ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Медбике ісі»


Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары



бет2/3
Дата14.04.2017
өлшемі484,74 Kb.
#13916
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары.


теория

4

13

Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерінің даму кезеңдері, ерекшеліктері, тарихи маңызы.

Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі.

теория

4

14

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілістің сипаты.

1837-1847 жылдардағы Кенесары ханның басшылығымен болған ұлт-азаттық көтеріліс.

теория

4

15

XIX ғ.60-90 ж.Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары. Капиталистік қатынастардың дамуы.

теория

4

16

1900-1920 жылдардағы Ресейдің қоғамдық саяси өмірінің Қазақстанға әсері. Ақпан революциясы және Қазақстандағы саяси өмір. Қазан төңкерісі.

теория

4

17

1916ж. ұлт-азаттық революциясының себептері, сипаты, қозғаушы күші. Саяси партиялардың қалыптасуы және қызметтері.

теория

4

18

«Алаш» партиясының қызметі. Түркістан автономиясы. Алашорда үкіметі.

теория

4










72

19

1920-1930 ж. Қазақстан. Ф.И. Голощекин «Кіші Қазан» теориясының үстемдігі. Индустрияландыру.

теория

4

20

Күштеп ұжымдастыру, оның зардаптары. 1931-1932 жылдардағы аштық. Аштықпен күрес.

теория

4

21

Сталиннің казармалык режимінің орнауы. 30 жылдардағы жаппай қудалау, репрессиялар.

теория

4

22

Қазақстанның мәдени құрылысы. Сауатсыздықты жою. Ғылым, білім, әдебиет, өнердің дамуы. Өнер қайраткерлері.

теория

4

23

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстан экономикасын майдан мүддесіне бағындыру.

теория

4

24

1950-1960 жылдардағы Қазақстан.

Индустриялық даму. Тың және тыңайған жерлерді игеру

теория

4

25

Патшаның көші-қон саясаты. Кеңес өкіметі кезеңіндегі депортация Қазақстандағы демографиялық жағдайға әсері.

теория

4

26

Қазақстандағы халықтар Ассамблеясы және оның қызметі.

теория

4

27

Қазақстан КСРО-ның құрамдас бір бөлігі. Қазақстандағы Коммунистік партияның қызметі. 1960-1980 жылдар арасындағы Д.А.Қонаевтың қызметі.

теория

4

28

Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтары. 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі. КСРО-ның күйреуі.

теория

4

29

Диаспора, ирредента ұғымдары. Шетелде қазақ диаспорасының,ирредентасының қалыптасуы.

теория

4

30

Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістері. ҚР. Конституциялары. Қазақстан республикасындағы сайлау жүйесі.

теория

4

31

Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы.

Шетелдегі қазақтардың тарихи атамекеніне қайтып оралуы



теория

4

32

Әлеуметтік қауымдастық- Қазақстанның БҰҰ-на кіруі. Әлемдік аренадағы Қазақстан бейнесі.

теория

4

33

«Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламасы. Елбасы жолдаулары. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы.

теория

4

34

Тәуелсіз Қазақстанның білімі, ғылымы және мәдениеті.

теория

2










62/134


3. Пәннің мазмұны

«Қазақстан тарихына» кіріспе

«Қазақстан тарихы» оқу пәніне заманауи көзқарас. Тарих, жеке тұлға, мемлекет. Отандық тарихтың қызметтері мен принциптері. Қазақстан тарихының дүниежүзі тарихындағы орны.

Қазақстан тарихындағы кезеңдер. Қазақстан тарихын оқудың негізгі әдістері. Отандық тарихты оқудағы жаңа концептуалдық жолдар.

Дерек көздері және тарихнама. Қазақстан тарихындағы заттық, этнографиялық, лингвистикалық, ауызша және жазбаша дерек көздері. Археологиялық ескерткіштер. Ежелгі Грек, ежелгі Қытай, ежелгі Рим тарихшыларының этнографиялық материалары, еңбектері. Ежелгі Парсы деректері. Көнетүркі жазбалары. Ортағасырлық авторлар еңбектері. Қазақстан тарихын зерттеудегі орыс ғалымдарының және қазақ ағарту ісі өкілдерінің сіңірген еңбектері. Қазақстан тарихындағы кеңестік тарихнама. Қазақстан тарихындағы шетелдік тарихнама. Қазақстан тарихының тәуелсіздік жылдарындағы тарихнамасы.



1 бөлім. Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Тақырып 1.1. Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихы.

Палеолит (ежелгі тас ғасыры). Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка және Азия территорияларындағы негізгі антропологиялық қазбалар. Қазақстанның табиғи жағдайы мен ежелгі гоминидтердің өмір сүру ортасы. Тас ғасырының археологиялық кезеңдері мен жылнамасы.

Мезолит (орта тас ғасыры). Табиғи-климаттың өзгеруі, мұздың еруі. Оңтүстік Қазақстандағы мезолиттік ескерткіштер. Материалдық мәдениеттің сипаттамасы. Табиғи жағдайлар мен еңбек құралдары арқылы шаруашылықтың өзгеруіндегі археологиялық көздерінің дәлелі. Садақ пен жебенің пайда болуы. Тастан жасалаған еңбек құралдар: микролиттер мен макролиттер. Тобыл, Нұра, Есіл өзендері жағалауларындағы ескерткіштер. Еңбек құралдарындағы айырмашылықтар. Мезолиттің тарихи орны.

Неолит (жаңа тас ғасыры). Неолиттің жалпы сипатамасы. «Неолиттік төңкеріс». Өндіруші шаруашылықтың яғни мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының пайда болуы. Қазақстандағы неолиттік тұрақтар. Тасты өңдеу мен керамиканы даярлаудың технологиясы. Неолиттік өнердің көптүрлілігі: саздан жасалған ыдыстардағы ою-өрнектер, т.б. Матриархалдық-туыстық қоғам.

Энеолит (мыстық тас дәуірі). Мыстан жасалған құралдардың пайда болуы. Тас пен мыстан жасалған еңбек-құралдардың қатар қолданысы. Егін мен мал шаруашылығының дамуы. Орал-Ертіс өзендері арасындағы энеолит. Ботай мәдениеті. Материалдық мәдениет. Қоныстану мен баспана сипаты. Шаруашылығы. Жерлеу рәсімдері. Саз балшықтан ыдыс-аяқ жасау тәсілдері. Мәдениеттің көршілес елдер мәдениетімен өзара байланысы.

Тақырып 1.2 Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуір

Қола дәуірі (б.д.д ХVІІІ –ІХ ғ.ғ.). қола дәуірінің жалпы сипаттамасы және кезеңдері. Мал шаруашылығының дамуы: мал бағу шаруашылығы, жайылымдар, көшпелі мал шаруашылығына көшу. Патриархат. Дүние мүліктік теңсіздік, жеке отбасының пайда болуы. Этикалық қоғамның дамуы.

Қазақстан территориясындағы Андроновтық және Беғазы –Дандыбай мәдениеті. Үй тұрмысы, тұрмыстық шаруашылық, дін мен мәдениет. Археологиялық ескерткіштер (қоныстану, мазарлар, кен ісі, петроглифтер): Тасты-Бұлақ, Атасу, Таутары, Тамғалы-тас т.б. артефактар типологиясы. Ескерткіштердің таралу аумағы. Керамика. Өндіріске металл құралдарының енуі, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы. Кенді қорыту жағдайының дамуы. Қыш құюшылар, құмырашылар ортасының пайда болуы. Жерлеу рәсімі. Ботай, Тоқсамбай қалалары.

Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ежелгі мемлекеттер (б.д.д. VІІ-ІІІ ғ.ғ.), Сақтар (б.д.д. VІІІ-ІІІ ғ.ғ.). Ерте темір дәуірі. Көшпелі мал шаруашылығына көшу. Еуразияның ұлы даласы және скифтік-сақтық қоғам. Қазақстан жеріндегі скифтер мен савроматтар. Қазақ мемлекетілігінің тарихы мен сақ тайпалық мемлекеті. Сақ жазбасы- мемлекеттіліктің маңызды бөлшегі ретінде. Дамыған өнер, мифология және дін. Жауынгерлік ұйымдардың жоғары дәрежесі. Диқаншылық, кәсіп, сауда. Ауылдық жерлер мен қалалар. Ассириямен, Мидиямен, Парфеямен, Иранмен байланыс.

Үйсіндер мен қаңлылар (б.д.д. ІІ ғ.-б.д V ғ.). Жетісу жеріндегі үйсіндер мемлекеті. Сырдария жеріндегі қаңлылар мемлекеті. Әскери жүйе. Туыстық тайпалық жүйе-әскери және мемлекеттік ұйымдар негізі. Үйсіндер мен қаңлылардың Қытаймен, ғұндармен, Орта Азия мемлекеттерімен саяси және этномәдени байланысы.

Ғұндар. Орталық Азиядағы алғашқы қоныс аударушы тайпалық бірлестіктер (б.д.д. ІІІ ғ.-б.д.д. Іғ.). Ғұн тайпаларының батысқа көшуі. Ғұндардың Шығыс және Орталық Қазақстанда Юбань мемлекетін (б.д.д. ІІ-V .ғ.ғ) құруы. Басқарушы династия. Рулар мен тайпалар иерархиясы. Әскер ұйымдағы ондық жүйе. Мал шаруашылығы, егін шаруашылығы. Жазу-сызудың дамуы және қалалар. Тәңірге табыну.



2 бөлім. Орта ғасырдағы Қазақстан

Тақырып 2.1 Ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VІ-Х ғ.ғ).

Түрік қағанаты (552-603 ж.ж.)- Еуразиядағы алғашқы көшпенді мемлкет. Түрік тайпаларының саяси күшеюі және мемлекеттің құрылуы. Қағанат шекарасының кеңеюі. Византиямен, Иранмен, Қытаймен арақатынас. Батыс–Түрік қағанаты (603-704 ж.ж) және оның Жетісудағы орталығы. Әскери-әкімшілік жүйе, этностық-әлеуметтік бөлімдер. Билік үшін талас-тартыс. Қытай қарсыластығы. Түркештердің көтерілуі.

Түркеш қағанаты (704-756 ж.ж.) мемлекетің құрылуы. Түргештердің Тан династиясымен және Орта Азия арабтарымен күресі. Арабтардың Оңтүстік Қазақстанға экспансиясы. 751 жылғы болған Талас үшін тарихи ұрыс және аймақтағы мұсылман мәдениетінің саяси әсері. Тайпалар арасындағы жоғары билік үшін күрес. Қарлұқтардың күшеюі.

Қарлұқ мемлекеті (766-940 ж.ж.). Жетісудағы мемлекеттің құрылуы. Қашқарды қарлұқтардың басып алуы, Ферғанаға әсері. Қарлұқтардың тайпалық құрамы және орналасуы. Әскери-әкімшілік жүйе. Шаруашылық.. Қалалар мен тұрғылықты жерлер. Рухани мәдениет. Саманидтермен күрес, Талас жеріне дейінгі шекараның кеңеюі. Қарлұқтардың әскери билігінің исламға біртіндеп қарауы. Күрестердің өршуі.

Оғыз мемлекеті.( ІХ ғ. аяғы-Х ғ. басы). Оғыздардың печенектер тайпаларын Сырдария мен Арал аймақтарынан ығыстыруы. Оғыз мемлекетінің құрылуы. Оғыздардың қимақтармен, қыпшақтармен, қарлұқтармен, хазарлармен, бұлғарлармен этносаяси байланысы. Қоғамдық құрылым, щаруашылық, қалалар, тұрғылықты жерлер. Сауда-саттық пен кәсіптің дамуы. Селжүктермен күрес. Оғыздардың саяси әлсіреуі.

Қимақ қағанаты (ІХ ғ. аяғы-Х ғ. басы) мемлекеттің құрылуы. Қимақ қоғамындағы көнетүркілік салт-дәстүрлердің дамуы. Қимақтардың тайпалық құрамы және орналасуы. Қыпшақтар мен құмандардың тайпалық бірлестіктерінің қимақ қағанатына саяси тәуелділігі. Қимақтардың жекелеген халықтармен этносаяси және мәдени байланысы. Қоғамдық құрылым, шаруашылық-мәдени типтер, қалалар мен сауда-саттық. Қыпшақ әскери басқаруының күшеюі. Қағанаттың құлауы.

Қазақстанның VІ-Х ғ.ғ. экономикалық және мәдени өмірі. Көшпенділер өркениеті, оның даму ерекшелігі. Шаруашылық-мәдени типтер: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалар мен тұрғылықты жерлер. Дала мен қала. Ұлы Жібек жолы. Көне түркілік жазба және түркі мәдениетінің ескерткіштері. Ислам мен мұсылман мәдениетінің таралуы: христиан, будизм, манихей. Белгілі ғұламалар мен жазушылар: Йолығ Тегін, әл-Фараби, Жанах әл- Кимеки.

Тақырып 2.2. Дамыған орта ғасырдағы мемлекеттер (ХІ-ХІІІ ғ. басы).

Қараханид мемлекеті (942 1210 ж.ж.) Жетісу мен Қашқар жеріндегі қағанаттың құрылуы. Қазақстандағы алғашқы мұсылмадық түркі мемлекеті. Оңтүстік Қазақстан Қараханидтер ықпалында. Қараханидтердің Мәуренахрға саяси ықпалының таралуы. Селжүктермен, Хорезмшахтармен, қыпшақтармен саяси байланыс. Көшпенділік мәдениет және қараханидтардың отырықшылық-егіншілік және мұсылмандық мәдениет кеңістігінде. Қалалар мен сауда-саттық. Отырықшылық пен егіншіліктің дамуы. Басқарудың әскери-тайпалық және әкімшілік жүйесі. Қарақытайдың саяси басқаруының қараханидтерге таралуы.

Қарақытай (1128-1213 ж.ж.). Қарақытайдың Шығыс Қарахандар қағанатын жаулауы. Қарақытайдың саяси басқаруының Мауренахрға таралуы. Қоғамдық құрылым мен шаруашылығы. Қарақытайдың құлауы.

Наймандар мен керейттер ұлыстары (ХІІ ғ. –ХІІІ ғ. басы). Орталық Азияда наймандар мен керейттердің тайпалық конфедерация құруы. Қоныстануы. Христиан дінінің таралуы. Керейттер мен наймандардың мемлекет құруы. Керейт пен найман ұлыстарын Шынғыс ханның жаулауы. Жетісудағы наймандардың көтерілуі. Наймандардың монғолдардан жеңіліс табуы.

Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы-1224ж.). Қыпшақтар-қимақ мемлекетінің мұрагерлері. Оғыздарды Сырдариядан ығыстыру. «Дешті-Қыпшақ» термині. Қыпшақтардың тайпалық құрамы. Көршілес халықтармен және мемлекеттермен қарым-қатынасы. Мемлекеттің екіге бөлінуі. Қыпшақтардың Хорезмшахтармен күресі. ХІ-ХІІ ғ.ғ қазақ халқының Қыпшақ хандығында этникалық ядросының қалыптасуы. Қыпшақ халқының және монғол шапқыншылығының қалыптасуының соңғы кезеңі. Шаруашылық. Тіл. Мәдениет. Қыпшақ хандығының құлауы.

ХІ ғ.-ХІІ ғ. басындағы Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуы. Көшпелі малшаруашылығы қоғамындағы шаруашылық-мәдени типтер. Оңтүстік, Шығыс, Орталық және Батыс Қазақстан қалалары. Сәулет өнері. Кәсіп түрлері, сауда-саттық, ақша айналымы. Ұлы Жібек жолы және оның Қазақстан жеріндегі тармақтары. Қазақстан тайпалары мен халықтарының рухани мәдениеті. Діни наным-сенімдер мен табынушылық. Қазақстан халқы мұсылман мәдениеті жүйесінде. Көшпенділер арасында ислам дінінің таралуы. Қазақстан халықтарының мұсылман Шығыспен және онымен іргелес және сыртқары жатқан мемлекеттермен мәдени және саяси байланыстарды орнатуы және кеңейтуі.

Мұсылман түркі халықтарының ауызша және жазбаша шығармашылық мәдениеті. Ғалымдар мен ойшылдар Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауи еңбектері.

Тақырып 2.3 Қазақстан монғол шапқыншылығы дәуірінде (ХІІІ ғ.) Алтын Орда (1243-ХV ғ. ортасы)

Монғол империясының құрылуы. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды жаулауы. Орта Азия мен Қазақстан жерлерін монғолдардың басып алуы. Қазақстан монғолдың ұлысы құрамында. Батый ханның Шығыс Еуропаға саяхаты. Алтын Орданың қалыптасуы. Ұлыстық жүйенің дамуы. Алтын Орда билеушілері. Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдау. Алтын Орданың Мамлүк мемлекетімен этносаяси байланысы. Темірдің Алтын Ордаға саяхаты. Алтын Орданың құлдырауы мен құлауы. Ұлыстық күрес. Шағатай мемлекетінің құрылуы.



Тақырып 2.4. Қазақстан жеріндегі ХІV- ХV ғасырлардағы саяси үрдістер.

Көк Орда және Ақ Орда мемлекеттері (ХІІІ аяғы- ХV ғ. басы)- жергілікті этникалық негіздегі алғашқы ірі мемлекет. Сырдария жағалауындағы қалалар үшін күрес. Орта Азия және Хорезммен байланыс. Сырдария бойындағы қалалар үшін тимуридтермен болған күрес. Биліктің Шайбандиндерге көшуі.

Моғолстан (ХІV ғ. ортасы мен ХVІ ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Территориясы мен этникалық құрамы. Мұсылман дінінің таралуы. Темірдің Моғолстанға жорығы. Моғолстан мен Көк орда басшылары одағының Темірге қарсы шығуы. Моғолстанның Темірге тәуелділігі. Мұхаммед хан тұсындағы биліктің күшеюі. Монғол-ойраттардың әскери төңкерісі. Моғолстанның құлдырауы мен құлауы.

Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 ж.ж.) немесе Әбілқайыр хандығы. Территориясы мен этникалық құрамы. Әбілқайр ханның Орта Азияға әскери жорықтары. Сырдария жағалауындағы қалалар үшін күрес. Әбілқайырдың ойраттардан жеңіліс табуы (1457 ж.) Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшуі.(1459 ж.). Хандықтың құлауы.

Ноғай ордасы (ХІV ғ. соғы- ХV ғ.). Территориясы мен этникалық құрамы. Ноғай ордасын басқарушылар. Ноғай ордасының іргелес елдермен қарым-қатынасы. Ноғай ордасының құлауы.

Сібір хандығы (ХV соңы- ХVІ ғғ.) Сібір хандығының құрылуы. Оның ішкі және сыртқы саясатының тарихы, территориясы, этникалық құрамы. Сібір хандығының құлауы.



Тақырып 2.5 Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.

Қазақ халқының қалыптасу тарихы. Ежелгі және дамыған ортағасырдағы этникалық үрдістер. Қазақ халқының пайда болу үрдісі. Этникалық территорияның қалыптасуы, ортақ тілдің пайда болуы. Шаруашылық, материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасуы. Мемлекеттің қалыптасу факторы және оның этникалық үрдіске әсері. Жазба көздеріндегі алғашқы «Қазақ» термині. Оның әлеуметтік мәні. «Өзбек» және «қазақ» атауларының арақатынасы. «Қазақ» этнонимінің халықтың атауы болуы. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы (ХІV соңы- ХV ғғ). Қазақ жүздерінің пайда болуындағы этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері. Жүздер-қазақтардың этностық территориялық бірлесуі. Ұлы, Орта, Кіші жүздердің пайда болуы.



Тақырып 2.6 ХV- ХVІ ғ.ғ. қазақ хандығы.

Қазақ хандығының құрылуы (1466 ж.). Қазақ хандығының Шығыс Дешті Қыпшаққа саяси әмірлігінің таралуы. Қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек. Бұрұндық пен Қасымның Мұхаммед Шайбан мен Ноғай ордасына қарсы шығуы. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін соғысы.

Қазақ хандығының күшеюі. Қазақ хандығының ХVІ ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Шаруашылық: Мал шаруашылығы, егіншілік, қалалар, сауда. Сырдария бойындағы жерлердің саяси және экономикалық маңызы. Мұхаммед Шайбанидың Қазақ хандығына қарсы жорығы. Шайбани ханның өлімі. Моғолстанның саяси тұрақтылығының әлсіреуі. Қазақ хандығының Орта Азиядағы күшті мемлекеттердің біріне айналуы. Жетісудың Қазақ территориясына қосылуы. Қасым ханның тұсындағы хандықтың күшеюі. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. Қазақ хандығы ХVІ ғ. екінші ширегінде. Тақ үшін талас. Қазақ хандығының Моғолстанмен арақатынасы. ХVІ ғ. орта шеніндегі Қазақ хандығының әлсіреуі. Қазақ ноғай қарым-қатынасы.

ХVІ ғ. екінші жартысындағы қазақ хандығы. Хақ Назардың басқаруы. Қазақ пен ойрат қарым- қатынасы. Қазақ пен ноғай қарым-қатынасы. Қазақ хандығы және Мәуеренақыр Шайбанидтері. Бұқара мен Сібір хандығының одағына қарсы қазақ хандарының күресі. Қазақ хандығы мен Мәуеренақыр қарым-қатынасына Ташкент көтерілісінің әсері. Орта Азияға билік басына Аштарханидтердің келуі.



Тақырып 2.7 ХVІІ- ХVІІІ ғғ. басындағы қазақ хандығы.

ХVІ ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі.

Қазақ және Бұқар хандықтарының өзара қарым-қатынасы. Қазақ хандығы және Шығыс Түркістандағы феодалдық меншік. Қазақ-жоңғар қарым-қатынасы. Жоңғар хандығының пайда болуы, оның агрессивті саясатының бастамасы. ХVІІ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ-жоңғар қарым-қатынасының нашарлауы. Қазақ қоғамында батырлар мен билер үстемдігінің өсуі. Жәнгір тұсындағы қазақ хандығы. Тәуке ханның билігі. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Тақырып 2.8 ХІV- ХVІІІ ғғ. басындағы қазақ мәдениеті

Қазақтардың дәстүрлі көшпенді мәдениеті. Төрт түлік малды ұстау. Еңбек құралдары. Қарулану. Кәсіп түрлері және үй құралдары. Сауда-саттық және сауда жолдары.

Халықтың рухани мәдениеті. Салт-дәстүрлер. Наурыз. Діни және басқа да мерекелер. Наным- сенімдер. Халықтың ауыз-әдебиет шығармашылығы. Ойшылдар, ақын, жыраулар: Майқы би, Асан қайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспанбет, Марғасқа, Ақтамберді. Олардың мұраларының негізгі идеялары.

Қазақстанның қала мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы. Қазақстанның әр аудандарындағы қала құрылымы. ХVІІ- ХVІІІ ғ. ғ. басындағы қала мәдениетінің құлдырауы, оның негізгі себептері.

Ауызша тарихи дәстүрлер, оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша тарих, Мұхаммед Хайдар Дулат пен Қадырғали Қасымұлы Жалаиридың еңбектерінің маңызы.

Медицинаның жағдайы. Халық медицинасының дамуы.



3 бөлім. Жаңа замандағы Қазақстан (ХVІІ-ХХ ғ. басы)

Тақырып 3.1 ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан.

Қазақстанның жаңа заманға аяқ басуы: теориялық аспектілер мен проблемалар. Кезеңдері. Тарихнама және дерек көздері.

Қазақстанның халықаралық орны: ерекшеліктері мен болашағы. Қазақстан Орталық Азия жүйесінде.

ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай. Қазақстанға жонғарлардың шабуылы. «Ақтабан шұбырынды». Қазақ-жонғар қатынастары. Жонғар әскеріне қарсы қазақ қоғамының бірігуі. Жонғарларға қарсы халықты басқарған қолбасшылар. Бұланты және Аңырақай шайқастары. Жонғар шапқыншылығының зардаптары. Қазақ-жонғар әскерінің халықтың ауызша тарихында орын алуы.



Тақырып 3.2. Жаңа заман жағдайындағы Қазақстан мен Ресей.

ХV- ХVІІ ғғ. қазақ-орыс қатынастарының алғы шарты. ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі қазақ-орыс қатынасы. Қазақстан І Петрдың «Шығыс саясатының» жүйесінде. Казактық отарлау.

Қазақстанның Ресейге қосылу қарсаңында: тарихнама және дерек. Әбілқайыр хан-мемлекет және саяси қайраткер, қолбасшы. Қазақстан ХVІІІ ғ. екінші ширегінде Ресейдің ішкі саясатымен байланысты.

Тақырып 3.3. Қазақстан отарлау кезеңі қарсаңында

ХVІІ ғасырдың екінші ширегіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуы.

Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының дамуындағы өзгерістер. Цинь Қытайы мен Жонғария. Қазақстанды Ресейдің отарлау саясаты. Жонғар хандығының әлсіреуі. Қазақ-жонғар қатынасы. Қазақстан мен Жоңғария Ресей мен Қытайдың сыртқы саясатында.

ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамы. Қазақтардың шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығы-қазақ қоғамының материалдық өндірісінің негізі. Қазақтардың көшіп-қонуы. Егіншіліктің дамуындағы ерекшеліктер. Қолөнер. Экономикадағы өзгерістер. Сыртқы сауда. Қазақтардың қоғамдық құрылымы. Әлеуметтік жік. «Ақ сүйек», «Қара сүйек» ұғымдары. Олардың мағынасы мен құрылымы.

Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы. Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Абылай хан-саяси және мемлекет қайраткер, оның саяси тәуелсіздік пен егемендікке жасаған талпыныстары. Абылай ханның Ресей және Цинь империяларымен қарым-қатынасы. Абылай ханның қазақ жерін біріктіру жолындағы күресі.

Қазақ қоғамының әлеуметтік дамуы. ХVІІІ ғ. соңындағы Орталық Азиядағы геосаяси жағдайлардың дамуы мен трансформациясы. ХVІІІ ғ. соңындағы Қазақстандағы ішкі саяси жағдайдың өзгеруі.

Қазакстан және Орта Азия мемлекеттері ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. екінші жартысында. Абылай хан ұрпақтары билік жасаған кезеңдегі (ХVІІІ ғ. 80-ж.-1821 ж.) орта жүз территориясындағы саяси жағдай.

Ресей мен Англияның отарлау жағдайында Қазақстан мен Орта Азиядағы егемендік пен тәуелсіздікті сақтау мәселелері. Қазақстандағы Ресейдің әкімшілік реформалары. Қазақстандағы хандық билікті жою.

ХVІІІ ғ. мен ХХ ғ. басындағы мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін жоғалту жағдайындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Негізгі кезеңдері, нәтижесі, проблемалары.

Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының бірінші кезеңі (1731-1837 ж.ж.). Қазақтардың Ресей азаттық қозғалысына қатысуы. Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Қасым Абылайханов, Саржан Қасымов, Жоламан Тленшиев көтерілістері. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың бірінші кезеңінің идеологиясы мен ерекшелігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет