Жұмыс бағдарламасы Пән: Зертханалық диагноcтика Мамандық: 5В110100 «Мейірбике ісі»



бет65/148
Дата21.12.2022
өлшемі1,66 Mb.
#163596
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   148
Байланысты:
Зертханалық-диагноcтика-Мейірбике-ісі
ОШ СОР Английский язык 9 класс, ОШ СОЧ Русский язык ОГН 11 класс, ОШ СОЧ Казахская литература 11кл ЕМН.docx (1), « аза дебиеті» п нінен 4-то сан бойынша жиынты ба алау тапсыр, Листок изучения 2006
^ Фактордың атауы


Мл мөлшері (активность)


Жеткілікті минимум


Өмірсүру кезеңі


Артуы

I. Фибриноген*


300 (170-450)мг


50 мг

100 с.

3-6 рет

II.Протромбин*

200мкг\70-130%


80 мкг\40%


72 - 96 с.


2-3рет

III.Тромбопластин

-

-

-

-

IV. Са++ иондары


2,3 - 2,8ммоль\л


-

-

-

V.АС-глобулин*

25мкг \80-110%


2,5-4мкг\10-15%


12 - 15 с.


8-10рет

VII. Проконвертин*

2 мкг \70-130%


0,2 мкг \ 10%


2 - 6 с.


10 раз

VIII. Антигемофилиялық глобулин

50мкг\ 80-120%


5-7мкг\ 10-15%


7 - 8 с.


3-5 рет

IX.Кристмас-фактор*

3-4 мкг\70-130%


4-6мкг \ 20-30%


20 - 30 с.


4-5 рет

X.Стюарт-Прауэр факторы*

6-8 мкг\70-140%


0,15мкг\ 20%


30 - 70 с.


5 рет

XI. тромбопластиннің алғызаты

7 мкг\ 70-130%


15 мкг\ 15-20%


30 - 70 с.


4-5 рет

XII.Хагеманн факторы*

40 мкг

анықталмаған

50 - 70 с.


белгісіз


XIII. Фибриназа, фибрин-тұрақтандырушы фактор


анықталмаған


10%

72 - 100 с.

10 рет

Витамин"К"-тәуелді факторлар: II, VII, IX, X
тромбинге сезімтал факторлар: I, V, VIII, XIII
қатынас факторлары: XII, XI, BM-кининоген, прекалликреин
сернндік протеазалық факторлары-: XII,XI,X,IX,VII, II, Плазмин





Қосымша факторлар:
  • Виллебранд факторы


  • Флетчер факторы


  • Фитцжеральд факторы


* Бауырда синтезделеді


Плазмалық гемостаздың өту процессін шамамен үш фазаға бөлуге болады .
Бірінші фаза – протромбиназаның түзілуі, көп сатылы процесс, бұның нәтижесінде қанда протромбинді тромбинге айналдыруға мүмкіндігі бар факторлар кешені жинақталады, сондықтан кешен протромбиназалық деп аталады. Бұл фаза 4 минут 50, 6 мин 50 с дейін созылады.
Бірінші фазаны сипаттайтын көрсеткіштер:

Екінші фаза – тромбинтүзілу. Бұл фазада протромбиназа V, VII, X және IV коагуляция факторларымен бірге белсенсіз фактор II-ні (протромбин) белсенді фактор IIа – тромбинге ауыстырады. Бұл фаза 2 - 5 с созылады.
Екінші фазаны сипаттайтын көрсеткіштер:

  • Протромбиндік уақыт

  • V фактордың белсенділігі

  • VII фактордың белсенділігі

  • II фактордың белсенділігі

Үшінші фаза – фибринтүзілу. Пайда болған тромбин фибриноген молекуласынан екі А және В пептидтерін үзеді, оны фибрин – мономерге ауыстырады, ол басқада факторлардың әсерінен кейін қан ұйымасының (сгусток) негізін құрайтын, жай және шектелген ерігіш пішінге айналады. Бұл фаза 2 – 5 с созылады.
Үшінші фазаны сипаттайтын көрсеткіштер:

  • Плазмадағы фибриногеннің концентрациясы

  • Плазмадағы XIII фактордың белсенділігі

  • Тромбиндік уақыт


Ұюға қарсы (антикоагулянттық) жүйе

Қанның сұйық күйінде сақталуы көптеген жағдайларда қанда антикоагулянттық белсенділікке ие табиғи заттардың болуыменг анықталады. Антикоагулянттық белсенділікке ие заттар, үнемі ағзада синтезделіп және белгілі бір жылдамдықпен қан ағымына бөлініп отырады. Оларға жатқызылады: антитромбин III, гепарин, С және S протеиндері, жақында ғана ашылған қанұюдағы тіндік жолдардың ингибиторы – TFPI, a2 – макроглобулин, антитрипсин және т. б. Қан ұю факторларынан, фибринолиз, қанның ұю процессінде және басқада белоктардан, антикоагулянттық белсенділікке ие заттар түзіледі. Антикоагулянттар қанның барлық ұю фазаларына айқын әсер етеді, сондықтан қан ұюының бұзылуы кезінде олардың белсенділігін зерттеу өте маңызды.


Антикоагулянттардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер:

  • Антитромбин III

  • Гепарин

  • Қан ұюының белсендендірілген уақыты

  • Протеин С

  • Протеин S

Фибринолиттік (плазминдік) жүйе
Фибринолиз – бұл процесс фибриндік ұйыманы ыдыратады, соның нәтижесінде тамырлар саңылауының қалыптасуы өтеді. Ол ағзадағы плазминдік жүйенің компоненті мен фибрин аралығындағы күрделі реакцияны бейнелейді. Плазминдік жүйе төрт негізгі компоненттерден тұрады: плазминоген, плазмин (фибринолизин), фибринолиз проферменттерінің активаторлары мен және оның ингибиторларынан. Плазминдік жүйенің компоненттерінің қатынасы бұзылса фибринолиздің патологиялық белсенденуіне әкеледі.
Плазминдік жүйені сипаттайтын көрсеткіштер:

  • Плазминоген

  • Альфа-2-антиплазмин

  • Альфа-1-антитрипсин

  • Фибриноген мен фибриннің деградациялық өнімдері

  • D-димер

Гемостазды сипаттайтын, зерттеулердің көрсеткіші әртүрлі ауруларды диагностикалауда (жүрек-қантамырларының, акушерлік, генетикалық патология, жүйелік аурулар, қан жүйесінің аурулары және т.б.), сондай-ақ операциялық араласулардан кейінгі және көптеген басқада асқынулардың алдын-алуда аса маңызды болып табылады, яғни қазіргі заманғы медицинада зерттеудің осы түрін кең көлемде қолданумен түсіндіріледі.
^ Клиникалық практикада гемостаз жүйесін зерттеудің келесі мақсаттары:

  • гемостаз жүйесінің бузылуын диагностикалау;

  • гемостаз жүйесінде анықталған бұзылулар кезінде операциялық араласулардың мүмкіншілігін анықтау;

  • тура және тура емес әсер ететін антикоагулянттармен, сондай-ақ тромболиттік терапиямен емдеуді бақылау.


ББТУ (БПТУ)
ББТУ (БПТУ) – белсендендірілген бөлшектік (парциальдық) тромбпластиндік уақыт – микрокристаллдық кремниймен бірге фосфолипидтердің синтетикалық суспензиясын және CaCl2 қосқаннан кейінгі цитраттық бестромбоциттік плазмада ұйыманың түзілу уақыты.
Бұл қанның ұю жүйесі туралы көрініс алу үшін анағұрлым құнды жалпы тесттердің бірі .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет