Жұмыс бағдарламасы балалар аурулары пән бойынша (пәннің аты) 051102


Клиникасы. Пневмосклероздық вариант



бет51/64
Дата24.04.2023
өлшемі0,76 Mb.
#175303
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64
Байланысты:
det bol det xir kz
сессия химия А, 129678, 176997
Клиникасы.
Пневмосклероздық вариант. Ремиссия кезінде шағымдары аз болады, көбіне таңертең қақырықты жөтел болуы мүмкін. Баланың жағдайы, физикалық дамуы қанағаттанарлық болуы да мүмкін. Перкуссияда өкпелік бұзылыс үстінен перкуторлық дыбыс қысқарады. Аускультацияда сол жерден түрлі калибрлі ылғалды сырыл есітіледі. Рентгенде өкпе көлемінің кішіреюі, өкпе суретінің күшеюі білінеді. Бронхоскопияда өкпенің тиісті сегменті бөлігінде эндобронхит табылады.
Созылмалы пневмонияның қайталауы (өршуі) жылына 1-2 рет қана болса, жедел ағымды пневмонияға сай келеді.


Бронхоэктаздық вариант көбінесе балаларда созылмалы пневмонияның орта және ауыр ағымдарына сай келеді. Бронхоэктаздардың ең айқын белгісі—қақырықты жөтел. Басында қақырық аз, көбінесе таңертең, еңкейген кезде бөлінеді. Қақырық қою, бөлшекті, иісі жағымсыз болады. Бірте-бірте қақырық көбейіп,науқастың оны ауыз толтырып тастауы жиілейді. Қақырық әйнек ыдыста біраз тұрса, үш деңгейге бөлінеді. Жоғарғысы—көбікті, ортаңғысы серозды, жасыл-сары түсті, төменгісі іріңді, құрамында Дитрих тығыны болуы мүмкін.
Қақырықты микроскопия жасағанда лейкоциттер, саңырауқұлақтар, эритроциттер, шырыш, май қышқылдарының кристалдары, эластик тіндер, фибриндер табылады.
Ауруды байқап қарағанда тері боздығы, беттің аздап көгеріп ісінуі, кейде токсикалық дерматит байқалады. Тіндер тургорының өзгерістері, арықтау, тез шаршау, ентігу болады. Кеуде деформациясы байқалады.
Іштен болатын бронхоэктаздар басқа даму ақуларымен қабаттасуы мүмкін. Ересек балаларда қол-аяқ саусақтарының «барабан таяқшасы»на ұқсауы тән.
Бронхоэктаздың рентгендік бейнесі өзгеше, жүзік тектес көлеңкелермен ерекшеленеді, кейде кеуде ағзалары, диафрагма, кеңірдектің бір жаққа ығысқаны көрінеді. Дорба тәріздес бронхоэктаздар болса, өкпенің шектеулі аумағы «бал арасының ұясына» ұқсауы тән.
Бронхоэктаздардың түпкілікті диагнозы тек бронхография көмегімен қойылуы мүмкін. Бронхографияда бронхоэктаздардың орналасуы, олардың түрі анықталады.
Созылмалы пневмониямен ауырған балалар нерв-психикалық дамудан артта қалуы мүмкін, кейде оларда тырысу, түнде зәрді ұстамауы, ас қорыту жүйесінің дискинезиялары, бронхоспастикалық синдром, ал қыздарда етеккірдің тоқталуы байқалады.
Диагнозы анамнезіне, клиника-рентгендік көрсеткіштеріне, бронхография, компьютерлік томография көрсеткіштеріне негізденіп қойылады.
Емі. Созылмалы пневмониямен ауырғандар емі сатылы, әр ауруға бөлек орайластырылып жүргізіледі. Қайталау кезінде бала ауруханада емделеді. Негізгі ем бағыттары: 1) организмнің өзгерген реактивтілігі мен өкпенің резистенттігін қалпына келтіру, 2) инфекция және пневмосклероз үдеуімен күрес, 3) бронх тарамдарының функциясын орнына қайтару. Режим, диета сақталады. Антибиотиктер парентералды жолмен, ультрадыбысты аэрозоль қондырғылары арқылы, бронхоскоп арқылы жуу әдісімен тағайындалады.
Муколитиктер ішке және аэрозольтүрінде қолданылады.
Физиоем—ем құрамының міндетті бөлігі. УВЧ, микротолқынды ем, платифиллин, дионин, никотин қышқылы, кальций ерітінділерімен электрофорез тағайындалады, емдік физкультура тағайындалады.
Организмнің қорғаныс күштерін белсендіру үшін пентоксил, метацил, дибазол, жень-шень, апилак т.б. курстарын жүргізеді.
Заттек алмасуын орнына келтіру, тіндердің оттегі қабылдауын жақсарту, антибиотиктер әсерін көтеру үшін витамин емі қолданылады (С, В тобы, А).
Фитоем жүргізіледі. Шайқурай, өгейшешек, атқұрай, қазанак, киікоты өсімдіктерінің тұнбалары тағайындалады.
Инфекция ошақтары мұқият зерттеліп, кезінде сауықтандырылуы қажет.
Локальді, консервативтік емге көнбейтін, іріңді процесс кезінде оперативтік ем жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет