Жұмыс бағдарламасы дипломнан кейінгі және қосымша білім беру бббк мәжілісінде 2018 ж., хаттама № талқыланды



бет2/7
Дата12.09.2023
өлшемі217,5 Kb.
#180860
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Прог.вступ.доктор.ТФП-каз-1
Сағымбай Қымбат Ми бағаны, ОШ СОр Физика 7кл каз , 249040649-Revision-3-Pre-intermediate, ввв
Міндеттері:

  • химия-фармацевтикалық өндірістерді ұйымдастырудың негізгі принциптері туралы білімін қалыптастыру;

  • тиісті өндірістік тәжірибе - GMP туралы білімін қалыптастыру;

  • дәрілік түрлер өндірісінде инновациялық технологияларды жасау және ендіруге үйрету;

  • дәрілік түрлерді даярлаудың теориялық негіздерін игеру және кәсіптік дағдылар мен ептілікке үйрету;

  • өндірісте шығарылатын дәрілік құралдарды сатылы бақылау және стандарттау әдістерін үйрету;

  • дәрілік құралдар өндірісі технологиясын жетілдіру жолдарын үйрету;

  • фармацевтикалық өндіріс үшін жаңа қосымша заттарды іздестіруді және өндіріске енгізуді үйрету;

  • дайын дәрілік құралдардың, дәрілік заттардың, препараттардың, жартылай өнімдердің және басқа фармацевтік өнімдердің тұрақтылығын анықтау және сақтау мерзімдерін белгілеуді үйрету

Өткізу формасы: Оқуға түсу емтихандары екінші кезеңі (1 кезең ағылшын тілінен тестілеу) екі айналымнан тұрады
1. Мамандандырылған пәндер бойынша тестілеу
2. Әңгімелесу
Әңгімелесу аннотацияны қорғау түрінде жүргізілетін болады (1,2-Қосымша).
6D074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша түсушілерге арналған пәндердің мазмұны


Дәрілік репараттар жасаудың фундаментальды негіздері ғылыми пән ретінде, оның мақсаты мен негізгі міндеттері. Дәрілік препараттар технологиясындағы негізгі ұғымдар мен терминдер.
ҚР-да дәрілік препараттар өндірісінің мемлекеттік нормалауы. Мемлекеттік Фармакопея. Оның дәрілік заттар өндірісі мен сапасын бақылаудығы құрылымы және мағынасы.
GMP, GLP, GCP, GMP – өндірісті ұйымдастыру, шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім алғанға дейін дәрілік заттар сапасын бақылаудың (терминология, сапасын қамтамасыз ету, персонал, ғимарат және үй-жайлар, жабдықтар, өндіріс процессі, техникалық бақылау бөлімі, валидация, стерильді дайын дәрілік заттарға қойылатын спецификалық талаптар) біріңғай талаптар жүйесінде көрсетілген дәрілік заттар сапасын бақылау және өндірісті ұйымдастыру ережелері.
Биофармацияның негізгі мақсаты мен міндеттері. Фармацевтикалық эквиваленттілік және биологиялық қолжетімділік. in vitro және in vivo дәрілік препараттарынан дәрілік заттардың босап шығу процесстерін анықтаудың негізгі әдістері.
Актикті ингредиент құрылымын дәлелдеу. Мүмкін болатын изомерлер. Физико-химиялық сипаттамаларын зерттеу. Бөгде заттар профилі. Стандарттау. Тұрақтылығын тексеру, қайта бақылау периодын белгілеу (тұрақты субстанциялардың) немесе сақтау мерзімін (тұрақсыз субстанциялардың) және сақтау шарттары. Өндіру әдістерін (синтез, бөліп алу, модификация және т.б.) және зертханалық регламент дайындау. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс технологиясын дайындау (Тәжірибелік-өнеркәсіптік партияның) және оны оптимизациялау.
Субстанция өндірісінің өнеркәсіптік технологиясын дайындау. Синдез өндірісі үшін қажет технологиялық құрал-жабдықтар. Технологиялық жабдықтар конструкциясына қойылатын талаптар. Қабылдау сынақтарының протоколдары. FAT, SAT, URQ түсініктері.
Таблетка алу технологиясы. Таблеткалар сапасын бағалау. Таблеткаланған қалыптардың заманауи түрлері. Суппозиторий өндірісінің технологиясын дайындау. Суппозиторий өндірісінің технологиялық схемасы. Суппозиторийлер сапасын бағалау. Липосомальды препараттар өндірісінің технологиясын дайындау. Липосомальды препараттарды сақтау және тұрақтандыру. Капсула өндірісінің технологиясы. Дәрілік препараттардың жұмсақ қалыптарының өндірісінің технологиясын дайындау.
Дәрілік қалып дайындауда қолданылатын заманауи көмекші заттарға қойылатын функционалды сипаттамалар, талаптар. Классификация, тізімдеме.
Еркінрадикалды тотығудың жалпы тусініктемесі. Заманауи антиоксиданттардың классификациясы. Оларды өсімдік шикізатынан бөліп алудың және тотықтыру ингибиторлары ретінде қолдынудың технологиялық ерекшеліктері.
Фармацевтикалық ғылым мен практика үшін биотехнологияның мәні. Дәрілі к препараттарды құрудың биотехнологиялық әдістері: микробиологиялық синтез, гендік және жасушалық инженерия және т.б.
Биотехнологияның салалары. Биотехнологиялық әдістермен алынатын препараттардың сипаттамасы.
Дәрілік құралдар өндірісінің валидация процесіне жалпы амалдар.Валидация обьектілері. Валидация бойынша негізгі құжаттар. Дәрілік құралдар өндірісінде «Квалификация» ұғымы. Фармацевтикалық субстанция мен дайын өнімнің тұрақтылығы бойынша деректер. Жарамдылық мерзімі, сақтау мерзімі, сақтау мерзімінң шарттары, қайта тексерудің периоды, қолдану периоды. Тұрақтылықты сынаудың міндеттері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет