ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН
«Бекітемін»
Оқу – әдістемелік және
тәрбие жұмысы
бойынша проректоры, м.ғ.д.
_______________ Анартаева М.Ұ.
«_____»________________2013 ж.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: «Паллиативті медицина»
Код:
Мамандық: 051101 - «Мейірбике ісі»
Оқу сағатының көлемі – 90 сағат (2 кредит)
Курс: 4
Cеместр: 7
Шымкент, 2013 ж.
«Паллиативті медицина» элективті пәні бойынша жұмыс бағдарламасы «Мейірбике ісі» -051101- мамандығына арнап ҚР денсаулық сақтау министірлігінің 2006.01.12. №582 бұйрығымен бекітілген МЖМБС- на негізделіп құрастырылды.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ м.ғ.к. доцент А.Ә.Әлдешев.
ОҚМФА клиникалық Пәндердің Әдістемелік Комиссиясында талқыланды.
Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013ж.
Төрағасы ______________________ м.ғ.к. доцент Туртаева А.Е.
Орталық Әдістемелік Кеңесте талқыланды.
Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013ж.
2.Бағдарлама
2.1. Кіріспе.
«Паллиативті»латын тілінен алынған «pallium»- «бет перде» немесе« жамылғы» деген мағынаны білдіреді. Хоспис деген- сөз ескі франсуз тілінен алынған , ағылшын тілінде «қонақжайлылық» деген мағынаны білдіреді.Бұл термин 6-шы ғасырда дем алатын орын деген мағынаны білдірген.
Паллиативті көмек – (palliative care - WHO 2002) созылмалы және ұзақ ауырған науқастарға белсенді және жан-жақты көмек көрсету, яғни ауырсыну симптомын басу және психологиялық, социальды, рухани мәселелерді шешу.
Паллиативті медицина - (palliative medicine) аурудың терминальды сатысында медициналық көмек көрсетудің ерекше түрі және өмір сапасын жақсарту
2.2. Пәннің мақсаты: науқастардың және оның жанұясыныңөмір сүру сапасын жақсарту,ауруды ерте анықтау, дұрыс бағалау, физикалық, психикалық, рухани ауырсынуды болдырмау.
2.3. Міндеттері:
ЕПҰ және үйде созылмалы аурулармен ауыратын науқастарға, АИВ-мен инфицирленген, неврологиялық және онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға паллиативті көмек көрсетуді ұйымдастыру;
Үй жағдайындағы мүгедектер мен қарт адамдарға паллиативті көмекті ұйымдастыру: құжаттарын дайындауға көмектесу, кір жуу, үйін жинау, ас дайындау.
Психоневрологиялық интернатта күтімі бойынша көмек ұйымдастыру: санитарлы – гигиеналық емшара, тамақтандыру, серуендеу кезінде көмек көрсету. Балалар мүгедек үйінде көмекті ұйымдастыру:тамақтандыру кезінде көмек.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент білуі қажет:
Денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құжаттарды;
Қызметкердің өз мамандығы бойынша атқаратын қызметі мен міндетін анықтаушы құжаттар.
Медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмекті көрсетуші мекемелердің талаптары.
«Мейірбике ісі» мамандық біліктілігінің мінездемесі.
Мейірбикелік үрдістің кезеңдеріне негіздей отырып науқастарға мейірбикелік күтімді ұйымдастыру.
Медициналық этика мен деонтология негіздерін;
Студент істей білуі қажет:
Нормативті - түпнұсқалық құжаттармен жұмыс жасауды;
Есеп-тіркеу құжаттарының бекітілгенін жүргізуді;
Мейірбикелік үрдіс және науқас күтімінің негізгі этаптарының құжаттарын;
Дәрілік заттар бөлмесі: стерильді, құрал- жабдықтар тану материалдарымен, арнайы медициналық киімдермен жабдықталуы тиіс;
Дәрі- дәрмектер шығыны, таңу материалдар, құрал жабдықтарды арнайы тіркеу бланкісіне тіркеуді жүргізуді;
Медициналық аппараттар мен құрал-жабдықтардың жұмысқа жарамдылығы мен сақталуын бақылау;
Науқастың жеке қажеттіліктері мен сұрақтарын есепке ала отырып, науқасқа білікті күтімді қамтамасыз ету үшін мейірбикелік үрдісті іске асыруды мейірбике білуі қажет;
Өкілеттік және дәрігердің тағайындаулары бойынша өзінің кәсіби- қызметтік нұсқауына сәйкесінше диагностикалық, емдік, реанимациялық, оңалту, алдын-алу, емдеу- сауықтыру, санитарлы- гигиеналық, санитарлы - ағартуды орындауды;
Өзінің жұмысын және әріптестерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;
АИВ инфекциясын емдеу шараларын анықтау, АҚТҚ-ны регламенттеуші және туберкулезге қарсы медициналық қызметтердегі негізгі нормативті құжаттарды жүргізуді;
Туберкулезді, АИВ жұқтырудағы мамандандырылған емдеу жүргізудегі әмбебеп өлшеуді;
Сарапталған шешімдерді қабылдау және ситуациялық қиындықтардан шығу жолын табуды;
Науқастың жалпы жағдайы жөніндегі ақпаратты оның туыстарына сауатты және тиянақты түрде жеткізуді;
Жұмыс уақытын ұтымды етіп бөлуді;
Мейірбикелік манипуляцияны сапалы орындауды;
Науқасқа және оның туысқандарына күтім жасау элементтерін оқытуды;
Науқастың өтінішін құрметпен және нақты орындау қажет;
Науқасқа және оның отбасына ауру барысында және өлімнен кейін психологиялық қолдау көрсету.
Машықтарды меңгеруі қажет:
науқастың функциональдық жағдайын бағалау әдісі (пульсті, дене қызуын, тыныс алу жиілігін, антропометрия, қан қысымын өлшеу, тәуліктік диурез және су балансын есептеу);
зертханалық зерттеулерге қан, зәр, нәжіс, қақырықты алу және жүргізу техникасын;
қарапайым жүрек – өкпе реанимациясын жүргізе білу.
2.5 Реквизитке дейінгі: Морфологиялық пән, терапия бакалавриат
2.6 Реквизиттен кейінгі: Әлеуметтік медицинадағы қоғамдық денсаулық.
2.7. Сабақтың тақырыптық жоспары:
2.7.1. Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары.
№ 1 кредит
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу түрі
|
Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)
|
1
|
Паллиативті медицина туралы түсінік, анықтамасы, даму тарихы.
|
Кіші топтармен жұмыс.
Тәжірибелік сұрақ-жауап
|
2
|
2
|
Паллиативті медицинаны ұйымдастыру ерекшелігі.
|
Кіші топтармен жұмыс.
Тәжірибелік сұрақ-жауап
|
2
|
3
|
Паллиативті медицинадағы этика және деонтология.
|
Кіші топтармен жұмыс.
Тәжірибелік сұрақ-жауап
|
2
|
4
|
Паллиативті медицина аспектілері.
|
Кіші топтармен жұмыс.
Тәжірибелік сұрақ-жауап
|
2
|
5
|
Паллиативті көмекті қажет ететін науқастардың категориясы.
|
Кіші топтармен жұмыс.
Тәжірибелік сұрақ-жауап
|
2
|
6
|
Жазылмайтын, өршімелі, белсенді ауруларды емдеу және командалық күтім.
|
Кіші топтармен жұмыс.
Тәжірибелік сұрақ-жауап
|
2
|
7
| Науқастардың және олардың жанұяларының өмір сапасын жақсарту, ауруды анықтау, бағалау, өміріне қауіпті жағдайда ауруды анықтау, бағалау. |
Кіші топтармен жұмыс.
Тәжірибелік сұрақ-жауап
|
2
|
8
|
Науқас жағдайын бағалау және паллиативті көмектің тактикасын анықтау. Паллиативті медицинада симптом мен синдромдарды бақылау.
|
Кіші топтармен жұмыс.
Тәжірибелік сұрақ-жауап
|
1
|
|
Барлығы:
|
|
15
|
Достарыңызбен бөлісу: |