Мицелийлі қабықша, тері – гифалардың 2-3мм және одан да жоғары қалыңдықты тығыз байланысы. Оның үстінде кейін жеміс денелері түзіледі. Ағаш ыдыратушы саңырауқұлақтарда кездеседі.
Мицелийлі тяждар, жіптер – бір-біріне параллельді өсетін гифалар, өзара кілегейлі затпен немесе көптеген қысқа анастомоздар арқылы жабысқан. Көп жағдайда тяждар бірегей, алайда кейде сыртқы және ішкіге бөлінген. Тяждар саңырауқұлақтың вегетативті таралуына, сондай-ақ қоректік заттар тасымалына көмектеседі.
Мицетофаг (гр.myces – саңырауқұлақ, fagos – жегіш) – саңырауқұлақтармен қоректенетін ағзалар.
Моно- (гр. monos – бір) – күрделі сөз бөлшегі, жалғыздықты, даралықты, аздықты көрсетеді.
Монофагтар – тар маманданған облигатты паразиттер (тат, күйе, т.б.), ие-өсімдіктің бір түрі немесе, тіпті бір сортында ғана дамуға қабілетті.