар әйел адам үшін екінші неке маңыздырақ екенін атап көрсетеді. Осы кезде анаға педагог-психологтың көмегі қажет. Ол отбасылық қарым-қатынасты шешуге, баланың мазасыздануын санасына жеткізуге өгей әкенің балаға жақын адам бола алатындығына көз жеткізуге көмектеседі.

Ажырасудың ерлі-зайыптылар үшін салдарын қарастырсақ, ажырасау алдындағы кезеңнің жарақаттаушы әсерін, ерлі-зайыптылардың жынысына байланысты ажырасуға қатысты әсер етудің түрліше болуын, ажырасудың ішімділікке салыну, психикалық ауытқу, өзін-өзі өлтіру тәрізді бірқатар қоғамдық теріс кұбылыстармен тығыз байланысын байқауға болады.

Ата-аналарының ажырасуының балаларына тигізетін әсерін талдау ажырасудың өзі емес, онымен сабақтасқан, ажырасу алдында немесе одан кейін ерлі-зайыптылар арасында болатын келіспеушіліктер, сондай-ақ оның түрі мен ұзақтығы маңызды фактор болып табылатындығын көрсетті. Одан басқа баланың ата-анасымен қарым-қатынас жасау сипаты, баланың ата-анасының ажырасуына дайындығы, балалардың жасы, жынысы, ажырасудан кейін балалармен бірге қалатын ата-ананың жынысы тәрізді ерекшеліктер мен басқа да факторлар маңызды болып табылады.

Қоғам үшін ажырасу салдары отбасының екі маңызды функциясының - репродуктивті және тәрбиелеу функцияларының өзгеруімен байланысты. Ажырасқан ерлі-зайыптылардың көпшілігі қайта некеге отырмайды.

Ажырасудың отбасылық тәрбиеге тигізетін әсері бірдей емес, себебі әлеуметтік нормалар мен моральдық талаптар бұзылған. Ерлі-зайыптылардың психологиялық келіспеушіліктері салдарынан бұзылған отбасылардың тәрбие беру нәтижесі төмен. Мұндай жағдайда ажырасу тәрбиелеу процесін тиімдірек етуге мүмкіндік береді.

Ажырасудың кең тарауы (әсіресе жас отбасылары арасында) жалпы санада ажырасуға деген жаңа қатал емес көзқарасты қалыптастыра отырып, қоғамдық теріс салдарға әкеліп соғады, бұл отбасының тұрақсыздануының қосымша шарты болып табылады.

Т.П.Гаврилова отбасының бұзылуының мектепке дейінгі жастағы балаға қалай әсер ететінін зерттеген. Ата-анасымен қарым-қатынасы бұзылған бала уайымға беріледі. Ажырасу бала алдына үлкен міндет қояды: жаңа өзгерген жағдайға бейімделу, ажырасқан ата-анамен жаңа қарым-қатынастар орнату т.б. 2,5-3жастағы сәбилерде отбасының бұзылуы , ажырасу кезінде тынымсыздық , қобалжу ұйқының бұзылуы байқалады деген.

Шетел зертеушілері В. Мотейчик, А. Николин мынадай шешімді құптайды: баланың эмоционалды жағдайы ата-анасының екеуі де жанында болғанда жақсарады. Ажырасу бала бойында жалғыздықты, қорқыныш және кінәлі болу сезімдерін тудырады. Педагог-психолог отбасында маскүнемдікке шалдыққан мүшелері бар отбасына ерекше қарауы қажет. Отбасындағы басқа мүшелердің ішімдікке деген қатынасы қандай екенін бірден айқындап білуі қажет, есепке алуы шарт. Маскүнемдік көңіл көтерумен басталып, ауруханаға қаралып емделумен аяқталуы мүмкін. Ата-аналардың бір қатары шарасыздықтан, жұмыстан айырылғандықтан, отбасындағы ұрыс-керістер салдарынан ішімдікке салынады. Аяғында адам маскүнемдікке шалдығады. Алынған мәліметттер бойынша ер адамдардың 99%, әйел адамдардың 97% алкогольді ішетіні анықталған.

Маскүнемдіктің пайда болуына бірнеше факторлар әсер етеді: Тұқым қуалаушылық факторы, тұлғаның жеке қасиеттері, мінез құлқы, қоршаған орта, білімнің, материалдық жағдайдың төмендігі.

Ішкіш әке немесе маскүнем әке балаларын ұрып соғып, оларды кедергі көзіндей көреді. Ішкіш шеше немесе маскүнем шеше бала тәрбиесіне көңіл бөлмейді, оларға немқұрайлы қарайды. Мұндай отбасындағы балалар күтім көрмейді, аш жүреді, аурушаң, ақыл ойы төмен болады. Олар агрессивті, өздерін өздері қорғауға тырысады, ата аналарының ішкендеріне қайғырады және өздері тектес балалармен жүруге тырысады.

Жеткіншектер арасында да маскүнемдік қарқынды дамыған. Олар ерте жаста алкогольге үйір болады. Егер адамның физиологиялық және психикалық дефекттері болса, оны ішімдіктің көмегімен жойюға тырысады. Жастар ішімдік арқылы, өздерінің ұялшақ қылықтарын жеңеді. Маскүнем отбасында бір қатары толық емес отбасы. Зертеушілердің анықтауынша бала өскен сайын оның өмірінде әкенің рөлі артады. Егер ол маскүнем болса оның ұрпақтары қандай болмақ? Оқушы жасында бала өзін сенімді, тұрақты сезінуі үшін ата-ананың рөлі өте зор. Келешекте өз орнын табуға сапалы біліммен тәрбие алуда негізгі көмек көрсететін ата-ана. Отбасында қандай рөлге ие бола алатындығын біледі, таным белсенділігі артады, шағын топтарда өзін ұстауға бағыт-бағдар алады. Бір қатар авторлардың пікірінше отбасылық өмірге әкенің белсенді араласуы отбасының сәтті болуына кепіл болады. Маскүнемдер отбасындағы әке мен шеше балаға қандай үлгі бола алады. Бала олардан қандай үлгі алады, оларға еліктеп ішімдікке үйренеді аморальді өмір сүруге бет бұрады. Бала үйінде болашақ отбасылық рөлдердің, міндеттердің алғашқы белгілерін ала алмайды. Ата-анасыз тәрбиеленген баланың психикасында түрлі ауытқулар байқалады, Мысалы, эмоционалдық аймақтағы дефекттер. Мұндай кемшіліктер баланың сезімдеріне, тәртібіне, тұлғааралық қарым-қатынасына, тәрбиесіне кері әсер етеді. Осының барлығы болашақ отбасылық өмірдің сәтсіз болуына септігін тигізеді. Зерттеушілер ұл балалар қыз балаларға қарағанда әкенің жоқтығын тез сезінетіндігін дәлелдеген. Бала өмірінің алғашқы кезінде толық отбасынан шыққан балалар мен толық емес отбасы балаларының арасындағы айырмашылық тез байқалады.

Зерттеудің нәтижесінде әкесі ерте қайтыс болған, жесір анасымен тұратын бала әкесі бар балаға қарағанда өз бетімен әрекет жасайтындығы, тынымсыздығы анықталған (П. Массен, Д. Ж. Конджер). Ересек жастағы балаларды зертеу нәтижесінде әкесіз өскен бала, әкесі бар балаға қарағанда жүректі, мықты болатындығы дәлелдегенген. Тек қана анасымен өскен қыздың толық отбасында тұратын қыз баладан тәртіп және жеке ерекшеліктері жөнінен айырмашылығы жоқ. Отбасынан тыс өскен баламен балалар үйінде тәрбиеленген бала арасында көп ұқсастықтар кездеседі: адамдарға бауыр басуға тән емес таным белсенділігінің жеткіліксіздігі, абай болу, тәртіппен ойлай жүру. Балада қоршаған ортаға, әлемге, адамдарға өзінің қызықтырмайтын қатынастың болуы таным қызығушылықтарының төмендеуіне әкеп соғады. Нәтижесінде бала өміріне қажетті тәжірибе жинақталынбайды, жөні түзу тәрбие алынбайды ,санасы дамымайды. Баланың есінде өмір сүрген кезең тек білім ретінде емес жеке өміріндегі жағдай ретінде қалады.

Педагогтардың пікірінше материалдық жағдайы жақсы, ата-аналары білімді балалар "қиын" балалар қатарына жатады, себебі бала жетістікте өмір сүріп ойына келгенін жасап, шектен шығуына жол береді.

Психотерапевт И. А. Захаров бала неврозының пайда болуы ата-ана арасындағы нашар қарым-қатынастың болуы деп атап көрсеткен. Сонымен отбасының конфликті жағдайы баланың тұлға ретінде дамуына кері әсер етеді. Зерттеушілер баланың үйден кету себептерін былай анықтайды: бала қиындықтардан қашады, өзіне қажетті нәрселерді, жетіспеушілігін іздеуге салынады, отбасындағы түрлі ұрыс- керістердің жиі байқалуы т.б.

15-16 жаста жеткіншектер көбінесе еңбектен қашады, туыстарынан гөрі құрдастарымен жолдастарымен араласқанды жөн көреді. Қашқындардың бір қатары бұзылған, ажырасқан отбасылардан және сәтсіз отбасынан шыққан. Жеткіншектердің үйден кету себебі - бостандыққа тәуелсіздікке ұмтылуы. Отбасында болған ұрыс керістер салдарынан бала өзінің бақытсыз сезінеді, іштей тынады, уайымға салынады. Ажырасқаннан кейін ата-анасының біреуі қайтадан некеге отырады. Е. П. Арнаутованың жүргізген зертеуінен екінші некеге отырған әйел адамда жаңадан проблемалар, қиындықтар табылатындығын көреміз. (Бала жаңа әдеттерге, тәртіптерге қарым-қатынастарға үйренеді, бейімделеді.) Мамандар әйел адам үшін екінші неке маңыздырақ екенін атап көрсетеді. Осы кезде анаға психолог- педагогтың көмегі қажет. Ол отбасылық қарым-қатынасты шешуге, баланың санасына өгей әкенің балаға жақын адам бола алатындығына көз жеткізуге көмектеседі.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Ажырасу деген не?

2. Отбасындағы ерлі-зайыптылардың ажырасу себептері қандай?

3.Ажырасудың түрлері қандай?

4.Ажырасудың бала психикасына тигізетін кері әсері қандай?

5. Ажырасудың отбасы мүшелерне тигізетін кері әсері қандай?

6. Ажырасқан отбасында балаларда қандай проблемалар туындайды? 7.Ажырасу мәселелерін зерттеген ғалымдарды атаңыз.

Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:

Ажырасу себептеррі.....

Қоғам үшін ажырасу салдары.....

Эмоционалдық көңіл күйдің бұзылуын психологтар .... .... бөледі.

Ажырасу түрлері....

Ажырасқан отбасындағы балаға педагогикалық – психологиялық көмек түрлері....


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет