Жұмыс бағдарламасы Пән: Зертханалық диагноcтика Мамандық: 5В110100 «Мейірбике ісі»


Тақырыбы: Тромбофилиялар. Тұқым қуалайтын және жүре пайда түрлері. Зертханалық диагностикасы. Мақсаты



бет64/148
Дата21.12.2022
өлшемі1,66 Mb.
#163596
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   148
Байланысты:
Зертханалық-диагноcтика-Мейірбике-ісі

Тақырыбы: Тромбофилиялар. Тұқым қуалайтын және жүре пайда
түрлері. Зертханалық диагностикасы.
Мақсаты: Гемостаз патологиясы. Гемостазды зерттеу әдістері.
Гемостаз жүйесі қанды сұйық қалпында ұстап тұратын, қанкетуді тоқтатып және сонымен бірге қантамырларының бүтіндігін сақтауды қамтамасыз ететін механизмдер жиынтығы. Гемостаз жүйесіне қан ұю, қан ұюға қарсы (антикоагулянттық) факторлары және қанның фибринолитикалық жүйесі қатысады. Осы жүйелердің біреуінің қызметтік жағдайы өзгерсе басқа жүйелердің қызметінің компенсаторлық ауытқуы туындайды. Қызметтерінің өзарабайланысы бұзылатын болса, мысалы көп мөлшерде қанкету сияқты, немесе тамырішілік тромтүзілулерімен аяқталатын ағзаның ауыр патологиялық жағдайына әкелуі мүмкін.
Қазіргі кездегі көзқарас бойынша қан тоқтатуға 2 механизм қатысады: жасушалық (тамырлық-тромбоцитарлық) және плазмалық (коагуляциялық).
Қан ұюының тамырлық-тромбоцитарлық механизміне тамырды қоршаған тіндер, тамырлар және қанның пішінді элементтері қатысады (басты рөлді тромбоциттер атқарады).
Гемостаздың тромбоцитарлық компонентін сипаттайтын көрсеткіштер:
Дук бойынша қанкетудің ұзақтығын анықтау

  • Қандағы тромбоциттер мөлшерін санау

  • Тромбоцитарлық формула

  • АДФмен тромбоциттер агрегациясын анықтау

  • Коллагенмен тромбоциттер агрегациясын анықтау

  • Адреналинмен тромбоциттер агрегациясын анықтау

  • Ристоцетинмен тромбоциттер агрегациясын анықтау (Виллебранд факторының белсенділігін анықтау)

Қан ұюының плазмалық (коагуляциялық) механизмінде, оның қорытындысы ретінде фибриннің түзілуі, мұнда ең басты рөлді плазмалық факторлар деп аталатын, протеиндер атқарады. Олар хронологиялық ашылу қатарында рим санымен белгіленеді. Кейбір факторлар аурудың тегімен байланысты аталады, неге десек олардан осы фактордың тапшылығы алғаш рет анықталған.



Қанның ұю факторларының кейбір физиологиялық константтары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет