ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының



бет31/38
Дата07.05.2017
өлшемі7,25 Mb.
#15851
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38

Әдебиет:

  • Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):

    Сұрақтар:

    1. Диффузды гломерулонефритке анықтама беріңіз.

    2. Жіті гломерулонефрит қалай дамиды?

    3. Үштік синдромдарды атаңыз.


    Тесттер:

    1. Созылмалы гломерулонефрит бұл:



    1. бүйректер шумағындағы - 100% созылмалы қабыну үдерісі

    2. бүйректердің жұқпалы ауруы

    3. бүйректердің аллергиялық ауруы

    4. гематурия, АҚ көтерілуі, ісіну симптомы белгілерімен өтетін ауру

    5. протеинуриялар, цилиндруриялар

    2. Диффузды гломерулонефриттің басты себебі:

    1. гемолитикалық стрептококк

    2. стафилококктар

    3. вирустар

    4. пневмококктар

    5. ішек таяқшасы

    3. Қандай ауруда несеп ет жуындысы секілді түске ие болады:

    1. жіті гломерулонефрит

    2. бүйректердің поликистозы

    3. созылмалы гломерулонефрит

    4. созылмалы пиелонефрит

    5. жіті пиелонефрит

    4. Созылмалы пиелонефритте ақпараттың дұрыс болмауы:

    1. қаннан несеп қышқылының табылуы

    2. Нечипоренко сынамасы

    3. Зимницкий сынамасы

    4. экскреторлы урография

    5. несепті егу

    5. Зимницкий сынамасының байқалуы:

    1. бүйректердің концентрациялық функциясы

    2. бүйректердің гомеостатикалық функциясы

    3. бүйректердің секреторлық функциясы

    4. бүйректердің экскреторлық функциясы

    6.Нечипоренко сынамасының байқалуы:

    1. формалық элементтердің саны

    2. бүйректердің экскреторлық функциясы

    3. бүйректердің концентрациялық функциясы

    4. тұздар

    5. бүйректердің секреторлық функциясы

    7. Нечипоренко сынамасының қалыпты көрсеткіштері:

    1. лейкоциттер-2000, эритроциттер-1 000, цилиндрлер-250

    2. лейкоциттер-100000, эритроциттер-5000, цилиндрлер-400

    3. лейкоциттер-2000, эритроциттер-500, цилиндрлер-125

    4. лейкоциттер-40000, эритроциттер-100, цилиндрлер-5000

    8. Реберг сынамасының байқалуы:

    1. бүйректердің концентрациялық функциясы

    2. бүйректердің фильтрациялық функциясы

    3. бүйректердің экскреторлық функциясы

    4. бүйректердің резорбциялық функциясы

    9. Белгілердің бірі бүйректердің зақымдалғанын көрсетеді:

    1. Пастернацкий симптомы

    2. Ортнер симптомы

    3. Мендель симптомы

    4. Василенко симптомы

    10. Жіті гломерулонефриттің асқынуы:

    1. Жіті сол қарыншалық жеткіліксіздік

    2. ЖБЖ (жіті бүйрек жеткіліксіздігі)

    3. эклампсия

    4. гиперкалиемия


    Есеп1

    Геолог 26 жаста, тонзиллитпен ауырады, экспедицияда баспаны бастан кешті: 2 апта өткенде беттердің ісінуі байқалды. Несеп анализінде: салыстырмалы тығыздығы 1021, ақуыз 9г/л, Эр-15-20 к/а; L-2-4 к/а.

    1. Сіздің диагнозыңыз.

    2. Науқасты ары қарай тексеру жоспарын құрыңыз.

    3. Науқасты емдей бағдарламасы.
    Есеп №2

    Науқас С., 20 жаста, клиникаға бас ауруы, бас айналу, бел аймағының тұйық ауырсынуы шағымдарымен келіп түсті. Анамнезінде: 14 жасында несеп анализінде ақуыз анықталған, 3 жыл өткенде учаскелік дәрігер АҚ жоғарылауын тіркей бастаған. Гипотензивті препараттарды ретсіз қабылдаған. Объективті: тері жабындары бозарған, беті ісінген, тобықтары мен тізелері ісінген. Жүректің сол жақ шекарасы бұғана орта сызығынан 1,5 см сыртқа орналасқан. Аускультацияда жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, қолқа үстінен ІІ тонның акценті естіледі. Пульсі тығыз, ырғақты, 84 соққы минутына. АҚ 180/120 мм с.б.б. Бауыры қабырға доғасы бойымен. Соққылау симптомы екі жақтан да әлсіз оң. Диурез тәулігіне 1 л-ге дейін.

    1. Болжам диагноз қойыңыз.

    2. Клиникалық синдромдарды көрсетіңіз.

    3. Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз.


    1. Тақырыбы №29: Ревматизмді артрит. Остеоартроз.

    2. Мақсаты: Ревматизмді артрит және остеоартрозбен ауыратын науқастарды тексеру әдістерін меңгеру.

    3. Тапсырма:

    - СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)

    - сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру

    • тест тапсырмаларын шешу

    • өздігінен 2 ситуациялық есеп және тақырып бойынша және 5 тест құрастыру.

    1. Орындау түрі:

    - презентация

    - интеллект-карта

    - «кейс-стади»

    - буклеттер, реферат

    - постерлік баяндама

    - тақырып бойынша эссе

    - кластерлер

    - тақырып бойынша глоссарий



    1. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері (тапсырманы орындау талаптары):

    1.Презентация – өз бетінше орындалуы керек, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және кемінде 5 әдебиет көзі болуы керек. Слайдтар мазмұнды және көркемді болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша тереңірек білімін демонстрациялауы қажет, талқылау кезінде сұрақтарға жауап бергенде қателіктер жібермеуі керек. Слайдтардың мазмұны толық және көркем, тақырып бойынша өз ойымен интегрирленген мәлімет болуы керек.

    2.Интеллект карта, кейс-стади және буклет жинақы орындалған және белгіленген уақытында өткізілген болуы керек.

    Өз бетінше кемінде 5 әдебиет қолданылуы керек. Сызбалар, кестелер және суреттер болуы керек.

    3.Студенттердің жеке сұхбатының жазбасы және, немесе дәрігердің пациентпен сұхбатының видеоаудио таспасын таңдау.

    4.Меңгерген тәжірибелік дағдылары жазылған күнделік арнау

    5.Әр тақырып бойынша өзінің индивидуалды ой қатынасын суреттеу

    6.Рөлдік ойындар қою

    Терапия бакалавриат кафедрасында 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»мамандығы бойынша ҚР МЖМБС 3.08.389-2006 негізінде өңделген




    1

    Презентация тақырыбы


    Өте жақсы


    Презентация –өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және 5 әдебиет бар. Слайдтар мазмұнды және көркемді. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша тереңірек білімін демонстрациялады, талқылауда сұрақтарға жауап бергенде қателіктер жібермеді.







    Жақсы


    Презентация – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және 5 әдебиет бар. Слайдтар мазмұнды және көркемді. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша жақсы білімін демонстрациялады. Сұрақтарға жауап бергенде өзі қайта түзеген тиянақты емес қателіктер жіберді.







    Қанағатта-нарлық


    Презентация –өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және 5 әдебиет бар. Слайдтар мазмұнды емес. Қорғау кезінде автор сұрақтарға жауап бергенде тиянақты қателіктер жіберді.







    Қанағаттанар-лықсыз


    Презентация –өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және 5 әдебиет бар. Слайдтар мазмұнды емес. Қорғау кезінде автор сұрақтарға жауап бергенде қатаң қателіктер жіберді. Өзінің құралдарын пайымдай алмайды.

    2

    Интеллект карталар, кейс-стади және буклеттер дайындау және қорғау

    Өте жақсы


    Интеллект карта, кейс-стади және буклет – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, кемінде 5 әдебиет қолданған. Тақырыпқа сай сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Қорғау кезінде материалды оқымай айтып берді. Қойылған барлық сұрақтарға сенімді және қателіксіз жауап берді.







    Жақсы


    Интеллект карта, кейс-стади және буклет – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, кемінде 5 әдебиет қолданған. Тақырыпқа сай сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Қорғау кезінде материалды оқымай айтып берді. Қойылған барлық сұрақтарға жауап бергенде тиянақты емес қателіктер жіберді.







    Қанағаттанар-лық


    Интеллект карта, кейс-стади және буклет – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, кемінде 5 әдебиет қолданған. Тақырыпқа сай сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Қорғау кезінде тақырыпты оқыды. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде тиянақты қателіктер жіберді.







    Қанағаттанар-лықсыз


    Интеллект карта, кейс-стади және буклет – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, кемінде 5 әдебиет қолданған. Тақырыпқа сай сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Қорғау кезінде тақырыпты оқып берді. Қойылған сұрақтарға қатаң қателіктер жіберді, өзінің құралдарын пайымдай алмады.

    3

    Тестілік тапсырмаларды орындау

    Өте жақсы


    Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытында тапсырылған. Тесттің мазмұны негізді, сұрақ анық қойылған. Жауап нұсқалары біртипті және адекватты. Жауап алгоритмі бар. Дұрыс жауаптар анық белгіленген.







    Жақсы


    Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытында тапсырылған. Тесттің мазмұны негізді, сұрақ анық қойылған. Жауап нұсқалары біртипті және адекватты. Жауап алгоритмі бар.

    Дұрыс жауаптардың барлығы анық белгіленген.









    Қанағаттанар-лық


    Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытында тапсырылған. Тесттің мазмұны негізді, сұрақ анық қойылған. Жауап нұсқалары біртипті емес. Жауап алгоритмі бар.

    Дұрыс жауаптардың барлығы анық белгіленбеген.









    Қанағаттанар-лықсыз


    Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытында тапсырылған. Тесттің мазмұны негізсіз, сұрақ анық қойылмаған. Жауап нұсқалары біртипті емес. Жауап алгоритмі жоқ.

    Дұрыс жауаптардың 50% қате жауап берген.





    1. Тапсыру мерзімі: 14-апта

    2. Әдебиет:

    3. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):

    Сұрақтар:

    1. Ревматоидты артритте бірінші кезекте қай буындар зақымдалады?

    2. Бұл ауруда қай буындар үдеріске қосылады?

    3. Буындардың рентгенографиясы нені анықтайды?


    Тесттер:

    1. РФ көрінісі:

    а) макроглобулин

    б) агрегирленген IgM антидене Fc-фрагментке түзіледі

    в) агрегирленген альбуминге антидене түзіледі

    г) простагландин

    2. РА генетикалық даму факторларына жатады:

    а) хромосомды аномалиялар

    б) гендік аппараттағы молекулярлы бұзылыстар

    в) HLA факторлары

    3. РА кезіндегі ауырсынудың сипаты:

    а) «ұшқыш»;

    б) периодты

    в) тұрақты

    4. РА кезінде үдеріске көбіне ... ұшырайды.

    а) аяқ-қолдардың ірі буындары

    б) аяқ-қолдардың ұсақ буындары

    в) омыртқа жотасы буындары

    5. РА ... зақымдалуы тән.

    а) бір буынның

    б) екі буынның

    в) үш буыннан көп

    6. РА рентгенологиялық көрінісі:

    а) остеофиттер

    б) диффузды остеопороз

    в) буын маңы сүйектердің ошақтық остеопорозы (киста тәрізді остеопороз)

    г) буын шеміршектерінің кертілуі

    7. РА ағымы:

    а) баяу өршитін

    б) тез өршитін

    в) өршудің байқалмауымен өтетін

    8. РА саусақтар мен фалангалардың тән өзгерістері:

    а) «морж жарғақ аяқтары»

    б) «аққу мойын»

    в) метакарпофалангалық буындардың шығып кетуі

    9. РА кезіндегі бұлшықеттер:

    а) атрофияланады

    б) өзгермейді

    10. РА диагностикалау критерийлері:

    а) таңғы құрысу

    б) буындардың асимметриялы зақымдалуы

    в) ауру басталғаннан соң 3 ай өткенде үдеріскекемінде 3 буыннын қатысуы

    г) әрдайым жоғары температура

    Есеп №1

    64 жастағы науқасты қол басыны дисталды фалангааралық буындарының ауыруы мен ісінуі, баспалдақпен түскендегі тізе буындарының ауыруы мен қытырлауы, сол жақ тізе буынының ауырсынуы тыныштық күйде де басылмауы мазалайды. Таңертеңгі құрысу ұзақтығы 15 минут. Өзін 12 жылдан бері аурумын деп есептейді. Сауушы болып жұмыс істеген.

    Объективті: дене салмағы артық. Жүрісі сау жағына қарай қисайып жүреді. Қолдың II және IV саусақтарының фалангааралық буындарының дисталды бөлігінде қабыну белгілерімен (ісіну, гиперемия) Геберден түйіндері байқалады. Тізе-сан буындарының қозғалысы шектелмеген. Сол жақ тізе асты буынын қолғалту симптомы оң. Қозғалған кезде тізе қақпағының ауырсынуы. Аздап бүгіп тұрған кезде аяқтары 1 минуттың ішінде ауырсынады.

    Сіздің диагнозыңыз.

    Сіздің тактикаңыз.

    Есеп №2

    Науқас Ю. 81 жаста ревматологиялық бөлімшеге келесі шағымдармен мойынның, иықтардың, жамбас аймағының құрысуы мен ауырсынуы, бұлшықеттердің әлсіреуі, субфебрильді температураға шағымданып келді. 2-3 ай бойы ауырады.

    Объективті: пальпацияда мойынның, иықтардың, жамбас аймағының ауырсынуы, қозғалысының айқын шектелуі.

    Зерттеулері: ЖҚА – ЭТЖ 70 мм/сағ және креатинфосфокиназа деңгейі 7 есеге артқан. Науқастың айтуы бойынша 1 не 2 таблетка преднизолон ішкенде жағдайы бірден жақсара түседі. Рентгенологиялық сүйек-буын жүйесінде патологиялар анықталған жоқ.

    Сіздің болжам диагнозыңыз.

    1) Тақырыбы №30: Аралық бақылау (коллоквиум). «Қантты диабет».


    1. Мақсаты: Студенттерге қант диабетінің этологиясы мен патогенетикалық механизімін , қантты диабеті бар науқастарды зерттеу әдістеріне үйрету.

    2. Тапсырма:

    - СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)

    - сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру

    • тест тапсырмаларын шешу

    • өздігінен 2 ситуациялық есеп және тақырып бойынша және 5 тест құрастыру.

    1. Орындау түрі: Тәжірибелік дағдылау, тесттер

    2. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері (тапсырманы орындау талаптары):

    Аралық бақылау


    Тапсыру түрі

    Бағалау

    Бағалау критерилері

    Тестілеу/ауызша сұрау

    Өте жақсы

    5 – бағаға сәйкес

    90-100%


    Студент жауап беру кезінде ешқандай қателіктер жібермеген кезде қойылады. Оқылып жатқан пәнге бағытталған теориялар, концепциялар және бағыттарға бағытталған және оларға критикалық баға бергенде, басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолданады. Тест тапсырмалары бойынша 86-100% дұрыс жауабы болғанда қойылады.



    Жақсы

    4 – бағаға сәйкес 75-89%;



    Студент жауап беру кезінде дөрекі қателіктер жібермеген кезде, не болмашы қателікті жіберіп, оны өзі жөндеген кезінде, қойылады, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелендірген кезде қойылады. Тест тапсырмалары бойынша 75-85% дұрыс жауабы болғанда қойылады.



    Қанағаттанарлық

    3 – бағаға сәйкес 50-74%



    Студент жауап беру кезінде болмашы қателікті жіберген кезінде қойылады, тек қана оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттермен шектелген кезде, бағдарламалық материалдарды жүйелендірген кезде үлкен қиындықтарға жолыққанда қойылады. Тест тапсырмалары бойынша 50-74% дұрыс жауабы болғанда қойылады.



    Қанағаттанарлықсыз

    2– бағаға сәйкес 0-49%



    Студент жауап беру кезінде дөрекі қателіктер жіберген кезінде, негізгі оқу әдебиеттермен жұмыс жасамағанда; пәннің ғылыми терминологиясын қолдана алмайды, дөрекі стилистикалық және логикалық қателіктермен жауап береді. Тест тапсырмалары бойынша 50-дан аз дұрыс жауабы болғанда қойылады.

    Тапсыру түрі

    Бағалау

    Бағалау критерилері

    Тәжірибелік дағдылау

    Өте жақсы

    5 – бағаға сәйкес

    90-100%


    Тәжірибелік дағдыларды дұрыс жасағанда, құрал және қазіргі заманға физиологиялық зерттеу әдістері туралы терең білімін көрсеткенде қойылады. Тәжірибелік жұмысы бойынша толық есебін көрсеткенде бағаланады.

    Жақсы

    4 – бағаға сәйкес 75-89%;



    Тәжірибелік дағдыларды дұрыс жасағанда, құрал және қазіргі заманға физиологиялық зерттеу әдістері туралы жақсы білімін көрсеткенде қойылады. Тәжірибелік жұмысы бойынша есебінде болмашы қателіктер жібергенде бағаланады.

    Қанағаттанарлық

    3 – бағаға сәйкес 50-74%



    Тәжірибелік дағдыларды дұрыс жасағанда, оқытушының көмегіне жүгінгенде қойылады. Тәжірибелік жұмысы бойынша есебінде болмашы қателіктер жібергенде бағаланады.

    Қанағаттанарлықсыз

    2– бағаға сәйкес 0-49%



    Тәжірибелік дағдыларды әлсіз жасағанда, уақтылы жасамағанда қойылады. Тәжірибелік жұмысы бойынша есебінде дөрекі қателіктер жібергенде бағаланады.

    1. Тапсыру мерзімі: 15-апта

    2. Әдебиет:

    негізгі:

    1. Мухин Н.А. Пропедевтика внутренних болезней:

    Учебник для вузов / Н.А.Мухин, В.С.Моисеев.-М.:ГЭОТАР-МЕД, 2004.

    2. Внутренние болезни. В 2 т.:Учебник для вузов /Под ред. А.И.

    Мартынова, Н.А.Мухина, В.С.Моисеева, А.С. Галявича.-М.:ГЭОТАР-

    МЕД.,Т. 2.-2002.

    3. Внутренние болезни: Учебник в 2-х т./ Под ред. А.И.Мартынова,

    Н.А.Мухина, В.С.Моисеева.-М.:ГЭОТАР- МЕД., .-2004.

    4. А.Л. Гребенев. Пропедевтика внутренних болезней.- М.: Медицина.-2002.

    қосымша:

    1.Палеев Н.П. Болезни органов дыхания. - М. : Медицина, 2000.

    2.Григорьев П.Я., Яковенко Э.П. Клиническая гастроэнтерология. - М., 2001.

    3.Окороков А.Н.. Диагностика болезней внут­ренних органов:

    4.Руководство/А.Н.Окороков.-М.:Мед. лит. Т. 3:Диаг­ностика болезней

    органов дыхания.- 2000.

    5.Окороков А.Н. Диагностика болезней внут­ренних органов: Руководство

    /А.Н.Окороков.-М.:Мед. лит. Т.5:Диаг­ностика болезней системы крови.

    Диагностика болезней почек.-2002.

    6.ОкороковА.Н. Диагностика болезней внут­ренних органов:

    Руководство/А.Н.Окороков.-М.:Мед. лит. Т.1:Диаг­ностика болезней органов пищеварения.- 2002.

    7.ОкороковА.Н.. Диагностика болезней внут­ренних органов:

    Руководство/А.Н.Окороков.-М.:Мед. лит. Т. 2:Диаг­ностика ревматических и системных заболеваний соединительной ткани. Диагностика эндокринных заболеваний.- 2003.

    8.ОкороковА.Н. Диагностика болезней внут­ренних органов:

    Руководство/А.Н.Окороков.-М.:Мед. лит. Т. 9:Диаг­ностика болезней сердца и сосудов.- 2005.


    1. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):

    Аралық бақылау: (Тәжірибелік дағдылар, тесттер)

    Тәжірибелік дағдылар:

    1. Жүрек демікпесі ұстамасы кезінде науқастың мәжбүрлік қалпы қалай аталады?

    2. Кардиогенді шоктың себебі не?

    3. Жүрек демікпесінің бронх демікпесінен айырмашылығы неде?


    Тесттер:

    1.Ұстама тәрізді жөтелге тән патология:



    1. тыныс жетіспеушілгі

    2. аллергиялық трахеобронхит

    3. брохоэктазиялық ауру

    4. іріңді созылмалы бронхит

    5. өкпе абсцессі

    2. Ұзақ және тұрақты жөтелге тән патология:

    1. созылмалы бронхит

    2. брохоэктазиялық ауру

    3. жіті бронхит

    4. тыныс демікпесі

    5. плеврит

    3. Сақтана жөтелу және дем алуға тән патология:

    1. жіті және созылмалы және өкпе түбі маңы пневония

    2. интерстициальды және өкпе түбі маңы пневмония

    3. өкпенің орталық рагі

    4. крупозды пневмония, құрғақ плеврит

    5. өкпе абсцессі және бронхоэктаздар

    4. Түнгі жөтел көбіне:

    1. өкпе туберкулезінде

    2. ошақты пневмонияда

    3. өкпе абсцессінде

    4. жедел бронхитте

    5. крупозды пневмонияда

    5. Дыбыссыз жөтелу мысалы:

    1. крупозды пневмония

    2. өкпе рагі, плеврит

    3. әлсіреген және жүдеген аурулар

    4. өкпе абсцессі, не бронхоэктаздар

    5. кавернозды туберкулез

    6. Тыныс алуға байланысты кеуденің шаншып ауруы:

    1. крупозды пневмония, құрғақ плевритте

    2. өкпе эмфиземасында, пневмосклерозда

    3. интерстициальды пневмонияда

    4. жедел бронхитте

    5. өкпенің орталық рагінде

    7. Ұстамалы жөтел, жабысқақ қиын бөлінетін қақырық тән патология:

    1. өкпе рагі, туберкулезі

    2. тыныс демікпесі

    3. өкпе абсцессіне брохоэктазы

    4. пневмосклероз, өкпе эмфиземасы

    5. ошақты не крупозды пневмонияда

    8. Тәулігіне мол, 200 – 300 мл – ге дейін іріңді қақырық бөлу:

    1. өкпе эмфиземасы, пневмосклерозда

    2. тыныс демікпесінде

    3. ошақты не крупозды пневмонияда

    4. іріңді обструктивті бронхитте

    5. бронхоэктаздық ауруда

    9. Қақырық бөлу ... патологиясына тән емес.

    1. өкпе эмфиземасы, пневмосклероз

    2. ошақты не крупозды пневмония

    3. тыныс демікпесі

    4. іріңді обструктивті бронхитте

    5. өкпе гангрена

    10. Тот түстес қақырық бөлу:

    1. өкпе рагінде

    2. крупозды пневмонияда

    3. бронхоэктазиялық ауруда

    4. созылмалы бронхитте

    5. өкпе гангренасында

    11.Ревматоидты артритке тән:

    1. құрысу сипатының ұзақтығы (1сағаттан аса)

    2. зақымданған буындардың ісінуі

    3. буындардың зақымдануының симметриялығы

    4. буындарда, бұлшықеттерде таңертеңгілік құрысудың болуы

    5. Буындардың зақымдануының асимметриялығы 12.Ревматоидты артрит диагностикасында мәні жоқ:

    1. синовиалды сұйықтықта цитоздың жоғарылауы

    2. у-глобулинемия және ЭТЖ жоғарылауы

    3. синовиалды сұйықтықта рагоциттердің табылуы

    4. ревматоидты фактордың табылады

    5. фосфолипидтерге антидененің табылуы

    13. Ревматоидты артритте ерте зақымданатын буындар:

    1. тізе

    2. шынтақ

    3. омыртқа

    4. сегізкөз-мықындық

    5. алақан буындарының проксималды фалангоаралық буындары

    14. РА кезінде қандағы ревматоидты фактор:

    1. барлық жағдайда табылмайды

    2. әрқашанда табылады

    3. анықталмайды

    4. әрқашан қалыпты

    5. әрқашан жоғары

    1 5. РА кезінде ЭТЖ

    1. әрқашан жоғары

    2. ереже бойынша жоғары

    3. әрқашан төмен

    4. ереже бойынша төмен

    5. әрқашан қалыпты

    16. РФ сипаты:

    1. макроглобулин;

    2. агрегацияланған альбуминге антидене

    3. простагландин.

    4. Ғс-фрагментке агрегациялық ІqМ антидене түзілуі

    5. микроглобулин

    17. РА дамуының генетикалың факторына:

    1. гендік аппараттағы молекулярлық бұзылыстар +

    2. хромосомалық аномалиялар

    3. НЬА факторы

    4. ішкі мүшелердің аурулары

    5. ірі ұрық

    1 8. РА кезінде ауырсыну сипаты:

    1. кезеңділік

    2. тұрақты

    3. «ұшқыштық»

    4. асимметриялық

    5. үдемелі

    19. РА кезінде міндетті түрде үдеріске ұшырайтын ... .

    1. аяқ-қолдардың ұсақ буындары

    2. омыртқа буындары

    3. аяқ-қолдардың ірі буындары

    4. бір буын

    5. тек қана аяқ буындары

    20. РА кезінде рентгенологиялық зерттеуде анықталады:

    1. остеофиттер, буын шеміршегінің жегіленуі

    2. диффузды остеопороз

    3. буынаралық сүйектердің ошақты остеопорозы (алақан тәрізді остеопороз)

    4. буындық тофустар

    5. буын шелінің тарылуы

    «Қантты диабет»

    Сұрақтар:

    1.Қалыпты жағдайда қандағы қанттын көлемі?

    2.Қантты диабетке алып келетін қауіп факторлары?

    3.Қант дибетінің қандай түрлерін білесіз және олардын айырмашылығы?



    Тесттер:

    1.Қай секрецияның бұзылысы қант диабетіне алып келеді?



    1. беткей секрецияның

    2. ішкі секрецияның

    3. сыртқы секреции

      1. Инсулинді асқазан асты безінде не шығарады:

    1. лангерганс аралшығы

    2. асқазан асты безінің құйрығы

    3. асқазан асты безінің басы

    4. асқазан асты безінің денесі

    3. Сау адамның қанындағы кантты анықтау ( Хаггедон әдісі) :

    1. 4,4-6,6 ммоль/л

    2. 3,3-5,5 ммоль/л

    3. 2,8-5,8 ммоль/л

    d) 4,0-6,0 ммоль/л

    4.Инсулин көмірсуларды қай түрде жинақтауды стимулияциялайды:



    1. глюкоза

    2. лактоза

    3. гликоген

    4. сахароза

    5. глюкозаминогликандар

    5. Инсулин стимуляциясын шақырмайды:

    1. гликогендердің бауырда синтезделуін

    2. глюконеогенезді

    3. қанда қанттың қөлемінің төмендеуін

    4. ақуыз синтезделуінің стимуляциясын

    6. Қаңқа бұлшықеттерінде дамитын инсулиннің басты эффектіне жатқызуға болады мынадан басқасын:

    1. қант қайта өңделуінің күшеюі

    2. гликогендер түзілуінің күшеюі

    3. май қышқылдары құрылуының күшеюі

    4. усиление утилизации аминокислот

    5. ақуыз синтезделуінің күшеюі

    7. Қант диабетімен көп жылдар бойы ауыратын науқастарда соқырлық дамуының бірден бір себебі:

    а) глаукома

    б) катаракта

    в) пролиферацияланған ретинопатия

    г) көру нервтерінің атрофиясы

    д) автономды нейропатия

    8. Науқас 30 жаста, қант диабетінің 1 түрімен аурады. Инсулин енгізгеннен кейін 3 сағаттан соң ксматозды қалыпта табылған.Бірінші орында қандай шара қолдану қажет?:

    а) ЭКГға түсіру

    б) 5% глюкоза ерітіндісін енгізу

    в) инсулин енгізу ( 10-20 бірлік)

    9. Диабеттік кетацидозда аталған бұзылыстардың барлығы анықталады, мынадан басқасы:

    а) шеткерлік қанттын жиналуының бұзылысы

    б) протеолиздің жоғарылауы

    в) липолиздің төмендеуі

    г) диурездің жоғарылауы

    д) буферлік негіздің жетіспеуінің жоғарылауы

    10. Инсулинді дайындауға қай жанурдың асқазан асты безі шикізат болып табылады:

    а) бұқа,шошқаның

    б) киттердің

    в) қойлардың

    г) аттардың

    д) түйелердің



    Есеп № 1

    Науқас 47 жаста, жалпы өршуші бұлшық еттің әлсіздігі, бетінің, қолдарының, кейде денесі түгелімен ісінуі, шаштарының түсуі, жыныстық функцияларының бұзылысы, дауыс тембірінің жіңішке болып өзгеруі, есту қабілетінің төмендеуі. Объективті: науқас адинамикалы, мәңгіреу, терісі бозғылт-сары түсті, ұстағанда салқын, беті ісінкі, қабақтары шығыңқы. Аяқ қолдары ісінген. Шашы күңгірт, сынғыш, түскіш, қаста да. Сөйлеуі баяулаған. Даусы бәсең, қатаң. Есте сақтау қабілетінің төмендеуі мен өзі-өзіне сын қояалмауы көзге түседі. Мұрынмен дем алуы қиындаған, өкпесінде тыныс әлсізденген.Жүрек тондары тұйықталған, экстрасистолалар (15-20 сағатына). АҚҚ 100/60 мм.сын.бағ. Миопатия, бұлшықеттік күштің төмендеуі, нейропатия көрінеді. Қанда Т3, Т4 құрамы төмендеген.Диагноз қойыңыз.Ем тағайындаңыз.

    Жауабы: Орта дәрежелі біріншілік гипотиреоз. Емі α-тироксин 100-125 мкг тәулігіне 1 рет,тәуліктік мөлшерін күнделікті Т43 қарай, әр 4 аптада 25-50мкгға ұлғайтып отырамыз, қалқанша безі жетіспеушілігінің толық компенсация сатысына дейін.

    Есеп № 2

    Жедел жәрдеммен науқас естүссіз жағдайда түскен. Объективті: дене температурасының төмендеуі, тері қабаттарының құрғақ және бос болуы, көз алмаларының тонының төмендеуі, терең шулы дем, Куссмауль демі, ауыздан ацетон исі шығады, пульс төмен және жиі, АҚҚ төмендеген. Лабораторлы: гипергликемия (22 м моль/л –глюкоза), нетрофилдер, лейкоцитоз (лейкоциттер-30 мың./1 мкл), креатинин мочевинасында кетон денелерінің құрамының жоғарылауы, зәрде глюкозурия байқалады.



    Жауабы: кетаацидозды кома.

    ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

    ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
    ТЕРАПИЯ БАКАЛАВРИАТ КАФЕДРАСЫ


    Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

    Пән: Клиникалық медицинаға кіріспе

    Пән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын

    бақылаушы - өлшегіш құралдар
    КУРС: 3


    ШЫМКЕНТ, 2013ж.

    Сынақ, емтихан сұрақтары

    1. Ауруды қалай анықтауға болады?

    2. Аурудың симптомдары дегеніміз не?

    3. Қандай симптомдар субьективтіге жатады?

    4. Қандай симптомдар обьективтіге жатады?

    5. Науқасты сұрастыру барысында нені анықтаймыз?

    6. Диагностикалық зерттеу әдістері қалай бөлінеді?

    7. Науқасты тексерудің негізгі клиникалық әдістерін атаңыз.

    8. Науқасты тексерудің қосымша клиникалық әдістерін атаңыз.

    9. Пассивті қалып дегеніміз не?

    10. Белсенді қалып дегеніміз не?

    11. Мәжбүрлі қалып дегеніміз не?

    12. Сананың бұзылу деңгейлерін атаңыз.

    13. Дене конституциясына түсінік беріңіз.

    14. Тері жабындысы қалай өзгеруі мүмкін?

    15. Жалпы қарауды жүргізу әдістемесі.

    16. Науқастың жалпы жағдайын бағалау.

    17. Сананың бұзылу түрлері.

    18. Науқастың төсектегі қалпы.

    19. Дене бітімінің түрлері.

    20. Науқастың тері жабындысының жағайына баға беру.

    21. Шаш пен түкті жабындылардың өзгеруі.

    22. Тері асты май қабатының даму дәрежесін анықтау.

    23. Шеткері лимфа түйіндерін тексеру.

    24. Шеткері ісінулерді анықтау.

    25. Бұлшықеттің даму деңгейі мен күшін зерттеу.

    26. Буындарды зерттеу.

    27. Бронхөкпелік патологиялары бар науқастар қандай шағым білдіреді?

    28. Олардың пайда болу механизмі және әр шағымның сипаттамасы.

    29. Қарау жүргізудің кезеңділігі мен анықталған ауытқулардың түсіндірмесі.

    30. Кеуде қуысының түрлерін атаңыз.

    31. Тыныс алу түрлері.

    32. Тыныс алу мүшелері аурулары кезіндегі тыныс алу ырғағының, жиілігінің, тереңдігінің бұзылуы.

    33. Кеуде қуысын пальпациялаудың диагностикалық маңызы.

    34. Кеуде қуысын пальпациялау әдістемесі.

    35. Кеуде қуысының резистенттіліг туралы түсінік, өзгеру себептері.

    36. Дауыс дірілі туралы түсінік, өзгеру себептері.

    37. Перкуссияны физикалық негіздері.

    38. Перкуссияның ережесі мен жүргізу техникасы.

    39. Перкуссияның түрлері.

    40. Кеуде қуысының топографиялық сызықтары және қабырғаларды санаудың шамалау нүктелері.

    41. Топографиялық перкуссияны жүргізу ережесі, өкпе шекараларын анықтау.

    42. Өкпенің қалыпты шекаралары.

    43. Тыныс алу мүшелері ауруларындағы өкпе үстіндегі перкуторлы дыбыстың нұсқалары.

    44. Өкпе тінінің ауаға толуының жоғарылауында перкуторлы дыбыстың өзгеруі.

    45. Өкпе тінінің тығыздалуында перкуторлы дыбыстың өзгеруі.

    46. Өкпе тінінде қуыс пайда болғанда перкуторлы дыбыстың өзгеруі.

    47. Өкпе тінінде сұйықтық жиналуында перкуторлы дыбыстың өзгеруі.

    48. Стетоскоп және фонендоскоптың құрылысы.

    49. Негізгі тыныс шуларының пайда болу механизмі.

    50. Тыныс шуларының физиологиялық өзгерістері.

    51. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы немен байланысты?

    52. Өкпе тінінің тығыздалу синдромы бар науқастар қандай шағымдар білдіреді?

    53. Өкпе тінінде қуыс пайда болу синдромы немен байланысты?

    54. Өкпе тінінде қуыс пайда болу синдромы бар науқастар қандай шағымдар білдіреді?

    55. Қандай жағдайларда плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромы байқалады?

    56. Транссудат деген не?

    57. Экссудат деген не?

    58. Плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромына қандай белгілер тән?

    59. Плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромының рентгенологиялық белгілерін атаңыз.

    60. Қандай жағдайларда плевра қуысында ауа жиналу синдромы байқалады?

    61. Плевра қуысында ауа жиналу синдромын рентгенологиялық тексеруде не анықталады?

    62. Бронхофония, әдістемесі және техникасы, анықтамасы. Жүргізу тәртібі. Диагностикалық маңызы.

    63. Өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық өткізгіштіктің бұзылуы, плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуы синдромдарын тудыратын себептер.

    64. Аталған синдромдарда туындайтын негізгі клиникалық көріністері, симптомдары:

    А) шағымдары (ентігу, тұншығу), сипаттамасы.

    Б) қарау осмотра, пальпация, перкуссия, аускультация мәліметтері.

    65. Объективті тексеру мәліметтері.

    66. Қосымша тексеру әдістері: рентгенографиялық әдіс, спирография.

    67. Аталған синдромды туындауынан дамыған ауруға сай емдеу принциптері.



    1. Тамырларды қарау және пальпациялау әдістерімен тексеру.

    2. Пульстік толқынның таралуы немен байланысты?

    3. Пульстік толқынның таралу жылдамдығы.

    4. Тамырлардың пальпациясы.

    5. Сфигмография, анықтамасы және қасиеттері.

    6. Сфигмографияның түрлері: тіке және көлемді.

    7. Артериалды пульстің қасиеттері.

    8. Везикулярлы тыныстың капиллярлық өзгерісін тексеру: әлсіреуі және күшеюі.

    9. Көктамыр пульсін тексеру. Флебография.

    10. Артериалды гипертензия туралы түсінік.

    11. Артериалды қысымның физиологиялық тербелісі.

    12. Қалыпты сфигмограмманың құрылымы.

    13. Капилляроскопия әдістері.

    14. Жүрек-қантамыр патологиялары бар науқастар қандай шағымдар білдіреді?

    15. Әр шағымның пайда болу механизмі мен сипаттамасы.

    16. Қарауды жүргізу кезеңділігі мен анықталған ауытқуларды талдау.

    17. Артерия, көктамырдың құрылысы.

    18. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды жалпы және жергілікті қарау анықталатын жиі байқалатын симптомдарын белгілеу.

    19. Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларындағы шағымдары және олардың пайда болу механизмі.

    20. Анамнезді жинауда науқастардан нені анықтау қажет.

    21. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастарын жалпы қараудың қандай ерекшеліктері тән.

    22. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастардың анамнезін жинау ерекшелігі.

    23. Коронарлы қанайналымның физиологиясы.

    24. Коронарлы жеткіліксіздік туралы түсінік және анықтамасы.

    25. Жүрек жеткіліксіздігі туралы түсінік және анықтамасы.

    26. Қандай патологиялардың түрлерінде миокардты біріншілік зақымдайтын және ондағы зат алмасуын бұзатын, аурулармен байланысты жүрек жеткіліксіздігі байқалады?

    27. Қандай патологиялардың түрлерінде жүректің өзінде немесе қанайналымындағы патологияларда туындайтын миокардтың жүктемесімен және зорығуымен байланысты жүрек жеткіліксіздігі байқалады?

    28. Қандай жағдайларда сол қарыншаның жүктемесі байқалады?

    29. Қандай жағдайларда оң қарыншаның жүктемесі байқалады?

    30. Қандай жағдайларда екі қарыншаның да жүктемесі байқалады?

    31. Жіті жүрек жеткіліксіздігі қашан дамуы мүмкін?

    32. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі қалай дамиды?

    33. Айқын жүрек жеткіліксіздігінде қандай гемодинамикалық өзгерістер байқалады?

    34. Қанайналым жеткіліксіздігінің клиникалық көріністерін атаңыз.

    35. Жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары.

    36. Жүрек жеткіліксіздігінің диагностикалық әдістері.

    37. Жүрек демікпесі кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің принциптері.

    38. Өкпе ісінуі кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің принциптері.

    39. Асқорыту жүйесінің анатомиясы және физиологиясы.

    40. Асқорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың негізгі және қосымша шағымдары

    41. Асқорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың анамнезін жинауда нені анықтау керек?

    42. Науқасты жалпы қарағанда неге көңіл аудару керек?

    43. Ауыз қуысын қараудың диагностикалық маңызы.

    44. Іш аймағының топографиялық сызықтары.

    45. Іш формасының өзгеруінің себептері.

    46. Дисфагия, асқазан және ішек диспепсиясы мен ішектен қан кету синдромдары.

    47. Құрсақ қуысы мүшелерінің алдыңғы құрсақ қуысына проекциясы.

    48. Асқорыту жүйелері ауруларындағы белгілердің диагностикалық маңызы.

    49. Ішті қарау әдістемесі, беткейлік ориентациялық және терең сырғымалы пальпациясы, бауыр мен талақтың пальпациясы.

    50. Шеменді анықтау.

    118. Алынған мәліметтерді талдау.

    119. Тексеру нәтижелерін дұрыс толтыру.



    1. Іштің топографиялық аймақтары.

    2. Асқазан – ішек жолының ауруларындағы негізгі шағымдары.

    3. Асқазан – ішек жолының аурулары бар науқастарға сұрастыру жүргізу.

    4. Ішті қарау әдістемесі, беткейлі және терең сырғымалы пальпацияның әдістемесі, бауыр мен талақ пальпациясы.

    5. Ішек диспепсиясы, ішектен қан кетудің негізгі белгілерін анықтау.

    6. Ішек диспепсиясы және ішектен қан кетуге алып келетін себептер.

    7. Осы синдромдарды анықтау әдістері.

    8. Алынған мәліметтерді интерпретациялау.

    9. Тексеру нәтижелерін дұрыс толтыру.

    10. Ішек аурулары бар науқастардың айтатын шағымдары.

    11. Несеп шығару жүйесінің анатомиясы және физиологиясы.

    12. Нефронның құрылысы.

    13. Бүйректердің функциясы.

    14. Іштің топографиялық аймақтары.

    15. Бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастарды сұрастыру.

    16. Жалпы қарау және бүйрек аймағын қарау әдістемесі.

    17. Перкуссия әдістемесі: соққылау әдісі, Пастернацкий әдісі.

    18. Несеп шығару жүйесі ауруларының негізгі белгілерін анықтау.

    19. Несептік синдромы бар науқастарды жалпы қарау әдістемесі.

    20. Нефротикалық синдромы бар науқастарды жалпы қарау әдістемесі.

    21. Бүйрек жеткіліксіздігі синдромы бар науқастарды жалпы қарау әдістемесі.

    22. Несептік синдромының негізгі белгілері.

    23. Нефротикалық синдромының негізгі белгілері.

    24. Бүйрек жеткіліксіздігі синдромының негізгі белгілері.

    25. Дизурия, бүйрек жеткіліксіздігінің дизуриялық өзгерістерінің диагностикалық маңызы.

    26. Гематурия түрлері, диагностикалық маңызы.

    27. Эндокринді жүйе аурулары бар науқастардың негізгі және қосымша шағымдары

    28. Эндокринді жүйе аурулары бар науқастарға қарау жүргізудің әдістемесі

    29. Лимфа түйіндерін пальпациялау

    30. Талақтың перкуссиясы мен пальпациясы

    31. ҚД кезіндегі липидті алмасудың бұзылысы.

    32. ҚД кезіндегі ақуыздық алмасудың бұзылысы.

    33. Зертханалық-аспаптық зерттеудің негізгі әдістері.

    34. Ұйқы безінің негізгі қызметі.

    35. ҚД жіктелуі.

    36. ҚД клиникалық көрінісі. Ауыз қуысының зақымдалуы.

    37. ҚД анықтау әдістері.

    38. ҚД емдеу принциптері - инсулинотерапия, қантты төмендететін пероральді дәрілермен емдеу.

    39. Диабеттік гипер- және гипогликемиялық комаларды анықтау және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.

    40. Қант диабеті және тиреотоксикозбен ауыратын науқастарды клиникалық тексеру, алынған мәліметтерді талдау

    41. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелері.

    42. ДТЗ этиологиясы.

    43. Патогенезі. Жүйке жарақатының рөлі.

    44. Клиникасы.

    45. Қалқанша безінің пальпациясы.

    46. Тиреотоксикозды зертханалық және аспаптық диагностикалау.

    47. Дифференциалды диагноз.

    48. Емдеу принциптері.

    49. Ағзадағы йод алмасуы.

    50. Кеуде қуысы мүшелерінің анатомиялық құрылысы.

    51. Кеуде қуысы мүшелерінің топографиялық анатомиясы.

    52. Тыныс алу мүшелерінің физиологиясы.

    53. Пневмонияның (крупозды, ошақты) этиологиясы мен патогенезі.

    54. Пневмонияның бастаушы синдромдары.

    55. Өкпе тінінің тығыздалу синдромының перкуторлы белгілері.

    56. Өкпе тінінің тығыздалу синдромының аускультативті белгілері.

    57. Үдеріс кезеңіне қарай крупозды пневмонияның аускультативті белгілері.

    58. Пневмонияның мүмкін асқынулары.

    59. Пневмонияны анықтаудың параклиникалық әдістері, зертханалық әдістер, қанды, қақырықты тексеру, бронхоскопиялық, рентгенологиялық әдістер, сыртқы тыныс қызметін - спирография, пикфлоуметрия арқылы анықтау.

    60. Пневмония кезіндегі қанды зертханалық тексеру әдістері.

    61. Пневмония кезіндегі қақырықты зертханалық тексеру әдістері.

    62. Пневмонияның аспаптық анықтау: бронхоскопиялық, рентгенологиялық әдістер.

    63. Сыртқы тыныс қызметін анықтау - спирография, пикфлоуметрия әдістері.

    64. Антибактериалды дәрілермен емдеу әдісі.

    65. Жүректің ишемиялық ауруы синдромын (стенокардия, миокард инфакті) анықтау.

    66. Атеросклероз туралы түсінік.

    67. Негізгі этиологиялық факторлары.

    68. ЖИА негізгі белгілері.

    69. Жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероздың даму механизмі.

    70. Жүректің ишемиялық ауруының диагностикасын – бұл патологияға қолданылатын негізгі препараттар.

    71. Стенокардияны емдеуге арналған препараттардың топтары.

    72. Жүрек-тамыр жүйесін қарау, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу.

    73. Жүректің ишемиялық ауруының анықтамасы.

    74. Стенокардияның анықтамасы.

    75. Миокард инфарктінің анықтамасы.

    76. Жүректің ишемиялық ауруына алып келетін себептер.

    77. Жүректің ишемиялық ауруының қауіп факторы.

    78. Атеросклероз, анықтамасы, себептері, диагностикалау әдістері.

    79. Жүректің ишемиялық ауруының симптомдары (ЖИА кезіндегі ауру ерекшеліктері).

    80. Жүректің ишемиялық ауруының диагностикасы (ЭКГ белгілері, ферменттері).

    81. Стенокардия кезіндегі шұғыл көмек.

    82. Миокард инфаркті кезіндегі шұғыл көмек.

    83. Жүрек-тамыр жүйесінің анатомиясы.

    84. Жүрек-тамыр жүйесінің физиологиясы.

    85. Үлкен қан айналым шеңберінің гемодинамикасы.

    86. Кіші қан айналым шеңберінің гемодинамикасы.

    87. Коронарлы қанайналым.

    88. Артериялық гипертония дегеніміз не?

    89. Артериялық гипертония алып келетін себептер.

    90. Негізгі этиологиялық факторлар.

    91. Артериялық гипертонияның қауіп факторлары.

    92. Артериялық гипертонияның даму патогенезі.

    93. АГ жіктелуі.

    94. Артериялық гипертонияның симптомдары.

    95. Артериялық гипертонияның диагностикасы.

    96. Артериялық гипертонияның ЭКГ белгілері.

    97. Ойық жара ауруының анықтамасы, этиологиясы мен патогенезі.

    98. Ойық жара ауруының қазіргі жіктелуі.

    99. Ойық жара ауруының негізгі клинико-экдоскопиялық және морфологиялық белгілері.

    100. Helicobacter pylori-ді анықтау әдістері.

    101. Ойық жара ауруының асқынуы.

    102. Зертханалық-аспаптық диагностика.

    103. Ойық жара ауруын заманауи емдеу принциптері және алдын алу, антигелико-бактерлы терапия сызбасы.

    104. Асқазан мен ұлтабардың анатомиясы мен топографиясы.

    105. Асқазан функциялары.

    106. Асқазанның қышқыл түзуші қызметінің ерекшеліктері.

    107. Шырышты қабаттың морфологиясы.

    108. Асқазанның пальпациясы (бимануалды әдіспен).

    109. ЖҚА маңызы.

    110. Копрограмма өзгерістері; Грегерсен реакциясы.

    111. Helicobacter pylori-ді анықтау әдістері

    112. Асқазанның қышқыл түзуші қызметін бағалау (интрагастралды рН-метрия).

    113. Жіті және созылмалы ойық жараның эндоскопиялық көрінісі.

    114. Рентгенологиялық зерттеу әдістерінің маңызы.

    115. Ойық жара ауруын емдеу әдістері.

    116. Ойық жара ауруын емдеуге қолданылатын дәрілердің негізгі топтары.

    117. Ойық жараға қарсы терапияның заманауи сызбасы.

    118. Ойық жара ауруының профилактикасы.

    119. Ойық жара ауруының болжамы мен аяқталуы, асқынулары. Дәрігерлік тактика.

    120. Өт қабы мен ұйқы безінің анатомиясы, физиологиясы.

    121. Өт қабы мен ұйқы безінің физиологиялық ерекшеліктері.

    122. Ұйқы безінің сыртқы және ішкі секрециялық қызметі.

    123. Өт қабы мен ұйқы безімен ауырған науқастарды сұрастыру және қарау.

    124. Өт қабы мен ұйқы безін пальпациялау.

    125. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.

    126. Өт қабын рентгенологиялық зерттеу.

    127. Холецистография, сцинтиграфия және т.б. зерттеу әдістері туралы түсінік.

    128. Өт қабының қабыну синдромы, себептері, симптомдары, олардың механизмі.

    129. Ұйқы безінің қабыну синдромы, себептері, симптомдары, олардың механизмі.


    Тәжірибелік дағдылар тізбесі

    1. Науқасты сұрастыру.

    2. Науқасқа дұрыс, кезеңді жалпы қарауды жүргізу.

    3. Науқасты ауру тарихы сызбасы бойынша сұрастыруды жүргізу.

    4. Науқастың кеуде қуысын қарауды жүргізу.

    5. Науқастың дене бітімінің түрін анықтау.

    6. Тыныс алу түрін, жиілігін және ырғағын анықтау.

    7. Кеуде қуысын пальпациялау.

    8. Кеуде қуысына топографиялық сызықтарды (оң жақ және сол жақ): алдыңғы ортаңғы, төс, төс маңы, бұғана ортаңғы, қолтық асты, жауырын, омыртқа маңы және артқы ортаңғы (омыртқаның сүйір өсінділері бойынан) жүргізу.

    9. Өкпеге салыстырмалы перкуссия жүргізу.

    10. Өкпеге топографиялық перкуссия жүргізу.

    11. Өкпенің төменгі шекарасын анықтау.

    12. Өпкенің экскурсиясын анықтау.

    13. Кренинг алаңының шекараларын анықтау.

    14. Өкпе ұшының биіктігін оң және сол жақтан анықтау.

    15. Тыныс алу мүшелері патологияларының әртүрлі түрлерінің диагностикалық аускультативті белгілерін ажырату.

    16. Тыныс жеткіліксіздігінің жасырын және анық белгілерін анықтау.

    17. Жалпы қақырық аназизін талдау.

    18. Қақырықты бактериологиялық егу мәліметтерін талдау.

    19. Плевра сұйықтығын зерттеу мәліметтерін талдау.

    20. Спирография мәліметтерін талдау.

    21. Спирометрия мәліметтерін талдау.

    22. Пикфлоуметрия мәліметтерін талдау.

    23. Көкірек қуысы рентгенографиясының мәліметтерін талдау.

    24. Аускультацияда анықталған мәліметтерін талдау.

    25. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастарға сұрастыру жүргізу.

    26. Анамнезінен аурудың басталуын, нашарлау жиілігін, себептерін және оның туындау жағдайларын анықтау.

    27. Өмір тарихынан бастан өткерген ауруларын, өмір сүру және жұмыс жағдайларын, «зиянды әдеттерін», тұқым қуалаушылық бейімділігін, эндокринді бұзылыстарын, климаттық-ауа райылық жағдайлардың әсерін анықтау.

    28. Патологиялық эпигастралды пульсацияны физиологиялықтан айырмашылығын ажырату.

    29. Тамырлардың пальпациясын: шынтақ, самай, ұйқы, тобық артерияларын, тізе асты, сан, бұғана асты.

    30. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастардың мәжбүрлі қалпының нұсқаларын сипаттау.

    31. Артериалды гипертензиясы бар науқастарға сұрастыру жүргізу.

    32. Артериалды гипертониясы бар науқастардың диагностикалық белгілерін анықтау.

    33. Жіті және созылмалы жүрек (солқарыншалық және оңқарыншалық) жеткіліксіздігі, жіті қантамыр жеткіліксіздігі (талу, коллапс, шок) бар науқасқа сұрастыру жүргізу.

    34. Жіті және созылмалы жүрек (солқарыншалық және оңқарыншалық) жеткіліксіздігі бар науқастардың диагностикалық белгілерін анықтау.

    35. Каталог: kafedra -> terap bak
      kafedra -> Учебно-методический комплекс по дисциплине «культурология» Для направления 521400
      kafedra -> Побічна дія ліків
      kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
      kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»
      kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
      kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
      kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
      terap bak -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие
      terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3219 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»


      Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет