Фабула – (лат. әңгімелеу, баяндау, тарихтап айтып беру) көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет – ретімен жүйелеу, мазмұндау. Ақиқат шындықта болған немесе болатын кез келген оқиғада фабула бар. Кез келген оқиға көркем шығарма емес. Бірақ әркім ауызша айтылатын, аңыз етілетін ауызекі әңгімеде фабула бар. Сюжет – (фр. зат) көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі. Сюжет роман, повесть, әңгіме, драма сияқты шығармаларға тән.
&&&
$$$002-006-003$3.2.6.3 Сюжет туралы ұғым.
Сюжет жөніндегі термин Аристотель заманында шыққан. Аристотель «Поэтикасында» тарихта тұңғыш өзі қалыптастырған фабула дегеннің композициялық бүтіндігін былай түсіндіреді: «Бүтіндік дегеніміз әр нәрсенің басы, аяғы, ортасы болуы. Басы - өзгеге ермейді; ортасы - өзі де ереді, өзгені де ертеді; аяғы - өзі ереді де, өзгені ертпейді» (62-б).
Фабула – (лат. әңгімелеу, баяндау, тарихтап айтып беру) көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет – ретімен жүйелеу, мазмұндау. Ақиқат шындықта болған немесе болатын кез келген оқиғада фабула бар. Кез келген оқиға көркем шығарма емес. Бірақ әркім ауызша айтылатын, аңыз етілетін ауызекі әңгімеде фабула бар. Сюжет – (фр. зат) көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі. Сюжет роман, повесть, әңгіме, драма сияқты шығармаларға тән.
&&&
$$$002-006-100$Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
Сюжет туралы ұғым. М.Горький сюжет туралы.
Сюжет және тартыс.
Сюжеттің элементтері.
Сюжеттен тыс пролог, эпилогтардың шығарма идеясына қатысы.
Композиция мен сюжеттің бірлігі мен айырмашылығы.
&&&
$$$002-007-000$3.2.7 Дәріс №7. Көркем әдебиет, тіл мәселелері
Көркем тіл. Тілдің жалпы халықтығы.
Ауызекі тіл және әдеби тіл.
Поэтикалық тілдің ерекшелігі мен негізгі талаптары.
&&&
$$$002-007-001$3.2.7.1 Көркем тіл. Тілдің жалпы халықтығы.
Көркем тіл жайы - әдебиет туралы ғылымның ең өзекті мәселерінің бірі. Жазушының тілі шұрайлы, сөздік қоры мол болуы керек. Бұл – қалам иесіне қойылар бұлжымас талап. Жазушы әр сөзді таңдап, талғап тауып, ойды анық, сезімді нәзік жеткізер тың және тартымды суреттер жасай алады. Мұның өзі жазушы тілінің үш түрлі ұтымдылығына –дәлдікке, ықшамдыққа, сұлулыққа –енгізделуі шарт.
&&&
$$$002-007-002$3.2.7.2 Ауызекі тіл және әдеби тіл.
Тіл байлығының қайнар көздері көп. Солардың бірі –сөздердің көп мағыналылығы (полисемия). Әр сөз жеке, атау күйінде тұрып-ақ бірнеше мағынаға ие. Мұны лингвистер сөздегі тура мағына және туынды мағына ретінде түсіндіреді де, «тура мағынадағы сөздер заттар мен құбылыстарға, сапа мен белгіге, іс -әрекетке тікелей бағытталып, туынды мағыналарға қарағанда айқын, дара көрінетінін» дәлелдейді. Егер жазушы әр сөздің әр сипаттағы тура және туынды мағыналарын жіті айыра танып, әрқайсысын тек өз орнында ғана ұтымды қолдана алса, сөзбен жасалған суреттегі ой мен ұғым, сыр мен сезім дәлдігіне жетеді де, осы арқылы шығармаға әсерлі эмоциялық күш дарытады. Ал баяндау мен суреттеудегі дәлдік –жазушы шеберлігінің ең ірі қырларының бірі. Полисемизм қаламгер үшін тек осы дағдайда қажет. Мысалға дүние деген бір сөзді алайықта, осы сөзде қанша мағына бар екенін және оларды қаламгерлер қай ретте қалай қолданғанын көрелік. 1. Ғалам, бүкіл әлем, бүкіл жер жүзі. Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ, саған жар менен артық табылса да (Абай). Бүкіл дүние жүзі еңбекшілерінің алдында Советтер елінің беделі өлшеусіз артты («Социалистік Қазақстан» газеті). 2. Өмір, тіршілік. Қазақ, орта жасқа келген кісі, кішкене көзі жымиып, күлімсіреп тұрған сияқты –Айда,Иван, көтер, дүние екі айналып келмейді –дейді (Майлин). 3. Өкінгенде, бірдемені арман еткенде айтылады. Қапыда өткен дүние –ай, ақырында еш болды, ел үшін еткен еңбегім (Махамбет). Т.б.
&&&
$$$002-007-003$3.2.7.3 Поэтикалық тілдің ерекшелігі мен негізгі талаптары.
Жазушының еңбегіне байланысты творчествоның азабы деген ұғым бар. Сол азаптың ең үлкені –суреткердің сөз үстіндегі қызметі. Шынында да: «миллион сөз ойлап, соның тек бірін ғана таңдау –қандай азап?» (Л.Толстой). Шын таланттың рахаты да сол азапта. Жалғыз-ақ жазушы осыған жету үшін сөздердің өзге қырларымен қатар, полисемиялық сырларын да терең білуі қажет. Өйткені бұл. Жоғары айтқанымыздай, тіл байлығының қайнар көзі.
Полисемизмде бір сөздің бір неше мағынасы болатын болса, енді бір ғана мағынадағы сөздің өзі өзге сөздермен тіркесе келе бір неше ұғымға көшетін жайы және бар. Мысалы, сынап деген сөз жеке тұрғанда зат болса, осыны өзге сөздермен тіркестіріп, айталық, сынаптай ағады десек,енді әлдененің жылдамдығын немесе сынапша жылтырайды десек, тағы бір нәрсенің түсін таныта бастайды. Бұлда сөздің көп мағыналығы, мұны да шебер пайдалана білу шарт.
&&&
$$$002-007-100$Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Жазушының тіл байлығын игеру жолдары.
Кейіпкер тілі мен автор тілі.Шығарманың жанрлық ерекшелігі және тілі.
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
&&&
$$$002-008-000$3.2.8 Дәріс №8. Тілдің ажарлау құралдары
Теңеу және оның түрлері
Эпитет
Сөз сұлулығы, дыбыс әуеніне қатысты – аллегория және ассонанс құбылыстары
&&&
$$$002-008-001$3.2.8.1 Теңеу және оның түрлері
Аллитерация – (лат. дыбыстас) шығармаларда бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Әлем поэзиясында ертеден қалыптасып келе жатқан стилистикалық айшық. Әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.
Гомер мен Горацийден бастап, Пушкин мен Абайға дейінгі ақын атаулының бәрінде бар.
Ираншахқа мұңың шақпа, Низами,
Біздің жақта гүл құшақта, Низами.
&&&
$$$002-008-002$3.2.8.2 Эпитет
Қ. Аманжоловтан алынған аллитерацияда ш әрпі қайталанып, өлең өрімін құбылтып, оның оқырманға әсерін күшейтіп тұр. Аллитерация- қазақ мақал-мәтелдерінің де ұтымды тәсілдерінің бірі. Мақалдар құрылысында дыбыс үндестігі, бір дыбыс немесе бір сөзді (бейнет, бейнет-түбі зейнет) бірнеше қайталау сөз ұйқасымы, айрықша роль атқарады. Осының бәрі сайып келгенде, мазмұнды көркемдеу. Жұмбақтың да сөз түзілісі мақал-мәтелдерге ұқсас, әр затты өзіне лайық дыбыспен бейнелеу үшін аллитерация тәсілі қолданылады: «Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті» (Күннің күркіреуі).
Ассонанс – (лат. үйлесім) өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Мұның өзі суреткердің шеберлігіне тығыз байланысты. Орнымен үндескен сөздер әдеби тілдің өрнек-кестесіне әдемі ажар, айшық қосады. Ассонанс сөздің интонациялық-музыкалық мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады.
Еңсесі биік ақ орда,
Еңкейіп сәлем бер сана.
Ернеулі жұқа сары аяқ,
Ер сарқытын бер сана.
(Ер Едіге)
&&&
$$$002-008-003$3.2.8.3 Сөз сұлулығы, дыбыс әуеніне қатысты – аллегория және ассонанс құбылыстары
Аллитерация – (лат. дыбыстас) шығармаларда бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Әлем поэзиясында ертеден қалыптасып келе жатқан стилистикалық айшық. Әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.
Гомер мен Горацийден бастап, Пушкин мен Абайға дейінгі ақын атаулының бәрінде бар.
Ираншахқа мұңың шақпа, Низами,
Біздің жақта гүл құшақта, Низами.
&&&
$$$002-008-100$Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
Теңеу және оның түрлері
Эпитет
Сөз сұлулығы, дыбыс әуеніне қатысты – аллегория және ассонанс құбылыстары
&&&
$$$002-009-000$3.2.9 Дәріс №9. Әдебиеттегі құбылту құбылыстары
Метафора, Кейіптеу, Аллегория
Символ, Метонимия, Мысқыл
Ұлғайту, кішірейту.
&&&
$$$002-009-001$3.2.9.1 Метафора, Кейіптеу, Аллегория
Құбылту/троп/ (иін, иірім) – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті пернелеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Құбылтудың түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтулардың бірі – метафора, ауыстыру (гр. ауыстырып қою), - екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі. Мысалы, Абай өлеңдерінде кездесетін жастықтың оты, жүректің көзі, дүние есігі, өмірдің өрі деген метафора үлгілерін атауға болады.
Метафораның күнделікті сөйлеу тілінде кездесетін қарапайым түрлері: іші күйіп, бойы мұздап, орақ ауызды, от тілді деген секілді болып келеді. Көздің жанары дегеннің орнына «көздің майы», немесе қазанның тұтқасы дегеннің орнына «құлағы» деп те айтыла береді /Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса/. Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақын: тас жүрек. Метафорада теңеудегідей екі нәрсені теңеп, салыстырудан гөрі олардың арасындағы ұқсастық жақындықты, сезім-әсер жалғастығын тірек ету басым. Көбінесе сондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісін емеуірін жасап сездіреді. Метафораның бейнелі көркемдік сипаты, әсіресе әдеби шығармалардағы үлгілерден анық байқалады.
Көздің жасы, жүректің қаныменен
Ерітуге болмайды ішкі мұзын.
(Абай)
&&&
$$$002-009-002$3.2.9.2 Символ, Метонимия, Мысқыл

$$$002-009-003$3.2.9.3 Ұлғайту, кішірейту.

$$$002-009-100$Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Символ
Метонимия
Мысқыл
Ұлғайту, кішірейту.
&&&
$$$002-010-000$3.2.10 Дәріс №10. Айшықтау және оның түрлері
Арнаулар, Қайталаулар, Дамыту және баяулату
Сөз орнын ауыстыру, Сөз тастап кету
Шендестіру, Параллелизм.
&&&
$$$002-010-001$3.2.10.1 Арнаулар, Қайталаулар, Дамыту және баяулату
Айшықтау/фигура/-сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Айшықтау алты түрге бөлінеді: арнау, қайталау, шендестіру, дамыту, инверсия, эллипсис.
Арнау-ақынның өзіне не өзгеге, тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайрыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі. Арнауды А.Байтұрсынов пен Қ.Жұмалиев үшке бөледі: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлау арнау.
Жарлай арнау-ақын жеке адамға емес жалпы жұртқа қайырыла сөйлеп, жалпы жұртпен кеңесуі.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! /Ы.Алтынсарин/
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. /Абай/
Зарлай арнау:
Сауықшыл есіл елім-ай,
Сарыарқа сайран, жерім –ай!
Күмістей таза суы бар
Айдын –шалқар, көлім –ай! /М.Жұмабаев/
Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы,
Жылқысы көптігінен баға алмайды.
Өлгені Төлегеннің рас болса,
Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?! /«Қыз Жібек»/
Сұрай арнау:
Желі толған сар түйе
Ағажан, кімге тапсырдың?
Қора толған ақты қой
Ай көке, кімге тапсырдың?
Тоғай толған мың жылқы
Күн көке, кімге тапсырдың?
Тоқсанда әкең Тоқтарбай
Жан көке, кімге тапсырдың?
Алпыста шешең Аналық,
Бірге туған мен зарлық
Ақ көке, кімге тапсырдың? /Қобыланды батыр/
Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге
Ту байласаң тұрар ма?
Ту түбіне тұлпар жығылса,
Шаппаған нәмәрт оңар ма? /Махамбет/
&&&
$$$002-010-002$3.2.10.2 Сөз орнын ауыстыру, Сөз тастап кету
Қайталау –сөз әсерін күшейте отырып, оқырман айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәртебе қайталап, айтар ойды,ұқтырар сырдыұғымға мұқият сіңіре түсу.
Жай қайталау:
Жалғанда табынатын тәңірім –табым,
Табы жоқтың тәңіріжоқ, күні жарым.
Табым десем, бұлақтай таудан аққан,
Өн бойымды шымырлап билейді ағын.
Қияға өрлеп, қырандай қанат жайып,
Табым десем, қозады аруағым. /С.Мұқанов/
Еспе қайталау:
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен. /Махамбет/
Әдепкі қайталау /Анафора/ (гр. –биікке шығару) –айшықтаудың (фигураның) үлгісі ретінде көрсетілген шумақтың немесе өлең жолдарының басында үндесе, үйлесе қиысатын бірыңғай бастамалар.
Әуендік анафора:
Балдырғаны біліктей,
Балаусасы жібектей… /І. Жансүгіров/
Синтаксистік –ырғақтық анафора:
Қанатын бер қыран құстың,
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың /Қ. Аманжолов/
Лексикалық анафора:
Кім көрді көктің жерге құлағанын,
Кім көрді күннің жарық сұрағанын… /И.Байзақов/
Әуендік –лексикалық анафора:
Қайтсін ол, жыламасқа жанға батты,
Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге,
Айырылды ол аттан жақсы,достан тәтті./І. Жансүгіров/
Кезекті қайталау/эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің не сөз тіркесінің бірнеше қайталанып келуі.
Қыз бала көркем көрінер
Беттегі нұрлы қанменен…
Еділ көркем көрінер
Жағалай біткен талменен… /А.Керейұлы/
&&&
$$$002-010-003$3.2.10.3 Шендестіру, Параллелизм
Шендестіру /антитеза/ - кереғар ұғымдарды бетпе-бет қоятын айшықтаудың бір түрі. Екі затты не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады.
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр /Ер Тарғын/
Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға. /Абай/
Қазіргі әдебиеттанудағы қарама-қарсылықты (контрасты) айқындау, көбінесе ашық, антоним сөздер арқылы да беріледі.мұнда автор ойы ол қолданған сөздерден тереңде жатуы да мүмкін.
Күлемін де жылаймын,
Жылаймын да күлемін. /Қ.Аманжолов/
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. /Ә.Тәжібаев/
Антитезаның бір түрі антиметабола деп аталады.
Үстемелеу /градация/ - алдыңғы сөзден соңғы сөздің, алдыңғы ой-пікірден соңғы лебіздің, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылыстың қуат тегеуірінінің асып түсіп отыруы. Бұл көркемдік тәсіл синтаксистік қайталаулар мен мағыналық өрістің кеңеюіне құрылады. А. Байтұрсынов бұл стилистикалық тәсілді «дамыту» деп атаған. Және осыған 1. Бар. Жүгір. Ұш. 2. Мен саған он рет, жүз рет, мың рет айттым. 3. Халықты қаңсылату – обал, халықты зар жылату – мейірімсіздік, халықты тамақ үшін сату – иттік деген мысалдарды келтіреді.
Бүгінгі күн тән құшадым, жан құштым,
Жанды құштым, таңды құштым, көкке ұштым. /Мағжан/
Е. Ысмайылов үстемелеуді екіге бөледі: түйдектету, баяулату.
Түйдектету:
Адам ол – қайғырымпаз, қуанымпаз,
Жиіркенімпаз, сүйімпаз, уанымпаз.
Дариядай шалқымпаз, шаттанымпаз,
Керкетімпаз, тасымпаз, суалымпаз. /С.Мұқанов/
Баяулату:
Әм жабықтым, әм жалықтым,
Сүйеу болар қай жігіт,
Көңілден кеткен соң тыным?
Әм сүйіндім, әм түңілдім,
Үнемі неткен үміт,
Өткен соң бар жақсы жылым? /Лермонтов-Абай/
&&&
$$$002-010-100$Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
1. Көркем әдебиеттің бейнелеу нысанын көрсетіңіз.
А) кеңістік;
В) көркем идея;
С) уақыт;
D) адам;
Е) табиғат.
2. «Әдебиет» сөзі қай тілден енген?
А) грек;
В) ағылшын;
С) араб;
D) латын;
Е) француз.
3. Көркем мәтін арқылы адамзат болмысын, адамның рухани әлемін жан-жақты танып білуді мақсат ететін ғылымды атаңыз.
А) эстетика;
В) әдебиет тарихы;
С) мәдениеттану;
D) өнер тарихы;
Е) филология.
4. Гегельдің көзқарасы бойынша өнер дамуының бірінші кезеңі қалай аталады?
А) романтикалық кезең;
В) классикалық кезең;
С) образды кезең;
D) реалистік кезең;
Е) символистік кезең.
5. Әдебиеттану ғылымының қосымша салаларының бірін көрсетіңіз.
А) историография;
В) әдебиет сыны;
С) әдебиет тарихы;
D) өнертану;
Е) мәтінтану.
6. «Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы». Ділмар сөз авторы кім?
А) М.Әуезов;
В) З.Қабдолов;
С) М. Жұмабаев;
D) М. Дулатұлы;
Е) А.Байтұрсынов.
7. Реалды өмірдің көркем моделі:
А) автордың толғаныстары;
В) суреттелген оқиғалар тізбегі;
С) көркем шығарма;
D) көркем бейне;
Е) сюжетке арқау болған тартыс;
8. Зерттеу нысаны әдеби шығармадағы бейнелеу құралдарының жүйесі болып табылатын әдебиеттанудың көнеден келе жатқан саласын көрсетіңіз.
А) текстология;
В) библиография;
С) историография;
D) әдебиет тарихы;
Е) поэтика.
9. Әдебиеттану ғылымының жанама саласы:
А) әдебиеттің стилі;
В) әдебиеттің сыны;
С) әдеби ағым ;
D) библиография;
Е) әдеби әдіс.
10. Көркем әдебиет пішінін атаңыз.
А) композиция;
В) проблема;
С) идея;
D) тақырып;
Е) сөз.
&&&
$$$002-011-000$3.2.11 Дәріс №11. Өлең мен оның құрылысы
Поэзия мен көркем қара сөз.
Өлең жүйелері (метрикалық, силабикалық, силабо-тоникалық, тоникалық).
Өлеңнің құрылысы.
&&&
$$$002-011-001$3.2.11.1 Поэзия мен көркем қара сөз.
Өлең құрылысы - өлең сөзде қоданылатын өлшем өрнектердің жасалу жүйесі, оның ырғағына дыбыс үндестігіне тән ерекшіліктерді белгілейтін негізгі шарттар мен заңдылықтар. Өлеңнің қара сөзден айырмасы – жеке жолдарға яғни тармақтарға бөлінуі.
Ырғақ – қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі, мерзімді қайталануы. Өлеңннің түрін белгілейтін ырғақ. Өлең ырғағы - өлең сөзге тән өлшемділік, өлеңге белгілі бір өлшемді, ырғақтық үлші өрнекті қолданудың нәтижесі. Өлең ырғағы өлең сөздің жеке жолдарға, тармақтарға бөлінуіне байланысты. Өлең жолдарының, тармақтардың көлемі әдетте тұрақты болады. Мысалы, қазақ өлеңінде тармақ көбіне 7-8 буынды, 11 буынды, 6 буынды болып келеді. Әр тармақтың ішкі құрылысы, өрнегі болады. Айталық, 7 буынды өлең екі бөлшектен яғни екі бунақтан құралады (4 буын – 3 буын), ал 11 буынды өлең 3 бунақтан тұрады (3 буын-4 буын-4буын немесе 4 буын – 3 буын – 4 буын) тармақтар белгілі мөлшерде топтасып, тұрақты шумақ өрнегі жасалады. 4 тармақты шумақ поэзияда жиі қолданылады. Сонымен қатар 2 тармақты, 6 тармақты түрлері бар. Олар өзара үйлесіп ұйқасады. Ұйқас бірнеше тармақтың соңындағы сәйкес буындардың дыбыс үйлестігінен туады. Шумақтың әр жолы тармақ, бунақ – тармақтағы ырғақтық жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы. Ең жиі қолданылатын өлең тармақтары екі не үш бунақтан тұрады.
&&&
$$$002-011-002$3.2.11.2 Өлең жүйелері (метрикалық, силабикалық, силабо-тоникалық, тоникалық).
Өлең жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзі әдебиетінде өлең жүйелерінің бастылары:
Метрикалық – көне грецияда б.э.б. ҮІІІ ғасырда пайда болған. Оның арқауында ән жатады. Өлең ырғағы ұзын буын (-) мен қысқа буынның (U) кезектесуіне негізделеді. Ежелгі Грек және Рим поэзиясында кең орын алған ямб өлшемінің өрнегі, алдымен қысқа буын онан соң ұзын буын келіп отырады. Бір тармақта осы өрнек үш не төрт рет қайталанады. Хорей өлшемінде алдымен ұзын буын сонан соң қысқа буын келеді. Сонымен қатар үш буынды өлшемдер де қолданылады: Анапест (UU-), дактиль (-UU), амфибрахий (U-U).
Силлабо-тоникалық - өлең ырғағы екпінсіз буын мен екпінді буындардың кезектесуіне негізделеді. Бұл орыстың классикалық поэзиясында, неміс, ағылшын халықтарының поэзиясында қолданылады. Орыс поэзиясында бұл ХҮІІІ ғасырда Тредиаковский, Ломоносовтардан бастап орныға бастады. Орыс поэзиясында көне грек әдебиетте қалыптасқан ямб, хорей, анапест, амфибрахий, дактиль қолданылады. Бұл өлшемдердің кестесі ғана алынып, ырғағы басқа негізде жасалатын болды. өлшемдер ұзын буын мен қысқа буын емес екпінді буын мен екпінсіз буынның кезектесуіне негізделеді. Мысалы ямб алдымен екпінсіз буын сонан кейін екпінді буын.
Силлабикалық – буынға негізделетін өлеңде буын санын тұрақты мөлшерде сақтайтын өлең жүйесі. Француз, чех, итальян, қазақ, қырғыз, өзбек түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Тармақ буындардан тұрады. Буын саны тұрақты бөлшекке бунаққа бөлінеді.
Тоникалық – орыстың халықтық поэзиясында қолданылып келген. Бұл өлең жүйесін орнықтырған Маяковский. Өлеңнің өлшемі екпін. Екпін түспейтін буындар есепке алынбайды.
&&&
$$$002-011-003$3.2.11.3 Өлеңнің құрылысы.
Бір бунақты тармақ:
/Сап-сары бел/
/Еседі жел/
/Еседі/
/Еседі жел/
/Көшеді ел/
/Көшеді/ М.Жұмабаев
Екі бунақты тармақ:
/Аттанып ауыл/ /анадан/
/Оқуға кеттім/ /қалаға/
/Жабыла маған/ /қараған/
/Жалтаңдай кеттім/ /далаға/ Ғ.Орман
Үш бунақты тармақ:
/Кім көрді/ /көктің жерге/ /құлағанын/
/Кім көрді/ /күннің жарық/ /сұрағанын/
/Кім көрді/ /Ақбөпедей/ /қыршын жастың/
/Шомылып/ /қанды азапқа/ /жылағанын/ И.Байзақов
Төрт бунақты яки көп бунақты тармақ:
/Аруана/ /жаудың/ /қолына түссе/ /ботасын шайнап/ /өлтіріп/
/Қаралы мойнын/ /қайтадан артқа/ /бұрмастай халге/ /келтіріп/
/Жеріне тартып/ /отырады екен/ /моншақтап жасы/ /боздаумен/
/Омырауын шерге/ /толтырып/ Т.Айбергенов
&&&
$$$002-011-100$Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Абай өлең туралы.
Өлең жүйелері (метрикалық, силабикалық, силабо-тоникалық, тоникалық).
Өлеңнің құрлысы.
&&&
$$$002-012-000$3.2.12 Дәріс №12. Өлең ұйқасы мен оның түрлері
Қазақ өлеңіндегі дәстүрлі ұйқас түрлері.
Олардың өзіндік ерекшеліктері.
Қазіргі қазақ өлеңіндегі ізденістер.
&&&
$$$002-012-001$3.2.12.1 Қазақ өлеңіндегі дәстүрлі ұйқас түрлері.
Ұйқас яки рифма - өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас өлеңнің сыртқы түріне ғана емес, ішкі жылуы қызуы үшін де ауадай қажет нәрсе. Ұйқасты толымды ұйқас, толымсыз ұйқас деп бөледі. Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың кезектесу ретіне қарай сан түрлі болып келеді. Ең көп кездесетіні: егіз ұйқас (аабб), шалыс ұйқас (абаб) немесе кезекті ұйқас (абвб), қаусырмалы ұйқас немесе орама ұйқас (абба). Өлеңдегі 1-ші, 2-ші, 4-ші тармақ бірыңғай ұйқасады. Қазақ поэзиясындағы жыр ұйқасын шұбыртпалы ұйқас деп атайды. Жыр ұйқасының өзгешелігі – бір ұйқасты ұзақ сақтап, көптеген тармақтарды бірыңғай үйлестіру. Негізгі ұйқасқа қосымша, жанама ұйқас қосарланып отырады. Абай қолданған ұйқастың жаңаша түрлері: 6 тармақты қамтитын ұйқас – аабввб (бай сейілді) және «сегіз аяқтың» ұйқасы – аабввбгг.
&&&
$$$002-012-002$3.2.12.2 Олардың өзіндік ерекшеліктері.
1. Қара өлең ұйқасы: төрт тармақтың 1-ші 2-ші және 4-шісі бірыңғай ұйқасады. Ұйқас өрнегі ааба болып келеді.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы а
Қиыннан қистырар ер данасы а
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп б
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. а
2. Шұбыртпалы ұйқас:
Әйтеуір менің //қойынға тыққан //жоқ тасым а
Ақ адал жаным //қорғаным әрі //жақтасым а
Арманым-жүрек //адамды сүйіп //тоқтасын а
Арманым-елім //ұлым деп сонда //жоқтасын а
-13 буынды
-4 тармақты
-3 бунақты
3.Ерікті ұйқас:
Бұлттан шыққвн айға ұқсап а
Тұр еді Назым нұрланып б
Атлас көйлек үстінде в
Көк арбаға сүйеніп г
Шыбықтай бел бұралып б
4. Кезекті ұйқас:
Еділдің бойы ен тоғай а
Ел қондырсам деп едім б
Жағалай жатқан сол елге в
Мал толтырсам деп едім б
&&&
$$$002-012-003$3.2.12.3 Қазіргі қазақ өлеңіндегі ізденістер
Шалыс ұйқас:
Менің сені аңсағаным а
Шөлдің көлді аңсағанындай ә
Менің сені аңсағаным а
Ердің елді аңсағанындай ә
6. Егіз ұйқас:
Көбейте берме жаным шашың ағын а
Жаным сен жасымағын, жасымағын а
Нөсерлетіп бір сәтте басыламын б
Шашылады, шұғылам ашыламын б
7.Аралас ұйқас:
О, махаббат! а
Сен әлі тірі ме едің?! ә
Тірі ме едің ә
Мен де енді тірілемін! б
Ақ періште, алдыңа жүгінемін б
Қолдай көр ғашықтардың пірі мені в
8. Осы күнгі ерікті ұйқастар:
Далама біткен биігім а
Қабіріңді жасырған ба қу жазық? б
Мүрдеңе келіп иілдім а
Өр дауысыңды іздеп кеудем құлазып б
Сен в
Елімнің жапан шөлінде г
Арқырай аққан сел едің д
Кегін де, жұрттың шерінде г
Нажағайлы жырыңмен ж
Көк нөсерге бөледің д
Нөпіріңнен қалса бір тамшы з
Жұтар едім, е
Қызғышыңдай қызғанып б
&&&
$$$002-012-100$Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Қазақ өлеңіндегі дәстүрлі ұйқас түрлері.
Олардың өзіндік ерекшеліктері.
Ұйқас түрлері. Қазіргі қазақ өлеңіндегі ізденіс.
&&&
$$$002-013-000$3.2.13 Дәріс №13. Өлең жүйесі
Өлең жүйелері, оның халықтың тілдік жүйесімен байланыстылығы.
Метрикалық, силлабикалық, силлабо-тоникалық, тоникалық өлең жүйелерінің ерекшеліктері.
Олардың түрлері.
&&&
$$$002-013-001$3.2.13.1 Өлең жүйелері, оның халықтың тілдік жүйесімен байланыстылығы.
Өлең жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзі әдебиетінде өлең жүйелерінің бастылары:
Метрикалық – көне грецияда б.э.б. ҮІІІ ғасырда пайда болған. Оның арқауында ән жатады. Өлең ырғағы ұзын буын (-) мен қысқа буынның (U) кезектесуіне негізделеді. Ежелгі Грек және Рим поэзиясында кең орын алған ямб өлшемінің өрнегі, алдымен қысқа буын онан соң ұзын буын келіп отырады. Бір тармақта осы өрнек үш не төрт рет қайталанады. Хорей өлшемінде алдымен ұзын буын сонан соң қысқа буын келеді. Сонымен қатар үш буынды өлшемдер де қолданылады: Анапест (UU-), дактиль (-UU), амфибрахий (U-U).
Силлабо-тоникалық - өлең ырғағы екпінсіз буын мен екпінді буындардың кезектесуіне негізделеді. Бұл орыстың классикалық поэзиясында, неміс, ағылшын халықтарының поэзиясында қолданылады. Орыс поэзиясында бұл ХҮІІІ ғасырда Тредиаковский, Ломоносовтардан бастап орныға бастады. Орыс поэзиясында көне грек әдебиетте қалыптасқан ямб, хорей, анапест, амфибрахий, дактиль қолданылады. Бұл өлшемдердің кестесі ғана алынып, ырғағы басқа негізде жасалатын болды. өлшемдер ұзын буын мен қысқа буын емес екпінді буын мен екпінсіз буынның кезектесуіне негізделеді. Мысалы ямб алдымен екпінсіз буын сонан кейін екпінді буын.
&&&
$$$002-013-002$3.2.13.2 Метрикалық, силлабикалық, силлабо-тоникалық, тоникалық өлең жүйелерінің ерекшеліктері.
Силлабикалық – буынға негізделетін өлеңде буын санын тұрақты мөлшерде сақтайтын өлең жүйесі. Француз, чех, итальян, қазақ, қырғыз, өзбек түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Тармақ буындардан тұрады. Буын саны тұрақты бөлшекке бунаққа бөлінеді.
Тоникалық – орыстың халықтық поэзиясында қолданылып келген. Бұл өлең жүйесін орнықтырған Маяковский. Өлеңнің өлшемі екпін. Екпін түспейтін буындар есепке алынбайды.
&&&
$$$002-013-003$3.2.13.3 Олардың түрлері.
Метрикалық – көне грецияда б.э.б. ҮІІІ ғасырда пайда болған. Оның арқауында ән жатады. Өлең ырғағы ұзын буын (-) мен қысқа буынның (U) кезектесуіне негізделеді. Ежелгі Грек және Рим поэзиясында кең орын алған ямб өлшемінің өрнегі, алдымен қысқа буын онан соң ұзын буын келіп отырады. Бір тармақта осы өрнек үш не төрт рет қайталанады. Хорей өлшемінде алдымен ұзын буын сонан соң қысқа буын келеді. Сонымен қатар үш буынды өлшемдер де қолданылады: Анапест (UU-), дактиль (-UU), амфибрахий (U-U).
Силлабо-тоникалық - өлең ырғағы екпінсіз буын мен екпінді буындардың кезектесуіне негізделеді. Бұл орыстың классикалық поэзиясында, неміс, ағылшын халықтарының поэзиясында қолданылады. Орыс поэзиясында бұл ХҮІІІ ғасырда Тредиаковский, Ломоносовтардан бастап орныға бастады. Орыс поэзиясында көне грек әдебиетте қалыптасқан ямб, хорей, анапест, амфибрахий, дактиль қолданылады. Бұл өлшемдердің кестесі ғана алынып, ырғағы басқа негізде жасалатын болды. өлшемдер ұзын буын мен қысқа буын емес екпінді буын мен екпінсіз буынның кезектесуіне негізделеді. Мысалы ямб алдымен екпінсіз буын сонан кейін екпінді буын.
&&&
$$$002-013-100$Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Метрикалық, силлабикалық, силлабо-тоникалық, тоникалық өлең жүйелерінің ерекшеліктері.
Олардың түрлері.
Өлең құрылысын талдау жолдары.
&&&
$$$002-014-000$3.2.14 Дәріс №14. Әдебиеттің тектері мен түрлері.
Әдебиеттің текке бөлінуі (эпос, лирика, драма).
Тек, түр, жанр терминдерінің мәні.
Көркемдік әдіс туралы түсінік.
&&&
$$$002-014-001$3.2.14.1 Әдебиеттің текке бөлінуі (эпос, лирика, драма).
Әдеби шығармалар негізінен үш топқа бөлініп жіктеледі: эпостық жанр, лирикалық жанр, драмалық жанр. Эпостық жанрда өмір шындығы уақиғаны баяндау арқылы көрсетіледі. Кейіпкерлердің іс-әрекеттері өмірдегі болатын объективті болмыс қалпында алынып, бейнеленеді, жазушы тек баяндап жеткізуші ретінде көрінеді. Шығу тегі халықтық жыр, эпостық поэмадан басталады. Эпикалық жанр өмір шындығын, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай үш түрге бөлінеді:
1.Шағын көлемді эпикалық түр: миф-алғашқы қауымдық қоғам адамдарының дүние туралы, әлемге әмір етер сыртқы күштер яғни құдайлар мен рухтар образдары туралы және табиғаттан тыс құбылыстар мен оқиғалар жөніндегі түсінігі. Ежелгі түрі-архаикалық миф. Онда ғаламның жаратылуы, адамның пайда болуы жөніндегі қадым заман адамдарының түсінігі таңбаланады. Қазақ мифтері тақырыптық жағынан: ғарыш туралы /космогонические/, аңдар мен құстар /этиологические/, адамдар мен рулардың шығу тарихы жайында /генеологические/ деп сараланады.
&&&
$$$002-014-002$3.2.14.2 Тек, түр, жанр терминдерінің мәні.
Аңыз-елдің шығу тегі, кешкен жолы немесе тарихта болған әйгілі адамдар жайлы тарихи шындыққа негізделген, халық жадында сақталған, уақыт өте келе көркемдік сипат алған әңгіме. Ертегі-өткенді қиялмен ұштастыра болжайды, сюжетті көркем әңгіме түрінде келіп, қара сөзбен беріледі. Мысал-айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, өлең түрінде келетін, сюжетті шағын көлемді көркем шығарма. Диалог жиі қолданылады. Новелла-көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. Бұл үшінші жақтан баяндалады. Айырмасы: новеллада әдеттегіден тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады, ал әңгімеде күнделікті өмірден алынған шынайы жағдайлар баяндалып, оқиға желісі бірті-бірте дамып тиянақты аяқталады. Оқиға желісі қызықты етіп өріледі, тосын, күтпеген жерден аяқталады. Новелла жазу дәстүрі С.Ерубаевтан басталады. Әңгіме-оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма. Мұнда бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Баяндаушының (авторлық «Мен») бейнесі айқын көрінеді. Очерк-әрі әдеби жанр, әрі газет жанры. Әңгімеден өзгешелігі: очеркте суреттелетін шындық ойдан шығарылған нәрсе емес, өмірде болған не бар ақиқат; очерктің қаһарманы-ойдан жасалған бейне емес, өмірде болған не бар адам. Фельетон- әрі әдеби жанр, әрі газет жанры.
&&&
$$$002-014-003$3.2.14.3 Көркемдік әдіс туралы түсінік.
Өлеңмен де қара сөзбен де жазыла береді. Т.Қожакеев мынадай анықтама береді: Фельетон – шағын көлемді, публицистикалық үнді, көркем тілді, сын-сықаққа бай, күлкі шақыратын әдеби шығарма. Мемуар – автордың өз көзімен көрген, араласқан оқиғалар жайындағы жазбалары өмірбаян түрінде, күнделік түрінде, жолжазбалар түрінде кездеседі. Мемуарлық шығармаларда белгілі тарихи кезеңнің айтарлықтай мәні бар оқиғалары іріктеліп алынып, жинақталып бейнеленеді. Памфлет /ағ. парақ/ - әдеби-публицистикалық жанр. өлеңмен де, қара сөзбен де жазылатын сатиралық шығарма. П-те нақтылы бір құбылыстың, саяси топ жетекшілерінің типтік ерекшеліктерін дәл тауып әшкерелейді. Онда сол заманның саяси-әлеуметтік тынысы полемикалық сарында, өткір сатира, сарказммен айқындалады. Классикалық П-тің көп ға-қ дәстүрі бар. әлем әдебиетінде Эразм Роттердамскийдің «Ақымақты мадақтау», Гуттеннің «Қараңғы халықтың хаттары» жатады. Қазақ әдебиетінде 18-19 ғ.ғ ақын-жыраулар поэзиясында /Жанкісі, Махамбет, Шернияз/ көрініс тапты. С.Дөнентаев, Б.Майлин, Ш.Смаханұлы қалам тартты. 1940-1950 ж.ж. аралығында серпінді дамыды. Эссе – қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. Бұл жанрдың негізін салушы: 16ғ. 2-жарт. өмір сүрген фр. философы М.Монтень. Орыс әдебиетіндегі үлгісі Ф.Достоевскийдің «Жазушы күнделігі» шығармасы. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады.
&&&
$$$002-014-100$Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Лирикалық тек (Белинский, Байтұрсынов жіктеуі).
Драмалық тек және драма. Қазақ драматургиясы. Негізгі жанрлры.
Көркемдік әдіс туралы түсінік.
&&&
$$$002-015-000$3.2.15 Дәріс №015. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыттар мен ағымдар.
Әдебиет дамудағы әдіс қалыптасуы (классицизм, сентементализм, романтизм, реализм).
Әдеби бағыт пен ағым
Әдеби процесс
&&&
$$$002-015-001$3.2.15.1 Әдебиет дамудағы әдіс қалыптасуы (классицизм, сентементализм, романтизм, реализм).
Памфлет /ағ. парақ/ - әдеби-публицистикалық жанр. өлеңмен де, қара сөзбен де жазылатын сатиралық шығарма. П-те нақтылы бір құбылыстың, саяси топ жетекшілерінің типтік ерекшеліктерін дәл тауып әшкерелейді. Онда сол заманның саяси-әлеуметтік тынысы полемикалық сарында, өткір сатира, сарказммен айқындалады. Классикалық П-тің көп ға-қ дәстүрі бар. әлем әдебиетінде Эразм Роттердамскийдің «Ақымақты мадақтау», Гуттеннің «Қараңғы халықтың хаттары» жатады. Қазақ әдебиетінде 18-19 ғ.ғ ақын-жыраулар поэзиясында /Жанкісі, Махамбет, Шернияз/ көрініс тапты. С.Дөнентаев, Б.Майлин, Ш.Смаханұлы қалам тартты. 1940-1950 ж.ж. аралығында серпінді дамыды. Эссе – қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. Бұл жанрдың негізін салушы: 16ғ. 2-жарт. өмір сүрген фр. философы М.Монтень. Орыс әдебиетіндегі үлгісі Ф.Достоевскийдің «Жазушы күнделігі» шығармасы. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады.
&&&
$$$002-015-002$3.2.15.2 Әдеби бағыт пен ағым
Новелла-көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. Бұл үшінші жақтан баяндалады. Айырмасы: новеллада әдеттегіден тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады, ал әңгімеде күнделікті өмірден алынған шынайы жағдайлар баяндалып, оқиға желісі бірті-бірте дамып тиянақты аяқталады. Оқиға желісі қызықты етіп өріледі, тосын, күтпеген жерден аяқталады. Новелла жазу дәстүрі С.Ерубаевтан басталады. Әңгіме-оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма. Мұнда бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Баяндаушының (авторлық «Мен») бейнесі айқын көрінеді. Очерк-әрі әдеби жанр, әрі газет жанры. Әңгімеден өзгешелігі: очеркте суреттелетін шындық ойдан шығарылған нәрсе емес, өмірде болған не бар ақиқат; очерктің қаһарманы-ойдан жасалған бейне емес, өмірде болған не бар адам. Фельетон- әрі әдеби жанр, әрі газет жанры.
&&&
$$$002-015-003$3.2.15.3 Әдеби процесс
Өлеңмен де қара сөзбен де жазыла береді. Т.Қожакеев мынадай анықтама береді: Фельетон – шағын көлемді, публицистикалық үнді, көркем тілді, сын-сықаққа бай, күлкі шақыратын әдеби шығарма. Мемуар – автордың өз көзімен көрген, араласқан оқиғалар жайындағы жазбалары өмірбаян түрінде, күнделік түрінде, жолжазбалар түрінде кездеседі. Мемуарлық шығармаларда белгілі тарихи кезеңнің айтарлықтай мәні бар оқиғалары іріктеліп алынып, жинақталып бейнеленеді. Памфлет /ағ. парақ/ - әдеби-публицистикалық жанр. өлеңмен де, қара сөзбен де жазылатын сатиралық шығарма. П-те нақтылы бір құбылыстың, саяси топ жетекшілерінің типтік ерекшеліктерін дәл тауып әшкерелейді. Онда сол заманның саяси-әлеуметтік тынысы полемикалық сарында, өткір сатира, сарказммен айқындалады. Классикалық П-тің көп ға-қ дәстүрі бар. әлем әдебиетінде Эразм Роттердамскийдің «Ақымақты мадақтау», Гуттеннің «Қараңғы халықтың хаттары» жатады. Қазақ әдебиетінде 18-19 ғ.ғ ақын-жыраулар поэзиясында /Жанкісі, Махамбет, Шернияз/ көрініс тапты. С.Дөнентаев, Б.Майлин, Ш.Смаханұлы қалам тартты.
&&&
$$$002-015-100$Дәріс №015.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Көркемдік әдіс негізгі дүниетаным (Аристотель, Белинский пікірлері).
Әдебиет дамудағы әдіс қалыптасуы (классицизм, сентементализм, романтизм, реализм).
Әдеби ағым-бағыттарының ерекшелігі (Энгельс, Горький пікірлері).
&&&
$$$003-000-000$3.3 Практикалық сабақтар
&&&
$$$003-001-000$3.3.1 Практикалық сабақ №1
Сөз өнері туралы ғылым, оның салалары.
1. Өнер туралы ұғым.
2. Әдебиеттану-сөз өнері туралы ғылым.
3. Әдебиеттанудың салалары.
4. Әдебиеттану ғылымының жанама салалары.
&&&
$$$003-001-001$3.3.1.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1
Семинар сабағының мақсаты - білімді өз бетінше қамту, ойлау қабілеттерін жетілдіру, материалды толық меңгеру.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.
2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,
3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.
Тапсырма:
1. Өнер түрлерін жинақтап, олардың ерекшелігін анықта.
2. Әдебиет қандай ғылым салаларымен байланысты?
&&&
$$$003-001-002$3.3.1.2 №1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Қимылмен бейнелеу өнері қалай аталады?
А) пантомима;
В) опера;
С) би;
D) архитектура;
Е) музыка.
2. Гегель өнердің дамуын неше сатыға бөлген?
А) 3;
В) 2;
С) 8;
D) 7;
Е) 5;
3. Өнердің ғылымнан айырмашылығын көрсетіңіз.
А) автордың өз пікірін деректер арқылы дәлелдеуі;
В) нақты бір тарихи шындықты сол күйінде көрсетуі;
С) абстрактілі ойлауға құрылуы;
D) тұжырымды ой-қорытындылардың жасалуы;
Е) шындықты жинақтай, көркем образдар арқылы бейнелі таныту.
4. Әдебиеттану ғылымының негізгі саласын атаңыз:
А) библиография;
В) әдебиет сыны;
С) историяграфия;
D) эпилог;
Е) текстология.
5. «Рамаяна» эпосының басты қаһарманын көрсетіңіз.
А) Арджуна мен Драупади;
В) Раджа;
С) Кришна;
D) Бхима мен Драупади;
Е) Рама.
6. «Поэзия адамның еркін тілімен берілетіндіктен, онда үн де, сурет те және байымды, айқын айтылған түсінік те болмақ. Сондықтан, өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар». Белинский бұл пікірді қандай еңбегінде айтқан?
А) «Гогольге хат»;
В) «Поэзияны түрі мен тегіне қарап бөлу»;
С) «А.Пушкин шығармалары»;
D) «Кольцов өлеңдері»;
Е) «Әдебиеттік армандар».
7. Көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп төркінін, мән маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым қалай аталады?
А) әдебиет тарихы;
В) поэтика;
С) әдебиеттану;
D) лингвистика;
Е) стилистика.
8. Әдебиет, өнер дамуының арғы бергі кезеңдеріндегі көркемдік әдістерді, бағыт ағымдарды, әдеби мектептерді әдебиеттану ғылымының қай саласы қарастырады?
А) библиография;
В) әдебиет тарихы;
С) әдебиет теориясы;
D) әдебиет сыны;
Е) мәтінтану.
9. Эстетикалық ой-толғамда көне грек эстетикасы бірінші ме, көне үнді көркемдік көзқарасы бірінші ме?
А) көне грек эстетикасы – бірінші;
В) қайта өрлеу эстетикасы – бірінші;
С) екеуі де бірінші емес;
D) көне үнді көркемдік көзқарасы – бірінші;
Е) классицизм эстетикасы бұрын қалыптасқан.
10. Кеңістіктік өнер түрлері:
А) әдебиет, саз өнері;
В) сурет, мүсін, саз өнері;
С) эстрада, кино, цирк өнері;
D) театр өнері, мультфильм өнері;
Е) қол өнері, би өнері, қолданбалы өнер.
&&&
$$$003-002-000$3.3.2 Практикалық сабақ №2
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы.
Әдебиеттанудың ғылымдар жйесіндегі орны.
Көне дәуірдегі сөз өнері туралы ой-пікірлер.
Түрік халықтары даналарының ой тұжырымдары.
ХХ ғасырдағы қазақ ойшылдарының сөз өнері туралы ой толғамдары.
А.Байтұрсынов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы.
&&&
$$$003-002-001$3.3.2.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
Семинар сабағының мақсаты - білімді өз бетінше қамту, ойлау қабілеттерін жетілдіру, материалды толық меңгеру.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.
2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,
3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.
Тапсырма:
Түркі әдебиетінде өкілдердің туындыларындаңы әдебиеттану ғылымына қатысты еңбектердің хронологиялық таблицасын жаса
&&&
$$$003-002-002$3.3.2.2 №2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Тілдік құралдарды көркемдік тұрғысынан пайдалану жайын қарастыратын ғылымды атаңыз
А) фонетика;
В) лингвистика;
С) стилистика теориясы;
D) әдебиет сыны;
Е) эвристика.
2. Гегель бойынша өнердің символикалық түріне жататын мұралар:
А) көркем туындылар;
В) жаңа замандағы бейнелеу өнері;
С) көне шығыс архитектурасы;
D) философиялық толғамдар;
Е) ежелгі гректің мүсін өнері.
3. Әдебиетке қатысты түрлі ұғымдардың көркемдік құралдарының тарихы жолын айқындауды көздейтін саланы атаңыз.
А) архивтану;
В) палеография;
С) стилистика теориясы;
D) әдеби сын;
Е) тарихи поэтика.
4. Мәтін мазмұны мен оның нұсқаларындағы өзгерістерді зерттейтін әдебиеттану ғылымының қосалқы саласы:
А) әдебиет тарихы;
В) историография;
С) библиография;
D) әдебиет;
Е) текстология.
5. Кант эстетикасын ХХ ғасыр қаламгерлері айналдырған қағида:
А) эстетика – өнер үшін;
В) әдебиет – өнер үшін;
С) қоғам – өнер үшін;
D) өнер – өнер үшін;
Е) адам – өнер үшін.
6. «Әдебиет әдебиет үшін деген сөз айқын болмай, нәрлі әдебиет болуға жол жоқ». Даналық сөздің авторын тап.
A) З. Қабдолов;
B) М. Әуезов;
C) Абай;
D) Шаһкерім;
E) Қ. Жұмалиев.
7. З.Қабдолов суреткерге тән шеше ерекшеліктерді көрсеткен?
A) 8;
B) 4;
C) 10;
D) 5;
E) 14;
8. Әдебиеттануға ғылымының салалары:
A) текстология, сын фольклор;
B) әдебиет теориясы, тарихы, сыны;
C) публицистика, сын, стилистика;
D) библиография, драматургия, стиль;
E) лексикология, этнолингвистика, әдеби сын.
9. Образ жасаудың жолдарына жатпайтыны анықта.
A) материал табу;
B) даралау мен жинақтау;
C) протатип;
D) портрет;
E) типтендіру.
10. Образ жасаудағы деталь дегеніміз не?
A) шығармадағы образдың өмірдегі болған бейнеден алынуы;
B) әлеуметтік топ адамдарын жинақтап бір образбен суреттеу;
C) кейіпкердің бір белгісі арқылы оның тұтас бейнесін ашып көрсету;
D) әдеби кейіпкерді басқа образдардан оқшаулап, ішкі болмысын даралап суреттеу;
E) кейіпкерге автор берген бағаның шығарманың өн бойында сақталуы.
&&&
$$$003-003-000$3.3.3 Практикалық сабақ №3
Көркем әдебиеттегі образ және образдылық.
Көркем бейне туралы түсінік.
Сөздегі суреттілік, оның жасалу тәсілдері.
Деталь, жинақтау, даралау, және типтендіру.
Прототип, мінездеу, портрет.
&&&
$$$003-003-001$3.3.3.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
Семинар сабағының мақсаты - білімді өз бетінше қамту, ойлау қабілеттерін жетілдіру, материалды толық меңгеру.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.
2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,
3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.
Тапсырма:
Достарыңызбен бөлісу: |