Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет112/151
Дата28.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#160194
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   151
Байланысты:
ses delo v hirurg i reanim kz

Ситуациялық сауалдар:
1. Реанимация және интенсивті терапия бөліміне науқас А. жеткізілді, 23 жаста, ес-түссіз, тыныс алуы беткейлі, анда-санда, терісі цианозды. Дене пішіні арықтаған, шынтақ күре тамырларында инъекция белгілері байқалады, көз қарашығы тарылған, фотореакциясы жоқ. Кеуде қуысының бұлшықеттері серіппелі. Пульс – әлсіз, сирек. АҚҚ 65/40 мм с.б.б.
Терминальды жағдайдың себебі? Реанимация және интенсивті терапия бөлімінде қандай көлемде реанимациялық көмек көрсетуге болатынын анықтаңыз
2. Реанимация және интенсивті терапия бөлімінде бұғана асты венасының қиын катетеризациясынан кейін оң жақта ентігу пайда болып, күшейе бастады, цианоз дамыды. ТАЖ 28 рет мин. Тыныс алу көмекші бұлшықеттерінің арқасында атқарылады. Перкуссияда – оң жақта өкпе алаңдарында тимпанит, сол жақта өкпелік дыбыс естіледі. Аускультацияда – оң жақта жоғарғы бөліктерінде жоқ, төменгі бөлігінде күрт әлсіреген. Сол жақта тынысы қаттылау, форсирленген, сырылдар жоқ.
Қандай асқыну дамыды? Реанимация және интенсивті терапия бөлімінде қандай көлемде реанимациялық көмек көрсетуге болатынын анықтаңыз
3.Операциядан кейінгі палатада асқазан ойық жара ауруы бойынша асқазан резекциясы жасалған науқас жатыр. Алғашқы тәуліктің соңында науқас жағдайы нашарлады, іш ауыруының күшеюі және ықылық қату байқалған. Жалпы жағдайы орта дәрежелі ауырлықта. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші кепкен, тынысы тарылған, ішек перистальтикасы естілмейді, жел шықпайды.
Тапсырма:
Науқаста туындаған асқыну түрін атаңыз?
Науқаста қандай қажеттіліктері бұзылған?
Науқастың мәселелерін анықтаңыз және оның басты мәселелерін айырыңыз?
Мейірбикелік процестің жоспарын және мақсатын құрыңыз.

4. Сепсиске шалдыққан науқасқа гемосорбцияның кезекті сеансын жасағаннан кейін иектен қансырау, терісінде геморрагиялық бөртпенің басуы және мұрыннан қан кету байқалды.


Тапсырма:
Науқаста туындаған асқыну түрін атаңыз?
Науқаста қандай қажеттіліктері бұзылған?
Науқастың мәселелерін анықтаңыз және оның басты мәселелерін айырыңыз?
Мейірбикелік процестің жоспарын және мақсатын құрыңыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет