10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
ингаляциялық әдіс, өткізу.
дәрі-дәрмек заттарды сыртқы тәсілмен енгізу әдісі:жағу, уқалап жағу, емдік пластырды қолдану, присыпка, көз, мұрын, құлаққа мазь жағу және тамшы тамызу.
осы әдістердің жақсы жақтары және кемшіліктері.
ингаляциялық енгізу әдістері кезінде қолданатын дәрілік заттардың түрлері.
сан.эпидемиологиялық талапқа сай және енгізуге қолданатын инструментарилер
науқастың дәрілік заттарды қабылдауын бақылау.
дәрілік заттарды таратуға медбикенің жұмыс орнын , құралдарды , медбике қолдарын дайындау.
қолданылған құралдарды тазарту.
медбикенің жеке қауіпсіздік барьерлері.
Дәрі-дәрмек заттарын сыртқы қолдану олардың белгілі бір жеріне әсер етуге негізделген. Зақымданбаған терінің сіңіру қабілеті өте төмен; заттарды тек май бездерінің шығару өзектері , май – ерігіш және шаш фолликулалары арқылы сіңіреді. Дәрі жағу таза теріге таза аспаптармен және мұқият жуылған қолмен жүргізіледі. Жағатын майды негізінен тері ауруларына қолданады. Зарарсыздандырылған қалақшамен жағатын майды екі бүктелген зарарсызданған салфеткаға жағады да, ауыратын жерге салады. Салфетканың үстіне шағын түрде қабаттап мақта төсейді. Егер май компрессі қажет болса, онда мақтаның астына компрестік қағаз салады да, бинттеп тастайды. Кейде тереңде жатқан тканға сіңіру үшін майды теріге жағуға тура келеді. Ол үшін терінің сол жерін сабындап жуып, содан соң алақанға қажетті мөлшерде май салып ол сіңгенше сыланады. Майды белгілі бір дене аймағына 30-40 мин-тай мұқият жағылады. Дененің түкті жерлеріне жағуға болмайды: егер осындай қажеттілік туса онда түгін қырып тастау керек.
Уқалап сипау үшін жылы дәрі-дәрмек заттың шағын мөлшерін алақанға құяды да, алақаны құрғап, терісі қызарғанша ысқылайды. Кейде теріге сырқат көңілін басқаға бұру ретінде йод тұнбасын жағуды қолданып отырады . Ол үшін ағаш немесе темір стерженьге домалақтанған мақта орап , содан кейін оны 5 спиртке жасалған йодқа батырып , теріге бірнеше рет жағады . Майламастан бұрын шишадағы бар йодты бүлдірмеу үшін шамалы малады. Процедурадан соң қалған йодты төгіп мақтаны лақтырып тастайды немесе жағып жібереді.
Ингаляция - дәрі-дәрмек заттарды тыныс алу жолымен ішке дем тарту арқылы енгізетін әдіс. Бұл принцип бойынша газдарды, тез ұшатын заттарды, сондай ақ бүркуге арналған арнайы аппараттар құрылысына айналған ұсақ бүркілетін заттарды жатқызуға болады. Ингаляцияны дәрі-дәрмек ингаляторының көмегімен де жасауға болады.
Ингаляция жасарда сырқат іш киімдері кірсіз болу үшін оның кеудесіне клеенка жабады. Сырқат бөлінген бұға күймейтіндей жерге, аппарат алдына отырғызады. Бұды мұрнымен жұтып, ауыз арқылы шығару керек. Тыныс демікпесімен ауыратын сырқаттар үшін үйде қолдануға арналған ингаляторлар бар. Дәрі-дәрмек заттары пластмасса дан жасалған түтікшеден болады, оған резеңке балон кигізіледі. Сырқат балонды басып, ауаның күшімен дәріні тыныс жолдарына итереді.
Дәрі-дәрмек заттарын сыртқы қолдану олардың белгілі бір жеріне әсер етуге негізделген. Зақымданбаған терінің сіңіру қабілеті өте төмен; заттарды тек май бездерінің шығару өзектері, май-ерігіш және шаш фолликулалары арқылы сіңіріледі. Дәрі жағу таза теріге таза аспатармен және мұқият жуылған қолмен жүргізіледі. Жағатын майды негізіне тері ауруларына қолданады. Зарарсызданған қалақшамен жағатын майды екіге бүктелген зарарсызданған салфеткаға жағады да, ауыратын жерге салады. Салфетканың үстіне шағын түрде қабаттап мақта төсейді. Егер май компресі қажет болса, онда мақтаның астына компрестік қағаз салады да, бинттеп тастайды. Кейде тереңде жатқан тканға сіңіру үшін майды теріге жағуға тура келеді. Ол үшін терінің сол жерін сабындап жуып, содан соң алақанға қажетті мөлшерде май салып, ол сіңгенше сыланады. Майды белгілі бір дене аймағына 30-40 минуттай мұқият жағылады. Дененің түкті жерлеріне жағуға болмайды: егер осындай қажеттілік туса, онда түгін қырып тастау керек.
Ұқалап сипау үшін жылы дәрі-дәрмек заттың шағын мөлшерін алақанға құяды да, алақаны құрғап терісі қызарғанша ысқылайды. Кейде теріге сырқат көңілін басқаға бұру ретінде йод тұнбасын жағуды қолданып отырады. Ол үшін ағаш немесе темір стерженге домалақтанған мақта орап, содан кейін 5% спиртке жасалған йодқа батырып, теріге бірнеше рет жағады. Майламастан бұрын шишадағы бар йодты бүлдірмеу үшін шамалы йодты банкеге құйып алып, домалақтанған мақтаны малады. Процедурадан соң қалған йодты төгіп, мақтаны лақтырып тастайды, немесе жағып жібереді.
Көз- өте нәзік мүше, травма және инфекцияға өте сезімтал. Көз ешқашан микроорганизмдерден бос болмайды, бірақ көз жасының сұйықтығы антимикробты әсер етеді.Конъюнктивальді қалтаға енгізілетін дәрілік зат және мазь залалсыздандырылған болу қажет.
Төменгі конъюнктивальді қалтаны ашу.
Төменгі конъюнктивальді қалтаны мынадай жолмен ашады:
- науқасқа жоғары қара деп сұрану.
- төменгі кірпік астына үлкен саусақты қою.
- қабақты төмен қарай тарту.
- конъюнктивальді қалтаны ашады.
Көзге тамшы тамызу.
Залалсыздандырылған көз тамшылары тамызғышы бар пластикалық немесе шыны флакончикте шығарылады.
Дайындау: 0,9 % натрий хлор ерітіндісіне батырылған, залалсыздандырылған мақталы тампон, тамызғышы бар дәрілік зат.
Іс әрекет.
- қолды жақсылап жуу.
- көзден іріңді (бар болса) ылғалды мақталы тампонмен, көз қабағын ішкі бұрышынан сыртқа қарай бағыттап сүрту. Ескерту: құрғақ тампонмен ешқашан сүртуге болмайды.
- науқас жоғары қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
-төменгі конъюнктивальді қалтаға қажетті тамшыны тамызу.
- тамызғышты көздің еш жеріне тигізбеу.
-науқасқа көзін жұмып, көз алмасын ары – бері айналдыруын сұрану.
Ескерту: көзге арнайы арналған, залалсыздандырылған дәрілік затты қолдану.
Көзге мазь жағу.
Көзге мазь жақпас бұрын, көз қабағын және кірпіктерден іріңді тазалау қажет.
Дайындау: залалсыздандырылған дәкелі салфетка, тюбик.
Іс әрекет:
- тюбикті горизонтальді ұстау қажет: ол мазьдің жағылып жатқан мөлшерін бақылау үшін және конъюнктиваға немесе көз алмасына тюбиктің тиіп кетпеуіне әкеледі.
- төменгі конъюнктивальді қалтаға 1,5см мазьді жағу.
- мазьді жағып болған соң, науқасқа көзін жұмып көз алмасын ары-бері қимылдатуын сұрану қажет, ол қабақтың ішкі беткейінде мазьдің бірдей жағылуына алып келеді. Артық мазьді залалсыздандырылған мақтамен сүрту.
Достарыңызбен бөлісу: |