Жұмыс бағдарламасы Қолдану саласы Нормативті сілтемелер Жалпы ережелер Глоссарий 5Әдебиет және қорлар



бет2/8
Дата19.05.2017
өлшемі1,41 Mb.
#16459
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

СӨЖ тақырыптары тізімі және мазмұны


СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

3 кесте


№ р/б

СӨЖ тақырыбы

СӨЖ мазмұны

Өткізу мерзімі

(апта)


Қойылатын баллдар

1

2

3

4

5

1

Т.Әбдікәкімов өлеңдеріндегі сезім мен күйдің образдармен таңбалануы

Лирикалық өлеңдердегі ақынның сезім мен көңіл-күйінің бейнеленуі







2

Лирикадағы сюжеттік мәселесі

Сюжет және композиция







3

Сөз өнері – көркемдік сана жемісі


Өнер түрлерінің ішіндегі сөз өнерінің алатын орны






Пәнді оқу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар



  • Оқу жоспары бойынша пәнді оқу үшін дәрісханалық сағаттар қарастырылған.

  • Дәрісханалық дәріс курсы студенттердің білімін жүйелейтін негізгі және маңызды құрал болып табылады.

  • Дәрістер – оқу сабағының бір түрі, оның мақсаты мазмұндалатын пәннің теориялық сұрақтарын логикалық байланыс түрінде қарастыру.

  • Дәрістердің негізгі мәні оқу сабақтарының барлық түрлерінің, оның ішінде суденттердің өздік жұмыстарының сипатын, негізгі мазмұны мен бағыттарын анықтай отырып, ғылыми білімнің негіздерін қалаудан көрінеді.

  • Берілген пәнді жемісті оқудың басты шарты практикалық-сарамандық сабақтарды өткізу.

Курс форматы

Пән сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Және де қосымша кеңес беру арқылы студенттермен тығыз байланыс орнатылады.

Курс саясаты



Қатысу: Аудиторлық уақытқа дәрістер, оқылған материалдарды талдау, әртүрлі жатығуларды орындау уақыт кіреді. Әрбір сабаққа студент негізгі және қосымша әдебиеттерге сәйкес дайындалуы қажет. Бақылау жұмысына қатыспаған немесе кешігіп келген студенттерге бірден 0 балл қойылады. Бақылау жұмысын қайа тапсыру қарастырылмаған.

Студентерге дәріс, семинар сабақтарына қатысу міндетті. Әрбір дәрісті өту барысында негізгі ұғымдар беріліп, түсіндіріледі. Дәріс кезінде студент осы ұғымдарды анықамасы және түсіндірумен бірге жазып алулары керек. Егер студент қандай да бір себептермен сабақтан қалса, онда дәріс материалын басқа студенттен көшіріп алуы керек. Оқытушы дәрістен басқа уақытта студенттерге дәріс материалын беруге міндетті емес.

Егер суденттер қандай да бір мәселені түсінбесе, оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрай алады.Студенттердің Шәкәрім атындағы СМУ компьютер класын пайдаланып, кітапханада дайындалып, бекітілген ережелерге сәйкес үйге кітап алуға мүмкіндіктері бар.

Тәртіп: Сабақ уақытында тәртіпті жүйелі бұзған студентті аудиториядан шығару немесе пәннің курсына «қанағаттанарлықсыз» баға қоюмен қатар басқа шаралармен жазаланады. Байланыс құралдарын пайдалануға болмайды.

Межелік бақылау: Межелік бақылау қорытындысы сабаққа қатысу, берілген тапсырмаларды уақытында орындау, практикалық сабақтағы студенттің жазбаша және ауызша жауаптарын, сонымен қатар межелік бақылау нәтижесін ескеру арқылы қойылады.

Көшіру және плагиат: Кез келген көшіру немесе плагиат (басқа студенттердің дайын жұмыстарын көшіру, қолдану) «қанағаттанарлықсыз» бағамен бағаланады.

Емтихан: Қорытынды емтиханға жіберілген барлық студенттер емтиханды дәстүрлі түрде тапсырады. Әрбір билетте оқылған курстың бөлімдері бойынша сұрақтар болады.

Баға қою саясаты

Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинауы тиіс. Баллдардың максималды саны:

1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда – 300 балл,

2-рейтинг нәтижесі бойынша 9-15 апталарда – 300 балл.

Пән бойынша семестрде максималды балл саны – 600.

Баллдар келесі жұмыс түрлері үшін қойылады:

1. Модульдар бойынша тапсырманы орындағаны үшін (1 және 3 модуль бойынша максимум 150 балл, 2-модуль бойынша – максимум 120 балл)

2. Он-лайн семинарға қатысқаны және белсенділігі үшін (қатысу үшін – 20 балл, белсенділігі үшін максимум 100 балл)

3. Межелік тестілерді орындағаны үшін (максимум 30 баллдан)

Курстық жұмыс жеке бағаланады.

Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген.

Бақылау мерзімдері 8-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.

Студент білімін бақылау

Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:


  • ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі)

  • межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда)

  • қорытынды бақылау – семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан және курстық жұмысты (жобаны) қорғау, мамандықтың МЖМБС-на сәйкес).

Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең.

Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (4 кесте).

Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы

4 кесте


Әріптік жүйедегі баға

Баллдың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95 – 100

Өте жақсы

А–

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

Жақсы


В

3,0

80 – 84

В–

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

Қанағаттанарлық




С

2,0

65 – 69

С–

1,67

60 – 64

D+

1.33

55 – 59

D

1,0

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарсыз

I

NA

-

Аяқталмаған

P

-

өтті

Пәнді өтті


Дәрістер
Дәріс №1. Әдебиеттану-сөз өнері туралы ғылым.

1. Өнер туралы ұғым.

2. Әдебиеттану-сөз өнері туралы ғылым.

3. Өнер мен өмір. Өнердің туу себептері. Өнер және оның түрлері.

Өнер туралы ұғым.

Өнер көркемдік келісім бар жерде ғана өмір сүреді. Көркемділіктің бастау бұлағы – суреткердің өмірдегі әдемілікті көре білуі, шебер бейнелеуі, ой сезімін, жан толғанысын әсерлі жеткізерлік қабілеті, қиялға байлығы. Бұл ретте А.Байтұрсыновтың көркем сөз табиғаты турасындағы пікірі соншалықты бағалы. Ол: «Сөз өнері – адам санасының үш негізіне тіреледі. 1. Ақылға, 2. Қиялға, 3. Көңілге.

Ақыл ісі – оңдау яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бейнелеп суреттеп ойлау, көңіл ісі – түю, талғау.

Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенше айтуға жарау». Өнерді А.Байтұрсынов тіршілік үшін жұмсалатын тірнек өнері, көркемдік үшін жұмсалатын көрнек өнері деп екіге бөледі. Көрнек өнерін бес түрге бөледі: сәулет өнері (архитектура), сымбат өнері (скульптура), кескін өнері (живопись), әуез өнері (музыка), сөз өнері (әдебиет). Бұлар әдебиет теориясының дәл

бүгінгі биігіне шырқап , шалқып шығатын шынайы ұғымдар. Өнердің бірінші заңы – бейнелеп айту.

Әдебиеттану-сөз өнері туралы ғылым.

Әдебиет дегенде оның таным тарапындағы, тәрбие саласындағы және эстетикалық мәні мен мәнісі сараланады. Әсіресе, эстетикалық табиғатына ерекше назар аударылады. Әдеби шығарма дегенде, мәселен, роман яки поэма талдана қалған жағдайда оның мазмұны мен пішініне айналған шындық оқиғадан туатын кем дегенде бес түрлі сауалға жауап беруі шарт.


  • Қандай оқиға болды?

  • Оқиға қалайша болды?

  • Оқиға кімдердің басында болды?

  • Оқиға қалай баяндалған?

  • Болған оқиғаға автордың көзқарасы қандай?

Осы сұрақтарға жауап беру барысында шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжет пен композициясын, типі мен характерін, суреткердің тілі мен стильін, дүниетанымы мен көркемдік әдісін талдап тексеру арқылы әдеби шығарманың сыры мен сипатын тұтас танып білуге болады. Әдеби процесске келсек, мұндағы ең басты мәселе – жанр мен жанрлық түрлері, мұны тексерудегі негізгі принцип – тарихылық.

Өнер мен өмір. Өнердің туу себептері. Өнер және оның түрлері.

Нәтижесінде – сөз өнеріндегі тек пен түрді, бет пен бағытты айқындау. Осылардың бәрін тек әдебиет теориясын терең білген адам, сол арқылы өз дәуірінің талабы дәрежесінде өзінің эстетикалық талғамын қалыптастырған адам ғана істей алады. Бұл ретте әдебиет теориясы көркем шығармашылықтың психологясы мен ерекшеліктеріне қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты мәліметтер берері даусыз. Сонымен әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым – қатынасын білу, әдебиеттің өсіп - өрбуіндегі заңдылықты ұғу, сайып келгенде, күллі адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр – сипатын тану мүмкін емес. Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары әншейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы, табылып тексеріліп, жүйеленген ұшан – теңіз нақты әдеби деректерді, терең және жан – жақты талдау, байыптау нәтижесінде қорытылған толғамдар, түйін – тұжырымдар.

Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Әдебиеттің шындық болмысты суреттеу мен адам тұлғасын таныту ерекшелігі.

  2. Көркем әдебиет пен өнердегі шарттылық мәселесі.

3. А.Байтұрсынов сөз өнері туралы.

Дәріс №2. Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы.

  1. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары: әдебиет тарихы, әдебиет сыны, әдебиет теориясы.

  2. Әдебиет тарихының мақсат-міндеті.

  3. Әдебиет сынының объектісі, әдеби- эстетикалық функциясы. Сыншы тұлғасы.

Әдебиет туралы ғылым және оның салалары: әдебиет тарихы, әдебиет сыны, әдебиет теориясы.

Әдебиеттану – көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың «Ән кітабы», «Құбылу кітабы», ежелгі Мысырдағы «Ағалы-інілі екеу туралы ертегі», байырғы Вавилон жұртының «Көрмегені жоқ кісі туралы» дастаны немесе көне үнді халқының «Ригведа», «Махабхарата», «Рамаяна» жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3-2 мыңыншы жылдары пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетик.

Әдебиет тарихының мақсат-міндеті.

Ұғымға көше берген. Эллада эстет-сы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.з.б. 6ғ.) өнер мәнін санға, Гераклиттың сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңғарымдарынан басталып, Платонның «сәбилік» фил-сы арқылы Аристотель (б.з.б. 384-322ж.) «Поэтикасына» келіп ұласады. Ал «Поэтика»-күллі көркемөнер туралы тұңғыш филос.-эстетик. трактат қана емес, өз кезіндегі әжептәуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. өнер туындысының көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола т.б жайларын талдап тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ.

Әдебиет сынының объектісі, әдеби- эстетикалық функциясы. Сыншы тұлғасы.

Осы арада атап айтатын бір шындық: қазақ топырағында - ертедегі түркілердің кіндік қаласы Отырарда туып өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Наср әл-Фарабидің (870-950) әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқ етіп, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі-адам таң қалғандай ғажайып құбылыс. әл-Фараби дана философ қана емес, майталман математик, үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. Оның «Музыканың ұлы кітабы», «Поэзия канондары» зерттеулері-бүкіл дүн. жүз. эстет-ға қосылған айтулы үлес. әл-Фараби өзінің поэзия туралы байыптауларында Аристотельдің «Поэтикасын» талдап түсіндіруді мақсат ете тұра оны егжей-тегжейіне дейін түгел тексеріп жатпайды; поэзияны трагедия, комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма т.б бірнеше түрге бөледі де, әрқайсысына жеке-жеке жанрлық сипаттама береді.

Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Әдебиет жайлы тұңғыш пікірлер (Шоқан, Мәшһүр-Жүсіп, А.Байтұрсынов). Әдебиеттану ғылымының текстология, историография, библиография, архифтану, эвристика, палеография, мәтін түсініктемесі секілді қосалқы тараулары, олардың ғылымдық мәні.

  2. Көне грек ойшылдарының эстетикалық ой-толғамдары (Гераклит, Демокрит, Платон, Аристотель).

  3. Қазақ әдебиеттану

  4. Әдебиеттану ғылымының совет дәуіріндегі дамуы. Қазақ әдебиеті орыс әдебиетшілдерінің көзімен.

  5. Қазіргі әдебиеттану ғылымы.

&&&

$$$002-003-000$3.2.3 Дәріс №3. Көркем әдебиеттегі образ және образдылық.

  1. Көркем бейне туралы түсінік. Оған қойылатын талаптар.

  2. Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні.

  3. Көркем бейне және авторлық дүниетаным, идеал.

&&&

$$$002-003-001$3.2.3.1 Көркем бейне туралы түсінік. Оған қойылатын талаптар.

Көркем бейне - әдеби шығармада жинақталған түрде суреттелетін, кейіпкердің көркем ой елегінен өткізіліп жасалған бейнесі. Көркем образ әдебиетте өмір шындығын, қоғамдық құбылыстарды, табиғатты, адам тағдырын бейнелеп көрсету тәсілі. Көркем образда екі түрлі ерекшелік – жинақтау, жалпылық сипаттарды топшылап – түйіндеу және даралау, жекелік қасиет – белгілерді нақтылы түрде көрсету – осы екеуі іштей астасып, қабысып жатады. әдеби шығармадағы адамның көркем образын алсақ, оның бой – тұлғасындағы, кескін – кейпіндегі, жүріс – тұрысындағы, қимыл - әрекетіндегі, ойлау – сөйлеу әдетіндегі өзгеше сипат – белгілерді нақтылы суреттеу арқылы жазушы типтік қасиеттерді, яғни қоғамдық жағдай туғызған, басқаларға ортақ, жалпылық мәні бар ерекшеліктерді айқын танытады.



&&&

$$$002-003-002$3.2.3.2 Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні.

Жазушы көптеген адамдарға тән қасиет – сипаттарды жинастырып, екшеп, іріктеп алып, бір адамның бойына сыйғызып бейнелейді. Сонда кейіпкердің кескін – тұлғасы, характеріндегі жекелік, көпке ортақ жалпылық қасиеттері де жалқылық ерекшеліктерімен қатар айқын бедерленеді. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош тек бір адам көшірмесі емес, көптеген батырлардың жиынтық бейнесі. Демек, кез келген кейіпкерді мүсіндеуге жалғыз қаһарманның өмірі жеткіліксіз болғандықтан да, қаламгер сол тектес жандардың ортақ сипаттарын бір адамға жинақтап береді.



&&&

$$$002-003-003$3.2.3.3 Көркем бейне және авторлық дүниетаным, идеал.

Мәселен, Ұлы Отан соғысында мың өазақ жауынгері болса, олардың әрқайсысына роман жазу мүмкін де емес, қажет те емес. Суреткер батырлардың көбіне тән ортақ сипаттарды бір ғана қаһарманға жинақтап береді, әрі оның жеке ерекшелігін көрсетеді. Себебі, мың батырдың ішінде сабырлылар да, қызу қандылар, сөзуарлар, тұйық жандар да кездесе беруі мүмкін. Роман қаһарманы бір тарауда қызу, екіншісінде сөзшең, үшіншіді тұйық болса жасандылыққа ұрындырар еді. Демек, суреткер көп адам сипаттарын бір кейіпкерге әйтеуір топтап үйе бермейді, тек соның ерекшелігіне сай келетін етіп, бір қаһарман ісі ретінде өріп шығарады. Біреу пьеса жазды делік. Соның кейіпкерін әркім өз біреуіне балайды. Сол себепті кейіпкер мыңды біреу арқылы көрсетеді. Жинақтау сол үшін керек.



&&&

$$$002-003-100$Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Өнердегі типтілік мәселесі, титендіру процесі.

  2. Тип пен прототиптің арақатынасы.

  3. Көркем бейне сомдаудағы суреттеу тәсілдері (портрет, мінездеу, ішкі монолог, диалог).

  4. Әдеби мінездеудің түрлері (тура және жанама мінездеу және олардың характерді айқындаудағы мәні).

  5. Кейіпкер тілі.

&&&

$$$002-004-000$3.2.4 Дәріс №4. Образдың жасалу тәсілдері мен түрлері.

1. Образдың тектері.


2. Образдың әдістік түрлері.

3. Образдың жасалу тәсілдері



&&&

$$$002-004-001$3.2.4.1 Образдың тектері.


Әдеби тек тарапынан образ үш түрлі: эпикалық, лирикалық, драмалық. Қазақ әдебиетіндегі қандай эпикалық образды алсақ, көз алдымызға оның сыртқы түрі, кескін- кейпі келеді: «басының құлақтан жоғары жері қаз жұмыртқасындай» жалтыраған, жалтұмсық, «не қылайыны жоқ» қатал сақшы – жалғыз көзбен жан біткенге «тесіле, сыздана қарайтын» Құнанбай, «салпы етекбөз көйлектің етегін жоғары көтеріп, ышқырлығына қыстыра сала» аузы -басы сүйреңдеп өсекке кірісетін «тырыли арық Қарақатын…»

Құнанбай көл-көсір кісілік болмысын, ағыл-тегіл ақыл-ойын, қырық қатпар амал –айласын айтпағанда, қан ішер қаталдығымен, найза бойламас тұңғиық әрі тоң мойын сұмдығымен дараланып шықса, Қарақатын тобық жасырмас жайдақ, жадағай құлқымен, жер ошақ басында шаңытқан көң-қоқыр өсек –аяңымен, өзге қатындардың өзінен қыл елі артықшылығын көрсе, өле жаздайтын іші тар, іш пыстырар, сол халге түсіп байқағысы келген адамды азып- тоздыраралапес, күйкі қызғанышымен ерекшеленеді.



  • Ей, Сүйіндік, албасты да қабаққа қарай басатын. Қыры жоқ, қасиеті жоқ басшы болса, ыбылыс, жын иектемей нетеді. Адал десек, аман десек, жан берейік, ақтайық, ақыретте айыбын өз мойнымызға алайық. Бірақ менің екі бірдей жаным жоқ. Майысар болсаң, жаныңды да бересің. Беремісің, жаныңды?! Бұл тек қана Құнанбайдың сөзі.

-Ене – ау, не есіткенің бар? Әлгі Қаратаздың…қойлы таздың інісі бар емес пе? Тәңірберген деген сері інісі бар еді ғой? Не басыңды ауыртайын, сенің. Сол сері жігіт кеп, Елеманның үйіне түсті. Аты қара тер. Қанжығасында бір қоян, бір түлкісі бар. Қояны ақ тушадай-ау, ақ тушадай! Ақбала сыртқа шығып, сері жігітті аттан түсірді. Ал екеуінің қалай көріскенін көрсең! Масқара-ай!.. Бетім-ай!.. О, жүзіқара! О, қарабет!.. Бұл сүйреңдеп тұрған, сөз жоқ, Қарақатын.

&&&

$$$002-004-002$3.2.4.2 Образдың әдістік түрлері.

Эпикалық образ – бедерлі бейне, әрі нақты, әрі затты тұлға; кәдімгі тірі кісідей өзін көзбен көруге, сөзін құлақпен естуге болатын, бүкіл өмір жолын, өскен ортасын ойы-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарман.



Лирикалық образ – сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі, ақынның көңіл-күйінен – нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда эпикалық образдағыдай ұзақ суреттеліп, адамның сыртқы кескіні, тағдыры, іс-әрекеті тұтасып көрінбейді. Адамның нәзік ішкі сыры, мінез-құлқы, жан-тынысы айрықша әсем айшық табады.

Атың Сана, көзің қара гөзал қыз,

Жыр жаздырдың жүрегімнен амалсыз;

Мен кетермін, альбом ашып қарарсыз,

Ақын қазақ ағаңды еске аларсыз.

Тавриз – Баку аспанында күн Сана,

Күміс Каспий жағасында гүл Сана.

Жүрегің мен жүрегімді бір сана,

Айтарым көп, айқызбай-ақ біл, Сана.

(Қ.Аманжолов.)



&&&

$$$002-004-003$3.2.4.3 Образдың жасалу тәсілдері

Құнанбай көл-көсір кісілік болмысын, ағыл-тегіл ақыл-ойын, қырық қатпар амал –айласын айтпағанда, қан ішер қаталдығымен, найза бойламас тұңғиық әрі тоң мойын сұмдығымен дараланып шықса, Қарақатын тобық жасырмас жайдақ, жадағай құлқымен, жер ошақ басында шаңытқан көң-қоқыр өсек –аяңымен, өзге қатындардың өзінен қыл елі артықшылығын көрсе, өле жаздайтын іші тар, іш пыстырар, сол халге түсіп байқағысы келген адамды азып- тоздыраралапес, күйкі қызғанышымен ерекшеленеді.



  • Ей, Сүйіндік, албасты да қабаққа қарай басатын. Қыры жоқ, қасиеті жоқ басшы болса, ыбылыс, жын иектемей нетеді. Адал десек, аман десек, жан берейік, ақтайық, ақыретте айыбын өз мойнымызға алайық. Бірақ менің екі бірдей жаным жоқ. Майысар болсаң, жаныңды да бересің. Беремісің, жаныңды?! Бұл тек қана Құнанбайдың сөзі.

-Ене – ау, не есіткенің бар? Әлгі Қаратаздың…қойлы таздың інісі бар емес пе? Тәңірберген деген сері інісі бар еді ғой? Не басыңды ауыртайын, сенің. Сол сері жігіт кеп, Елеманның үйіне түсті. Аты қара тер. Қанжығасында бір қоян, бір түлкісі бар. Қояны ақ тушадай-ау, ақ тушадай! Ақбала сыртқа шығып, сері жігітті аттан түсірді. Ал екеуінің қалай көріскенін көрсең! Масқара-ай!.. Бетім-ай!.. О, жүзіқара! О, қарабет!.. Бұл сүйреңдеп тұрған, сөз жоқ, Қарақатын.

&&&

$$$002-004-100$Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Образдың тектері.


2.Образдың әдістік түрлері.

3.Образдың жасалу тәсілдері


&&&

$$$002-005-000$3.2.5
Дәріс №5. Көркем шығарманың құрылысы.

  1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік.

  2. Әдебиет теориясында мазмұн мен пішінді бірлікте қарастыру - әдебиет теориясының негізгі принципі.

  3. Шығарманың тақырыбы. Тақырып таңдау және өмір шындығын зерттеу.

&&&

$$$002-005-001$3.2.5.1 Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік.

Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе. Мазмұн мен пішін бір – бірінен айрылмас байланыста, бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ. Пішін – бір нәрсенің пішіні; басқа ережесі жоқ. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол – мазмұн. Мазмұн – бір нәрсенің мазмұны; басқа ережесі жоқ. Осының енді сыртқы қасиеті, анықтамасы бар, ол – пішін.

Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен – ақ ашық көрініп тұрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанда ғана әрқайсысы өзін - өзі айқындай алады. Мазмұн мен пішіннің бір – біріне ауысу, көшу процесінің негізінде мазмұн жататынын ұмытпау керек. Әуелі мазмұн туады да, өзін айқындау үшін пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішіннің бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы жатады деп ұққан жөн.

Әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір. Пішін – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармандар өмірі. Мәселен, «Ботакөз» романының мазмұны кәдімгі ақиқат өмірде болған келелі шындық қазан төңкерісі кезінде қазақ даласындағы ұлт – азаттық қозғалысының жеңісі, нәтижесінде Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы.

&&&

$$$002-005-002$3.2.5.2 Әдебиет теориясында мазмұн мен пішінді бірлікте қарастыру - әдебиет теориясының негізгі принципі.

Осы шындықты жазушы партиялық идеалының тұрғысынан суреттеп көрсетті. Бұл жердегі мазмұнның пішіні – көркем жинақталған әдеби қаһармандардың, дәлірек айтқанда, Асқардың, Ботакөздың, Амантайдың, Кенжетайдың, Темірбектің, Сағиттың, Итбайдың, Асанның, Байтөбеттің, Кошкиннің, Сарбастың қым – қиғаш күрес пен тартысқа толы қиян - қилы тағдыр тіршілігі. Осынау кейіпкерлердің шытырман өмірі - өзара қарым – қатысы, іс – ірекеті, бірін – бірі жақсы көру не жек көру сезімдері арқылы біз қазақ аулының тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын, мақсат – мүддесін көзбен көргендей танып, біліп, сол дала қазақтарының азаттық жолындағы шешуші шайқастарға қалай шыққанын, ақыр аяғында жаңа өмірге қайтып жеткенін терең аңғарамыз. Романдағы әр қаһарман өз дәуірінің өзекті оқиғаларына қалай қатысқанын, көркем бейне, қоғамдық характер ретінде қалай қалыптасқанын байқаймыз. Сонда біз автор биік эстетикалық идеал тұрғысынан шынайы, шебер суреттеген қазақ даласындағы дәуірлік шындық – ұлан – асыр күрестер мен тартыстарға толы сегіз жыл ішінде қазақ халқының басынан кешкен аса мәнді әрі күрделі әлеуметтік – саяси оқиғалар шығармадағы кейіпкерлер тағдырымен жіксіз кірігіп, бірігіп, тіпті тұтасып кеткендігін көреміз. Дәл осы арады шығармадығы мазмұнның пішінге көшкенін көреміз. Жазушы таңдап тапқан пішін бұл жерде өзінің мазмұнын әрі толық, әрі терең ашып тұр.



&&&

$$$002-005-003$3.2.5.3 Шығарманың тақырыбы. Тақырып таңдау және өмір шындығын зерттеу.

Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе. Мазмұн мен пішін бір – бірінен айрылмас байланыста, бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ. Пішін – бір нәрсенің пішіні; басқа ережесі жоқ. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол – мазмұн. Мазмұн – бір нәрсенің мазмұны; басқа ережесі жоқ. Осының енді сыртқы қасиеті, анықтамасы бар, ол – пішін.

Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен – ақ ашық көрініп тұрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанда ғана әрқайсысы өзін - өзі айқындай алады. Мазмұн мен пішіннің бір – біріне ауысу, көшу процесінің негізінде мазмұн жататынын ұмытпау керек. Әуелі мазмұн туады да, өзін айқындау үшін пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішіннің бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы жатады деп ұққан жөн.

Әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір. Пішін – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармандар өмірі. Мәселен, «Ботакөз» романының мазмұны кәдімгі ақиқат өмірде болған келелі шындық қазан төңкерісі кезінде қазақ даласындағы ұлт – азаттық қозғалысының жеңісі, нәтижесінде Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы.

&&&

$$$002-005-100$Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Көркем шығарманың идеясы және автор дүниетанымы. Идеяның танылу жолдары және түрлері.

  2. Тақырып пен идея бірлігі.

&&&

$$$002-006-000$3.2.6 Дәріс №6. Сюжет және композиция.

  1. Композиция туралы түсінік.

  2. Композицияның шығармадағы идеяларды жүйелеудегі, образдарды тұтастыруда, қиыстыруда атқаратын ролі.

  3. Сюжет туралы ұғым.

&&&

$$$002-006-001$3.2.6.1 Композиция туралы түсінік.

Көркем шығармада образ жасалуы керек. Кейіпкер жеке тұрғанда ашылмайды. Қарым – қатынас арқылы ашылады. Кейіпкердің мінез ерекшелігінен, өмірліктің кереғарлығынан тартыс туады. Тартыс (лат. қақтығыс, айқас, ала ауыздық, талас) өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама – қайшылықтардың, адамға тән сезім, нанымдағы кереғар құбылыстардың жинақталуы, суреттелуі. Әдеби шығармадағы тартыс оның сюжеті мен композициясын өрбітер өзгеше құрал. Тартыстың дамуы – сюжеттің күшеюінің басты құралы. Тартыс – сюжеттің жаны мен жүрегі. Тартыстан сюжет құрап, қалыптастыратын – композиция.



&&&

$$$002-006-002$3.2.6.2 Композицияның шығармадағы идеяларды жүйелеудегі, образдарды тұтастыруда, қиыстыруда атқаратын ролі.

Сюжет жөніндегі термин Аристотель заманында шыққан. Аристотель «Поэтикасында» тарихта тұңғыш өзі қалыптастырған фабула дегеннің композициялық бүтіндігін былай түсіндіреді: «Бүтіндік дегеніміз әр нәрсенің басы, аяғы, ортасы болуы. Басы - өзгеге ермейді; ортасы - өзі де ереді, өзгені де ертеді; аяғы - өзі ереді де, өзгені ертпейді» (62-б).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет