ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Медбике ісі»


Тақырып 3.4 ХІХ ғ. -ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы



бет3/3
Дата14.04.2017
өлшемі484,74 Kb.
#13916
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

Тақырып 3.4 ХІХ ғ. -ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдайының ерекшеліктері. Қазақстан ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Ресей империясының сыртқы саясатында.

Қазақстан мемлекеттігін және территориялық тұтастығын сақтау жолындағы күресі. Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының екінші кезеңі (1837-1870 ж.ж.) Кенесары Қасымұлы-саяси қайраткер, қолбасшы. 1837-1847-ж.ж. ұлт-азаттық қозғалыс. Жанқожа Нұрмағанбетов пен Есет Көтібаровтың көтерілісі. Манғышлақтағы наразылық қозғалысы. Қазақстандағы ұлт азаттық қозғалыстың екінші кезеңінің ортақ тұстары мен ерекшеліктері. Азаттық қозғалыстағы Қазақстан мен Ресей.

Қазақстанның Ресей империясына толығымен бағынуы. Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін жоғалтуы. Қазақ жерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялау. ХІХ ғ. ІІ ж. Қазақстандағы патшалық реформа.

ХІХ ғ.–ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы. Қазақстан-Ресей империясының отары ретінде. Қазақ жерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялау. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы көшіп қону саясаты және столыпиндік модернизация. Түркістан аймағы мен далалық жерлерді басқару туралы ереже. Отарлауда орталықтандырудың күшеюі. Сот ісі құрылымындағы өзгерістер. Жұмысшы қозғалысының басталуы. Халықтың әлеуметтік теңсіздігі. Балаларды жұмысқа пайдалану. Жұмысшылар наразылығының түрлері. Алғашқы көтерілістер.

Қазақстандағы жартылай этникалық қоғамның құрылуы: жалпы сипаттамасы. ХІХ ғ. соңы -ХХ ғ. басындағы этникалық процесстер мен әлеуметтік-демографиялық сипат. Тұрғылықты халықтың жартылай этникалық құрамы: негізгі факторлар, пайда болудың негізгі себептері, құрамы.Қазақ ауылдары. Жатақтар. Көшіп қонатын ауылдар.

Орыстар Қазақстанда. Қазақстанға жер аударылған поляктар. Қазақстан территориясына ұйғырлар мен дүнгендердің қоныстануы. Қоныстанудың себептері. Қытай жеріндегі дүнгендер мен ұйғырлардың орналасуы. Алғашқы қоныстанушылар. Шаруашылық, жер бөлу. Дүнгендер мен ұйғырлар мәдениетінің дамуы.

Жетісу жеріндегі егін шаруашылығы. Сауда. Жәрмеңкелер. Өнеркәсіп. Урбанизация үрдісі. Қалалардың әлеуметтік-мәдени сипаты. Банктік-ақша қатынасы. Аймақтағы сауда-саттық пен байланыс жолдарының жағдайы. Жұмысшы мамандардың пайда болуы. Егін шаруашылығы жүйесі және аграрлық мәселелердің өршуі. Столыпиндік аграрлық реформалардың зардаптары.

Қазақстанның Қытаймен байланысы. Бұқтырма, Петропавл, Семипалатинскінің Синцзяньмен сауда орталықтарына айналуы. Сауда қатынастарының одан әрі дамуы. Қазақ-қытай сауда қатынасының әлсіреуі, себептері.

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың үшінші кезеңі (ХІХғ. соңғы ширегі-ХХ ғ. басы). Қазақ зиялыларының ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы реформаторлық қозғалыстардың ерекшеліктері. Қазақ ұлттық мемлекеттігінің идеяларының жаңа мазмұны.

1905-1907 ж.ж. Ресей төңкерісінің халықаралық мәні және оның Қазақстанға әсері. Патшалық отарлау саясаттың күшеюі. Жұмысшылар қозғалысының басталуы, қазақ шаруаларының оппозициялық қозғалыстарының өсуі. 1905 ж. Қарқаралы питициясы. Ресей І-ІІІ Мемлекеттік думасы қызметіндегі қазақтардың ролі. Қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстардағы ролі. Парламентаризм мен ұлттық автономия идеялары. Социал-демократиялық және кадеттік топтардың құрылуы. Қазақ халқының қайта өрлеуі мен ұлттық сана сезімінің өсуі.

ХХғ. басында Қазақстандағы ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстар. Қазақтың саяси, интеллектуалдық, рухани элитасы (Ә.Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, ағайынды Досмұхамедовтар, М. Тынышпаев, Ш. Құдайбердиев және т.б.). «Қазақ» газеті, «Айқап» журналдарың ұлттық ой- сананың қалыптасуындағы орны.

Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Ресей метрополиясы және Қазақстан отары. 1916 ж. Қазақстандағы оқиға: себептері, сипаты, нәтижелері. 1916ж. 15 маусымдағы патша Жарлығына қатысты әлеуметтік топтардың ұстанымдары. Қозғалыстың негізгі ошақтары мен көшбасшылары. Жеңіліс табудың негізгі себептері және тарихи маңызы. Қазақ халқының ХVІІІ –ХХ ғ.ғ. басындағы тәуелсіздік пен жеке мемлекеттіке қол жеткізу жолындағы күресінің тарихи маңызы.

Қазақстан 1917ж. Ұлт-азаттық және ұлттық- демократиялық қозғалыстар. Ақпан буржуазиялық-демократиялық қозғалысы. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық- демократиялық қозғалысының ерекшеліктері және оның Қазақстанға әсері. В. И. Лениннің қоғамдық-саяси қызметі. Кеңестік билік органдарының құрылуы. 1917 ж. көктемі мен жазындағы саяси партиялар мен ағымдар. Большевиктер, кадеттер, әсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро и- Исламия» қозғалыстары мен партиялары.

Жаңа дәуір кезеңіндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттілік эволюциясы. ХVІІІ–ХХ ғ. басындағы қазақ халқының ұлттық ой-санасының өсуі. Жаңа дәуірдегі әлем елдерінің ұлттық қайта өрлеу жолындағы күресіндегі Қазақстанның орны.

Тақырып 3.5 Қазақстан мәдениеті (ХVІІІ –ХХ ғ. басы)

ХVІІІ ғасырдағы Ресей экспидициясы Қазақстанда. Қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау. Бұхар жырау. Тәттіқара. Үмбетей Түлеуұлы, Шал Құлекеұлы.

Мұсылманша және орысша оқу. Қазақстандағы орыс тарихнамасы..Қазақ тарихындағы А. И. Левшин-Геродот. Қазақ-орыс әдебиетінің байланысы.

Қазақ әдебиетіндегі негізгі ағымдар. Музыка мәдениеті. Жыраулар, айтыстар, жыршылар.

Материалдық мәдениет. Қазақтардың ХІХ ғ соңымен ХХ ғ. басындағы Үй тұрмысы мен кәсіп.

Ағартушылық мекемелер және ХІХ ғ. 60-70 ж.ж. ғылыми қоғамдар. Облыстық статистикалық комитеттер. Кітапханалардың ашылуы. Халыққа білім беру: қиындықтары мен кемшіліктері.

Өнер мен музыкалық мәдениет. Бейнелеу өнеріндегі қазақстандық тақырыптар. Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей, Тәттімбет Қазанғапұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Ақансері-Ақжігіт Қорамсаұлы және т.б.

Ұлттық ой-сананың қайта өрлеуі. Қазақ демократиялық әдебиеті. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді баспасөздер.

ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениетіндегі ағартушылық және реформаторлық бағыттар. Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Х. М. –С. Бабажанов, Б. Дауылбаев, Д. Чуваков, Ш. Құдайбердіұлы т.б. еңбектері және ғылыми мұралары. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің әлемдік мәдени мұрадан алатын орны, ролі. Қазақ интеллектуалдық-рухани элитасының мұрасы.

Денсаулық сақтаудың жай-күйі. Қазақстандағы халықтық медицина. Қазақстандағы медицинаның дамуы.



4 бөлім. Қазіргі замандағы Қазақстан

Тақырып 4.1. 1917 ж. Қазан төңкерісі және оның алғышарттары. Азамат соғысы (1918-1920 жж.)

Қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың төңкеріске қатысы. Қазанның әлеуметтік базасы мен қозғаушы күштері жайындағы пікірталастар («колониялдық төңкеріс», «қала төңкерісі» және т.б. туралы сұрақтарға).

Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатудың ерекшеліктері. Аймақтағы әлеуметтік-саяси жағдай. Азаматтық қарсы тұрудың басталуы. ІІ жалпықазақ съезді және оның ұлттық автономия туралы шешімі. «Алаш» партиясы саяси күрестің факторы. «Қоқан автономиясының» күйреуі. Кеңестердің алғашқы қадамдары және оны қоғамның қабылдауы.

Азаматтық соғыс (1918-1920 ж.ж.). Саяси жағдайлардың өршуі азаматтық қозғалыстың одан әрі дамуы. Кеңес үкіметінің Қазақстанның солтүстігі, солтүстік-шығысындағы құлауы. Қазақстан соғыс қозғалысы жылдарында. Батыс және оңтүстік өлкелердегі жағдайлар. Жетісу, Орал, Шығыс, Ақтөбе және Түркістан фронттарының құрылуы. Халық баррикаданың әр жағында: қоғамның азамат соғысындағы әскери-саяси дифференциациялануы. «Ақ» және «Қызыл» террор. Саяси партиялар мен қозғалыстардың соғыс жылдарындағы маңызы мен орны. «Революциялық» және «контрреволюциялық» биліктің идеологиясы, саясаты және тәжірибесі. Азамат соғысының әлеуметтік-экономикалық және саяси зардаптары.

«Қазақстандағы әскери коммунизм» саясаты (1918 наурыз-1921 ж.ж.). «Әскери коммунизм»-«тауарсыз утопияны» большевиктердің алғаш рет жүзеге асыруға деген талпынысы. Ұлттық өндірісті қалыптастыру. Тауар-ақша қатынасына тосқауыл (сауда жасау еркіндігіне тосқауыл, еңбек нарқын табиғиландыру және т.б.). Экономиканы басқаруды орталықтандыру. Азық-түлік диктатурасын енгізу (ауыл шаруашылығы өнімдерін даярлау мен таратуға мемлекеттің монополия бекітуі). Өндіріс құралдарын (жер, шаруаға қолданатын мал, еңбек құралдары) жалға алу және еңбек күшін қайтару (жалдамалы еңбек) қатынасына тосқауыл қою.

«Кластық террордың» күшеюі. Экономикалық кризис-«әскери коммунизм» саясатына көзқарас. Өндірістің құлдырауы. Ауыл шаруашылық өндірісінің құлауы. 1921-1922 ж.ж. ашаршылық, аумағы. Қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс және саяси дағдарыс. Қарсы шығушы шаруалар қозғалысы: аймақтағы Кеңеске қарсы көтерілістер.



Тақырып 4.2 Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы.

Қазақ өлкесін басқару жөніндегі кеңестік комитеттердің құрылуы. Түркістан ісі бойынша БОАК және РКФСР ХКК –нің комиссиясының қызметі. Кеңес үкіметінің 1920 жылдың 26 тамызындағы «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декреті. Қазақ АКСР кеңесінің құрылтайшылар съезі. «Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбеккерлерінің құқықтары декларациясы» және оның мазмұны. Орталық Атқару Комитеттің және Республикалық Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылуы.

Өлкедегі Кеңестік Мемлекеттік құрылыс. Территориялдық-әкімшілік құрылыс. Қазақ АКСР құрамындағы қазақ жерін біріктіру. Демографиялық жағдай: 1926 жылғы санақ..

Жер қатынастарындағы мемлекеттің регулятивті акциялары (1921-1922 ж.ж. Қазақстанның оңтүстігіндегі жер-су реформалары). Қоғамдық–саяси оппозиция. Ауылдағы Кеңестік «кластық» реформа- Қазақстандағы дәстүрлі жүйеге қарсы алғашқы соққыретінде: көшпелі мал шаруашылығындағы өзгерістер, ірі «бай-жартылай феодалдардың» малын тәркілеу, большевиктік «әлеуметтік әділеттілік» идеясы несиелік және салықтық саясатта.

Өлкедегі қоғамдық-саяси және идеялық күрес. «Кіші Қазан» саясаты және қазақ ауылдарын күштеп кеңестендіру: Ф. И. Голощекин және оның креатурасы. Оппозиция. Республиканың әлеуметтік-экономикалық жолы жөніндегі пікірталастар: мал және егін шаруашылығы, индустрияландыру және мәдени құрылыстың т.б. проблемалары мен болашағын талқылау.

Қоғамдық-саяси жағдай. Идеялық және саяси оппозицияларды басқару. Идеологиялық және саяси террорлардың одан әрі өршуі. Саяси репрессиялар.



Тақырып 4.3. Қазақстандағы ЖЭС және оның нәтижелері

ЖЭС-қа көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары. Орта және шағын кәсіпорындардың мемлекет меншігіне алынуы.Тауар-ақша қатынасы қызметінің кеңеюі (сауда еркіндігіне мүмкіндік беру, табиғи еңбек нарығын ақшаға алмастыру, 1922- 1924 ж.ж. ақша реформасы). Азық-түлік диктатурасының жойылуы.

Социалистік, капитализмге дейінгі және стихиалық-нарықтық тенденциялармен күрес: «кім-кімді» мәселесі. Экономиканың түрлі құрылымдарының қалыптасуы. Қазақстанның оңтүстігіндегі жер-су реформасы мен оның нәтижелері.

ЖЭС-тың әлеуметтік-экономикалық нәтижелері. Өндірісті, көлікті, ауыл шаруашылығын қалпына келтіру ісінің басталуы. Кооперативтік қозғалыс. Сауданың дамуы. Тарихтағы ЖЭС-тың аяқталу кезеңі мәселесі.

ЖЭС идеологиясынан алшақтаудың басталуы. 1927-1928 ж.ж. ауыл шаруашылық өнімдерін әзірлеудегі дағдарыс. Ауыл шаруашылық өнімдерін күштеп өндіруге көшіру. Салық режимінің күшеюі. Жаппай антишаруалық репрессиясының басталуы.

Өлкедегі мәдени өмір. Ұлт зиялыларының идеялары: Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, Шәкірім Құдайбердіұлы т.б. қызметі, шығармашылығы. Жаңа қазақ кеңес зиялыларының қалыптасуы.

Қазақстандағы медицинаның дамуы.

Тақырып 4.4. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

«Сталиндік аграрлық революция»: мақсаты мен мәні. Экономиканың аграрлық секторын мемлекеттендіру-өндірістік модернизация үшін жинақтаудың проблемасын шешу механизмі. Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа күштеп аудару саясаты. «Отырықшы» саясатының экологиялық рационалдылық, экономикалық мақсаттылық, және әлеуметтік тиімділік мәселесі. Көшпелілерді «отырықшылдыққа» аударудың экономикалық және саяси мақсаттары. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу». Қазақстанның дәстүрлі құрылымын біржола бұзу және оның қайғылы зардаптары. 1932-1933 ж.ж. ашаршылық. Тұрғылықты халықты көшіріп-қондыру. Шаруалардың қарсы көтерілісі. Шаруалар көтерілісін кеңестік режиммен басу.



Тақырып 4.5. Индустриалдандыру: сипаты, дамуы, көлемі

КСРО-да халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспары және Қазақстанның ондағы орны. Республиканың өндірістік инфраструктурасын кеңейту. Өндірістік құрылым сипаттамасының трансформациясы. Жұмысшы мамандарын қалыптастыру ерекшелігі. Урбанизация үрдісі.

Қазақстанның соғыс қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қаз АКСР-ның одақтық ресубликаға айналуы. Республикадағы әлеуметтік, демографиялық, этнодемографиялық жағдай (1937 ж. «Репрессияланған» санақ материалдары және фальсифицияланған санақ деректері).

Өнеркәсіп. Көлік. Энергетика. Жұмысшы санаттары және оларды толықтыру көздері. Ауылшаруашылық өндірісі. Урбанизацияның жүргізілуі.



Тақырып 4.6. Қазақстандағы мәдени төңкеріс

Халықтық білім беру. Ересек тұрғындар арасындағы сауатсыздықты жою. Мектеп салу туралы пікірталастар. Латын әліпбиіне көшу. 20-30 жж. ұлттық ағарту жүйесін қалыптастыру жұмысындағы зиялылардың ролі. Білім беру мектептерінің жетістіктері. Орта арнайы білім беру ұйымдары. Қазақстандағы алғашқы ЖОО. Ғылым мен білімнің, ғылыми мекемелердің қалыптасуы. Қазақстанды зерттеу қоғамы. КСРО—ның ҒА-ның (Қаз ҒАФ.) Қазақ филиалының жұмысы. Қаз АКСР халық ағарту комитеті. А. Байтұрсынов және т.б. мәдени тұлғалардың ұлттық шығармашылық зиялыларының бас қосуына тигізген ықпалы.

Қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасуы. С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Б. Майлин, М. Әуезов, М.Жұмабаев, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, т.б. Жазушылар шығармашылығы: И. Анова, И. Шухова, Д. Снегин, Х. Алиева, М. Хамраева т.б.

Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы. Ұлттық театрлар мен клубтардың пайда болуы. А. В. Затаевич, Е. Г. Брусиловский сияқты сазгерлердің Қазақстан музыка өнерінің дамуынадағы ролі. Қазақтың атақты әншісі Ә. Қашаубаев. Қазақ өнерінің көрнекті өкілдері: К. Бәйсейітова, Қ. Жандарбеков, Ж. Шанин және т.б. Ұлттық драма театрлардың қалыптасуы.

