Іскерлікке ие болуы: -балалар мен мүгедектердің құқықтары туралы отандық және халықаралық негізгі тәжірибелерді қолдануы;
-жеке психикалық және психофизиологиялық даму ерекшеліктері мен жалпы,арнайы (бұзылыстардың түрлі типтері бойынша)заңдылықтарын ескеру;
-мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету-педагогикалық іс-әрекетінің технологиясы мен теориялық білімдері негіздерін қолдануы;
-білім беру,денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдары жағдайында әртүрлі бұзылыстары бар балаларды тәрбиенің түрлі стратегиялық мүмкіндіктеріне сай және саналы бағалай алуы;
Меңгеруі -балалардың түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру қабілетін;
-сыни тұрғыда ойлау әдістерін;
-мүмкіндігі шектеулі балалардың жүйке-психикалы және дене даму ерекшеліктерін бағалау мен бақылау,
дамудағы ауытқуларды анықтау технологиялары мен теориялық негіздерін;
-мемлекеттік әлеуметтік саясат қағидаларын түсіндіруде қалыптасқан медициналық-психологиялық-әлеуметтік жұмыстарды болжау мен моделдеу технологияларын және теориялық негіздерін;
-мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасымен және басқа мамандармен педагогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыру іскерлігін;
-күнделікті өмірде қолданылатын дағдылар мен оларды жетілдіретін танымдық іс-әрекеттерді,әлеуметтік маңызы бар іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруды,мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту әдістерін.
Күтілетін нәтижелер Бұл курстың аяғына қарай студенттер:
1.Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру шарттарын сипаттай алатын болады.
2.Жалпы білім беруде мүмкіндігі шектеулі баланың психолого-педагогикалық сүйемелдеуінің қажеттілігін түсіндіре алатын болады.
3.Инклюзивті білім беруді қамтамасыз етудің тиімді шарттарына талдау жасай алатын болады.
4.Мүмкіндігі шектеулі балалардың көпнұсқалы білім беру жүйесін жоспарлай алатын болады.
5.Арнайы және жалпы білім берудің өзара әрекеттесудің түрлі нұсқаларын талдай алатын болады.