Жұмыс бағдарламасы «Радиациялық экология»


Шынайы және жалған қайтымдылық. Ұлпа мен жасушаның радиоәсерді



бет5/13
Дата20.05.2020
өлшемі226 Kb.
#70032
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
d7eb6701-39fa-11e3-9713-f6d299da70eeУММ ХМ К

Шынайы және жалған қайтымдылық. Ұлпа мен жасушаның радиоәсерді

сезгіштігі, сәулелену әсері факторына әр түрлі ағзалардың сезімталдығы.

Табиғатта радиосезімталдық өте кең диапазонды. Өте төмен радиосезімталдық

бактерияларда байқалады. Осыдан ондаған жылдар бұрын Сахарада Франция атом бомбасын жарғанда бүкіл тірі жәндіктер, жануарлар арасында сарышаян радиациямен әсерленбеген. Сарышаяндар гамма-сәулелерінің 100 мың рентген күші бар осы орталықта аман-сау тіршілігін сақтап, өмір сүре берген. Ал адамдарға радиацияның 700 рентген дозасы қатерлі. Неліктен сарышаяндардың радиосезімталдығының жоғы туралы жаңалық құпия, ол зерттелетін мәселелердің бірі екеніне оқымыстылар көңіл бөлуде. Бұл мәселені зерттеп, шешу адамдарды радиациялық қауіптің әсерінен сақтау үшін көмектесетін жаңа

заттар жасап шығаруға мүмкіндік берер еді.

Ағзаның радиосезімталдығы негізінен табиғаттың екі жағдайына байланысты –

сыртқы ортаның температурасы және табиғаттағы оттегінің концентрациясы. Мысалы: бақаның денесінде радионуклидтердің жинақталып, көбеюі сыртқы температурасының жоғарылауына сай болады. Өсімдіктер радионуклидтерді өздерінің жапырақтары және тамырлар жүйесі арқылы жинайды. Радиоактивтік заттардың ыдырауынан пайда болған заттарды топырақтан өсімдіктердің сіңіруі топырақтың қасиеттеріне – механикалық және минералдық құрамына, химиялық қасиеттеріне, гумус заттарының және т.б. байланысты.

Суда тіршілік ететін жануарлар ағзасында радионуклидтердің мөлшері судың

құрамындағы мөлшеріне қарағанда жүздеген және мыңдаған есе асып түседі.

Жануарлар иондық сәулеленуді сезе ме және одан сақтана ала ма? – деген сұраққа оқымыстылар көп көңіл бөліп, зерттеулер жүргізген. Зертханалық тәжірибелерде сүтқоректілер иондық радиациясы бар заттың тұрған жерін анықтай алған. Тышқандарды арнайы камерада аппараттың шуы кезінде ұйықтауға әдет етіп үйреткен. Рентген аппаратының сәулелерін тышқандар жатқан жаққа қарай жібергенде бірнеше секунд ішінде олар ояна бастаған. Рентген аппаратының сәулелерін тышқандар жаққа жібермегенде, олар оянбаған. Көзі көрмейтін, соқыр жануарлар да осылайша әсерленген. Сонымен, әр түрге жататын тірі жәндіктер және жануарлар тіршілігінің жойылуы сәулелену мөлшерінің деңгейіне байланысты. Бактериялардың және қкрапайым

жәндіктердің иондық сәулелену әсеріне сезімталдығы төмен. Гүлдердің иондық сәулелену әсеріне сезімталдығы төмен, саңырауқұлақтардың сәулеленуге сезімталдығы өте жоғары. Көпшілік өсімдіктердің иондық сәулелену әсеріне сезімталдығы жоғары. Сондай-ақ сүтқоректілердің де иондық сәулелену әсеріне сезімталдығы өте жоғары.


Микромодуль 4- Радиациялық бақылау және радиоактивті қалдықтар
Дәріс 9. Радиациялық өлшеу құралдары


  1. Гигиеналық практикада қолданылатын иондық сәулелердің түрлері.

  2. Стандартты радиометрлер көмегімен препараттардың белсенділігін өлшеу

  3. «Плато» есептегішінің есептік сипаттамасын табу

  4. Су қоймалары суларының, ауа, топырақ және азық-түлік тағамдарының

  5. радиоактивтілігін зерттеу әдістері

  6. Радиохимиялық зерттеу әдістері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет