ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері»


Тақырып 2.9 Көктамырішілік – тамшылы жүйені жинау техникасы. Көктамырішілік тамшылы құюдын техникасы



бет4/4
Дата01.04.2017
өлшемі451,03 Kb.
#13309
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

Тақырып 2.9 Көктамырішілік – тамшылы жүйені жинау техникасы. Көктамырішілік тамшылы құюдын техникасы.

Көктамырішілік тамшылы құюдын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Көктамырішілік құюдын түрлері. Тамшылатып енгізу үшін қолданылатын дәрілік заттар, оларға қойылатын талаптар. Инфузия өткізудің жұмысын ұйымдастыру. Тамшылы жүйені жинау техникасы. Көктамырішілік құюға медбике мен пациентті дайындау. Көктамырішілік тамшылы құюдын техникасы. Дәрілік ерітінділерді еңгізу жылдамдығы және температурасы. Емшараны және пациент жағдайын қадағалау. Егуден кейін болатын асқынулар. Алдын алу және емі.



Тақырып 2.10 Көктамыр катетерлерімен жұмыс істеу ережелері.

Көктамыр катетерлерін қою көрсеткіштері. Медбикені және пациентті орталық көктамыр және перифериялық катетерлерін қоюға дайындау. Перифериялық катетерді қою техникасы. Көктамыр катетерлері арқылы дәрілік заттарды еңгізу және қан алу техникасы. Көктамыр катетерлеріне күтім жасау ережелері. Қолданылған құралдарды өндеу.


Тақырып 2.11

Кейбір дәрілік препараттарды еңгізу ерекшеліктері.

Кейбір дәрілік заттардын еңгізу ерекшеліктері: инсулин, гепарин, бициллин, магний сульфат, хлорды кальции, майлы ерітінділер, жүрек гликозидтері, антибиотиктері. Инъекция жасау техникасы. Пункция (плевралды, абдоминалды, стерналды, люмбалды, буын ішіне) өткізу кезінде медбикенің рөлі.


Бөлім 3 Жасанды тамақтандыру

Тақырып 3.1 Жасанды тамақтандырудың әдістері

Жасанды тамақтанудың ұғымы. Жасанды тамақтанудың түрлері. Пациентті зонд, гастростома, арқылы тамақтандырудың мақсаттары, көрсеткіштерімен қарама қарсы көрсеткіштері. Пациентті зонд, гастростома, арқылы тамақтандыру техникасы. Парентеральдық тамақтанудың қолдану көрсеткіштері. Парентеральдық препараттар. Қолданылған құралдарды өндеу.


Бөлім 4

Ағзаның әр түрлі қызметтері бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.
Тақырып 4.1 Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастыру мен орындаудын ғылыми әдісі.

Медбикелік үрдіс түсінігі. Медбике ісінің қазіргі заманға сай моделдері. Медбикелік үрдістің кезендері. Адамның негізгі қажеттілігі. «Медбикелік үрдістің» әр кезеніндегі медбикенің міңдеттері. Медбикелік құжаттарды жүргіу.


Тақырып 4.2 Тыныс алу қызметті бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.

Тыныс алу функциясының бұзылуының көріністері: еңтігу, демікпе, жөтел (құрғақ, қақырықты бөлінуімен), кеуде торының ауыруы, қан түкіру, өкпелі қан кету. Тыныс алу функциясының бұзылуы кезінде пациенттке күтім көрсету ерекшеліктері. Пациенттін халін жеңілдететін жағдай жасау. Дымқыл оттегімен немесе таза ауамен пациентті қамтамасыз ету. Қалта ингаляторы және жеке түкіргішпен қамтамасыз ету. Көп мөлшерде сілті сусын ішуді қамтамасыз ету. Оң дренаж үйрету. Қарапайым физиоемшараларын орындау. Тыныс алу мүшелерін аспапты зерттеу әдістері. Оксигенотерапия туралы түсінік. Көрсеткіштері. Оксигенотерапия өткізуге арналған жабдықтар және орындау техникасы (оттегі баллоны, жастық, орталықтандырылған беру). Огсигенотерапия өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Жабдықтарды өндеу.


Тақырып 4.3 Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.

Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуының көрінісі: еңтігу, демікпе, жүрек түсының ауруы, жүрек соғысы, жүрек жұмысы кезіндегі іркіліс, перифериялық ісіктер, асцит, АҚ күрт көтерілуі және төмендеуі, талып қалу.

Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Пациенттін халін жеңілдететін жағдай жасау. Артериалды қысымды өлшеу, пульсты қадағалау. Тәулік диурезді өлшеу және су балансын анықтау. Тері мен сілемейлі қабықтарға күтім көрсету.
Тақырып 4.4

Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Асқазанды шаю.

Ас қорыту жүйесінің бұзылуының көрінісі: іштін ауыруы, тенезмалар, асқазан деспепсиясы: қыжыл, дисфагия, кекіру, тәбеттін бұзылуы, жүрек айну, құсу, «кофе қою» тәрізді құсу. Ас қорыту жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Ас қорыту жүйесі мүшелерін аспапты зерттеу әдістері.

Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу. Асқазан шаюдын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Белсенді және пассивті пациенттерге емшараны өткізу техникасы. Емшара кезінде пациенттін жағдайын бақылау. Жабдықтарды өндеу.
Тақырып 4.5 Ішек қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Стомаларды күту.

Ішек функциясының бұзылуының көріністері: ішек диспепсиясы: іш өту, іш қату, метеоризм, нәжісті ұстамау; қарамайлы нәжіс «мелена». Ішек функциясының бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Ас қорыту жүйесі мүшелерін зертханалық және аспапты тексеру әдістері. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу. Газ шығырғыш түтікті орнатудын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Медбике мен пациентті емшараға дайындау. Емшараны орындау техникасы. Стомалар орнатудын көрсеткіштері. Стомаларды күту ерекшеліктері. Пациентті және онын туыстарын стомаға өздік күтім көрсетуді үйрету. Зәржинағыш және памперсттерді қолдану. Нәжісті саусақ арқылы шығаруды. Жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету.


Тақырып 4.6 Клизмалар: тазарту және сифонды

«Клизма» түсінігі. Клизма түрлері. Клизма қою мақсаттары. Тазарту және сифон клизмаларын қою көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Медбике мен пациентті емшараға дайындау. Тазарту және сифон клизмаларын өткізу техникасы. Қолданылған жабдықтарды өндеу.


Тақырып 4.7 Клизмалар: майлы, гиперто­ниялық, дәрілік.

Майлы, гиперто­ниялық, дәрілік клизмаларын қою көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Медбике мен пациентті емшараға дайындау. Майлы, гиперто­никалы, дәрілі клизмаларын өткізу техникасы. Қолданылған жабдықтарды өндеу.


Тақырып 4.8 Зәр шығыру жүйесінің бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.

Зәр шығыру жүйесінің бұзылуынын көріністері: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия. Зәр шығыру жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу. Қуықты катетерлеу түсінігі. Емшараны өткізу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Әйелдерде және ер адамдарда қуықты катетерлеу техникасы. Зәржинағыш және дәрет ыдысымен қамтамасыз ету. Жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету.


Тақырып 4.9 Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы.

Қуықты катетеризациялау түсінігі. Емшараны өткізудің көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Емдік және диагностикалық мақсатпен әйел және ер адамдардын қуығына катетеризация жүргізу техникасы. Қолданылған жабдықтарды өндеу.


Тақырып 4.10 Эндокриндік жүйе қызметі бұзылған кезіндегі медбикелік үрдіс.

Эндокриндік мүшелері бұзылуының көріністері. Эндокрин мүшелері функциясының бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері: диабетикалық табан синдромы (подиатриялық күтім), емдік тамақтану, семіздік. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу. Салмақты және күндізгі диурезді санау әдістері. Инсуллинді еңгізу ерекшеліктері. Пациенттің жағдайын бақылауды. АҚ өлшеуді, пульсты қадағалауды қамтамасыз ету. Жеке гигиенаны сақтауды қамтамасыз ету.


Бөлім 5

Реабилитология негіздері
Тақырып 5.1 Тірек-қимыл аппаратының жарақаты кезіндегі реабилитация.

Реабилитация негіздері. Медициналық реабилитация кезендері – өмірдің сапалы категориясы. Реабилитациялық көмектің денгейі. Физикалық тәуелсіздіктің шектеу деңгейі. Сүйек, бұлшықет, жүйке, жүрек- қантамыр жүйесінің анатомия – физиологиялық негіздері. Жамбас, аяқ – қол сүйектерінің жаралары, тірек – қимыл аппаратының аурулары кезінде күім принциптері және қалпына келтіру. Аяқ – қол ампутациясынан кейінгі пациент реабилитациясы.


Тақырып 5.2 Жүрек - қантамыр жүйесінің аурулары кезіндегі реабилитация.

Ишемиялық жүрек аурулары, миокард инфарктты, кардиохирургиялық араласудан соң операциядан кейінгі кезен кезінде пациент күтімінің негізгі принциптері және реабилитациясы.


Тақырып 5.3 Неврологиядағы реабилитация.

Жүйке, жүрек - қантамыр жүйесінің анатомия – физиологиялық негіздері. Инсульт, бас миының және жұлын жарақатының асқынуынан пайда болатын омыртқа жотасының зақымдануы кезіндегі ребилитация кезендері. Перифериялық жүйке жүйесі аурулары және жарақаттары кезіндегі пациенттердің реабилитациясы.


Бөлім 6

Пациентті зертханалық зерттеу әдістеріне дайындау.

Тақырып 6.1 Зертханалық зерттеу әдістері. Бактериологиялық зерттеу әдістің ұғымы. Бактериологиялық зерттеу әдісіне пациентті дайындау ерекшеліктері. Пациентті дайындау және жұтқыншақтан, мұрыннан материал алу. Бактериологиялық зерттеуге нәжісті алу. Бактериологиялық зерттеуге қақырықты, зәрді алуға пациентті үйрету. Көк тамырдан гемокультураға (залалсыздандыруға) және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін қанды алу. Пациентті дайындау және жалпы клиникалық анализге, атипиялық жасушыларға, бактериоскопиялық зерттеуге (туберкулез) қақырықты алу. Диагностикалық тест–сызықтарын, экспресс-әдістерін және экспресс диагностиканының құралдарын қолдану. Өт пигменттерге (Розина сынамасы), глюкозуриялық профильге зәрді зерттеуге алу үшін пациентті дайындау.

Зерттеуге материалды алу және сунгі арқылы процедураларға дайындау кезіңде медбикенің өзін ұстау этико-деонтологиялық аспектілері. Ұлтабарды зондау өткізу техникасы, көрсеткіштері, қарама-қарсы көрсеткіштері.Зертханаға материалды жеткізу.


Бөлім 7

Пациентті аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау.
Тақырып 7.1 Рентгенологиялық зерттеулер әдістері.

Аспапты зерттеу әдістері туралы түсінік Өкпе мен жүректін, асқазан – ішек жолдары және бүйректің рентгенологиялық зерттеулер әдістерін (рентгеноскопия, рентгеногафия, ирригоскопия, ирригография, көрнекті урография) өткізу ерекшеліктері. Рентгенологиялық зерттеулер әдістеріне дайындауда медбике міңез – құлығынын этика – деонтологиялық аспектілері. Пациентті тексеруге және тексеруден кейін шығырып салу немесе тасмалдау.


Тақырып 7.2 Эндоскопиялық зерттеу әдістері.

Аспаптық зерттеу әдістері туралы түсінік. Эндоскопиялық зерттеу әдістерін (фиброгастродуоденоскопия, цистоскопия, ректороманоскопия, колоноскопия, бронхоскопия) өткізу ерекеліктері. Эндоскопиялық зерттеу әдістеріне дайындауда медбике міңез – құлығынын этика – деонтологиялық аспектілері. Пациентті тексеруге және тексеруден кейін шығырып салу немесе тасмалдау.


Тақырып 7.3 Ультрадыбысты, радиоизотопты, ЯМРТ, КТ зерттеу әдістері.

Аспаптық зерттеу әдістері туралы түсінік. Ультрадыбыстық зерттеу әдістерін (құрсақ бөліміндегі мүшелерінің, зәршығару мүшелерінің, жүрек, эндокриндік және тірек – қимыл жүйесінің) өткізу ерекшеліктері.

Зерттеу әдістерінің (радиоизотопты, компьютерлі томография (КТ), ядерлі магнитті-резонансты томография (ЯМРТ) өткізу ерекшеліктері. Зерттеу әдістеріне дайындауда медбике мінез – құлығынын этика – деонтологиялық аспектілері. Пациентті тексеруге және тексеруден кейін шығырып салу немесе тасымалдау.
Бөлім 8

Гериатриялық пациентерді бақылау және күту.
Тақырып 8.1 Гериатриялық пациенттердің өзін-өзі сезіну динамикасын бақылау

«Гериатрия», «геронтология», қартаю мен қарттық ұғымдарының түсінігі. Күнтізбелік және биологиялық жас. Кәрі және қарт жастағы адамдардын анатомия – физиологиялық ерекшеліктері. Қартаю түрлері. Тыныс алу, қан айналу, ас қорыту, зәршығару мүшелерінің, эндокриндік, тірек – қимыл және қанөндірім жүйелерінің жасқа қарай өзгеруі. Қарт адамның мәселелері. Қарт және әлсіз адамдарға көмек көрсетудің жалпы принциптері. Психологиялық бұзылыстар (деменции, Альцгеймера ауруы, қаңғыру, сандырық, елестеулер). Денсаулық жағдайы өзгеруі кезінде бейімделуге көмек көрсету. Құлаудын алдын алу.


Тақырып 8.2 Гериатриялық пациенттердің күтімін ұйымдастыру және жүргізу.

Түрлі аурулар және шұыл жағдайлардын клиникалық көрінуінің ерекшеліктері. Қарттық дімкәстік және оны жеңілдету тәсілдері (өзіне өзі күтім көрсетудің бұзылуы, әлеуметтік онашалану, ЖИА, семіздік, қант диабеті, артериалды гипертензия, ұйқының, тәбеттің, көз көрудің, естудің бұзылуы). Түрлі дімкәстік пен аурулар кезінде гериатриялық пациенттерге күтім жасау және ұйымдастыру (тамақтандыру, жуындыру, киімін кигізу, бос уақытты ұйымдастыру). Емдік емшараларды орындау, гериатриялық пациенттерді өзіне өзі күтім жасауды үйрету.


Бөлім 9

Паллиативті көмек
Тақырып 9.1 Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Стационар жағдайындағы паллиативті пациенттерді күту ерекшеліктері.

«Паллиативті көмек» түсінігі. Паллиативті көмектің қажеттілігі. Өмір сонында медициналық қызмет көрсетуге кедергі болатын факторлар. Паллиативті күтімнің этикалық аспектілері. Хоспис және паллиативті емдеудің тәжірбиелі қазметі. Паллиативті емдеу сапасын жоғары көтерудегі медбике рөлі. Паллиативті пациенттерді бақылау және күтім көрсету. Күтім түсінігі (жалпы, арнайы, компенсациялық, алмастыратын). Ойылуды алдын алу және емдеу. Жеке бастын гигиенасын сақтауды қамтамасыз ету. Төсек ыңғайлығына қойылатын талаптар, төсек орын ауыстыру тәсілдері. Дене биомеханикасы және эргономика түсінігі. Пациентті ауыстырудағы негізгі ережелер, эргономиңканың техникалық құралдары. Пациенттің физикалық және психикалық ынғайлығын қамтамасыз ету. Пациенттің жағдайын бақылауды, АҚ өлшеуді, пульсті қадағалауды, ТАЖ санауды, температураны өлшеуді қамтамасыз ету. Ағзаның түрлі функцияларының бұзылуы кезінде пациентке күтім жасаудын ерекшеліктері. Клизма қою, асқазан жуу, қуыққа катетеризация жүргізу техникасы.


Тақырып 9.2 Үй жағдайындағы паллиативті пациенттерді күту ерекшеліктері.

Пациенттің туыстарын үй жағдайында паллиативті күтімнің этикалық нормаларына үйрету. Пациенттің физикалық және психикалық ынғайлығын қамтамасыз ету. Пациентті өзіне өзі көмек көрсетуді үйрету. Пациент туыстарына пациенттің жеке гигиена ережерелерін сақтауын, дұрыс тамақтану тәртібін, төсек ыңғайлығын қалыптастыру және төсек орын ауыстыру тәсілдерін үйретуді қамтамасыз ету. Ойылуды алдын алу және емдеу. Пациенттің жағдайын бақылауы бойынша күнделік жүргізу. Ағзаның түрлі функцияларының бұзылуы кезінде пациентке күтім жасаудын ерекшеліктері. Пациенттің жағдайын бақылауды, АҚ өлшеуді, пульсті қадағалауды, ТАЖ санауды, температураны өлшеуді қамтамасыз ету. Клизма қою, асқазан жуу, қуыққа катетеризация жүргізу техникасы. Пациентті ауыстырудағы негізгі ережелер, эргономиңканың техникалық құралдары.



Бөлім 10

Шұғыл жағдайлар
Тақырып 10.1 Әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмек.

Жіті уланулар синдромдары (аспен улану, улы газбен улану, сілтімен, қышқылдармен, дәрі - дәрмектермен, алкоголь және онын суррогаттарымен улану) – улану түсінігі, түрлі генездің клиникалық көріністері, Қызып кету синдромы. Қызба, ыстық және күн өту туралы түсінік, олардың себептері, мұндай жағдайлардың клиникалық көріністері. Тәуелсіз шұғыл медбикелік араласу ережелері, пациенттің актуалды және патенциалды мәселелері, туындайтын асқынулар.


Тақырып 10.2 Қан ағу кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмек.

Қан кету (артериалды, көктамырлы, капиллярлы) туралы түсінік. Қан кетуге алып келетін жағдайлар, клиникалық көрініс. Қан кетулер синдромы (сыртқы, ішкі, паренхималық, аралас). Тәуелсіз шұғыл медбикелік араласу ережелері, пациентті актуалды және патенциалды мәселелері, туындайтын асқынулар.


Тақырып 10.3 Терминальді жағдай. Қарапайым жүрек-өкпелік реанимация.

Терминалдық жағдайлар түсінігі және терминалдық жағдайларға алып келетін себептер. Терминалдық жағдайлардын сатылары, клиникалық көріністері. Терминаолдық жағдайлар кезінде шараларды ұйымдастыру (күтім, жағдайынын динамикасын бақылау). Өлім халіндегі адамның және онын жанұясының қажеттілігі (психологиялық көмек көрсету).

Түрлі ургентті жағдайларда шұғыл көмек көрсету және ұйымдастыру. Реанимация туралы түсінік, реанимация көрсеткіштері, қарапайым реанимациялық шараларды өткізу әдістері (бір және екі құтқарушылар). Реанимациялық шаралардын әсерін қадағалау.
Тақырып 10.4 Қарапайым жүрек-өкпелік реанимация. Мәйітпен жұмыс істеу ережесі.

Клиникалық және биологиялық өлім, белгілері. Емдеу мекемелерінде және үй жағдайында қайтыс болу. Мәйітпен жұмыс істеу ережелері.



4 Оқу процессінің ұйымдастырылуы мен іске асуына қойылатын талаптар.

Теориялық сабақ: бағдарламамен қарастырылмаған.
Тәжірибелік сабақ: сабақтарды қазіргі инновациялық құралдармен жабдықталған клиникаға дейінгі кабинеттерде өткізу керек және білімдерін бекітіп және клиникалық базаларда жасай алу.
5. Жоспарланған оқу нәтижесін бақылау.

Ағымды бақылау: тәжірибелік дағдылырын көрсету арқылы ауызша сұрастыру, ситуацияға байланысты проблемалық- бағытталған оқу, тестік тапсырмалар.

Аралық бақылау: семестрлік аттестация.

Қорытынды бақылау: іріктеулі сынақ (өткізу әдісі оқу мекемесімен анықталады).

Қорытынды аттестация: «Медбикелік ісі негіздері» пәні бойынша Қорытынды Мемлекеттік аттестация.

6.1 Негізгі әдебиет:

  1. Муратбекова С.К. «Основы сестринского дела» - Кокшетау, 2012г

  2. Секенова Ж.К. және т.б. Организация инфекционного контроля в ЛПУ (Алматы 2005г.).

  3. Муратбекова С.К., Аминов М.Г., Ярошинская И.К., Воронова Г.С., Куспанова А.Р. «Актуальные вопросы внутрибольничных инфекций. Стандарты действий по профилактике ВБИ» г. Кокшетау 2012 г.

  4. Мейірбикелік іс негіздері. С. Қ. Муратбекова – Астана, 2007 г.

  5. «Всё по уходу за больным на дому» под редакцией акад. РАМН Ю.П. Никитина, ГЭОТАР – Медиа, 2009 г

  6. Туркина Н.В. «Общий уход за больными» - Москва 2007г

  7. Мухина С.А., Тарновская И.И. Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела». Учебное пособие для медицинских училищ и колледжей, 2 издание, изд. «ГЭОТАР – Медиа», 2012.

  8. Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела:– 2 издание М., ГЭОТАР – Медиа, 2010 г.

  9. Обуховец Т.П. «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2010 (издание 10-ое, стереотипное) под редакцией К.М.Н. Б.В Кабарухина.

  10. Широкова Н.В. және т.б. «Основы сестринского дела»: Алгоритмы манипуляций: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа, 2009 г.

  11. Нурманова М.Ш. және т.б. Сборник стандартов сестринских технологий по дисциплине «Основы сестринского дела» г. Алматы «Sunnur» ТОО, 2011 г.

  12. Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы Нурманова М.Ш. және т.б., Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012 ж.


6.2 Қосымша әдебиет:


  1. Осипова В.Л. «Внутрибольничная инфекция»: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа, 2012 г.

  2. Основы сестринского дела. Ситуационные задачи: практикум. Морозова Г.И. – М., 2009 г.

6.3 Оқыту құралдары.



  1. Қазіргі заманға сай оқыту әдістерін, видеоматериалдарын, инновациалы - ақппаратты мульдимедиялық жабдықтарды қолдану:

  • CD – диски;

  • DVD диски;

  • интерактивті тақта;

  • видеофильмдер;

  • слайдтар.

  1. «Медбике ісі негіздері» пәнің оқығанда қолдануға ұсынылады: анатомиялық моделдер, тренажерлар, манекендер, фантомдар, медициналық құжаттар, пациент күтімінде қолданылатын аспаптар, медициналық аспаптар, аппараттар және құралдар, аудиовизуалды заттар, қу – көрнекілік медицинская документация, предметы ухода за пациентами, медицинский инструментарий, аппаратура и приборы, аудиовизуальные средства, учебно-наглядные пособия.

Авторлары:


  1. Муратбекова С.К. – м.ғ.д. МҚКК «Көкшетау медициналық колледжінің» директоры.

  2. Ярошинская И.К. – арнайы пәндер № 2 ЦӘК төрайымы, «Медбикелік ісі негіздері» пәнінің оқытушысы МҚКК «Көкшетау медициналық колледжі».

  3. Воронова Г.С. – «Медбикелік ісі негіздері» пәнінің оқытушысы МҚКК «Көкшетау медициналық колледжі».

  4. Куспанова А.Р. – «Медбикелік ісі негіздері» пәнінің оқытушысы МҚКК «Көкшетау медициналық колледжі».

5. Жұмыс бағдарламасына қосымшалар мен толықтырулар

20…- 20… оқу жылдарына

Жұмыс бағдарламасына келесі өзгертулер енгізілді:

1.

2.

3.



4.

5.

………………………………………………………………..



Жұмыс бағдарламасы қайта каралып, енгізілген өзгертулер кафедра мәжілісінде қаралды ____________________________________________________

«_____»_______________ 20… г.


хаттама № __________

Кафедра меңгерушісі ___________________ аты жөні


Енгізілген өзгертулер ТжКББФ деканымен келісілген:


____________________________ аты жөні

«_____»_____________________20.. ж.


Әдістемелік кеңес төрағасы



____________________________ аты жөні

«_____»_____________________20.. ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет