ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»



бет10/16
Дата24.04.2017
өлшемі3,14 Mb.
#14576
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Артериалды қан қысымын анықтау


Керекті заттар

Іс - әрекет алгоритмі

Ескерту

  1. Тонометр

  2. фонендоскоп

  3. Рива - Роччи аппараты

  1. Науқастың жалаңаш қолына шынтақ буынынан 2-3 см жоғарыға манжетті бір саусақ сиятындай етіп бостау оралады

  2. шынтақ буынынан иық артериясының соғуы аныталып, фонендоскоп қойылады

  3. вентилді жауып, баллон арқылы манжетке ауа жіберіледі. Манжетке жайлап ауа жібере отырып, тон жоғалған уақыт белгіленеді

  4. вентилді біраз ашып манжеттегі қысым жайлап төмендетіледі

  5. манжеттегі қысымға қарсы қысым мөлшеріне жеткенде біраз қысқа тон естіледі. Монометрдегі цифлар систолық қысымды көрсетеді.

  6. манжеттегі қысым әрі қарай төмендеп, тон жайлап жоғалады. Тон жоғалған кездегі манжеттегі қысым минимал яғни диастолық қысымды көрсетеді

Артериалды қан қысымы систола және диастола кезінде тамырлар қабырғасына түсетін қан қысымы.

Систолық қысым – артериал системасында сол жақ қарыншаның систоласынан кейін пайда болатын, пульс толқыны максимал жоғарылаған кездегі қысым.

Диастолық қысым – жүректің диастоласы соңында пульс толқыны төмендеген кезде пайда болады. Түрлі ауруларда артериал қысым өзгеріп, нормадан жоғарылауы (гипертония) немесе төмендеуі (гипотония) мүмкін.

Гипертония – гипертония ауруында, нефритде және ішкі секреция бездерінің кейбір ауруларында кездеседі (с.қ. 200-250 мм сынап астында).

Гипотония – коллапс, жұқпалы ауруларды және басқада ауруларды кездеседі. Үлкен жастағы сау адамдарда артериалды қысым жасына, нерв системасына және басқадай себептерге байланысы өзгеріп тұрады.

С.қ. 120 дан 140 мм-ге д.қ. 70-90 мм – ге өзгеріп тұрады.




Тыныс алу жиілігін санау.

Тыныс алуды дқадағалай отырып, оның жиілігі, тереңдігін, ырғақтығын, тыныс алу түрлерін бақылау қажет

Керекті заттар

Іс - әрекет алгоритмі

Ескерту

  1. Секундомер

  2. фонендоскоп

Тыныс алу жиілігін науқасқа байқатпай санау керек. Осындай мақсатпен науқас білегін алып, тамыр соғуын анықтағандай болады, ал екінші қолын науқас көкірек клеткасына қойып оның бір минуттағы қимылын санайды.

Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16 – дан 20-га дейін өзгеріп отырады. Бұл адамның жасына, жынысына, дене құралысына байланысты. Дене қызуы көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс жиілігін арттырады. Тыныс алудың жиілеуі – тахипноэ, тыныс алудың сиреуі – брадипноэ.

Тыныс алудың патологиялық түрлері мидың және оның қабығының аурулары (миға қан құйылуы, мидың ісігі, менингит), ауыр интоксикцияларды (уремик кома, диабетик кома) кездеседі.

  1. Чейн-Стокс тыныс – дем алу қимылдарының оқтын – оқтындығымен сипатталады, дем алу қимыладырының арасында біртіндеп және тыныс толық тоқтап қалғанша үзілістер болады (опноэ).

  2. Биота тынысы – қалыпты, ырғақты тыныс алумен сипатталады, ол арасында 1 минутке дейін созылатын ұзақ үзілістермен отырады.

  3. Куссмауль тынысы – қалыпты сирек тыныс алу циклдерімен, шум дем алу және дем шығаруы күшеюімен сипатталады (диабет комасы).

Асфиксия – кислород тапшылығынан келіп шығатын тыныс алудың тоқтауы.

Астма – тұншығу приступы



Науқастың күтімі - ауру ағымына байланысты ағзада болатын барлык өзгерістердін тәуліктік бакьілауын карастырады. Қандай да болмасын өзгерістерді өз уакытында анықтау және оны дәрігерге хабарлау, емдеу процесінде манызды. Медбике наукасты бакылай отырып, оның есіне, калпының өзгеруіне, бет-әлпетіне, тері және көрінетін кілегей кабыктарының түсіне, кан айналым және тыныс алу мүшелерінің жағдайларына, мүшелерінің кызметіне, дене кызуына көңіл аударуы керек. Науқастың функционалдык жағдайын бағалауды, пульсін санауды, оның қасиетін бағалауды, артериалды кысымды, дене кызуын өлшеуді, тыныс алуын бакылауды және онын қасиеттерін бағалауды, тәуліктік диурезді өлшеуді, су балансын анықтауды жүргізеді.

Дене қызуын өлшеу

Термометр - алғаш рет медициналык терминологияда 1923 жылы Фаренгейт ашқан. Біздің елде Цельсий термометрі колданылады. Ол капилляры бар шыны түтікшеден түрады. Оның ұшында сынапка толтырылған резервуар бар. Бүл түтікше 34-тен 42-ге дейін бөлінген шкалаға бекітілген. Бөлу шкаласы градуста берілгендіктен термометр градусник деп аталып кеткен. Қыздырған кезде термометрдің капиллярда сынап бағанасынын деңгейі жоғарылайды. Қызу басылғаннан кейін сынап резервуар түбіндегі штифтің тосқауылынан өз бетінше резервуарға кайта түсе алмайды. Оны бірнеше рет сілкіп орнына түсіруге болады. Термометрді сілкіген кезде түсіріп немесе сындырып алмау керек. өйткені сынап өте қауіпті. Егер сынап жерге түссе, оны дәрігерге немесе бөлім меңгерушісіне жинап беру керек. Науқастарды ол жерден шығарып, арнайы токсикологиялық бригада шакыру керек. Сынап буымен улану ауыр жағдайларға, тіпті өлімге алып келуі мүмкін. Градусникті ешқашан балаларға бермеу керек және дене кызуын өлшеген кезде олардың қасынан кетпеу керек.

Термометрлерді - сақтау және дезинфекциялау

Термометрлерді түбіне мақта төселген стаканда сақтайды. Стаканның 1/3 немесе А бөлігін 70°спиртпен немесе каретников ерітіндісімен (1л дистилденген суға 12г натрий гидрокарбонаты, 16г фармалин, Зг карбол кышкылы) толтырады. Егер бүл ерітінділер жок болса, орнына басқа дезинфекциялайтын ерітінділер колданылады. Мысалы, хлораминнің 0,5% ерітіндісі. Термометрлер хлораминнің 2% ерітіндісін колданғаннан кейін (5 минут) дезинфекцияланады. Сілкіген кезде термометр колдан шығып кетпеуі үшін оның ұшына резеңке қалпақ кигізеді.

Дене кызуын өлшеу және тіркеу техникасы

Дене кызуын өлшеу

Дене кызуын өлшеуден бұрын термометрді күрғатып 35°С төмен белгіге дейін сілкілеу керек. Қолтык астын күрғак сүлгімен сүрту керек. Өйткені колтык астындағы ылғал сынапты салқындатады, термометр төмен температураны көрсетеді. Термометр мен дене арасында киім болмау керек. Қасында резеңке жылытқыш немесе мұзды мұйык болмауы керек. Өлшенетін жерлерде кабыну процестер болмауы керек, (терінің кызаруы, ісіну) жергілікті дене қызуы көтерілуі мүмкін. өлшеу ұзактығы - 10 минуттан кем болмауы керек.

Ауыр және өте ауыр жағдайдағы наукастардың дене кызуын тік ішектен өлшейді. Егер науқаста іш қатпаса, іш өту, тік ішек аурулары болса, онда термометрді маймен немесе вазелинмен майлау керек. Кейін наукасты бір бүйірімен жаткызып термометрді жарты беліне дейін енгізу керек. әр өлшеуден кейін термометрді жылы суда жаксылап жуып, спирт немесе дез. ерітіндіде зарарсыздандыру кажет. Балалардың дене кызуы шат катпарларында өлшенеді. Бұл үшін баланың жамбас - сан буынын бүгіп, пайда болған тері катпарларына термометрді кояды.

Әдетте, дене кызуын күніне 2 рет өлшейді, таңертең және кешке - 7-8 сағ және 16-і7сағ. Көрсеткіштерді дене кызуын тіркеу парағына белгілейді.

Дене қызуын тіркеу парағы

  • карта номері

  • палата номері

  • наукастың аты-жөні

  • уакыты

  • ауру күші

  • ауруханада болған күні

  • таңертеңгілік және кешкілік дене кызуы

  • тыныс алуы, дене салмағы, ішілген сүйыктык, зәрдің тәуліктік
    мөлшері

  • нәжісі

  • ванна

Бірнеше күн белгіленгеннен кейін дене кызуының кисығын жасайды. Бұл көптеген ауруларда әртүрлі болады. Қажет болған жағдайда әр сағат сайын дене кызуын өлшеп, тәуліктік ауытқуларды бакылайды.

Қалыпты дене темлературасы

Қолтық астында өлшенген қалыпты дене қызуы - 36,4-36,8°С болып саналады. Ол бір күнде өзгеруі мүмкін, яғни кешке 5-9сағ аралығында төмен болады. Дені сау адамдарда кешкі және танертеңгі дене кызуының айырмашылығы - 0,6°С аспайды. Тамақ жегеннен кейІн, физикалык күштен кейін және ыстық жерде дене қызуы біршама жоғарылайды.

Қызба

Қызба - дене кызуының көтерілуімен ғана емес, сонымен қатар ағзаның барлык жүйелерінің кызметтерінің бұзылуымен де сипатталады. Дене қызуының көтерілу деңгейі маңызды, бірақ ол кызба ауырлығын бағалауда шешуші орын алмайды.

Қызба - пульс, тыныс алудың жиілеуімен, қан кысымының төмендеуімен бірге болады. Интоксикацияның жалпы белгілері, бас ауруы, дел-салдык, шөлдеу, ыстыктау сезімдері, аузының қүрғауы, тамаққа тәбетінің болмауы айқындала түседі. Зәрдің бөлінуі төмендейді, катаболикалық процестер нәтижесінде зат алмасу жоғарылайды.

Дене қызуының тез және күшті көтерілуі (мысалы өкпе қабынуында) әдетте бірнеше минуттан сағатка дейін созылатын қалтыраумен бірге болады. Бұдан науқастың түрі өзгереді, яғни кенеттен қан тамырлардың тарылуы нәтижесінде терісі боз түсті болып, тырнақтары көгереді, тоңып, дірілдейді.

Дене қызуының жайлап көтерілуінде қалтырау айқын болмайды. Жоғары температурада терісі қызып, жылы болады. Температураның төмен түсуінде -көп терлейді. Қызба кезінде кешкі дене қызуы таңертеңгі дене қьгзуынан жоғары болады. Дене қызуының 37°С-тен жоғарылауы, науқаста кандай да болмасын аурудың бар екендігіне күдік тудырады. Дене қызуының жоғарылау дәрежесіне байланысты ажыратылады:

  • субфебрильді дене кызуы (37 және 38°С арасы)

  • орташа жоғары немесе фебрильді (38 және 39°С арасы)

  • жоғары (34 және 41 °С арасы)

  • өте жоғары немесе гиперпиретикалык -41 °С-тен жоғары
    Бұл жағдайда өмірге қауіпті ауыр нервтік өзгерістер болады.

Қызбаның негізгі типтері:

  • түрақты кызба (ҒеЪгіз сопііпиа). Ұзак уакыт бойы жоғары дене кызуы болады, тәулік бойы - таңертеңгілік және кешкілік деңе кызуының айырмашылығы 1°С-тан аспайды.

  • әлсіздендіретін қызба (ГеЬгіз гетііепв)'- дене қызуы жоғары, тәуліктік ауытқуы - 1°С-тан жоғары, таңертен 37°С жоғары. Туберкулез, ірінді ауруларға, ошақты пневмонияға, іш сүзегінің III стадиясына тән.

  • интермиттерленген кызба (ГеЬгіз іпіегтіПепз) - қалыпты дене кызуы кезеңімен алмасатын дене қызуының қысқа уакытқа өте жоғары көтерілуі. Безгек ауруында байкалады.

  • Толқын тәрізді кызба (ІеЬгіз ипёиіаіз)- кезеңді түрде дене қьізуының көтерілуі , кейін қалыпты деңгейге түсуі. Мүндай «толқындар» ұзақ уакыт бойы біріккен соң бірі қайталанып тұрады.

  • қайта келетін кызба (ГеЬгіз гесигепз) жоғары дене кызуы кезеңінің қызбасыз кезеңмен қатаң түрде алмасуы.

  • қызбаның керісінше түрі (іеЬгіз іпуегза) - таңертеңгілік дене кызуы кешкілікке карағанда жоғары болады.

  • бұрыс кызба (іеЬгіз ігге§иіагІ5) - әртүрлі және дұрыс емес тәуліктік ауытқулармен ерекшеленеді. Бұл қызбаны атипикалық деп атайды.

  • Гектикалық кызба - дене қызуының тәуліктік бойы 2°С-тен 4°С-ке дейін
    түсуі. Мүндай жағдайда қатты әлсіздік және көп тер бөлінумен
    сипатталады. Туберкулездің ауыр түрінде, сепсис, лимфогранулематозда
    байқалады.

Қызба ағымында 3 кезең ажыратылады: дене кьізуының көтерілу кезеңі , жоғары дене қызуы кезеңі дене қызуынын төмендеу кезеңі . Жоғары дене қызуының кенеттен тез қалыпты жағдайда төмендеуі - лизис деп аталады.

Кейде қьісқа уакытқа, яғни бірнеше сағатқа созылатын дене қызуының жоғарылауы байкалады. Жеңіл инфекцияда, күн өткенде, қан кұйғаннан кейін, көктамырға дәрі енгізгеннен кейін болады.

15 күнге созылған кызба жедел, 45 күннен ұзакқа созылған кызба созылмалы деп аталады. Өте жиі қызбаның себебі жүқпалы аурулар, некроз ошақтары болады. Қызба, әдетте ағзаның инфекцияға реакциясы болып табылады.

Кейде жұқпалы ауруларда қызба, дене қызуының көтерілуі байкалады. Дене қьізуының көтерілу дәрежесі барлык кезде де аурудын ауырлығына сәйкес келмейді, ал ағзаның жеке әсер ету ерекшелігіне де байланысты.

Дене қызуынын көтерілуі жүқпалы ауруларда ғана емес, сонымен қатар катерлі ісіктерде, қан құйылуда, эритроциттердің тез ыдырауында байқалады.

Өте сирек қызба орталық жүйке жүйесінің ауруларында, рефлекторлы түрде кездеседі. Мұндай жағдайларда дене қызуының көтерілуі күндізгі уақытта жиі байқалады, сондықтан әр сағаттық термометрия қажет .

Гипотермия әртүрлі коллаптоидты жағдайларда, көп мөлшерде қан жоғалтқанда, ашығуда, жұқпалы аурулардан айығу кезінде кездеседі.

Қызбасы бар науқастардың күгімі

Қызба кезінде барлық зат алмасу түрлері бұзылады. Зәрмен бөлінетін азот мөлшері жоғарылайды, кейде - глюкозурия дамиды, май алмасу күшейіп, су - тұз балансы бүзылалы. Сонымен қатар тыныс алу да жиілейді.

Әрбір ауруда қызба ағымының сипатын және оның ағзаға деген маңызын бағалай білу керек. Медбике қызба ағымының 3 негізгі кезеңдерін білуі тиіс:

1-ші кезең - дене қьізуының көтерілу кезеңі - жылу түзілу жылу бөлінуден басым болған жағдайда қалтырау, еріндердің көгеруі, бас ауруы, көңіл-күйінің нашарлауы байқалады. Бұл кезең бірнеше сағаттан бірнеше күнге деиін созылады. Дене қызуының тез көтерілуі нәтижесінде науқастарды қалтырау, денесінің ауруы мазалайды. Бұл кезеңде медбике науқасты жылы киіндіріп ,аяқ ұшына резеңке жылытқыш койып, тәтті шай немесе ыстық сұйыктық беру керек. Бөлмені бұл кезде желдетпеу кажет. Нәжісін, зәрін қадағалау керек.

2-ші кезең- максимальды дене кызуының көтерілу кезені. Бұл кезең науқас жағдайының нашарлауымен, бас аурумен, ыстықтау, ауыз куьісының құрғауымен, әлсіздікпен, денесінің сықырлауымен сипатталады. Қызбаның жоғары шегінде галлюцинация, есаландау болуы мүмкін.

Жоғары жылу бөлу және жоғары жылу түзілу салыстырмалы тепе-тендікте болады. Бұл кезең бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін созылады. Жылу реттелудің бұзылуымен қатар зат алмасу да бұзылады. Ағзада заттардьщ жануымен (жойылуы) қатар ағзаға кажетті қоректік заттардың келуі төмендейді. Бұл ағзаның өзінің тіндерінің, яғни, бауыр көмірсуларының, май тіндеріндегі майлардың жануына алып келеді. Белоктар ыдырай бастайды. Науқас салмақ жоғалтады. Бұл кезде науқастардың жүйке жүйесінің қозғыштығы күшейеді, сондыктан мұндай науқасқа жеке бекет қояды. Егер мүмкіншілік болса, туысқандарын науқасты күзетуге кояды. Бірақ, жұкпалы ауру болса, туысқандары науқас қасында бола алмайды.Бақылау кезінде науқас жағдайы нашарласа, кезекші дәрігерге хабарлау керек.

Бүл кезенде науқасқа жоғары калориялы,жеңіл сіңірілетін тамақты сұйық немесе жартылай сұйык күйінде, аз мөлшерде тәулігіне 5-6 рет беру керек. Көп мөлшерде сұйыктық (жеміс-жидек шырындарын, морс, минерал суын) беру қажет.Науқастарда аузының қүрғауы, еріндерінін жарылуы байкалады, сондыктан, ауыз куысын натрий гидрокарбонатының әлсіз ерітіндісімен сүртіп, еріндеріне кандай да болмасын май жағып кою керек. Қатты басы ауырғанда маңдайына мүзды мұйык немесе сірке ерітіндісіне (0,5 л суға 2 ас қасық сірке) малынған 4 қабатты салфеткамен суық компресс кою керек. Медбике палатаның жылы болуын кадағалау керек. Сонымен қатар пульс, қан кысымын бақылау кажет.

3-ші кезең - дене қызуының төмендеу кезеңі. Жылу түзілу төмендеп, жылу бөлу жоғарылайды. Дене қызуының кенеттен тез төмендеуі жүрек-қан тамыр жетіспеушілігіне алып келеді. Дене қызуының қалыптыдан төмен тез түсуі науқас жағдайының күрт нашарлауына алып келеді. Әлсіздік, шөлдеу, тоңу сезімі, калтырау мазалайды. Кейде жалпы әлсіздіктің жоғары айқындалуымен науқастарда шағымдану мүмкіншіліктері болмай калады.

Терісі бозарып, кейін көгеріп салкын термен жабылады, аяк-колдары мұздайды. Қан қысымы күрт төмендейді, пульсі жиілеп әлсізденеді (жіп тәрізді пульс) тыныс алуы жиілейді, көз карашығы кеңейіп, жедел тамыр жетіспеушілігі дамиды. Егер дене кызуының төмендеуі көп тер бөлінумен болса, пульс, тынысалу жиілемей есі калпына келіп, науқас ұйыктайды. Егер жағымсыз критикалык жағдай болса, бекеттегі медбике кезекші дәрігерге хабар беру керек. Дер кезінде көмек көрсетілмеген жағдайда жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігіне және науқастың өліміне алып келуі мүмкін. Кезекші дәрігер науқас жағдайын бағалап, шүғыл көмек көрсетеді. Медбике тері астына қан кысымын көтеретін: мезатон, кофеин, адреналин егеді. Науқасқа резеңке жылытқыш койып, қою жылы шай немесе кофе беріп, киімдерін ауыстырады.

Қызбасы ұзакка созылған науқастарда медбике терісінің тазалығын бақылайды. Жауырларды алдын-алу керек. Дене кызуын тіркейтін парақта дене кызуынан басқа, пульс, құан қысымы, тыныс алу, дене салмағы, ішкен және ағзадан бөлінген сұйықтық мөлшері, нәжісінің сипаты белгіленеді.

Ауыр қызбасы бар науқастар үлкен және кіші дөретке төсекте, астына қойылған суднаға отыру керек.Іш катпасында тазалау клизмасын жасайды. Айта кететін жай, жоғары клизма-іш жүргізетін дәрілерді егуге карағанда дене қызуын төмендетіп, науқас жағдайын жақсартады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

ҚҚ өлшеу, пульсті анықтау, антропометрияны жүргізу. Қызуды өлшеу.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 18 мин (20%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Каталог: kafedra -> ses delo
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
kafedra -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі. Пән коды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет