ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»


Мақсат: бронхтардың ісігін, қабыну процестерін, даму ақауларын және бронхоэктазды анықтау үшін. Кері көрсеткіштері



бет7/16
Дата24.04.2017
өлшемі3,14 Mb.
#14576
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Мақсат: бронхтардың ісігін, қабыну процестерін, даму ақауларын және бронхоэктазды анықтау үшін.

Кері көрсеткіштері:жедел инфекциялы аурулар; бауыр, бүйрек, жүрек-қан тамыр жүйесінің және тынысалу функцияларының ауыр бұзылыстары, рентгеноконтрастты затты көтере алмау.

Бронхография тәсілін өткізер алдында 1.Жансыздандыру тәсілін (жалпы жансыздандыру немесе тыныс алатын жолды ғана жансыздандыру),

2.Пайдаланылатын салыстырмалы салмағы ауыр қоспалардың түрлерін анықтайды.

Жансыздандыру тәсілін алға қойған мақсатқа қарай таңдайды. Мысалы: бронхтардың қимыл-қозғалыстарын, бұлшық еттерінің жиырылуын анықтау үшін тыныс алатын жолын ғана 10 % новокаин ерітіндісімен жансыздандырады. Новокаин ерітіндісі адамның сана-сезіміне әсер тигізбейді, ауыр еркін дем алып жатады. Ал кішкентай балаларды бұл тәсілмен жансыздандырып бронхография жасай алмаймыз, ол үлкен қиындыққа әкеліп соғады. Сондықтан оларға бронхография тәсілін интубационды наркозбен жалпы жансыздандыру арқылы жасайды. Демалыс жүйесін жасанды түрде дәрігерлер реттеп басқарады. Бұл тәсілмен бронхтардағы морфологиялық өзгерістерді ғана зерттей аламыз.

Салыстырмалы салмағы үлкен қоспалардың (йодолипол, сульфойодол, барий йодол) майға ерітілген түрлері бронхтардың шырышты қабатынан жай жылжып өтеді, жабысқақ келеді. Сол себепті бронхқа жібергенде асықпай айнамен қарап тұрып бронхтардың дем алып, дем шығарып тұрғандағы өзгерістерін суретке түсіріп алуға болады. Бұл қоспалардың қолайсыз жағдайы, өкпеде ұзақ мерзім сақталып, емдеу мерзімінің созылуына және дерттің асқынуына әкеліп соғуы мүмкін.

Керсінше суға еритін (желейодон, глюкожелейодон) қоспалар бронхтарды жылдам толтырып, олардан жылдам шығады. Сондықтан бұл қоспалар жалпы жансыздандыру кезінде жас балаларға қолданылады. Қоспа бронхтарда ұзақ мерзім болмайды, ал қалған қалдығын электр насос арқылы бронхтардан сорып алады, емдеу мерзіміне әсерін тигізбейді.



Ангиография.(грекше angeion қан тамыр+grapho жазу, көрсету; синоним:вазография) рентгеноконтрастты затты енгізіп қан-тамырларды рентгенологиялық тексеру.

Мақсат: қан тамыр жүйе аурулары және даму аномалиясын және де әр түрлі мүшелердің паразитарлы, ісікті ауруларын анықтау үшін.

Кері көрсеткіш:науқастың жағдайы өте ауыр кезінде, психикалық бұзылыстар, бүйрек, бауыр және жүрек функцияларының бұзылыстары, рентгеноконтрастты затты көтере алмауы;

Бұл әдіс қан тамырлардың топографоанатомиялық ерекшеліктерін, функциональді жағдайын, қан ағыс жылдамдығын анықтайды.

Ангиографиялық рентгенді аппараттар бар арнайы рентгеноангиография бөлмесінде ангиографияны өткізеді. Ангиографиялық аппарат- ірі форматты рентген суреттерін тез сериялы түсіреді, ол компьютерлік жүйеде тіркеледі және алынған нәтижені өңдейді.Тексеретін қан-тамырға рентгенологиялық затты енгізу үшін ол қан тамырды пункция немесе катетеризация жасайды. Артериальді жүйе қан тамырларына ангиография жүргізу кезінде рентгеноконтрастты зат артерия, капилляр арқылы өтіп, тексеретін аймақтың венасына түседі. Ангиография фазасының жалғасуы бойынша және қан тамырлардан рентгеноконтрастты заттың жойылу жылдамдығын тексеріліп жатқан мүшенің регионарлы гемодинамикасымен анықталады.

Асқынулар: енгізген рентгеноконтрастты затқа аллергиялық реакция, жүрек ырғағының бұзылысы, пункциядан кейін қан тамыр өзегінен қанкету, гематома, қан тамыр спазмы және тромбозы.



Коронарография. ( латынша coronaries тәждік +грекше grapho жазу, көрсету; ) жүректің тәждік артериясын рентгенологиялық тексеру әдісі.

Оң және сол тәжді артерияны катетеризациялау және контрасттылау көмегімен жүзеге асады. Видео магнитті баспа немесе кинорентгенография көмегімен тәжді артерия бойынша рентгеноконтрастты заттың таралуы тіркеледі. Коронарограмма коронарлы қан айналымның жағдайын және оның ерекшелігін объективті талқылауға мүмкіншілік береді.

Тексеру мақсаты: коронароскелероз түрін және дәрежесін анықтау үшін, бұл болжам жасау және емдеу тактикасын дұрыс таңдау үшін өте маңызды.

Көрсеткіш: жүректің тәжді артериясының және де басқа артерияларының даму аномалиялары.

Қарсы көрсеткіші: жүрек ырғағының бұзылысы, айқын жүрек жетіспеушілігі және сол қарыншаның жиырылу функциясының ауыр бұзылыстары.

Коронарографияны –дефибриллятор және басқа да реанимациялық аппараттарымен жабдықталған ангиографиялық бөлмеде арнайы бригада жасайды. Клиникалық практикада Джадкинс және Соунс әдістері жиі қолданылады. Джадкинс әдісі бойынша коронарография кезінде арнайы катетерлер қолданылады; оның соңғы бөлігінің формасы аорта және оның өрлемелі бөлігінің анатомиялық құрылысының (оң және сол тәжді артерия үшін бөлік) типті ерекшеліктерін ескере отырып моделирленген.Катетерді сан артериясы арқылы енгізеді. Соунс әдісі бойынша коронарография кезінде кәрі жілік ойық аймағында иық артериясын хирургиялық жолмен ашып орындайды және оң және сол тәжді артерияны арнайы бір катетермен катетеризациялайды. Коронарография жасар алдында науқасқа ß-адреноблокаторлар тобынан дәрілік заттар береді. Артерияға катетерді енгізген соң 5000ӘБ гепаринді енгізеді. Қан тамырлардағы қысымды анықтау кезінде, ЭКГ үнемі бақылау үстінде тәжді артерияның катетеризациялаудың барлық этапы және оны контрасттылауды жүргізеді. Сол тәжді артерияға 4мл\с жылдамдықпен 4-6мл, ал оң жаққа 3мл\с жылдамдықпен 3-4мл мөлшерде рентгеноконтрастты затты енгізеді.

Асқынулар: тромбоэмболия, қан тамырды пункция жасаған жерден қан кету және жалған аневризманың пайда болуы. 0,33% жедел миокард инфарктісі дамиды, 0,9% қарыншалар фибрилляциясы, 0,24% летальділікті құрайды. Аритмия кезінде, стабильді емес стенокардия кезінде, артериальді гипертензия кезінде және айқын жүрек жетіспеушілігі бар науқастарда асқыну көбінесе жиі кездеседі.

Спирография. (латынша spiro демалу+ грекше grapho жазу, көрсету; ) демалу кезінде демалу көлемінің өзгеру уақытында графикалық тіркеу жолымен өкпе функциясын рексеру әдісі болып табылады. Спирография көмегімен 1минутта тынысалу жиілігін (ТАЖ); бір рет демалған кезінде өкпеге түсетін ауа көлемі (ТА көлемі); 1мин өкпеге түсетін ауа көлемі (тынысалудың минутты көлемі); 1мин ішінде организм қажет ететін оттегі көлемі; өкпеге түсетін 1л ауаның организм қажет ететін оттегі көлемі (оттегіні қолдану коэффициент); максимальді терең демалудан кейін қалыпты дем шығару кезінде, өкпеден шығарылатын ауаның максимальді көлемі (өкпенің өмірлік сиымдылығы); максимальді терең демалудан кейін форсирленген демшығару кезінде өкпеден шығарылатын ауаның максимальді көлемі (өкпенің форсирленген өмірлік сиымдылығы); максимальді терең дем шығарудан кейін қалыпты демалу кезінде өкпеге түсетін ауаның максимальді көлемі (демалу кезінде өкпенің өмірлік сиымдылығы); максимальді терең демалудан кейін форсирленген дем шығару кезінде 1с өкпеден шығарылатын газдың максимальді көлемі (1с ішіндегі форсирленген дем шығару көлемі); Тиффно индексі; өкпенің максимальді вентиляциясын; ауаның қимылдап жету жылдамдығының көрсеткішін анықтауға болады.

Спирографияны азанда аш қарынға жүргізеді. Науқасқа тексеру мақсатын және сауалдарын түсіндіріп беру қажет. Науқас отырады, ауаны өткізбеу үшін мұрынға зажим қойылады, рексеретін құралды байланыстырады. Тексеру 3-5мин созылады. Науқас қалыпты демалып отыруы қажет, осы кезде ТАЖ, демалу көлемін, өкпенің өмірлік сиымдылығы және жоғарыда аталғанның барлығы анықталады.



Электрокардиография – жүрек бұлшық етінде түзілетін биоэлектрлік потенциалдарды зерттеу әдісі. Қазіргі кездегі қалыпты электрограмма элементтерінің пайда болуын түсіндіретін негізгі концепциялар: жүректе биопотенциалдардың түзілу теориясы (Бернштейн,1912), жүректің диполь теориясы.

Миокард клеткаларындағы биоэлектрлік құбылыстардың пайда болу негізіне клетка мембранасы арқылы жүретін иондардың қозғалысы жатады. Мұндағы ерекше маңызы зор иондар: К+, Na+, Ca2+, CL-. Аталған иондардың әр қайсысы үшін клетка мембранасының өткізгіштігі әр түрлі. Тыныштық жағдайда клетка сыртындағы сұйықтыққа қарағанда, клетка ішіндегі К+ концентрациясы 30 есе көп. Ал клетка сыртындағы Na+ концентрациясы -20есе, CL- - 13 есе және Ca2+ концентрациясы 25 есе көп. Клетка мембранасының екі бетіндегі иондар концентрациясының осындай жоғары градиентті иондық насостардың жұмысы нәтижесінде бір қалыпты деңгейде сақталып тұрады. Олардың көмегімен Na+, Ca2+, CL- клеткадан шығарылып, ал К+ клетка ішіне енгізіледі. Бұл процесс иондар концентрациясының градиентіне қарама-қарсы. Сондықтан энергия шығынынан қажет етеді.



Жүректің негізгі қызметі.

Жүректің еті екі түрлі клеткадан тұрады: өткізгіш жүйесінің клеткалары, жиырылғыш миокард клеткалары. Жүректің қызметтері:

1.Автоматизм. Жүректің сыртқы әсерге байланыссыз өздігінен электрлік импульстер түзіп шығару қасиеті автоматизм деп аталады.

2.Өткізгіштік. Жүректің бір бөлігінде туған электрлік қозуды оның басқа бөліктеріне өткізу қасиеті - өткізгіштік деп аталады. Жүректің қосымша өткізгіш жолдарына мыналар жатады:

1) Кент талшығы.

2) Джеймс талшығы.

3) Махейм талшығы.

3.Миокардтың қозғыштығы мен рефрактерлігі.Қозғыштық дегеніміз – жүректің импульстер әсерінен қозу қасиеті.

4.Аберанттық немесе аберанттық өткізгіштік – импульстердің жүрекшелер мен қарыншалар арқылы өту бағытының өзгеруі әсерінен туады.

5.Жиырылғыштық. Жиырылғыштық дегеніміз – жүрек етінің қозудың нәтижесінде жиырылу қасиеті.



Электрокардиографиялық шықпалар.

Адам денесінің белгілі екі нүктесінің арасындағы потенциалдар айырмашылығын осы нүктелерге электрокардиографтың электродтарын қойып, жазып алуға болады. Бұл электродтар кардиографтың гальванометріне қосылады. Бірінші электродты гальванометрдің оң полюсіне, екіншісін теріс полюсіне қосады. Оң полюске қосылған электрод оң немесе белсенді электрод деп аталады.Теріс полюске қосылған электрод-теріс электрод деп аталады.

Қазіргі уақытта ЭКГ жазу үшін 12 түрлі шықпалар қолданылады: 3 стандарттық, 3 аяқ-қолдан күшейтілген және 6 кеуде шықпалары.

W. Einthoven 3 қос полюсті, стандарттық шықпаларды ойлап тапқан. Оның айтуы бойынша:

А)адам денесі электр тогын бір қалыпты өткізгіш орта болып табылады;

Б)адам денесі тең қабырғалары үшбұрышқа ұқсайды. Үшбұрыштың төбелері оң және сол қолдарға, сол аяққа немесе симфизге сәйкес келеді.

В)адам жүрегі – осы үшбұрыштың орталығында жатқан электр тогының көзі. Сондықтан үшбұрыштың төбелеріне белсенді электродтарды қойып, осы нүктелердің арасынан жүрек қызметі кезінде пайда болатын потенциалдар айырмасын жазуға болады деп есептеген.

Стандарттық шықпалардағы электродтардың орналасуы:



1 стандарттық шықпа- сол қол (+), оң қол (-).

2 стандарттық шықпа- оң қол (-), сол аяқ (+).

3 стандарттық шықпа- сол аяқ (+), сол қол (-).

Оң (+) және теріс (-) белгілермен шықпалардың плюстері көрсетілген.

Шықпалардың оң және теріс плюстерін қосатын гипотетикалық сызық- осы шықпаның осьі болып табылады. Үш стандарттық шықпалардың осьтері Эйнтховен үшбұрышын құрады. Егер жүректің орталық нүктесінен осы шықпалар осьтеріне перпендикуляр түсірсе, ол осьтерді 2 бөлікке бөледі. Осы перпендикуляр мен әрбір шықпаның оң полюсіне дейінгі аралық осьтің оң жақ бөлігі, ал теріс полюсіне дейінгі аралық осьтің теріс бөлігі деп аталады.

Күнделікті қолданылатын 12 шықпаның оң және теріс бөлігін білудің маңызы өте зор. Егер моменттік не қорытынды де- және реполяризация векторының проекциясы шықпаның оң бөлігінде жатса, ЭКГ-де оң серме (R.T ), ал теріс бөлігінде орналасса, теріс сермелер (q.Q.S.T ) жазылады. Егер үш стандарттық шықпалардың осьтерін жылжытып, жүректің орталық нүктесі арқылы өткізсек, шықпалардың үш осьтік системасы шығады. Бұл система 1,2,3 стандарттық шықпалардың осьтерінің кеңістіктегі орналасуын көрсетеді.Екі шықпа осьтерінің арасындағы бұрыш -60.0-қа тең.



Кеуде шықпалары.

Кеуде шықпаларын 1946ж Вильсон ойлап тапқан. Вильсон біріккен электроды – индифференттік электрод ретінде қолданылады. Ол оң және сол қолдардың, сол аяқтың электродын кедергі арқылы қосқан кезде түзіледі. Бұл электродтың потенциалы шамамен 0-ге тең және ол гальванометрдің теріс шықпасына қосылады. Белсенді электрод кеуде қуысының алдыңғы бетінің әр түрлі нүктелеріне орналастырылады және оны гальванометрдің оң полюсіне қосады.

Бұл шықпалардың біріккен Вильсон электроды мен адамның кеуде қуысының алдыңғы бетіне орналастырылған белсенді электродтың арасындағы потенциалдар айырмашылығын анықтайды.

Бір полюсті кеуде шықпалары V әрпімен таңбаланады. Кеуде шықпаларының әдеттегі саны -6 (V1- V6).

V1-белсенді электрод төс сүйектің оң жақ жиегінде, 4 қабырға аралығында орналасады.

V2-белсенді электрод 4 қабырға аралықта, төс сүйектің сол жиегіне орналастырылады.

V3-белсенді электрод V1менV4 арасын қосатын түзудің ортасына орналасады.

V4-белсенді электрод 5 қабырға аралығында, сол бұғана орталық сызығының бойында орналасады.

V5-белсенді электрод 5 қабырға аралығында, алдыңғы сол қолтық асты сызықтың бойында орналасады.

V6- белсенді электрод 5 қабырға аралығында, ортаңғы сол қолтық асты сызықтың бойында орналасады.



Изотоп (изо-+грекше topos)-ядро заряды бірдей бір химиялық элементтің әр түрлі жалпы атауы, бірақ атомдар массасы бойынша ерекшеленеді.

Радиоактивті изотоп (син:радиоизотоп)-тұрақсыз изотоп, радиоактивті ыдырау нәтижесінде тұрақты изотопқа айналады; ионды сәулелену көзі ретінде емдік және диагностикалық мақсатта қолданылады.

Мүшетропты радиоактивті изотоп (орган+грекше tropos бағыт) радиоактивті изотоп тірі ағзаның белгілі бір жүйелерінде, мүшелерінде немесе ұлпаларында жиналады.

Медицинада радиоизотопты тексеру - радиоактивті изотоптарды қолданада отырып қалыпты және патологиялық жағдайда ұлпалар мен мүшелердің қызметін және құрылысын зерттеу болып табылады.



Клиникалық радиометрия – уақыт интервалында радиоактивтілікті өлшей отырып адам ағзасындағы мүшелер мен ұлпалардағы радиофармацевтикалық препараттардың концентрациясын анықтау б.т. Терідегі, көз, жұтқыншақтың кілегей қабатындағы, өңеш, асқазан, жатыр және басқа да мүшелердегі ісіктерді диагностикалауға болады.

Радиография - енгізілген радиоактивті препараттың мүшелерге таралуын және жиналу динамикасын тіркеу. Өкпе вентиляциясы, қан айналу сияқты тез ағып өтетін процесстерді тексеру үшін қолданылады.

Бүкіл дененің радиометриясы – арнайы есептегіш құрал көмегімен іске асырылады. Дәрумендер және зат алмасуды, асқорыту жүйесінің қызметін және де ағзаның радиоактивтілігі және радиоактивті ыдырау өнімдерімен ластануды тексеру үшін қолданады.

Сканирлеу және сцинтиграфия – концентрирлейтін препаратты таңдаулы түрде мүшелердің бейнесін алуға болады. Радионуклеидтің таралуы және жиналуы алынған бейне суреттен мүшелердің өлшемін, түрін, топографиясын және де потологиялық ошақты көре алуға болады.

Биологиялық сынамалардың радиоактивтілігін анықтау – мүше қызметін зерттеу үшін тексеріледі. Зәр, қан сары суы, қақырықтың (және басқа да) шартты және салыстырмалы радиоактивтілігі қаралады.

Пробиркада радиоизотопты тексеру – бұл қандағы гормондардың және басқа да биологиялық активті заттардың концентрациясын анықтау б.т. Организмге радионуклеидтер және қосылыстар енгізілмейді; анализ пробиркадағы затқа негізделеді. Әр диагностикалық тест ағзадағы физиологиялық процесстерге радионуклеидтің қатысуымен негізделеді. Лимфа және қан айналымға түсіп, белгілі мүшелерде уақытша жиналуы кезінде жылдамдығы және бағыты тіркеледі. Осыған негізделе клиникалық пікір қойылады.

Гастроэнтерологияда – көкбауыр, сілекей бездерінің өлшемін, орналасуын және асқазан-ішек трактысының қызметін тексеруге болады. Бауырды сканирлеу және сцинтиграфия жасау кезінде қатерлі ісік, эхинококкоз, цирроз және созылмалы гепатит кезінде ошақты және диффузды өзгерістерді байқауға болады. Ұйқы безін сцинтиграфиялау кезінде оның алынған суретінен (бейнесінен) қабынуды және көлемді өзгерістерді анықтайды. Ойық жара ауруы, созылмалы гастроэнтерит кезінде 12-елі ішек және асқазан қызметін белгілі астың көмегімен зерттейді.

Гематологиядан эритроциттердің өмір сүру ұзақтығын, анемияны анықтау үшін радиоизотопты диагностика көмегімен анықтайды. Кардиологиядан жүрек қуыстарына және қан-тамыр бойынша қанның жылжуын бақылауға болады: қалыпты және зақымдалған аймақтарда препараттардың таралу сипаты бойынша миокардтың жұмыс істеу қызметін негіздеп қорытындылауға болады. Миокард инфарктісінің диагнозын негіздеу үшін сциптиграфия –некроз аймақтары бар жүректің бейнесін көрсете алады. Радиокардиография – жүректің туа біркен және жүре пайда болған ақауларын анықтауда маңызы өте зор. Арнайы прибор – гаммакамера көмегімен жұмыс істеп тұрған жүрек және ірі қан-тамырларды көруге болады.

Неврологияда бас миындағы ісіктерді, олардың түрін, таралуын және локализациясын анықтау үшін радиоизотопты әдісті қолданады. Бүйрек аурулары кезінде физиологиялық тесті болып рентгенография болып табылады: мүшені орналасуымен қызметін бейнелейді.

Онкология үшін радиоизотопты техниканың пайда болуы үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Радионуклеидтер ісіктерде жинақталуы бойынша өкпе, ішек, ұйқы безі, лимфа және орталық жүйке жүйесінің біріншілей рак ауруларын анық диагностикалауға және де кішкентай жаңа түзілістерді де анықтай алады. бұл емнің әсерін бағалауға және рецидивтерді анықтай алады. Рентгенге қарағанда сүйек метастаздарының сцинтиграфиялық белгілерін 3-12 ай бұрын анықтай алады.

Пульмонологияда өкпелік қан айналым және сыртқы тынысалуды "естиді"; ал эндокринологияда йодты және басқа да алмасудың бұзылу салдарынан "көреді", ішкі секреция без қызметтерінің нәтижесі - гормондардың концентрациясын анықтайды. арнайы мамандандырылған маман барлық тексерулерді радиоизотопты диагностикалық лабораторияларда жүргізеді. Енгізілетін радионуклеидтің оптимальді активтілігінің есебі сәуледен қорғануды қамтамасыз етеді. Науқастың сәулені қабылдау мөлшері нақты уақыт аралығымен (регламенттелінген) белгіленген.

Тағайындауды ауру тарихына негіздей отырып емдеуші дәрігердің келісімімен радиоизотопты тексеру әдістері жүргізіледі. Радиоизотопты диагностика бөлімінде тексеру әдістерінің көпшілігі жоспарлы түрде іске асырылады. Сондықтан сол бөлімшенің диспетчеріне сым тетік бойынша алдын ала өтініш (заявка) тастайды, онда келесі мәліметтер хабарлануы тиіс: тексеру әдісінің түрі, науқастың аты-жөнімен тегі, ауру тарихының реттік нөмірі, бөлімше атауы, емдейтін дәрігердің аты-жөні, кезекші медбикенің жеке бекеттегі сым тетігінің нөмірін және хабарлап тұрған хабаршының аты- жөні. Изотопты диагностика бөлімінің диспетчері науқастың келетін күнін, мерзімін және медбикенің жетекшілігімен келуін ескертеді. Изотопты диагностика бөліміне тексерілетін күні науқаспен бірге емханалық және стационарлы ауру тарихтарын апару керек. Тексеру бір себептермен жүргізілмесе кезекші медбике изотопты диагностика бөліміне тез арада хабар беру керек. Ал тез арада тексерілу үшін изотопты диагностика бөлім меңгерушісінің және дәрігердің келісімі қажет. Радиоизотопты тексеру әдісі немесе емге және басқа да диагностикалық тексеру әдістеріне бөгет жасамайды.



Арнайы дайындықты талап ететін тексеру әдістері.

131-натрий йодтың көмегімен қалқанша безін функциональді тексеру.

Тексеруге 3-ай бұрын науқасқа тиім салынады:



  • рентгеноконтрастты тексеру әдістерін доғару.

  • Құрамында йоды бар препараттарды қабылдамау.

  • Тексерілуге 10-күн қалғанда жоғары концентрациядағы йодты және седативті препараттарды доғару.

Радиоизотопты диагностика бөліміне науқас таңертеңгісімен аш қарынға келеді. Радиоактивті йодты қабылдағаннан 30-минут өткен соң науқас таңғы асын ішуіне болады.

131-натрий йодид көмегімен қалқанша безінің сцинтиграфиясы.

Сцинтиграфия бөлімшесіне науқас таңертең аш қарынға келеді. Радиоактивті йодты қабылдаған соң 30-минут өткен соң науқас таңғы асын ішуіне болады. Препаратты қабылдап болғаннан соң 24-сағат немесе бір тәулік өткеннен кейін қалқанша безінің сцинтиграфиясы жүргізіледі.



Ультра дыбысты диагностика – ультра дыбыс көмегімен ағза мүше және ткандерінің патологиялық өзгерістерін анықтау болып табылады.

Эхолокация принципіне негізделген – жіберілген сигналдарды қабылдап, әр түрлі акустикалық қасиеттерге ие тканді орта бөлік беткейі бейнеленеді.

УДЗ (эхография, сонография) – ионизирлемейтін тексеру әдісіне жатады. Ыңғайлы, қолайлы, зиянсыз және жоғары деңгейде ақпараттандыруымен клиникалық практикада кең тарала бастады. Кей кезде диагнозды толық қою үшін ультра дыбысты зерттеужеткілікті болып жатады. УДЗ арнайы дайындықты талап етпейді. Құрсақ қуысының мүшелерін тексеруді таңертең ашқарынға, ал әйел жыныс мүшелерін, құрсақ үсті безі, қуықты тексеруді қуық тола кезінде жүргізу ұсынылады. УДЗ әр-түрлі қан-тамыр патологиясын ажырату үшін маңызды болып табылады. Эхографияны жүрек ауруларының диагностикасында қолданады.

Ультра дыбыс көмегімен жүректің систололық көлемін, миокард, гемодинамикалық көрсеткіштерді, жүрек ақауларын және де перикардты анықтайды.



Пульмонологияда – плевра қуысындағы сұйықтықты анықтау үшін қолданылады. Қалқанша безі, құрсақ қуысындағы және құрсақ артындағы кеңістікте орналасқан мүшелердің қызметі туралы маңызды мәліметті алуға жол береді.

Құрсақ қуысының мүшелерін ультра дыбысты зерттеуді жүргізуге көрсетілімдері: тексеретін мүшелерде даму аномалияларына күдіктенгенде, жедел және созылмалы қабыну аурулары (гепатит, бауыр циррозы, жедел және созылмалы холецистит, панкреатит) қатерлі және қатерсіз ісіктерді және де жүргізіліп жатқан емнің әсерін бақылау үшін де қолданылады.



Асқорыту жүйе ауруларын диагностикалау әдістері- ыңғайлы, қолайлы, бағасы тиімді және орындау кезінде қарапайым, нақтылығы, қатерсіз және қауіпсіз. Мысалы: өт тас ауруын диагностикалаудың нақтылығы 100%, кейбір мәліметтер бойынша 98-99%.

Өт қабын УДЗ- туа пайда болған ақауларды диагностикалай алады. ісік, киста, гематома және тағы басқа мүшелердің ұлғаю себебін анықтау мақсатымен спленомегалия кезінде қолданылады. Асқазан және ішектерді УДЗ- ісіктерді анықтау үшін маңызды.

Бүйректі УДЗ- патологиялық процесстерді, зақымдалуды, даму ақауларына күдіктенгенде жүргізіледі.

Көрсетілімдері:тұрақты артериальді гипертензия, макро және микро гематурия, интра- немесе паранефральді гематоманың болуы және бүйрек паренхима бүтінділігінің бұзылуымен бүйрек жарақаты - ткандердің тығыздылығы, құрылысының бұзылуымен өтеді.

Сонографияның қажетті маңызы болып - зәрағардың жоғарғы бөлігі, тостаған-лоханкалы комплекстің кеңею белгілерімен жоғарғы зәр шығару жолдары бойынша зәр пассажының жедел және созылмалы бұзылысының диагностикасында қолданылады. Тексеру нәтижесі мүшенің функциональді жағдайына байланысты емес және жоғарғы зәр шығару жолдарының обструкциясының барлық түрі кезінде мәлімет алуға мүмкіншілік береді. «акустикалық жол» және жоғары эхогенді аймақтардағы конкременттерге тән химиялық құрамына байланысты емес бүйрек тастарының көлеміболып 0,4-0,5 см болып табылады.



Урологиялық практикада қуық, қуық үсті безі , аналық бездерді және зәр шығару каналын тексеруге ультра дыбысты зерттеу кеңінен қолданылады.

Гинекологияда тексеруді трансабдоминальді және трансвагинальді әдіспен жүргізеді. Спайкалы процес және семіздік ауруымен ауыратын әйелдерде кіші жамбас мүшелерін нақты визуализдей алады. Жүктіліктің ерте мерзімін (2 1∕2 – 3 апталық) сонография көмегімен анықтауға болады. Овуляция стимуляциясының нәтижесін, доминантты фолликуланың өсуін динамикалық бақылау үшін қолданады. Корпоральдыдан тыс ұрықтандыру үшін аналық клетканы алу кезінде фолликуланың қызметін ультра дыбысты сканирлеуді бақылап отырып жүргізеді.

Оториноларингологияда – ең бірінші жоғарғы жақ және аз дәрежеде маңдайды, мұрын маңындағы қойнауды тексеру үшін қолданады. Ісіктерді, кисталарды, полипозды анықтайды, кілегей қабаттың ісігін анықтауға мол мүмкіншілік береді.

Офтальмологияда – көз ішіндегі дөрекі патологияларға күдік туса УДЗ бірден бір көрсетілім болып табылады. УДЗ науқасты дайындау үлкен маңызға ие, өйткені тексеру нәтижесі және алынатын бейне сурет сапалы болу үшін.

Каталог: kafedra -> ses delo
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
kafedra -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі. Пән коды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет