Микрон – микроскопиялық ұсақ ағзалардың мөлшерінің өлшем бірлігі. 1/1000 м-ге тең, белгіленуі – μ (гр. «мю») немесе мкм.
Микроспория – адам (негізінен 6-12 жасар балалар) терісі мен шашын зақымдайтын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – микроспорум (Microsporum) тұқ-ң саңырауқұлағы және оның қалталы сатысы – наннизия (Nannizia, қат. Eurotiales). Ауру әлемде кең таралған, дерматомикоздардың ішінде екінші орында. Жануарлар сирек ауырады.
Микротүтіктер – цитоплазманың субклеткалы, жіңішке, мембрансы жоқ ақуыздық құрылымдары. Клетканың бөліну үрдістеріне, органоидтардың клеткаішілік қозғалысына, секрецияға қатысады.
Микрофибриллдер – клетка қабығының клетка пішінін (цитоқаңқаны) сақтап тұратын компоненттері.
Микрофлора – микроағзалар флорасының жалпы атауы немесе олардың түрлерінің ұштасуы.
Микроциста – миксомицеттің өмірлік цикліндегі құрылым. Миксамебалар және зооспораларға қолайсыз жағдайларды өткеруге қызмет етеді.
Митохондрия (гр. chondrion – дән) – клетканың ультрақұрылымдың элементі – домалақ, созыңқы, таяқша тәрізді немесе бұрыс пішінді, ішкі және сыртқы мембрана мен мембраналық кеңістік – матрикстен тұрады. Клеткадағы митохондриялар саны 1-ден 100 000-ға дейін. Құрамында Кребс циклі мен электрондық-тасымалдаушы тізбектің ферменттері бар. Фотосинтезге қабілетсіз клеткалардағы АТФ-ң негізгі көзі. Митохондрияларда түзілетін АТФ ферменттер әсерінен ыдырап, ағза пайдаланатын энергияның үлкен мөлшері босап шығады.