1936 ж. Мәскеуде өткен Қазақстан өнерінің алғашқы онкүндігі. Бейнелеу өнері (Н. Хлудов, А. Қастеев). Кітап шығару мен баспасөз. Қазақстандағы мәдени құрылыс тәжірибесі. Мәдени құрылысты қалыптастыру тәжірибесінің жағымды және жағымсыз жақтары. Зиялы қауымға қатысты қайғылы репрессия.

Қазақстандағы медицинаның дамуы.



Тақырып 4.7. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан

Фашистік Германияның КСРО-на шабуылы. Соғыстың басталуы, оның сипаты. Қазақстан территориясы Фашистік Германия жоспарында. Қазақстандықтар майданда. Брест қамалын қорғаушылар ерлігі. Мәскеу мен Ленинград үшін болған шайқастардағы қазақстандықтардың ерлігі. Алғашқы қазақстандық батырлар. Сталинград түбіндегі немістермен болған шайқаста неміс әскерін талқандаудағы қазастандықтардың ерлігі. Курск түбіндегі шайқастағы неміс-фашист әскерінің талқандалуы және оған қазақстандықтардың қатысуы. Қазақстандықтардың және басқа да одақтас республикалардың Украина жерін жаудан босатуға қатысуы.

Жауға қарсы тойтарыс беруге Қазақстаннан адами және экономикалық ресурстарды тарту. Өлкенің экономикасын соғыс жағдайына икемдеу. Қазақстанда соғыс өндірісін дамыту ісіне Кеңестік Мемлекеттің ұйымдастырған іс-шаралары. Тыл мен соғыс –тең. Республиканың жұмысшылары мекн шаруаларының еңбектегі ерліктері. Әйелдер мен жастардың Қазақстанның халық шаруашылығындағы орны. Қазақстандағы эвакуация. Көшірілген кәсіпорындарды, халықты және мәдени құндылықтарды қабылдау мен орналастыру. Қазақстанға көшірілген кеңестік ғылым мен мәдениет қайраткерлері.

Соғысқа көмек көрсетудегі халықтық қозғалыс. Соғыс қорына көмек жинау. Қазақстандықтардың танктік колонналар мен әуе эскадрилияларын құрастыруға қатысуы. Азат етілген аудандарда халық шаруашылығын қайта жаңғыртуға қазақстандықтардың көмегі. Соғыс жылдарында репрессияға ұшырағандарды Қазақстанға әкелу және олардың орналасуы.

Қазақстандықтардың басып алынған аудандарда және басып алынған Еуропадағы қозғалыстарға қатысы, қарсы тұруы. Қазақстандық партизандардың Украина, Белоруссия және РКФСР-дың солтүстік облыстарының территорияларын азат етудегі үлестері.

Қазақстан Ұлы Отан Соғысының соңғы жылдарында (1944-1945 ж.ж.). Қазақстандықтар Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа халықтарын фашистерден азат ету және Берлиндегі шайқаста.



Тақырып 4.8. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 ж.ж.). Республикадағы әлеуметік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай. Экономиканы бейбітшілік жағдайына икемдеу. Қазақстан жерінде ядролық полигондардың пайда болуы. Саяси репрессияның жалғасуы. «Е. Бекмахановтың ісі». «Лагерлік экономика» (Карлаг, Степлаг және т.б.).

Қазақстандықтар «хрущевтік жылымық» жылдарында.(1953-1964 ж.ж.). Ауыл шаруашылығын қайта құру курсы (қыркүйек 1953 ж.). КОКП ОК пленумы және оның шешімдері (ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасын көтеру, ауыл шаруашылығы салығын төмендету). КОКП ХХ съезі. Экономиканы басқарудағы реформалар (кеңестік халық шаруашылығы, халық шаруашылығын территориялық-өндірістік басқарудың принципі.

Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру. «Тың игерудің» экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зардаптары.

Өндіріс пен көлікті дамыту. Жаңа қалалар салу. Әскери-өндірістік кешен: «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылысы, халықты көшіру үрдісінің дамуы. Хрущевтың әлеуметтік елесі («Ет, сүт, май өндіруден Американы қуып жету және басып озу», «қала мен ауылдың айырмашылығын салыстыру» т.б.).

Қоғамның өмір сүру жағдайы саласындағы ілгерілеулер: (тұрғын үй-коммуналдық құрылысы, кең ауқымда қолданылатын тауар өндірісін кеңейту және оның түрлерін арттыру т.б.). «Жылымық» қоғамдық-саяси өмірде. Ғылым мен өнердің дамуы.



Тақырып 4.9. Қазақстан 1960 ж. ІІ жартысы мен 1980 ж. І жартысында.

Әкімшілік-командалық жүйенің өсуі. Өндірістің және ауыл шаруашылығының экстенсивті сипаты.

«Дамусыз өсу»-экономикасының басты сипаты. Экономиканы қалыптастырудағы тоқытау. Қоғамды басқару жүйесіндегі ары қарайғы бюрократизация. Қазақстанның одақтық ауылшаруашылығы кешеніндегі ролінің артуы. Халықты тұрақтандыру әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.

Өмір сүру сапасының стагнациясы. Тапшылық мәселесінің өсуі. Экологиялық жағдайдың қиындауы. Ғылым, білім және мәдениет.


Тақырып 4. 10. Республикадағы әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдай (1985-1991 ж.ж.)

«Қайта құру» саясатының негізгі кезеңдері және оның сипаттары. Реформалауды әкімшілік-командалық жүйенің басқара алмауы :жүйелік дағдарыстың өсуі. Алматыдағы 1986 ж. оқиға: Кеңес Мемлекетінің этноорталық саясатыдағы дағрыстың көрінісі. Мемлекеттік тоталитаризм жағдайындағы демократия мүмкіндіктері туралы елестің құлауы.

Формальды емес бірлестіктерді құруға талпыныс: экологиялық және ұлттық-мәдени қозғалыстардан бірінші қоғамдық-саяси бірлестіктерге.

КСРО-ның күйреуі қарсаңындағы жүйелік дағдарыстың өршуі. Кеңестік дамудың экономикалық және әлеуметтік-саяси моделі жағдайсыздығының айқындалуы.

5 бөлім. Тәуелсіз Қазақстан

Тақырып 5.1 Қазақстан тәуелсіздік жолында

Отандық тарих пен мемлекеттік тіл- Қазақстан қоғамын тәуелсіздікке жету жолында біріктіруші күш. Қазақ ұлты зиялылары өкілдері Ш. Құдайбердиев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов т.б. ақталуы (1988 ж.). Тілдер туралы Заң (1989 ж.). Республикадағы президенттік басқару. Қазақ ССР –ның мемлекеттік егемендігі туралы декларация (1990).

Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы. КСРО реформалауға даярлық. 1991 ж. 19 тамызында өкіметті төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің басып алуы. Новоогоревский келісімінің бұзылуы. Қазақстан компартиясының кезектен тыс съезі, оны тарату. Қазақстан президентін сайлаудың жалпыхалықтық алғашқы сайлауы. Қазақ КСР атауының «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілуі. «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңының қабылдануы (1991 ж.). Даму жолының айқындалуы. Н. Ә. Назарбаевтың «ХХІ ғ. табалдырығында» еңбегі.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) құрылуы. 1992 ж. Одақтық келісім-шарттың күшін жою туралы Беловеждік келісім және ТМД құрылуы. Орта Азия республиклары мен Қазақстанның көшбасшыларының Ашхабадтағы кездесуі. Посткеңестік тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыдағы кездесуі, «ТМД құру туралы хаттамаға» қол қоюы. Алматыдағы ТМД құру туралы Декларация (1991 ж.). Қазақстан Республикасы ТМД-ның интеграциялық процесстерінде. Қазақстанның ТМД құрамындағы мемлекеттермен бірлесе қызмет жасауы. Қазақстан-Ресей ара қатынасы.



Тақырып 5.2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құрылысы

Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен даму стратегиясы» еңбегі (1992 ж.). ҚР мемлекеттік рәміздерін бекіту- ту, елтаңба, әнұран (1992 ж.). Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Ата Заңы (1993 ж.). Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» нұсқауы (1993 ж.). Қазақстан халықтары Ассамблеясын (ҚХА) құру - Қазақстан халықтарының келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты, Президент жанындағы кеңес беру мен ақылдасу органы. ҚХА-ның алғашқы сессиясы, оның шешімдері.

1995 ж. Парламенттік дағдарыс. Жалпыхалықтық референдум, ҚР қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциясын қабылдау (1995 ж.). Екі палаталы Парламентке сайлау. Мемлекеттік басқару ісін модернизациялау, мемлекеттік басқару мен бюджетаралық қатынас деңгейінің арасындағы уәкілеттілікті белгілеу. Президенттің халыққа жолдауы-заманауи тарих бойынша сараптама жасау мен басымдылықтың негізгі көзі. Президенттің алғашқы халыққа жолдауы. Ел Президентінің Жолдауы: «Қазақстан -2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі, және өмір сүру сапасының артуы», ҚР дамуының көпжылдық приоритеті. (1997 ж.). Астананы ауыстыру. 1997 ж. 10 желтоқсандағы Қазақстан халқына үндеуі. Қазақстан Республикасының Президенті- Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы: «Қазақстан -2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыттары.

Тақырып 5.3 Экономикалық даму

Егемендікке жету жолындағы қиындықтар: Экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру сапасының төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі. Оларды жеңудің жолдары: экономиканы қайта құру, әлеуметтік бағдарлық нарық құру, жеке меншіктендіру, бағаны тұрақтандыру, инвестициялық саясат.

БҰҰ - ның даму бағдарламасы (БҰҰДБ). Адам дамуы, адам дамуының индексі (АДИ) мәселелері бойынша есеп. Қазақстандағы адам дамуы жөніндегі алғашқы есеп. БҰҰДБ Қазақстандағы АДИ-ның өсуі туралы. Экономиканың өнеркәсіп, аграрлық, қаржылық-банктік секторларының өсі басымдылықтары мен болашағы. Қазақстан экономикасын реформалаудың заманауи этапта бағыттау- экономиканың кластерлік принципі, индустриалдық-инновациялық технологиялар, инвестицияландыру, салықтық, аграрлық- индустрилдық саясат, әсіресе көлікпен байланысты инфраструктураны дамыту. Қазақстанның БӘСҰ-на енуіне әзірлігі. ҚР сыртқы экономикасындағы қарым-қатынас: Тексако-Мобил, Би Пи Амоко, Шелл, Шеврон және т.б. Батыс Еуропа, бірнеше Оңтүстік-Шығыс Азия елдері және Таяу Шығыс елдері компанияларының қызметі.

Тақырып 5.4. Қоғамдық-саяси даму

Қазақтардың бірінші бүкіләлемдік құрылтайы. Қазақстан халықтарының форумы (1992 ж.). ҚР қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.

Қазақстандағы көші-қон, демогафиялық жағдайлар, жергілікті халықтың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. Егемендік алғаннан кейінгі алғашқы халық санағы, оның қорытындылары (1999 ж.). Ұлтаралық келісім- ҚР-дағы тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі. Әлеуметтік реформалар: кедейшілікті жеңуге, жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етуді арттыру, жастар мен студенттерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар, зейнеткерлік реформа.

Демократиялық процесстерді дамыту, парламентке сайлаудың теңбе-теңдік жүйесін енгізу, партиялық тізім бойынша сайлаудың нәтижелері.

Азаматтық қоғам институттарының дамуы-өкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақ. І Азаматтық форум және оның мәні. ҚР Ақпараттық саясаты, БАҚ дамуы, ҚР Ұлттық кеңесінің жұмысы. Азаматтық қоғамның әрі қарайғы демократиялануы мен дамуындағы ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі тұрақты жұмыс жасайтын Кеңесті ұйымдастыру. Демократияландыру мен азаматтық қоғам сұрақтары жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысы.

Құқық қорғау және сот органдарының жұмысын жақсарту. Қазақстан Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссиясының құрылуы және оның қызметі. ҚР-да адам құқығы жөніндегі уәкілетті институттардың (Омбудсмен) енгізілуі. Өлім жазасына мараторийдің енгізілуі. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакттерді ратификациялауы. Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы.

Денсаулық сақтаудағы реформалау. 1978 ж. Алматы декларациясы.

Тақырып 5.5. Рухани даму

Білім беру мен ғылым жүйесіндегі реформалар. Әлем және дәстүрлі діндер көсбасшыларының Астана қаласында өткен (2003 ж.) бірінші съезі. Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі. «Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы. Оның мақсаттары, жүзеге асырудың негізгі бағыттары, рухани және білім беру саласын дамыту, мәдени мұраны сақтау мен тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру: мәдени мұраны-фольклорды, әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрді зертеудің бірізді жүйесін қалыптастыру, гуманитарлық білімнің толыққанды қорын мемлекеттік тілде қалыптастыру. Ұлттық мәдениеттердің ара қатынасы, бір-біріне әсері. Заманауи мәдени процесстер. Заманауи ақпараттық мәдениет. Қоғамдық құрылым: трансформация мәселесі.



Тақырып 5.6. ҚР сыртқы саясаты

Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан егемендігін мойындауы, оның БҰҰ-на қабылдануы. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көпқырлылығы.

Ұлттық қауіпсіздіктің сыртқы саяси аспектілері. Жалпы және аймақтық қауіпсіздіктің жаңа қырлары. АҚСДЖК: процестің бүгіні мен болашағы. Шанхай қызметтестік ұйымы- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларының бірі. Каспий теңізінің құқықтық статусы мәселесін шешу. Қазақстан Республикасының мемлекеттермен мемлекеттік шекарасын белгілеуі. Әскери құрылыс. Мемлекеттің алғашқы құрылған кездеріндегі әскери қауіпсіздіктің саясаты. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы.

Қазақстанның халықаралық ұйымдармен қызметтестік: ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЭӘК және т.б, сондай-ақ ХБЕ, ХВҚ, ЕҚҚҰ. ЕҚҚҰ- да төрағалық етуі. ҚР ЭҚҰ, ОАЭҚ, ҰҚКҰ, ШҚҰ сияқты әлемдік және аймақтық көлемдегі интеграциялық процесстерге қатысуы. Алматы өткен бейбітшілік пен келісімнің алғашқы халықаралық конференциясы. «Бейбітшілік пен тұрақтылыққа» конференциясына қатысушылар декларациясы (2003 ж). Қазақстан жеріндегі ядролық қарудан бас тарту. Қазақстан Республикасы Президентінің Семей ядролық полигонын жабу жөніндегі Жарлығы (1991 ж.)



4. Оқу әдістемелік жабдықталуы

4.1.Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі



  1. Қазақстан тарихы (ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін). Бес томдық. –Алматы: «Атамұра», 1996-2010

  2. Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін. Очерк. –Алматы, 1993.

  3. Кан Г. В. Қазақстан тарихы. Оқулық. Алматы, 2009.

  4. Күзенбайұлы А., Әбілев Е. Қазақстан тарихы. ЖОО-на арналған оқулық. –Астан,: «Фолиант», 2003.

  5. Күзенбайұлы А., Әбілев Е. Қазақстан тарихы. ЖОО-на арналған оқулық. –Қостанай: Қостанай тарихи аймақтық зерттеу институты, 2006.

  6. Қазіргі заман тарихы: ЖОО-ның тарих мамандығынан басқа мамандық (бакалавриат) студенттеріне арналған./ / Б.Г. Аяған, Х.М. Абжанов, С.В. Селиверстов, М.С. Бекенова. Б. Г. Аяғанның жалпы редакциясымен - Алматы: Раритет, 2010.

Қосымша

  1. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. – Алматы, 1994.

  2. Аманжолов Қ., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. 1-3 кітап. – Алматы, 1996-1999.

  3. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі. Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918 жж.). – Алматы, 2000.

  4. Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан. – Алматы, 1994.

  5. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. – Алматы, 1994.

  6. Қазақтың көне тарихы. – Алматы, 1993.

  7. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995.

  8. Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін. Оқу құралы. – Алматы, 1993.

  9. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы, 1992.

  10. Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты. – Алматы, 1994.

  11. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 1997.

  12. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы, 1999.

  13. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы, 2003.

  14. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. – Астана, 2006.

  15. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007.

  16. Назарбаев Н.Ә. Болашақ іргесін бірге қалайық.-Астана, 2011.

  17. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.- Астана, 2012.

  18. Нығмет Мыңжан Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы, 1994.

  19. Рысбаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.



4.2. Қөрнекілік құралдар және ОТҚ

1.Оқу және оқу-әдістемелік құралдар

2. Бейнематериалдар

3. Карталар жиынтығы

4. Атластар

5. Плакаттар

6. Электронды оқулық
4.3.Тест тапсырмалары (540 тест тапсырмасы қосымша беріледі):

1.Қазақстан тарихына кіріспе -15 тест тапсырма;

2. Ежелгі дәуірдегі Қазақстан -50 тест тапсырма;

3. Орта ғасырдағы Қазақстан -125 тест тапсырма;

4. Жаңа замандағы Қазақстан (ХVІІ-ХХ ғ. басы) -100 тест тапсырма;

5. Қазіргі замандағы Қазақстан -150 тест тапсырма;



6. Тәуелсіз Қазақстан -100 тест тапсырма;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет