8) Байланыс ақпараты:
- Кафедраның мекен жайы: Аль-Фараби алаңы 3; негізгі оқу ғимараты, 4 қабат, тел. 132;
9) Пәннің саясаты:
- Студенттерге қойылатын талаптар:
Кафедра аумағында көрсетілген талаптарды бұлжытпай орындау қатаң түрде талап етіледі
Түзілген кестеге сәйкес, міндетті түрде дәріс, тәжірибелік сабақтарға қатысу;
Сабаққа кешікпеу;
Сабаққа арнайы киімді кию (халат, қалпақ);
Сабақты себепсіз жібермеу, ауырған жағдайда денсаулығын анықтайтын анықтаманы көрсету;
Жіберілген сабақтар оқытушының кестесі бойынша қабылданады;
Оқу процесіне белсенді араласу;
Академия ішкі тәртібіне бағыну және орындау;
Үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстарын кесте бойынша дер кезінде және нақты орындау;
10.Дәріске қатыспаған және берілген тапсырмаларды орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;
11. Оқытушымен және курстастармен байсалды, ашық және сабырлы ара қатынас сақтау;
12. Кафедра мүлкіне ұқыппен қарау;
13. Кафедрадағы ғылыми үйірмеге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болған жағдайда қорытынды балға кафедра шешімімен 5 балл қосылып беріледі.
14. Дәріс сабақтарын себепсіз жібергені үшін әр келмеген сабағынан 0,66%-дан кемітіледі.
2. Бағдарлама:
1) Кіріспе: Молекулалық биология ақуыздармен нуклеин қышқылдарының құрылысын және қасиеттерін, матрицалдық (қалыптық) синтезді, генетикалық материалдардың құрылымын және қызмет етуін, жасушалардың және олардың органеллаларының құрылысы мен қызмет етуінің молекулалық негіздерін, жасушалардың өсу, даму, бөліну және өлу құбылыстарын зерттейді.
2) Пәннің мақсаты: Ағзалар тіршілігінің негізгі молекулалық – генетикалық және жасушалық тетіктері және оларды клиникалық практикада қолдану туралы студенттердің қазіргі заманға сай білімдерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |