ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының



бет33/38
Дата07.05.2017
өлшемі7,25 Mb.
#15851
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

Есеп №21


Науқас Ц., 42 жаста, терінің қышуына, сарғаюға, таңғы уақытта ауыздағы ащы дәмге, несебінің қою қоңыр түске боялуына шағымданады. Қарағанда: тері қабаттары мен склерасы сарғайған,дене терісінде тырналған орындар бар.

Аталған белгілер қандай патологиялық үдерістерге тән?


Есеп №22


Науқас «аш қарынға», түнгі және кеш, сода немесе аз көлемдегі асты қабылдағаннан кейін бәсеңситін ауырсынуға, қыжылдауға, ауырсыну шыңындағы құсуға, ішқатуға шағымданады. 5 жылданбері ауырады, кеш күзде өршу болып тұрады. Өршулер арасында өзін жақсы сезінеді.

Объективті: іші аздап ширыққан және эпигастрий аймағының оң жақ бөлігі ауырсынады. Мендель симптомы орталық сызық бойында кіндіктен аздап жоғары оң жағында оң мәнді.

Аталған белгілер қай ауруларға тән?

Есеп №23


Науқас С., 37 жаста, бір түні бойы екі рет құсқанына шағымданады. Құсық массасы қою-бурыл түсті. Азанда сұйық боп іші өткен. Қарағанда: бозарған, әлсіз, суық термен жабылған.

Сипатталған жағдайдың болжамды себебі қандай?


Есеп №24


Науқас К., 52 жаста, оң жақ қабырға астындағы қарқынды төрт сағаттық ауырсынудан кейін тері жабындылары мен шырышты қабаттары сарғайған.

Сарғаюдың себебі қандай?


Есеп №25


Науқас И., 30 жаста, тамақты ішкеннен соң 1,5-2 сағаттан кейін эпигастрий аймағының ауырсынуына, кезеңді түрде қабылдаған аспен құсу, құсқаннан кейін басылатын ауырсынуға шағымданады. Пальпацияда эпигастрий аймағының ауырсынуы байқалады.

Сипатталған жағдайлар асқорыту жүйесінің қандай ауруларына тән?


Есеп №26


Науқас Т., 23 жаста, бас ауруына, дене температурасының субфебрильді деңгейге дейін көтерілуіне, қызыл, күңгірт несептің бөлінуіне шағымданады. Несеп анализінде: гематурия, протеинурия 1,6 г/тәул, бірен-саран воск тәрізді цилиндрлер анықталды анықталды.

Сипатталған белгілер несеп шығару жүйесінің қандай ауруларына тән?


Есеп №27


Науқас Ш., 38 жаста, бет пен аяқтардың ісінуіне шағымданады. Анамнезінде созылмалы іріңді бронхит. Қарағанда: ісіктер бозғылт, жылы, қозғалмалы, басқанда «шұнқырлар» түзілмейді.

Сипатталған ісінулер қай синдромға тән?


Есеп №28


Науқас К. несеп анализінде: ақуыз 0,9 г/тәул, лейкоциттер – 60-95 көру алаңында, грамтеріс бактериялар көп көлемде.

Бұл белгіні қандай терминмен атайды? Несеп шығару жүйесінің қандай патологияларына тән?


Есеп №29


Ш. атты созылмалы гломерулонериті бар науқас жүрек айнуға, іш өтуге шағымданды. Қарағанда: терісі топырақ (жер) түсті, қасынғын орындары бар, құрғақ, ауыздан несептің иісі шығып тұр. Аускультацияда: перикардтың үйкеліс шуы.

Сипатталған белгілер қандай патологиялық үдеріске тән екенін атаңыз?


Есеп №30


Науқастың несебінде көп көлемде ақуыз – 7,6 г/тәул анықталды. Қанда жалпы ақуыз 49 г/л, альбуминдер – 21,1 г/л.

Сипатталған зертханалық белгілер қандай патологиялық жағдайға (синдромға) тән?



Есеп №31

17 жастағы науқаста баспадан кейін 10 күн өткенде бас ауруы, ентігу, таңертең көз алдының ісінуі байқалды. Несеп анализінде: ақуыз 1,65 г/л, лейкоциттеры – 0-2 к.а., эритроциттер – 10-15 к.а., цилиндрлер гиалинді 0-1 к.а., дәнді цилиндрлер – бірен-саран.

Болжам диагноз? Бас ауырудың және ентігудің себептері?

Есеп №32


Науқас Ц., 42 жаста, терісінің қышынуына, сарғаюына, таңертең ауыздағы ащы дәмге, несебінің қою-қоңыр түске боялуына шағымданады. қарағанда: тері жабындысы мен көз склерасы сарғайған, дене терісінде қышынулар орны байқалады.

Сипатталған белгілер қандай патологиялық үдеріске тән?


Есеп №33


С. есімді науқастың несебінде ақуыздың көп мөлшері – 8,1 г/тәул анықталды. Қанда жалпы ақуыз 49 г/л, альбуминдер – 21,1 г/л.

Сипатталған зертханалық белгілер қандай патологиялық жағдайға (синдромға) тән?



Есеп №34

Науқастың несебінде ақуыздың көп мөлшері – 4,6 г/тәул анықталды. Қанда жалпы ақуыз 32 г/л, альбуминдер – 18,9 г/л.

Сипатталған зертханалық белгілер қандай патологиялық жағдайға (синдромға) тән?

Есеп №35

17 жастағы науқаста баспадан кейін 10 күн өткенде бас ауруы, ентігу, таңертең көз алдының ісінуі байқалды. Несеп анализінде: ақуыз 2,7 г/л, лейкоциттеры – 2-4 к.а., эритроциттер – 10-15 к.а., цилиндрлер гиалинді 0-1-2 к.а., дәнді цилиндрлер – бірен-саран.

Болжам диагноз? Бас ауырудың және ентігудің себептері?

Есеп №36


15 жастағы науқаста баспадан кейін екі апта өткенде бас ауруы, бел аймағының ауыруы, ентігу, таңертең көз алдының ісінуі байқалды. Несеп анализінде: ақуыз 3,08 г/л, лейкоциттеры – 5-6 к.а., эритроциттер – 8-11 к.а., цилиндрлер гиалинді 0-1-2 к.а., дәнді цилиндрлер – бірен-саран.

Болжам диагноз? Бас ауырудың және ентігудің себептері?



Есеп №37

Науқас Б., 48 жаста, ентігу, температура байқалады. Қарағанда науқастың кеуде қуысының жартысының тыныс алуда қалуы анықталды. Дауыс дірілі күшейген, пер­куторлы дыбыс зақымдалу ошағының үстінде тұйықталған, везикулярлы тыныс әлсіреген, бронхофония күшейген. ЖҚА лейкоцитоз -20,0*109/л. R-гомо­генді қараю.

Қандай ауру туралы айтылған?

Есеп №38

Науқас К., 47 жаста шағымдары температураның 39 гр. дейін көтерілуі, қалтырау, ентігу, бас ауру, жөтел. Сол жақтың төменгі бөлігінің крупозды пневмониясы диагнозымен стационарлы емделіп жатыр. Таңғы сағат 6-да кенет жалпы жағдайы нашарлады, тері жабындылары бозарып, шекесінде суық тер шықты, еріндердің цианозы артты. Температурасы 35,8. Есі сопорозды, тынысы жиілеген, беткейлі. ЖСЖ 120 рет 1 мин. АҚ 40/20 мм с.б.б.

а) Асқынуы қалай аталады?

б) Алғашқы медициналық көмек?



Есеп №39

Науқас У. 30 жаста, емханаға құрғақ жөтел, тамағының жыбырлауы, температурасының 38гр. дейін көтерілуі, бас ауруы, жалпы әлсіздік деген шағымдармен келді. Қарағанда жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері жабындылары қалыпты түсте. Дауыс дірілі және бронхофония өзгермеген. Перкуссияда ашық өкпелік дыбыс. Аускультацияда қатты тыныс, бірен-саран сырылдар.

Қандай ауру туралы айтылған?

Аурудың синдромдарын атаңыз?



Есеп №40

Науқас М., 45 жаста, слесарь. 10 жыл көлемінде темекі тартады. Жел өтінде жұмыс істегеннен кейін 2 күн өткенде баспалдақпен көтеріліп келе жатқанында ентігуді байқады. Жөтел тұрақты шырышты-іріңді қақырықпен.

Обьективті: жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Пер­куссия және пальпацияда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Аускультацияда қатаң тыныс фонында көптеген құрғақ сырылдар.

Кеуде қуысының R-тексеруі – өкпенің ауалық алаңының артуы, өкпе суретінің күшеюі және оның деформациясы.

Қандай ауру туралы айтылған?

Аурудың синдромдарын атаңыз?



Есеп №41

Науқас Т. 20 жаста, студентк қыз. Шағымдары құрғақ жөтел, тамағының жыбырлауы, жалпы әлсіздік, субфебрильді температура. Өзін 2 күн көлемінде аурумын деп санайды, тұмауды өткергеннен кейін. Емделмеген. Жағдайы қанағаттанарлық. Ентігу жоқ. Тері жабындылары қалыпты түсте. Дауыс дірілі және бронхофония өзгеріссіз. Перкуссияда ашық өкпелік дыбыс. Аускультативті: қатты тыныс, ысқырықты және ызыңдаған құрғақ сырылдар.

Қандай ауру туралы айтылған?

Аурудың синдромдарын атаңыз?



Есеп №42

Науқас К. 50 жаста. 3 жыл көлемінде созылмалы обструктивті бронхитпен зардап шегеді. Шағымдары тәулігіне 100 мл-ге дейінгі үлкен көлемдегі иісті шырышты-қақырықты жөтел. Кейде қақырыққа қан араласады, кеуде қуысындағы ауырсыну, тем­пература. Қарағанда: беті ісінген, цианоз, кеуде қуысы эмфизематозды фор­малы. Саусақ фалангалары барабан таяқшалары және тырнақтары сағат әйнегі тәрізді. Перкуторлы - перку­торлы дыбыс тұйықталған, қорапты дыбыс. Аускультативті: қатты тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар. R-тексеру: өкпе тінінің мөлдірлігі жоғарылаған, өкпе суреті күшейген.

Сіздің диагнозыңыз?

Бастапқы синдромдары?



Есеп №43

Науқас Р, 53 жаста. Кардиологқа 200 м қашықтыққа жүргенде, баспалдақпен бірінші қабатқа көтерілгенде суық далаға шыққанда пайда болатын төс артының ауырсынуына, оның сол иық пен мойынға таралуына шағымданып келді. Ауырсыну сезімі жүруді тоқтатқанда немесе нитроглицерин қабылдаған соң 3-5 мин соң тоқтайды.

Объективті: жағдайы орта ауырлықта. Қабақтарында ксантелазмалар байқалады. АҚ 160/110 мм с.б.б., РS - 82 рет 1 мин. Ырғағы дұрыс аздап кернелген. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шегі: оң төстің оң қырымен. Сол V қабырғааралықта сол жақ бұғана орта сызығы бойымен. Жоғарғы II қабырғааралықта. Cor тондары жүрек ұшында I тон әлсіреген, аортада ІІ тонның металдық акценті. Өкпеде везикулярлы тыныс.

Сұрақтары:

1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.

2. Тексеру жоспары.

3. Емдеу принциптері.

Есеп №44

Науқас С, түнгі уақытта төс артының нитроглицеринге әрең басылатын ауырсыну ұстама болған. Физикалық жүктемені жеңіл көтереді. Ұстама кезінде ЭКГ түсіргенде инфарктке ұқсас өзгеріс айқындалды, бірнеше минуттардан кейін ұстама басылғанда ЭКГ-дағы бұл өзгерістер ізсіз жоғалды.

Сұрақтары:

1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.

2. Науқастың мұндай жағдайын қалай сипаттайсыз?

3. Бұл науқасқа қандай дәрілер тағайындаған жөн?

4. Болжамы қандай?

Есеп №45

Науқас Т. 62 жаста жіті миокард инфарктісін 4 жыл алдын өткерген, гипертониялық аурумен 12 жыл бойы ауырады.

Обьективті: жағдайы орта ауырлықта, тері беткейлерінің бозаруы байқалады, жүрек шекаралары – сол сол жақтағы бұғана ортаңғы сызықтан 2 см тысқары, жүрек тондары тұйықталған, АҚ 200/110 мм с.б.б., ырғағы дұрыс, ЖСЖ 118 рет 1 мин. ЭКГ - синустық тахикардия, ЖСЖ 125 рет мин., жүректің электрлік өсі солға ығысқан. Сол жақ қарынша гипертрофиясы.

Сұрақтары:



  1. Диагноз қойыңыз.

  2. Тағы қандай қосымша тексерулер тағайындау керек?

  3. Емдеу принциптері.

  4. Интерпретациялаңыз.

Қан анализінде: Эритроциттер-3,8х1012/л, лейкоциттер-7,9 х109/л; с/я-63.7; Т/я-3-4; ЭТЖ-23 мм/сағ.

Есеп №46

Науқас К. 38 жаста ревматизммен және митралды саңылаудың стенозымен ауыратын әйел кісі босану алдында тұншығу ұстамасы байқалды.

Объективті: Қалпы ортопноэ суық тер, еріндері көгерген. Мойын көктамырлары ісінген ұзына бойының 1/3 бөлігінде. Тыныс алуы қиындаған, тыныс алу актіне қосымша бұлшықеттер қатысады. ТАЖ 29 рет 1 мин. АҚ 220/110 мм с.б.б., РS - 151 соққы 1 мин, ЖСЖ - 183 соққы 1 мин пульс тапшылығы 32. Жүректің салыстырмалы шегі төстің оң жақ қырынан 1,5 см оңға қарай, жоғарғы II қабырғааралықта, сол бұғанаорта сызығынан 1,0 см ішке. Соr тондары: I тон - әркелкі дыбысты, мезодиастолалық шу жүрек ұшында, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Өкпенің төменгі бөлімдерінде іркілістік құрғақ сырылдар естіледі.

Сұрақтары:

1. Негізгі синдромын анықтаңыз.

3. Тексеру жоспары.

4. Жедел жәрдем.

Есеп47

Науқас М., 42 жаста, ауруханаға эпигастрий аймағының тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын тұйық, сыздап ауырсыну, әлсіздік, жоғары шаршағыштық, құсу, тәбеттің төмендеуі шағымдарымен келіп түсті.

Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері жабындары мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 20 рет 1 мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрий аймағында, әсіресе ортаңғы сызықтың оң жағына таман ауырсынады. Нәжісі – іш қатуға бейім.

Тексергенде:

1. ЖҚА: НВ-98г/л; ЭР - 2,3х1012/л; ТК - 0,85; ЭТЖ - 10 мм/сағ; L - 9х109/л.

2. ФГДС қорытындысы. Шырышты қабаты бозарған, сұрғыш түсті. Қатпарлары жұқарған, өлшемі кішірейген, шырыш асты тамырлар өте жақсы көрінеді. Асқазан қуысында көп көлемде бұлыңғыр түсті құрамдас сөл байқалады. Кіші иінінде шырышты қабаттың де­фекті 0-5x6 см орналасқан, оның терең түбі сарғыш түсті фибринозды жабынмен қапталған және қырлары жұлдызша тәрізді сүйелденген. Қабыну белгілері айқын байқалмайды.

3. Гистология: өзіндік пластинкалар және лимфоцит эпителийлерімен инфильтрацияланған, ішектік метаплазия ошақтары. НР+3; РН=1,54.

Қан тобы 0(I)

Сұрақтары:

1. Сіздің диагнозыңыз.

2. Тексеру жоспарына тағы не қосу керек.

3. Емі.


Есеп №48

Науқас 25 жаста; ауруханаға тағам қабылдағаннан кейін басылатын эпигастрий аймағының кеш, аш қарынға ауыруы, қышқыл құрамды құсу, кекіру, қыжылдауға шағымданып келіп түсті.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Науқас астеникалық дене бітімде. Тері жабындары қалыпты түсте. АҚ 90/60 мм с.б.б. Тілі таза. Ішті пальпациялағанда – қорғаныстық қатаюы, эпигастрий аймағында және пилородуоденалды зонада ауырсыну.

Тексергенде:

1. ЖҚА: Hв - 120 г/л; Эр - 4,5x1012/л; ТК - 1,0; ЭТЖ - 8 мм/сағ; L - 8х109/л.

2. Қан тобы 0(I). Асқазан денесі PH = 1,0. Жасырын қанға нәжіс теріс нәтижелі.

3. ФГДС: асқазанның антралды бөлігінің шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген. Ұлтабардың алдыңғы қабырғасында диаметрі 8х10 мм дефект бар, кратерео-түрлі, айналасы қабынған, қырлары ісінген және қатпарлары конвергенцияланған. Ұлтабар деформацияланған, оның қуысы тарылған. Асқазан қуысында жасыл түсті бұлыңғыр құрамды сөл анықталады. Шырышты қабаты эндоскоппен контактіде оңай қанайды.

4. Гистология. Айқын белсенді антралды гастродуоденит, ішектік метаплазия ошақтары. Көптеген Н.Р.

Сұрақтары:

1. Сіздің диагнозыңыз.

2. Негізгі синдромды айқындаңыз.

3. Ажыратпалы ди­агноз жүргізіңіз.

4. Емдеу тактикасы.

Есеп №49

Науқастың ішінің, әсіресе төменгі бөлігінің ұлғаюы байқалады. Кіндігі сыртқа шығыңқы. Теріде кіндіктен құрсақ қуысына қарай радиалды бөлінетін кеңейген көктамырлардың жуан иірімді өрімдері байқалады. Бүйір беткейлерінде көкірек қуысынан іштің жоғары бөлігіне қарай бағытталған көктамырлар байқалады. Олардағы токтың бағыты жоғарыдан төмен қарай.

Мұндай өзгерістерді қандай себеп туғызуы мүмкін?

Қандағы токты қалай анықтайды және мұның диагностикалық маңызы қандай?



Есеп №50

Ішті пальпациялағанда оң жақ қабырғаастында ұлғайған қатты ауырсынатын бауыр анықталды. Оның шеткейі кедір-бұдыр, қатты, тығыз.

Қандай патологиялық процесс туралы ойлауға болады?

Есеп №51

Перкуссия кезіндегі қалыпты және патологиялық белгілерді анықтаңыз: бауырдың жоғарғы қыры IV қабырға деңгейінде; VII қабырға деңгейінде; оның төменгі қыры қабырғаасты доғадан шығып тұрады, оң жақ қабырға доғасынан 4 см; көкбауыр сол жақ қабырғаасты доғасынан 2 см-ге шығыңқы, оның ұзындығы 10 см, көлденеңі 12 см; бауырдың Курлов бойынша өлшемі 12х11х10см.



Есеп №52

45 жастағы, бірнеше жыл алдын вирусты гепатитті өткерген науқасты қарағанда, склераның сарғыштығы және кеуде мен аяқ терілерінде тамырлық жұлдызшалар байқалады. Ішті пальпациялағанда бауыр қыры қабырғаасты доғадан 3 см шығыңқы, тығыз, аздап ауырсынады, тегіс және қабырғаасты доғасы деңгейіндегі ауырсынбайтын көкбауыр анықталды.

Науқаста анықталған сарғаюды қалай түсіндіруге болады?

Есеп №53

Науқас әлсіздікке, жүрек соғуына және ентігуге, тілінің күйдіріп тұруына шағымданады. Қарағанда терісі мен шырышты қабаттары бозарған аздап сарғыш реңкте, тілі ашық қызыл түсті, тегіс, жылтыр. Пальпаторлы бауыр мен көкбауырдың аздап ұлғайғаны анықталады. Үлкен жіліншік сүйегін басқанда ауырсынады.

Қан анализінде эр 1,5х1012/л, НВ 50 г/л, түсті көрсеткіш 1,2, анизоцитоз, мегалобласттар, пойкилоцитоз, Жолли денешіктері, Кебот сақиналары.

Болжам диагноз және тексеру жоспары, анализдер мен синдромдарды интерпретациялау.



Есеп №54

Науқас С., 48 жаста оң жақ қабырғаастында, эпигастрий аймағындағы майлы және физикалық жұмыстан кейін күшейетін ауырсыну сезіміне, тәбеттің төмендеуіне, құсу, етз щаршағыштық, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде вирусты гепа­титпен ауырған. Қарағанда азғын, терісі субиктериялық, кеудесінде тамырлық "жұлдызшалар", алақан эритемасы, қызыл жылтыр ерін, жылтыр тіл, саусақтары барабан таяқшалары тәрізді. Іші ұлғайған, құрсақ қуысы тері асты көктамырлары кеңейген. Бауыры ұлғайған, тығыз, қыры өткір, беткейі тегіс емес, кедір-бұдырлы, көкбауыр ұлғайған.

Негізгі синдромын атаңыз және болжам диагноз.

Тексеру жоспары.



Есеп №55

Науқас Т., 49 жаста, слесарь, ауруханаға оң жақ қабырғаастының тұйық ауыруына, тәбеттің төмендеуіне, ауыздағы ащы дәмге, жүрек айнуға шағымданып келіп түсті. Бірнеше жылдан бері ауырады, дәрігерге қаралмаған. Науқастың зиянды әдеті бар алкогольді қолданады. Соңғы кездері аталған шағымдар күшейе бастаған.

Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, терісі қалыпты түсте, тілі ақ түсті жабынмен қапталған. Іші жұмсақ, аздап ауырсынады, оң жақ қабырғаастында бауырдың қыры 2-3 см шығыңқы, аздап тығыздалған, беткейі тегіс.

1. Тексеру жоспарын атаңыз.

2. Болжам диагноз.

«Клиникалық медицинаға кіріспе» пәнінен емтихан тестілеу тапсырмалары.

3 курс, Қоғамдық денсаулық сақтау, 540 тест

~ Науқасты сұрастыру үлгісін ұсынған, осы әдісті өнер деңгейіне дейін жеткізген терапевт – ғалым …

| Г. А. Захарьин.+

| Л. Ауэнбруггер.

| Р. Лаеннек.

| Куссмауль.

| Эйнтховен.

~ Перкуссия әдісін ұсынған ...

| Л. Ауэнбруггер.+

| Г.А. Захарьин.

| Р. Лаеннек.

| Куссмауль.

| Эйнтховен.

~ Аускультация әдісін ұсынған ...

| Р. Лаэнек.+

| Л. Ауэнбруггер.

| Г.А. Захарьин.

| Куссмауль.

| Эйнтховен.

~ Асқазанды зондтау әдісін ұсынған ғалым ...

| Куссмауль.+

| Г.А. Захарьин.

| Р. Лаэнек.

| Л. Ауэнбруггер.

| Эйнтховен.

~ ЭКГ аппаратын ұсынған ғалым – физиолог ...

| Эйнтховен.+

| Г.А. Захарьин.

| Р. Лаеннек.

| Куссмауль.

| Л. Ауэнбруггер.

~ Россияда алғашқы рет ауру тарихын кеңінен енгізген атақты орыс терапевті ...

| М.Я. Мудров.+

| Г.А. Захарьин.

| С.П. Боткин.

| С.С. Зимницкий.

| Василенко.

~ Науқасты тексерудің субъективті әдісі:

| сұрастыру+

| қарау


| пальпация

| перкуссия

| аускультация

~ Науқастың өмір анамнезіндегі ең маңызы төмен мәлімет:

| ауа райы+

| жанұялық жағдайы және тұқым қуалаушылыққа бейімділік

| ауырған аурулары

| зиянды әдеттері

| еңбек және тұрмыс жағдайы.

~ Науқастың ауру тарихы ... болып табылады.

| медициналық, заңдылық құжат+

| экологиялық құжат

| фармацевтикалық құжат

| қаржылық құжат

| статистикалық құжат

~ Науқасты тексерудің объективті әдісіне ... жатпайды.

| сұрау+

| пальпация

| перкуссия

| аускультация

| қарау

~ Сұрастырудың диагностикалық маңызы ең жоғары ауру:



| он екі елі ішектің жара ауруы+

| гипертония ауруы

| ревматизм

| стенокардия

| созылмалы бронхит

~ Ауру тарихын жинағандағы деректердің ең маңызды мәлімет:

| аурудың басталуы және осы қайталауға дейінгі даму ерекшеліктері;+

| ауру қалай дамыды;

| науқастың медициналық көмек сұрау жиілігі;

| ауру қашан және қалай басталды;

| анамнез бойынша өткізілген зерттеулер көлемі және ең тиімділігі.

~ Ауру тарихын жинағандағы мәні ең төмен анамнездік дерек:

| науқастың медициналық көмек сұрау жиілігі;+

| ауру қалай дамыды;

| ауру қашан және қалай басталды;

| аурудың басталуы және осы қайталауға дейінгі даму еркешеліктері;

| анамнез бойынша өткізілген зерттеулер көлемі және ең тиімділігі;

~ ... асқазан, он екі елі ішек науқастарын анықтауда мәні жоғары анамнездік дерек.

| Ішетін тағам түрлерін, тамақтану кестесін жән мүмкіндіктерін анықтау+

| Жанұялық – тұқым қуалау анамнезін жинау

| Эпидемиологиялық анамнез жинау

| Зиянды әдеттерін, жұмыс жағдайын анықтау

| Басынан кешкен ауруларды анықтау

~ ... сананың бұзылуына жатпайтын белгі.

| Ұйқысыздық+

| Ступор


| Сопор

| Қозу, еліру, галюцинация

| Кома

~ ... жалпы қарау ережесіне жатпайды.



| Науқасты толық шешіндіріп 2 – 3 метр қашықтықтан қарау+

| Жарық науқастың алдынан не қырынан түсуі

| Бөгде шудың болмауы

| Мүмкіндігінше науқасты күндіз қарау

| Науқасты белгілі бір ретпен қарау

~ ... науқасты жалпы қарауда анықталмайтын дерек.

| Жүрек аймағындағы өзгерістер+

| Дене бітімі

| Төсектегі қалпы

| Санасы


| Тері және көрінетін кілегей қабаттары

~ ... сананың комалық деңгейге дейінгі бұзылуына тән.

| Тыныс жетіспеушілігінің соңғы сатысы+

| Жедел бронхит

| Өкпе абсцессі

| Спонтанды пневмоторакс

| Крупозды пневмония

~ ... науқас алға қарай еңкейіп, қолдарын кереуетке тірей отыруға мәжбүр.

| Тыныс демікпесінің тұншығу ұстамасында+

| Бүйрек коликасында

| Жүрек демікпесінде

| Перикардитте

| Миокард инфарктісінде

~ ... кезінде науқас төсектен аяғын төмен түсіріп, қолдарымен керуетке тірей шалқая отыруға мәжбүр.

| Жүрек демікпесі+

| Тыныс демікпесі

| Перикардит

| Бүйрек коликасы

| Стенокардия

~ ... экссудативті перикардиті бар науқастың мәжбүрлі қалпы.

| Алға қарай еңкейе отыру+

| Басын жоғары салып жату

| Төсекте шалқая отыру

| Оң қырымен жату

| Шалқасынан жату

~ ... крупозды пневмониясы бар науқастың мәжбүрлі қалпы.

| Ауыратын жағына жату+

| Сау жағына жату

| Шалқасынан жату

| Етпетінен жату

| Еңкейіп отыру

~ Өкпенің іріңді сырқаты қайталамасында науқас ...

| ауыратын жағымен жатады.+

| сау жағымен жатады.

| шалқасынан жатады.

| етпетінен жатады.

| шалқая отырады.

~ ... жара ауруының қайталамасындағы науқастың төсектегі мәжбүрлі қалпы.

| Аяқтарын бүгіп ішіне жинап қырынан жату+

| Тізе - шынтақ буындарына жату

| Шалқая отыру

| Еңкейе отыру

| Аяқ буындарын бүгіп шалқасынан жату

~ «Митральды бет» ... тән.

| митральды стенозға+

| үш жармалы қақпақша жетіспеушілігіне

| Иценко – Кушинг синдромына

| перикардитке

| қолқа қақпақша ақауларына

~ Жүрек декомпенсациясындағы науқас (Корвизор) беті:

| сарғыш- қуқыл тартқан, көкшіл реңді, ісіңкі, көз жанары күңгірттенген, еріндері көкшілденген, ауызы жартылай ашық;+

| мұрны, еріндері, қабақ доғасы өскен;

| қуқыл тартқан, ісіңкі (әсіресе көз айналасында), мимикасы кедейленген;

| қызарған, мұрын, бет ұшы веналары кеңіген;

| ай тәрізді, жылтыр, қызарған;

~ Септикалық эндокардитке тән беттің түсі:

| «сүт қатқан кофе» түстес;+

| сарғыш;

| көкшіл;

| қызарған;

| қуқыл.

~ Тері түсінің көкшілдігі – «цианоз» себебі:

| қанда қалпына келген гемоглобин өскенінен;+

| қанда эритроциттер мен гемоглобиннің көбейгенінен;

| организмде газ алмасуы тездегеннен;

| шеткі тамырлардағы қан іркілісінен;

| шеткі тамырлар түйілгеннен.

~ Тері түсінің плеторалылығы … .

| қанда эритроциттер мен гемоглобиннің көбейгенінен+

| қанда қалпына келген гемоглобин өскенінен

| организмде газ алмасуы тездегеннен


Каталог: kafedra -> terap bak
kafedra -> Учебно-методический комплекс по дисциплине «культурология» Для направления 521400
kafedra -> Побічна дія ліків
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
terap bak -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3219 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет