ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»


Ішкі мүшелерді ультра дыбысты зерттеу: кеуде клеткасынУДЗ



бет8/16
Дата24.04.2017
өлшемі3,14 Mb.
#14576
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Ішкі мүшелерді ультра дыбысты зерттеу: кеуде клеткасынУДЗ.

Тексеру мақсаты: кеуде клеткасындағы сұйықтықты анықтау.

Көрсетілімдері:

  1. R-граммада көрінетін патологиялық өзгерістер.

  2. базальді плевритке күдіктену.

  3. пункция алдында плевральді қуыстағы сұйықтықтың орнын анықтау.

Арнайы дайындықты талап етпейді.

Бауырды УДЗ.

Тексеру мақсаты: көлемді көрсетілімдердің болуы (көлемінің өзгеруі) құрылымның локальді немесе диффузды өзгерісін анықтау. Ісікті түзілулерді (ісіктер, киста және т.б.) түрін және топографиясын анықтау.

Көрсетілімдері:

  1. бауыр ұлғаюының физикальді белгілері.

  2. сарғаю.

  3. гепатит, цирроз, майлы дистрофия.

  4. бауырдың көлемді ұлғаюы.

  5. асцит, метастазды анықтаған кезде ғана біріншілік ісікті табу.

  6. бауыр ауруларының ағымын динамалық бақылау.

  7. диспансеризация бағдарламасы бойынша профилактикалық тексеру.

Қарсы көрсетілімдері: жоқ.

Дайындау.



  • Науқастың өзінде сүлгісі немесе салфеткасы болу керек

  • Құрсақ қуысын УДЗ сәтті жүргізу үшін метеоризмді болдырмауға бағытталған диетаны бір жарым тәулік бұрын сақтау керек.

Газ түзетін өнімдерді тағам рационынан мүмкіншілігінше алып тастау: шикі жеміс-жидектер, ашытып тұздалған капуста, сок, қара нан, сүт және де газдалған сусындар.

Тексеру әдісі 8-12 сағат бойы тамақ қабылдамай яғни түнгі аштықтан кейін таңертең аш қарынға жүргізіледі. Тексерілу таңертеңгі уақыттан өтіп кетсе немесе науқас инсулин тәуелді қант диабетімен ауыратын жағдайларда кептірілген ақ нан жегізуге және қанты аз шәй ішкізуге болады. Науқаста белгілі бір аурумен ауыратын болса, медикаментозды коррекцияны талап ететін дәрігер тағайындауларын үзуге болмайды. УДЗ жасайтын дәрігерге науқастың дәрі-дәрмек қабылдағанын ескерту керек. Тексеру алдында темекі тартуға болмайды, өйткені ол өт қабының жиырылуына алып келіп дәрігердің қате қорытынды жасауына немесе қателік жасауына алып келуі мүмкін. Тексерілуге 2-3 күн қалғанда метеоризмді болдырмау мақсатымен науқасқа активирленген уголь немесе карболенді (0,5-1,0г күніне 3-4 рет) ішке қабылдауға тағайындайды. Асқорыту мүшелерінің жедел және созылмалы ауруларының бар не жоғына қарамай ферментті препараттарды (мезим-форт, панкреофлат жәнет.б.) қабылдаған пайдалы. Тазалау клизмасын тексерілу алдында немесе тексерілетін күні жүргізу өте қажетті емесе, бірақ-та дәрігерден сұраған жөн.



Тексеру мақсаты: көлемінің ұлғаюы (салмағы, көлемі және өлшемі), құрылымының диффузды немесе локальді өзгеруі; ісік, кисталарды және түрін, топографиясын анықтау.

Көрсетілімдері:

  1. қалқанша безінің физикальді өзгерістері

  2. физикальді өзгерістер болмағанмен клиникалық белгілерінің болуы

  3. сцинтиграфиядан қалқанша безінен "суық" ошақты (киста немесе түзіліс) анықтау.

  4. қатерлі ісікке күдіктенгенде біріншілік ошақты анықтау

  5. өте жоғарғы қауіп тобын диспансерлі бақылау

  6. қалқанша без ауруларын емдеу барысында динамикалық бақылау

Қарсы көрсетілімдері: жоқ.

Арнайы дайындықты талап етпейді.


Тексеру қалай жүргізіледі?

Эндоскопиялық тексерулерді орындау жалпы принципі болып организмнің табиғи саңлауы арқылы эндоскопия үшін аппаратты енгізу болып табылады. Аш ішекті, асқазанды және өңешті тексеру кезінде эндоскопиялық тексерулерді орындау жалпы принципі болып эндоскопты ауыз арқылы енгізеді. Бронхоскопия кезінде аппарат ауыз арқылы және ары қарай тыныс алу жолдарына енгізіледі. Тоқ және тік ішекті тексеру үшін эндоскоп артқы саңлау арқылы енгізіледі.

Лапароскопия, артроскопия- буын және құрсақ қуысын тексеруде аппаратты енгізу үшін арнайы жасанды саңлауларды прокол жасау арқылы жасайды. Науқастарға осы процедураны жасағанда субъективті қолайсыздықты тудырады. Эндоскопты енгізген соң, ол тексеретін мүшеге қарай бағыттап жылжылынады. Қуыс және кілегей қабаты қаралады, көбінесе дәрігерді “қызықтырған ” аймақты түсіріп алуға болады. Кәзіргі техниканың прогрессімен тексеру кезінде барлық процесті бейнетаспаға түсіріп алуға да болады. Тексеру кезінде ісікті процеске күдіктенсе биопсия жасалынады (цитологиялық тексеруге тканнің кішкентай бөлігін алу).

Эндоскопиялық тексеру әдісінің артықшылығы.

Оптика-механикалық жарықтатқыш аспаптарының көмегімен визуальді тексеру әдіс. Арнайы оптикалық эндоскоптың көмегімен эндоскопиялық тексеру әдістері асқазанның, өңештің, он екі елі ішектің (эзофагогастродуоденоскопия), тік ішек және сигма тәрізді ішектің (ректороманоскопия) тоқ ішегінің (колоноскопия), құрсақ қуысының мүшелерінің (лапароскопия) кілегей қабатын тексеруге болады және биопсия жасап ары қарай гистологиялық тексеруді жүргізуге және де емдік манипуляцияларды жүзеге асыруға да болады.



Эзофагогастродуоденоскопияға науқасты дайындау қалай жүргізіледі?

Фиброгастродуоденоскопия-асқазан, он екі елі ішек және өңешті эндоскопиялық тексеру әдістері болып табылады. Эзофагогастродуоденоскопия-кезінде науқасты арнайы дайындауының қажеті жоқ. Жоспарлы гастроскопияны азанда, аш қарынға жүргізеді; ал жедел гастроскопияны тәуліктің кез келген уақытында орындайды. Науқасқа тексеруге дейін 30 мин бұрын тері астына 0,1% 1мл атропин ерітіндісін енгізеді; тексеру алдында дикаин ерітіндісімен жұтқыншақтың кілегей қабатына жергілікті анестезия жасайды. Эзофагогастродуоденоскопиядан кейін 1-1,5сағатқа науқасқа тамақ ішкізбейді (жұтынудың өз қалпына келгенінше). Биопсия алынған болса, сол күні тамақты салқын етіп береді.

Көрсеткіші:он екі елі ішек және асқазан аурулары.

Кері көрсеткіші:өңештің тарылуы, инсульт, психикалық қозу, омыртқаның айқын деформациясы, төс артындағы зоб, өңеш веналарының варикозды кеңеюі.

Процедураны орындау.

1.Науқасқа тексеру азанда, аш қарынға жасалатынын ескерту, соңғы рет тамақтануы 18.00 болуы қажет.

2.Тексеруге 30мин бұрын 0,1% 1мл атропин сульфат ерітіндісін тері астына енгізу.

3.Тексеруге 3-5мин қалғанда ауыз қуысының кілеге қабатын 1% лидокаин ерітіндісімен жергілікті жансыздандыру қажет.

4.Тексеру универсальді операционды столда жүргізіледі. Науқасты сол бүйірімен жатқызу. Тексеру кезінде науқас жағдайын бақылау қажет.

Тексеруден кейін 1-1,5сағ-қа су және тамақ ішуге болмайтынын науқасқа ескерту. Жұтыну кезінде ауырсыну сезімі пайда болса 3% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен немесе 0,02% фурациллин ерітіндісімен шаюды ұсыну.


Ректороманоскопия (тік және сигма тәрізді ішекті эндоскопиялық тексеру). Мақсат:тік және сигма тәрізді ішекті визуальді тексеру.

Қажетті заттар:стерильді иілгіш ректоскоп.

Науқасты процедураға дайындау.

1.Науқасқа тексеру мақсатын түсіндіру.

2.Тексерілу алдында яғни кешке және тексерілетін күні 1,5-2сағ бұрын тазалау клизмасын жасау.

3.Тексерілу алдында қуықты босату.

4.Азанда аш қарынға тексерілуге келу.

Процедураны орындау.

1.Науқас арқасымен аяғын ашып жатады, 25-30см тік ішекке иілгіш ректоскопты енгізеді.

2.Тексеруді дәрігер орындайды.

3.Тексеріп болған соң ректоскопты алады.

4.Қолданған инструменттерді, ректоскопты дезинфекциялау қажет.

5.Науқасқа тыныштық орнату.


Колоноскопия (тоқ ішекті эндоскопиялық тексеру).

Мақсат:ток ішектің жоғарғы бөліктерін визуальді тексеру.

Қажетті заттар:стерильді колоноскоп.

Процедураға науқасты дайындау.

  1. Науқасқа тексеру мақсатын түсіндіру.

  2. Тексеру алдында 3күн бұрын №4 шлаксыз диетаны науқас сақтау қажет.

  3. Тексеруге дейін 2 күн бойы ішті айдайтын дәрілік заттарды тағайындайды (кастор майы).

  4. Тексеру алдында кешке тазалау клизмасын жасау.

  5. Тексеру күні аш қарынға тексеруге дейін 4 және 2 сағ бұрын тазалау клизмасын жасау.

  6. Тексеруге 20-30мин бұрын дәрігер тағайындауы бойынша премедикация жасау.

Процедураны орындау.

1.Науқас сол бүйір жанымен жатады, процедураны дәрігер орындайды.

2.Колоноскоп енгізер бұрын тік ішек айналасын анестезия жасау(3% дикаин мазьі).

3.Тік ішекке колоноскопты енгізу.

4.Тексеріп болған соң колоноскопты шығарып алады.

5.Қолданылған инструменттерді, перчаткаларды және колоноскопты дезинфекциялау.

6.Науқасты палатаға апарып тыныштық орнату.

Бронхоскопия-науқас тынысалу жолдарына енгізген эндоскоп көмегімен ірі және орта калибрлі бронхты, трахеяны визуальді тексеру әдісі болып табылады. Иілгіш және қатты бронхоскоптар қолданылады. Бұлардың көмегімен ірі бронхтарды ғана емес майда диаметрлі бронхтарының кілегей қабатын көруге мүмкіндік туғызады. Бронхоскопия көмегімен бронхтарының қабыну процессінің белгілерін, өкпедегі ісікті, қан түкіруінің және ұзақ жөтелдің себебін және лимфа түйіндерінің ұлғаюын анықтауға болады. Бронхоскопия кезінде көруден басқа, қосымша тағыда мынадай манипуляцияларды жасауға болады: бронхтың секретін сорып алу, бронхтың кілегей қабатының кішкене бөлігін биопсияға алу; және де бронхтарды тесіп өкпе тканінен, лимфа түйінінен биопсия алу. Емдік процедураларды жасауға болады: бронхтарды жуу, дәрілік заттарды енгізу, бронхтан қанды және іріңді сорып алу.

Дайындау:тексеруді жүргізу алдында науқасқа тексеру мақсатын, тексеру кезеңін айтып түсіндіру және үйрету. Тексеруге бірнеше күн қалғанда дәрігер тағайындауы бойынша тыныштандыратын дәрілік заттарды науқасқа беру. Тексеру күні азанда су, тамақ, дәрілік зат ішуге және темекі тартпауға сұрану. Тексеру алдында қуықты және ішекті босату. Дәрігер тағайындауы бойынша процедура алдында 15мин бұрын бронхоскопты бос енгізу үшін премедикация жасайды. Эндоскопиялық бөлмеге науқасты жеткізу. Орындыққа науқасты отырғызу. Жоғарғы тыныс жолдарын 10% новокаин ерітіндісімен немесе 2% лидокаин ерітіндісімен анестезия жасайды.

Ауыз немесе мұрвн арқылы бронхоскопты дәрігер енгізеді, ал медбике көмектеседі.

Процедураны аяқтаған соң асфексияның алдын алу шараларын жүргізу қажет. Арнайы нұсқау бойынша қолғап, инструменттерді, бронхоскопты стерилизация және дезинфекцияны жүргізу.

УДЗ-қолайлығы қандай?

Асқорыту мүшелерінің ауруларын диагностикалау үшін ультра дыбысты тексеру (эхография) кеңінен қолданылады. УДЗ-көмегімен құрсақ қуысындағы әр түрлі мүшелерінің құрылысын, көмегін, түрін, орналасуын және бауыр, өт қабы, ұйқы безінің ісігін немесе кистасын және тағы басқа ультра дыбысты тексеру көмегімен анықтауға болады.



УДЗ-ге дайындау қалай жүргізіледі.

Құрсақ қуысындағы мүшелерінің эхографиясын азанда, аш қарынға жасайды. Дайындау кезінде метеоризмге қарсы күрес жүргізіледі, ішекте газдың жиналуынан тексеретін мүшенің ультра дыбысты визуализациясы қиындық туғызады. Тексеруге 3күн қалғанда метеоризмді болдырмау үшін диета және активирленген угль немесе карболен (0,5-1,0г күніне 3-4рет), және де (көрсеткіш бойынша)мыс:фестал сияқты ферментті препараттар тағайындалады.



УДЗ-науқастың жағдайы.

Бүйректі ультра дыбысты тексеру науқасты ішімен бетін төмен қаратып жатқызу, отырғызып та тексеруге болады. Датчик іштің бүйір беткейінде немесе арқасы жағынан қойылады.

Бауыр, ұйқы безін ультра дыбысты зерттеу оң немесе сол бүйірімен, арқасымен жатқызып жүргізіледі. Тексерілетін мүшенің топографиясына сәйкес теріге арнайы гель жағып датчикпен тексереді.

Әйел жыныс сферасын ультра дыбысты зерттеу науқасты арқасымен жатқызып, қуық тола кезінде жүргізіледі. Алдыңғы іш перде қабатына арнайы гель жағылып датчикпен жасалады.

Көрсеткіш:құрсақ қуысындағы мүшелерінің аурулары.

Процедураны кезектілікпен орындау.

1.Тексеруге 2күн қалғанда тағам рационынан метеоризмді болдырмайтын тағам өнімдерін қабылдауды науқасқа ескерту.

2.Тексеруге бір күн қалғанда ұйықтар алдында активирленген угльдің 8 таблеткасын қабылдауын қадағалау.

3.Іші айқын кепкен кезінде ферментті препараттарды ішуін ұсыну (фестал, панзинорм).

4. Тексерілуге 8-10сағ қалғанда тағамды қабылдауға тиім салу.

11. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

ТЕСТТЕР:

1 Ультра дыбыс бұл:

А) адамға естілмейтін, физикалық ортада толқулар

Б) электромагнитті толқынның түсуі

В) оптикалық сәулелену

Г) корпускулярлы сәулелену

2 Тәулік ішінде бөлінетін өттің мөлшері қалыпты жағдайда қанша:

А) 200-400 мл

Б) 500-700 мл

В) 500-1500 мл

Г) 1500-2000 мл

3 Ультра дыбысты тексеру бұл:

А) қабат бойынша рентгенологиялық тексеру

Б) рентгенологиялық тексеру

В) эхолакация принципіне негізделген диагностика

Г) барлығы дұрыс

4 Холеграфияға көрсеткіш:

А) созылмалы холецистит

Б) өт тас ауруы

В) өт жолдарының дискенезиясы

Г) барлығы дұрыс

5 Холеграфияға қарсы көрсеткіш:

А) созылмалы бауыр аурулары

Б) созылмалы холецистит

В) жүктілік

Г) йодқа организмнің өте сезімталдығы

6 Рентгенологиялық тексеру үшін қандай препарат қолданылады:

А) атропин

Б) баралгин

В) билигност

Г) энзопрост

7 Рентгеноконтрастты зат қай жерге енгізіледі:

А) күре тамырға

Б) зонд арқылы он екі елі ішекке

В) клизма көмегімен тік ішекке

Г) барлығы дұрыс

8 Қандай тексеру әдісінде арнайы дайындауды талап етпейді:

А) УДЗ және холецистография

Б) УДЗ және холеграфия

В) Холецистография және холеграфия

Г) барлық тексеру әдісіне дайындау қажет

9 Холецистография кезінде қандай асқынулар болуы мүмкін:

А) басайналу

Б) көңілінің айнуы

В) іш өту

Г) барлығы дұрыс

Д) барлығы дұрыс емес

10 Йоды бар препараттаға организмнің сезімталдық белгілерін тап :

А) көзінен жас ағу, түшкіру, насморк

Б) көңілінің айнуы, құсу

В) гиперемия, ісіну, инъекция жасаған аймағының ауырсынуы

Г) барлығы дұрыс



СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

1.Холеграфиядан кейін науқаста асқыну пайда болды; басының ысыған сияқты сезімнің пайда болуы, аузына металды дәмнің келуі, басайналу, көңілінің айнуы, кейде ішінің ауырсынуы. Медбике науқасты тексеруге дайындау кезінде қандай іс-әрекетті ұмытты ?

2.Науқасқа йодты препараттың сынамасын жасаған кезде йодқа организмнің өте сезімталдығы анықталды. Сіздің ары қарай тактикаңыз қандай ?

3.Науқасқа йодты препараттың сынамасын жасамас бұрын, науқастан осы препаратты көтере алмау белгілері болды ма деп анықтап алу қажет пе ? Ия болса, қандай мақсатпен.

4.Тексеруге 12-14 сағ қалғанда контрастты препаратты ішуге береді. Контрастты препаратты қалай дұрыс берген жөн ?

5.Тексеруге қанша уақыт қалғанда тазалау клизмасын жасайды. Тазалау клизмасының жасау техникасын айтып беріңізші ?



12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академия
Техникалық және Кәсіптік Білім Беру Факультеті
Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсымен

КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ

пӘні бойынша Әдістемелік өңдеулер

Мамандығы: 0304000 – «Стоматология»

Курсы: 2

Семестрі: 3

ШЫМКЕНТ 2010 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды.


хаттама № ____«_____»______ 2010 ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.



1 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: 4 Бөлім. Науқастардың жеке бас тазалығы.

4.1. Тақырыбы. Медициналық мекемелеріндегі емдеу сауықтыру тәртібі. Халі ауыр науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізу. Ойылудың алдын алу.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

  1. Сабақ түрі: практика

  2. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: оқушыларға науқасты санитарлық тазалауға үйрету.

  • тәрбиелік: оқушылардың мінез-құлқын санитарлық тазалау кезінде, педикулез айқындалған кезде этика және деонтология нормаларын ұстауға тәрбиелеу.

  • дамыту: санитарлық тазалау, ойылу, медициналық мекемелерде емдеу сауықтыру емшараларын жүргізу қабілеттілігін дамыту.

  1. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу.

  2. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, аудиториялық.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Залалсыздандырудың түсініктемесі

  • Залалсыздандыру, асептика антисептика түсініктемесі

  • Санитарлы- эпидемиологиялық тәртіптің негізгі мақсаттары

  • Аурухана бөлімшелерінде әртүрлі бөлмелерінде ылғалды тазалауды жүзеге асыру

  • Бөлімшедегі барлық бөлмелерді құрал жабдықтарды, медициналық және басқа инвинтарларды таза ұстау қажет

  • Медициналық ғылым туралы түсініктеме

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)

Жоспар:


  • активті және пассивті науқастарды санитарлық өңдеу;

  • күтуге арналған құралдар мен материалдар. Оларды дауындау.

  • шаш, аяқ, жыныс мүшелерінің және анальді саңлаудың түкті бөлімдерінің туалетін жасау, күту құралдарын өңдеу.

  • педикулез кезіндегі іс-шаралар.

Науқастың белсенділік тәртібі: қатал төсектегі, палаталық еркін болып 4 түрге бөлінеді. Бүл белсенділік тәртібі дәрігер таманынан белгіленеді.

1. Белсенді (еркін)-науқастың әрекеттері шектелмеген.

2. Палаталық- науқас тек қана дәрігер рүқсат еткен әрекеттерді ком-да атқаруы мүмкін.

3. Төсектегі-науқас белгілі себептермен төсекте жатады.

4. Қатал төсектегі-науқастың әрбір әрекеті төсекте жатсада шектелген.

-Науқастың төсектегі қалпы:белсенді, енжар, мәжбүр (ортопное, тізе шынтақ) болуы мүмкін. Белсенді қалып- науқас өзі төсектен түруы, отыруы, жүруі мүмкін жағдайда.

Енжар-науқас өзі әрекет жасай алмаса басын немесе қолын көтере алмаса.

Мәжбүр-науқас өзінің жағдайын жақсылау, ауру сезгісін азайту (мақсатымен) үшін мәжбүр болады. Мысалы: науқас буылу, жөтел, ентігу кезінде артопное қалпына түседі. Аяқтарын төмен қарата асылтырып, қолдарын кереуетке тіреп отыру, тыныс алуын жеңілдетеді; плеврал қабығының қабыньш өкпесінде ірің болған науқас науқастанған бүйіріне қарап жатып ауру сезімін жеңідцетеді.



Науқасты шалқасынан жатқан науқасты „оң бүйіріне" қарата жатқызу алгоритмі:

1. Науқастан сізбен бірге әрекет жасау сүралады.

2. Науқасқа алақанымен шынтақ орнынан үстау түсіндіріледі.

3. Науқас сол аяғын тізесінен бүгеді, мейірбикенің оң қолы науқастың бауырының төменгі жағында, сол қолы тізеде, сол табан оң тізе буыны астында болады.

4. Мейірбике науқасты оң бүйіріне жатқызу үшін оны төменгі санынан үстап күш жүмсап өзіне қарата жатқызады.

Науқасты жартылай отыру қалпынан отыру қалпына келтіру

алгоритмі:

1 Екі санитар науқастың бас жағында түрып, қолдарын оның қолтығының астына өткізеді.

2 Науқастың жағдайын бақылай отырып, жайлап „отырған" қалпына келтіреді.

3 Мейірбикелерден бірі науқастың иығынан үстап, екіншісі жастықты оның арқасына қояды.

4, Тізесінің астына қолай зат қойып науқасты орап қойылады.

Науқастың төсегінен орындыққа отыруына көмектесу:

1 Науқастан беліңізден үстауын сүрап, өзіңіз оның иығынан үстаңыз. Сіздің тобығыңыз науқастың тобығымен қарама-қарсы жайғасуы керек.



  1. Арқаға бір қадам тастап, науқасқа үстап түруына көмектесіңіз.

  2. Солға бүрылып науқастың орындық қасына түруына көмектесіңіз.

4 Науқасқа орындыққа отыруын айтып, оның иығынан үстап, тізесін тізеңізбен үстап түрып отыруына көмектесіңіз.

Науқасты орындыққа отырган қалпынан төсегіне жатқызу:

1. Науқастың тізесіне тізеңізді тақап түрыңыз.

2. Науқастың аяғын тізесінен бүгіп оның арқа жаурынынан үстаңыз.

3. Науқастың иілген қалпында орындықтан түруына көмектесіңіз.

4. Науқастың оң жаққа бүрып, кереуетке отыруына көмектесіңіз.

5. Науқастың оң жағында түрып, оң қолыңызды тізесінің астына келтіріп, сол қолыңызбен науқастың жаурынынан үстаңыз.

6. Науқастың аяғын көтеріп кереуетке қойыңыз, бас жағына жастық қойып жатқызыңыз.

Науқастың төсеніштерін ауыстыру.

Науқастың төсеніші мен іш киімдерін бір аптадан үзартпай ауыстыру керек. Жуылатын жерге жіберілгенше кір киімдерге арналған бактарға салынып арнайы бөлінген бөлімде сақталынады. Төсек орын жапқыштарын мейіркеш кіші мейіркеш көмегімен ауыстыру керек. Науқастың төсегі жетерліше қалың жастығы жүмсақ, көрпесі жыл мерзіміне сәйкес болуы тиіс. Сырқат жай-күйіне қарай төсек- орын жапқыштарын ауыстырудың түрліше тәсілдері болады. Егер сырқат жүріп-түратын жағдайда болса, онда ол төсек орын жапқыштарын кіші мейіркеш көмегімен өзі ауыстырады. Егер сырқаттың басы көтерілуіне рүқсат етілмесе кіші мейіркеш оны орындыққа отырғызады да, ақ жаймасын де ауыстырады.



Бірінші әдіс: Кірлеген ақ жапқышты бас және аяқ жағынан шиыршықтап бүктеп, белі түсынан жайлап шығарып алады. Бинт тәрізді екі жағынан ораған таза ақ жайманы домалатып жайлап сырқаттың сегіз көзіне жақындатады да содан кейін басымен аяғына қарай түзетеді.

Екінші әдіс: сырқатты төсектің шетіне қарай жылжытып, кір жапқышты үзына бойына бинт тәрізді орайды да оның орнына тазасын төсейді, содан кейін сырқатты қарама-қарсы жағына жылжытып екінші жағынан кір жапқышты шығарып алып тазасын жаяды. Төсек-орын жапқышын әдетте екі адам сырқатқа көп күш түсірмей отырып ауыстырады.

Каталог: kafedra -> ses delo
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
kafedra -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі. Пән коды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет