Жұмыс бағдарламасы «Жануарлар биохимиясы»


Бүйрек үсті безі қабығының гормондары



бет4/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,02 Mb.
#33059
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Бүйрек үсті безі қабығының гормондары

Сүтқоректі жануарлардың бүйрек үсті безінің қабығында үш түрлі гормон жасалып шығады: кортикостерон, кортизол және альдостерон. Үшеуі де кортикостероидтар деп аталады. Бұл гормондардың түзілуіне гипофиздің адренокортикотропин гормоны әсер етеді.

Кортикостерон мен кортизол глицерин және амин қышқылдары сияқты көмірсу емес заттардан глюкоза түзілуіне қатысады. Олар осылайша қан құрамындағы глюкоза мөлшерін тұрақты да қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі. Көмірсу емес заттардан глюкозаның түзілу процесін глюконеогенез деп атайды.

Альдостерон электролиттердің және судың алмасуын реттейді. Ол жетіспегенде қан құрамынан су бөліне бастайды да қан қоюланады. Бүйрек үсті безі зақымданғанда адамда АДДИСОН дерті пайда болады, денесі сарғайып, әлсіздікке ұшырайды.



Гормоноидтар

Гормоноидтар деп химиялық құрылысы жағынан әр тектес, бірақ организмнің көптеген физиологиялық процестеріне күшті әсер ететін заттарды атаймыз.

Гормондар мен гормоноидтардың айырмашылығы мынада: гормондар тек белгілі бір органдарда түзілсе, гормоноидтар әр түрлі органдар мен ткандерде түзіледі. Гормоноидтардың биологиялыө әсері өте қысқа мерзім ішінде өтеді. Оларға жататындар: асқорыту жүйесінің гормоноидтары, нейрогормондар және простогландиндер.

Асқорыту жүйесінің гормоноидтары – асқорыту сөлдерін бөліп шығаруға ықпал жасайды.

Гастрин – қарынның кілегейлі қабықшасынан бөлініп шығатын биологиялық ерекше зат. Оның қарын сөлін бөліп, тұз қышқылының түзілуіне себепші болатын әсері бар.

Секретин – ішектің кілегейлі қабықшасындағы зат. Ішек сөлін бөліп шығарады.

Нейрогормондар – жүйке ұштарында және клеткааралық кеңістікте болады. Оларға жататындар: окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин, гипоталамустың гормондары /либериндер және статиндер/, гистамин, ацетилхолин, серотонин.

Аденогипофиздің гормондарының түзілуін реттейтін гипоталамус заттары 60-жылдары ашылды. Алғашында олар рилизинг – фактор және нейрогормондар деп аталды. Ал қазір либериндер және статиндер деп аталады. Қазіргі кезде бөлініп алынған 10 нейрогормондардың жетеуі аденогипофиз гормондарының синтезіне /босап шығуына/ оң әсер етеді. Оларды либериндер дейді. Ал, нейрогормонның үшеуі тежеуші әсер етеді, оларды статиндер деп атайды.



Гистамин – қарын ішінде қарын сөлін бөліп шығарады, қарынның моторлық қызметін күшейтеді.

Ацетилхолин – жүйке қозуын клеткадан клеткаға жеткізіп отыратын медиатор.

Серотонин – бұлшық еттердің жиырылуын және жүйке импульстерінің берілуін жүзеге асырады. Сонымен, қатар ол қан қысымын, температураны, тыныс алуды реттейді.

Простогландиндер /ПГ/ дегеніміз көпқанықпаған гидрокси май қышқылы. Простогландин деп аталуы, ол ең алғаш ими қуық түбі безінің /простаттың/ ұрықтық сұйық затынан бөлініп алынды. ПГ аденилатциклаза ферменті арқылы клеткадағы цАМФ-тың синтезін реттейді. Сөйтіп, әр түрлі биохимиялық әсер береді. Атап айтқанда жатыр және жұмыртқа жолының бұлшық етін жиырылдырады, қан тамырын кеңейтіп, қан қысымын төмендетеді, қанның ұюын баяулатады және асқазан сөлінің бөлінуін тежейді. Мал дәрігерлік саласында малды қолдан ұрықтандырудың тиімділігін арттыру үшін және қысыр малдың санын азайту үшін қолданылады, яғни ауыл шаруашылық малдарының жыныс циклін реттеу үшін пайдаланылады.

Қорытып айтқанда, гормондар мал шаруашылығында, әсіресе табын өндірісінде, малды ұрықтандыруда, оның өсімталдығын, төлдеу қабілетін арттыру үшін қолданылады. Гормондар жетіспегенде ұрғашы мал бедеулікке ұшырайды. Оларда тұл болушылық, уақытша, не мәңгі қысыр қалушылық, сөйтіп жыныс органдарының семуінің салдарынан төлдеу қабілетінің жойылуы пайда болады.



Негізгі ұғымдар: гормон; эндокринные железы;аденогипофиз; нейрогипофиз; нейрогормоны.

Бақылау сұрақтары:

1.Гормондар қандай топтарға бөлінеді? Әр топтан мысалдар келтір. Гипо- және гипер функция белгілерін айтыңыз.

2.Белоктық және стероидты гормондардың әсер ету механизмдерін салыстыр. Айырмашылықтары неде?

3.Бұлшық етте өтіп жатқан биохимиялық процестер тұрғысынан организмнің шаршау күйін қалай түсіндіре аласыз?

4.Тотығу реакцияларының схемасын жазыңыз:

а)сүт қышқылының; б)янтарь қышқылының; в)α-глицерофосфаттың. Бұлшық еттің қарқынды жұмысынан кейінгі демалыстың басындағы маңызы қандай?



Ұсынылатын әдебиеттер: 1 [342-376]

Өзіңді тексер

1.АТФ ресинтезінің анаэробтық көзіне жатады: а)креатинкиназа реакциясы; б)миокиназная реакция; в)гликолиз; г)электронтасымалдау тізбегімен кернелген АТФ синтезі
2.Пептидтік гормондарға жатады;: а)альдостерон; б) адреналин; в) соматотропин; г)трийодтиронин; д)тестостерон
3.Бұлшық еттің қарқынды жұмысында қанда төмендейді: а)глюкагон; б)вазопрессин; в)норадреналин; г)инсулин; д)тестостерон
Микромодуль 2 - Энергетикалық алмасу

Дәріс 4. Зат және энергия алмасуы. Биологиялық тотығу.

Дәріс сабақтың мазмұны:

1. Зат және энергия алмасу процестері

2. Негізгі алмасу

3. Энергия алмасу ерекшеліктері

4. Тотыға фосфорлану

Зат және энергия алмасу процестері
Зат алмасу процесі дегеніміз белгілі бір тәртіппен кезектесіп келіп отыратын әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Тірі клеткада зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады. Орыстың ұлы физиологы И.М.Сеченов «өзіне қуат беріп тұрған сыртқы орта болмайынша, организм тіршілік ете алдмайды» деп атап көрсеткен. Организм мен оны қоршаған сыртқы орта арасында үздіксіз зат және энергия алмасуы болып тұрады. Сыртқы ортамен зат алмасу организмге оттек, су және қоректік заттардың түсуінен басталады. Олардың бір бөлігі асқорыту жолында едәуір қарапайым заттарға ыдырап, организмнің ішкі ортасы – қан мен лимфаға өтеді. Заттар қанмен бірге клеткаға түседі. Мұнда олар химиялық өзгеріске ұшырайды: организмге тән белок, май, көмірсу түзетін биосинтез және күрделі органикалық қосылыстардың ыдырау процесі жүреді.

Зат алмасу сатылары және оның қырлары
Қоректенудің организмдегі алғашқы сатысы асқорыту процесі болып табылады. Өйткені азықтағы қоректік заттарды алмасу процестеріне пайдалану үшін, организм оларды қорытып, қанына сіңіруі керек.

Екінші сатысы – сіңіру немесе сорылу, яғни қарапайым заттардың қанға өтіп, организмнің клеткаларына таралуы.

Үшінші сатысы – аралық алмасу. Ол клеткаларда өтеді. Бұл сатыда организм клеткалар түзуге керекті құрылыс материалдарымен тіршілік процестеріне қажетті энергияға ие болады. Сонымен қатар, ыдырау мен тотығудың нәтижесінде аралық және ақырғы өнімдер түзіледі.

Төртінші сатысы – сыртқа шығарылуы. Зат алмасуының ақырғы өнімдерінің /СО2, Н2О, NН3 және басқа да заттардың/ сыртқа шығарылуы. Организм керексіз заттардан сол арқылы босатылады.

Зат алмасу процесінің екі қыры бар:

Ассимиляция – организмге сыртқы ортадан енген басқа заттардан оның клеткаларында өзіне тән заттардың түзілуі. Ассимиляция кезінде организм органикалық заттарды сіңіріп қана қоймай, сонымен қатар оларда болатын энергияны жинайды.

Диссимиляция – ассимиляцияға қарама-қарсы процесс. Диссимиляция деп организм клеткаларындағы органикалық қосылыстардың энергияны босатып, шығара отырып ыдырауы мен тотығуын, ал босап шыққан энергияны тіршілік әрекетіне пайдалануын айтады. Атап айтқанда, диссимиляция кезінде энергия өзгеріске ұшырайды және ол босап шыққан энергияны тіршілік әрекетіне пайдалануын айтады. Атап айтқанда, диссимиляция кезінде энергия өзгеріске ұшырайды және ол энергия клеткада жұмсалатын салаларына /учаскелеріне/ тасымалданады. Диссимиляция органдардың әр түрлі әрекеттерін, соның ішінде ассимиляция процесінің жүруін де қамтамасыз етеді.

Негізгі алмасу

Н е г і з г і а л м а с у дегеніміз барынша тыныш күйде тіршілік етуге организмге қажетті энергияның ең аз мөлшері. Мұндай алмасу әдетте жайлы жатып ұйықтаған кезде өтеді. Ол жануарлардың жасына, дененің жалпы салмағына, сыртқы жағдайлар мен организмнің жеке ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, ірі жануарда негізгі алмасу ұсақ жануарға қарағанда кем.



Зат алмасуды зерттейтін әдістер

Зат алмасуды әр түрлі деңгейде зерттеуге болады: организмнің біртұтас деңгейінде, жеке органдар, ткандер, клеткалар, субклеткалар. Енді соларды қарап өтейік. Организмнің біртұтас деңгейіндегі әдістерге жататындар:

Т ы н ы с а л у коэффициентін /ТК/ анықтау ТК= СО2 / О2 .

иминия коэффициенті деп иминия кезінде бөлініп шыққан көмірқышқыл газы көлемінің сіңірілген оттегінің көлеміне қатынасын айтады. Глюкозаны пайдаланған кезде сіңірілетін оттегінің мөлшері мен бөлініп шығатын көмірқышқыл газының мөлшері бірдей болады:

С6Н12О6 + 6О2  6СО2 + 6Н2О

Егер иминия субстраты майлар болса, онда ТК шамасы 0,7-ге, белоктарда 0,8-ге тең. Олардың тотығуы үшін оттек көп жұмсалады.

Б а л а н с т ә ж і р и б е с і н і ң ә д і с і.

Бұл әдіс азық құрамының организмде ең ақтық өнімге дейін өзгеруін зерттейді. Ең ақтық өнімдерді несепте, нәжісте, шығатын терде анықтайды да, заттар алмасуының оң, теріс және тепе-теңдік баланстарын құрады.

Х р о м а т о г р а ф и я л ы қ ә д і с заттардың күрделі қоспаларын бөлу үшін қолданылады.

Г и с т о х и м и я л ы қ және т а ң б а л а н ғ а н атомдар /изотоптық/ әдістері өте бағалы мағлұматтарды клетка, субклетка деңгейлерінде ими алады



Тыныс алу – тотығу-тотықсыздану процесі

Тыныс алу туралы ілімнің негізін қалаушылар М.В.Ломоносов /1757/ және А.Л.Лавуазье /1777/ болып саналады. Олар «жану дегеніміз жанатын дененің ауа оттегісімен қосылуы» - деп атап көрсетті. Сондықтан, заттардың оттегімен қосылуын т о т ы ғ у, ал ажырауын – т о т ы қ с ы з д а н у деп атады.

Бұл реакциялардың тірі организмде де өтетіндігі кейінірек анықталды. Оларды б и о л о г и я л ық т о т ы ғ у реакциялары деп атады. Соңынан біртіндеп өлі табиғаттағы ими мен тірі организмдердегі иминия процестерінің арасында ұқсастықтардың бар екендігі айқындалды.

Жалпы алғанда, иминия процесін былайша жазуға болады активті:




С6Н12О6 + 6О2 6СО2 + 6Н2О + 2881 кДж/моль

Біріншіден, бұл теңдеуден органикалық зат, глюкозаның, организм жағдайындағы және одан тыс жағдайдағы тотығуының энергетикалық тиімділігінің бір екендігін көреміз.

Екіншіден, бұл теңдеуден иминия процесі фотосинтезге қарама-қарсы процесс екеніне қайталап көз жеткіземіз. Егер фотосинтез кезінде органикалық зат түзіліп, онда энергия қоры жиналатын болса, ал иминия процесінде, керісінше органикалық зат ыдырап, ондағы энергия босап шығады.

иминия – зат алмасу және энергия көзі.

Энергетикалық тиімділігі жағынан бірдей бола тұрса да, органикалық заттардың ими химизмдерімен олардың биологиялық тотығуларының /тыныс алуларының/ арасында айырмашылықтары да бар. Олар төмендегідей:

1.Жану процесі жоғары температурада өтсе, ткандердің тыныс алуы организмнің қалыпты температурасында /36, 5-370С/ өтеді.

2.Жану кезінде энергия жылу түрінде бөлініп шықса, биологиялық тотығуда макроэргиялық фосфорлы қосылыстар түрінде бөлініп, сол қосылыстарда жинақталады /шоғырланады/.

3.Жануда энергия бірден /лезде/ бөлініп шықса, ал биологиялық тотығуларда ол ұзын тізбекті бір ізділікпен жүретін реакциялардың нәтижесінде біртіндеп /сатылап/ өте аз мөлшерде бөлініп шығады.

4.Жану сулы ортада мүмкін емес болса, ал биологиялық тотығуда су ауаадай қажет.

Сонымен, иминия процесі кезінде субстрат оттегімен әрекеттесіп тотығатындықтан иминия процесін т о т ы ғ у процесі ретінде қарастыруға болады. Бұл кезде тотығатын зат есебінен басқа зат тотықсызданады. Химиялық тұрғыдан алып қарағанда, оттегін қосып алу, сутегін бөліп алу, суды қосып алу /келесі кезекте одан сутегін бөліп ала отырып/, электронды бөліп алу құбылыстары т о т ы ғ у реакциялары болып табылады. Тотығу реакцияларының бұл барлық түрлері оттек, сутек және электронның жәрдемімен өтеді.



А.Бахтың асқын оксид теориясы
Ұлы ғалым иминия процестерін өздігінен биологиялық тотығу процесі деп атады. Бұл ілімнің негізгі идеясы мынада: молекулалық оттек органикалық заттарды тотықтыруы үшін алдымен өзі активтелуі тиіс. Ол үшін организмде молекулалық /атмосфералық/ инертті оттегінің қос байланысының бір байланысын үзіп, өзіне қосып, аралық асқын оксид түзе алатын жеңіл тотыққыш зат болуы керек. Ткандерде болатын ол затты Бах оксигеназа ферменті деп білді.

Асқын оксидтер тұрақсыз, олар оттегін бөле отырып, өте тез ыдырайды. әрі қарай активтелген оттек қиын тотыққыш субстратқа пероксидаза ферментінің қатысуымен өтеді.

Қорыта айтқанда, ауа оттегісі асқын оксиді сатысы арқылы субстратты тотықтыратын болғандықтан, Бахтың бұл теориясын «асқын оксид теориясы», немесе «оттегінің активтену теориясы» деп атады. Бах идеясы В.И.Палладин жұмыстары арқылы онан әрі дамытылды.
В.И.Палладиннің тыныс алу теориясы

Бұл теория бойынша сутегіне негізгі роль беріледі. Сутек дегидрогеназа ферментінің әсерімен субстраттан ажырайды, яғни тотығады. Ал сутегін қабылдаған оттек тотықсызданады.

Сонымен, В.И.Палладин теориясына сәйкес, тотығу дегеніміз субстраттағы сутек атомдарының ауа оттегісімен тотығып суға айналуы. Егер сутегінің қабылдаушысы /акцепторы/ оттек болса, онда су түзіледі де, тотығу процесі а э р о б т ы деп аталады. Ал, жүйеде сутегінің басқа қабылдаушысы болса, онда тотығу процестері ауаның оттегісінсіз-ақ жүре алады. Мұндай тотығу процесі а н а э р о б т ы деп аталады. В.И.Палладин теориясы биологиялық тотығу жөніндегі осы заманғы теорияның негізі болып табылады.
Биологиялық тотығу теориясының осы заманғы түсініктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет