Оқытудың соңғы нәтижелері
Студент:
Білуі тиісті:
анатомиялық препараттармен және басқа да оқу әдістемелерімен жұмыс жасаудың негізгі тәсілдерін;
қаңқа сүйектерінің ерекше белгілерін;
сүйектер байланысының түрлерін, жіктелуі және буындардың биомеханикасын;
бұлшықеттердің анатомиясын, жіктелуін, қызметін;
бас, мойын, қол мен аяқтың, кеуде, құрсақ пен жамбас ағзаларының топографиясын;
асқорыту, тыныс алу, жүрек – қантамырлар және зәр шығару жүйесі ағзаларының анатомиясын, топографиясын және олардың құрылыс ерекшеліктерін;
жұлын мен бас миының құрылысын;
сезім мүшелерінің анатомиясын;
жұлын және бас миы нервтерінің түзілуі мен қызметін, олардың нервтендіруін;
қан тамыр және лимфа жүйелерінің анатомиясы мен топографиясын;
эндокринді бездер құрылысы мен қызметін;
бас пен мойынның, дененің және аяқ – қолдың тері жамылғыларының морфофункционалдық сипаттамасын;
халықаралық анатомиялық номенклатураны латын тілінде.
Көрсете алуға тиіс:
бас сүйектері, дене және аяқ-қол сүйектеріне тән ерекшеліктерін анықтау;
анатомиялық препараттарда сүйек байланыстарының құрылымдық элементтерін тауып алу;
мәйіттен бастың, дененің және қолмен аяқтың бұлшықеттерін көрсету;
бас пен мойын, кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарындағы ағзаларды табу;
жұлын мен бас миы бөлімдерін көрсету;
жұлын мен бас миы нервтерін көрсету;
мәйіттен бас пен мойын, кеуде, құрсақ қуысы, кіші жамбас және қол мен аяқтың қан тамырларын көрсету;
адам денесінің бетінен ағзалар мен қан тамырлар, нервтер проекциясын анықтап көрсету.
ІII- семестр
Теория тақырыптық жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |