Жұмыс бағдарламасы «Спорт мектептерінде спорт сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар»



бет1/6
Дата17.02.2017
өлшемі0,95 Mb.
#9584
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.68/01-2013




ПОӘК

Оқытушыларға арналған пәндердің оқу жұмыс бағдарламасы «Спорт мектептерінде спорт сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар»


«__»_______2013 ж.

№3 басылым



«Спорт мектептерінде спорт сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар» пәнінен

Мамандығы: 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»


ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2013ж



Мазмұны.


  1. Дәрістің қысқашы мазмұны ………………………………………….

  2. Практикалық тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар ………………………………………………………………

  3. СӨЖМ әдістемелік нұсқаулар ……………………………………….

  4. СӨЖ әдістемелік нұсқаулар ………………………………………….

Дәрістің қысқашы мазмұны

ЛЕКЦИЯ №

Кіріспе. Дене шынықтыру және спорт гигиенасы пәні. Мазмұны, мақсаты, міндеттері.



Гигиена-бұл сыртқы ортаның адам денсаулығына әсер етуін зерттейтін медицинаның бір саласы. Гигиенаның негізгі міндеттері адамның жұмыс қабілетін көтеруге жәрдемдесетін өмір сүрудің ыңғайлы жақтарын қарастыру, оның ағзасының қоршаған ортаның зиянды әсеріне қарсы тұруын көтеру болып табылады.
Адамды қоршаған орта үнемі қозғалыста және өзгерісте болады. Және оның барлығы бірдей адам ағзасына жайлы әсер етпейді. Сондықтан ағза үнемі қоршаған ортаның ауыспалы жағдайына бейімделумен болады, оның сәл өзгерісі әсер етеді. Адамдардағы бейімделу шегі әртүрлі. Мысалы, бір адам сәл суықтан ауырып қалады, ал келесі біреуі қатты суықта да жеңіл пальтомен жүреді, қыста суық суға шомылады. Біреулері егіс басында жазда күні бойы еңбек етсе, енді бірінің 2-3 сағаттан соң-ақ терісі күлдіреп қалады. Спортшы 42 км. 195 м. марафондық қашықтықты жүгіріп өтіп, кешке биге бара алса, шынықпаған адам шамалы дене еңбегінен соң шаршап қалады.
Дене тәрбиесі мен спорт адамның қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына бейімделу құралы болып табылады. Дене жаттығуымен айналысу адам ағзасының бейімделуін қалыптастыруы маңызды орын алады, оның ыңғайсыз әсерлерге-ыстық пен суыққа, ауаның ауыспалы ылғалдылығына, үйренбеген дене жаттығуларына қарсы тұру қабілетін дамытады.

Президент кешенінің жас ерекшеліктеріне сай деңгейі міндетті түрде жалпы және қоғамдық гигиена мен оны тәжірибеде қолдана білу туралы нақты білім береді. 1-ші, 2-сынып оқушыларына шамасы келетіндей түрде оқушы денсаулығы үшін дене тәрбиесінің маңызы туралы жуыну, ысқылау, шомылудың гигиеналық және шынықтыру маңызы туралы және дене тәрбиесі, сабағы, серуен, қозғалыс ойындары үшін киім мен аяқ киімді таңдау тәртібі жайында мағлұмат беріледі. Ал 3-ші, 4-сыныптарда оқушылар дене тәрбиесінің денсаулықты нығайтудағы, үлгерімді көтеретіні туралы, таңертеңгілік гигиеналық гимнастиканы, дене тәрбиесі үзілісін, дене тәрбиесі мезеті жаттығуларын орындау барысында қалай тыныс алу керек екенін біледі. Келесі 5-6 сыныптарда оқушылар дене жаттығуларының ақыл-ой және дене жұмыс қабілетін көтерудегі маңызын, күн тәртібін және дене жаттығуларымен айналысудағы тамақтану тәртібінің маңызын біледі. Шынығудың түрлі әдістері туралы, спортпен шұғылданудың шыңдау әсерлері жайында оқушылар барынша терең және нақты білімді 7-8 сынынтарда алады. Әсіресе, адам анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы курсын өтетін 9-сыныпта білімдерін тереңдетеді.

Жеке және қоғамдық гигиена саласындағы дене жаттығуларының гигиеналық негіздері жайлы жүйелі білімді жоғары сынып оқушылары, орта арнаулы оқу орындарының студентері, жоғары оқу орындарының студенттері толық меңгеруі тиіс. Бұл жастағы жастар үшін Президент кешені дене тәрбиесінің жеке гигиенасының, әртүрлі мамандық иелерінің белсенді қимыл ережесінің, олардың дене жаттығуларымен айналысудағы тиімді тамақтануының, дене және ақыл-ой қабілетін көтеру мен денсаулықты нығайтып сақтау үшін, қалпына келтіру массаждарын және де басқа дене тәрбиесі мен спорттың тиімді құралдарын пайдалану туралы сұрақтарына терең үйретуді қарастырады.
Спортшының жеке гигиенасы
Спортшылар мен дене тәрбиешілері өз ағзасының қызметін реттеу үшін қимыл шарттарын саналы түрде күрделендіреді, мысалы, ауырсалмақты бірнеше рет көтереді, үлкен қашықтықты жүгіріп өтеді, жаттығуларды үлкен күшпен орындайды. Алайда қызметтің шарттарын күрделендіргенде есепсіздікке жол бермеу керек, дене тәрбиесі және спортпен айналысатындарға арналған ұсыныстар мен гигиена ережесінде бекітілген, ғылыми негізделген дене жүктемесін ұстану қажет. Оларды оқу жаттықтыру сабақтарында сақтау осыған сәйкес дене жаттығуларының өзіндік үй тапсырмасын ұйымдастыру қажет.
Дене тәрбиешісі мен спортшының жеке гигиенасына қандай талаптар қойылады? Адам денсаулығын еңбек қызметі мен тұрмысына қарай нығайтып сақтауға арналған талаптар жеке гигиена негіздерін құрайды. Адам бұлардың көпшілігін балалық шақтан бастап меңгереді. Мысалы, ауа райына қарай киіну, тіс тазалау, тамақ алдында қол жуу және т.б., күн тәртібі, еңбек пен демалыстың тиімді кезектесуі, тері мен денені күту, калыпты ұйқы, тамақ, киім мен аяқ киімге деген талаптар және де басқа жеке гигиена талаптары мен ережелерімен олар бүкіл өміріндегі білім беру мен тәрбие үрдістерінде танысады. Ол неғұрлым осы пайдалы білімді ертерек меңгерсе, соғұрлым оның дамуы жеделдейді, өмірі толыққанды, әрі қызықты болады, шығармашылық қызметі-ұзақ, әрі тығыз болады.
Күн тәртібі немесе оны қатаң сақтау үнемі тұру уақыты мен ТТГ, су процедуралары мен таңертеңгі тамақты жұмысқа немесе сабаққа баруды, түске үзіліс пен үйге қайтуды, тамақ ішу мен демалысты, спорт сабақтары мен ұйқыға жатуды және де басқа қызмет түрлерін қарастырады. Бұндай күн тәртібінің көптеген жылдар қайталап бекітілуі дағдыға айналады.
Соңында бұл адамның тек сыртқы ұйымдастырылғанын емес, оның ішкі күрделі өмірлік үрдістерді жүргізуінде көрінеді. Мысалы, күнделікті бір уақытта тұрып, ТТГ жаттығуларын жасау әдеті барлық ағзаның ырғақты қызметін, тез атқаруды, жоғары жұмыс қабілетін қамтамасыз етіп, күні бойғы көңіл-күйдің көтеріңкі болуына ықпал етеді. Күнделікті күн тәртібінің болмауы жұмысқа жай кірісуге, жалпы өзін-өзі нашар сезінуге, ал спортшыларда төменгі нәтижелерге әкеледі.
Күн тәртібін құруға кірісерде өз жұмыстарыңның барлық түрін-оқу мен спортты, үй және қоғамдық жұмыстарды, бос уақытты және басқаларын ескеру қажет. Жаттықтырушылар мен дене тәрбиесі оқытушыларының кеңесі, білімі және тәжірибесі жемісті оқуға, спорттың кез-келген түрімен айналысуға болатындай күн тәртібін жасауға жәрдемдеседі. Мысал үшін спорт секциясына қатысатын орта арнаулы оқу орындарының оқушыларына арналған күн тәртібінің бір нұсқасын келтіреміз.

Тәулік уақыты Қызмет түрлері
7.00 Тұру және төсек жинау.
7.05-7.20 Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика.
7.20-7.45 Шынығу процедуралары жуыну, киіну.
7.45-8.00 Таңертеңгі тамақ.
8.00-8.20 Сабаққа бару жолы (серуен).
8.30-14.30 Оқу сабақтары, қоғамдық жұмыстар. 
(үзілісте-екінші таңертеңгі тамақ)
14.30-15.00 Үйге дейінгі жол (серуен)
15.00-15.30 Түскі тамақ
15.30-16.30 Түстен кейінгі демалыс
16.30-18.00 Дене жаттығуларымен өз бетінше айналысу 
және жаттықтыру сабақтары, сол сияқты үй 
жұмыстары, бос уақыт және т.б.
18.00-18.10 Бесін тамағы
18.10-20.00 Үй тапсырмаларын дайындау.
20.00-2030 Кешкі тамақ.
20.30-22.00 Бос уақыт (серуен, кітап оқу, теледидар көру т.б.).
22.00- Ұйқыға жату.
Ұйқы-күн тәртібінің ажырамас бөлігі. Ұйқы кезінде ағза демалады, күшті жинап қайта қалпына келтіреді. Ұйқы жүйке жүйесі үшін ең қажетті нәрсе, өйткені жүйке жүйесі басқа жасушаларға қарағанда тез шаршайды, әрі ұйқы қанбауынан көп зардап шегеді. Жүйке жасушаларын жақсы қоректендірумен қатар ұйқы шаршауды басады, салмақ түсудің алдын алады және келесі жұмыстар үшін куат көзін толықтырады.
Ұйқы қажеттігі әдетте 14-16 сағ. бойы үздіксіз сергек жүруден соң туындайды. Ересек адам үшін тәулігіне 8 сағ., ал жасөспірімдерге 9-10 сағат талап етіледі. 22-ден 23-ке дейінгі уақыт ұйқыға жату үшін ең тиімді кез болып саналады.
Дене тәрбиесі және спортпен айналысатын оқушылар қарбалас жұмыс кезеңінде (емтихан, жарыстар, жаттықтырулар) ұйқы уақытын созуы керек. Тез және катты ұйықтап кету үшін таза ауада 30-40 мин. кешкі серуен мен бөлмені желдетіп алған жөн. Сонымен бірге күндізгі ұйқы да пайдалы, бірақ көбінесе күндізгі ұйқыдан соң түнгі ұйқы бұзылады, сондықтан күндізгі ұйқыға деген өз ерекшелігіңізді ескеріңіз. Күні бойы қатты шаршағанда әдеттегіден 1-2 сағ. ертерек ұйқыға жатуға болады. Жарыс алдында спортшыларда толқу, уайымдау салдарынан ұйқы бұзылуы мүмкін. Тиімді тамақтану мен барлық гигиеналық ережелерді катаң сақтау ұйқысыздықтың алдын алуға жәрдемдеседі.
Тері мен денені күту. Біздің денеміздегі тері жамылғылары ағза мен қоршаған орта арасындағы байланыста үлкен роль атқарады, ішкі ағзалар мен тканьдерді сыртқы әсерлерден қорғап, жылу реттеу үрдісін жүзеге асырып отырады. Бұл қызметтің дұрыс орындалуын белгілі бір деңгейде тері жамынғыларының тазалығына байланысты.
Теріде микроорганизмдер үшін ыңғайлы орта болатын май мен тер бөлінуінен кір мен шай пайда болады. Кір тері белгілі бір деңгейде өзінің бактерия өлтіргіштік қасиетінен айырылады, ал тері жамылғыларының жарақаттануы (тырналу, жырып кету, жаралар) микробтардың терінің терең тканьдеріне енуіне жағдай жасайды. Теріге дұрыс күтім жасалмағанда киім мен аяқ киімді дұрыс тандамағанда, қажалу, қысылу нәтижесінде теріде іріңді-саңырауқұлақты аурулар пайда болады. Басқада тері аурулары мен жарақаттары тері құрғақтығынан, тершендіктен, катты қатудан, дұрыс тамақтанбаудан болуы мүмкін.
Ыстық сумен жуынуға моншаға бару үшін спортшыға аптасына бір реттен жиі емес тәртіп ұсынылады, ал жаттықтырудан соң жылы душ қабылдайды (t+400C шамасында). Өте ыстық немесе өте суық су орталық жүйке жүйесінің қозуын жоғарылатады (ОЖЖ), ол өз кезегінде ұйқыны бұзады. Буланған және құрғақ ауаны монша қалпына келтіру үрдісін тездетеді, ағзаның бейімделу мүмкіндігін (қабілеттілігін) арттырады, жүрек-буын жүйесінің және жылу реттеу үрдісінің тиімді жұмыс ырғағын жақсартады. Монша тері жамылғыларын тазалауда үлкен гигиеналық маңызға ие. Алайда оны ыстық әлсіздікке, бас ауруына, әсіресе жас спортшыларда жұмыс қабілетінің уақытша төмендеуіне әкеліп соғады.
Кейбір спорт ойындары мен бірсайыстарда (баскетбол, гандбол, регби, күрес және басқалар) спортшылардағы жарақат себебі күтімі жоқ тырнақтан болуы мүмкін. Гимнастикамен, шаңғымен, ескекпен (гребля) және де басқа спорт түрлерімен айналысу терінің мүйізденіп күлдіреп қалуына (мазоль) әкеліп соғуы мүмкін. Оларға глицеринмен кремді қолдану ұсынылады, ал аптасына 1-2 рет жылы сумен жуып, аяқ қырғышпен тазалау керек.
Сонымен бірге шаш та үнемі күтімді қажет етеді, ол дене тәрбиесі және спортпен қарқынды айналысуда әдеттегіден де тез кірлейді. Шашты апта сайын (күн сайын емес) жылы қайнатылған сумен сабын көбігінде немесе ылайықты шампуньмен жуу ұсынылады. Күніне бірнеше рет жиі тарақпен тарау да пайдалы, тек себепсіз шашты қолмен ұстай беруге болмайды, сонымен бірге күнара басқа арнайы массаж щеткасымен массаж жасап тұру керек.
Tic пен ауыз қуысы күтімі-бұл тек ағарту жұмысы емес. Ауру тіс пен кейбір асқазан-ішек ауруларының арасында тікелей байланыс бар.
Ауыз куысындағы ас қалдығы микробтар үшін қолайлы жағдай туғызады. Олар ауыздан жағымсыз иіс шығарады, тістің тез сарғаюына жағдай жасайды, ол тіс пен ауыз қуысын түрлі ауруына, тістің қызыл етінің ісінуіне, (пародонтоз), ал асқынып кеткен жағдайда тістің босап, тіпті түсіп қалуына әкеліп соғады. Сондықтан тісті күнделікті екі рет тіс пастасы немесе тіс ұнтағымен жуып тұру міндетті болып саналады.
Қызыл ет тканьдерінің ең дұрыс жаттықтыруы ауыз душы (гидромассаж) болып саналады. Бұл үшін "гидростат" сияқты немесе жіңішке шланга түріндегі арнайы құралды пайдаланады ("гидростом"-майда тесіктері бар темір душ. Процедура ұзақтығы-5-10 мин. Қызыл иекті жылы және салқын сумен кезектесіріп шаю да тиімді. Алайда тіс эмалінің жылылыққа және салқындыққа өте әсершілдігіне қарай +35...+370С температурадағы суды пайдалану ұсынылады.
Ауыз қуысының күтіміне арнайы дәрігердің тексеруі де (санация) кіреді. Әдетте санацияға емдеуге жатпайтын тіс тасын алу, поломба салу, сынған тістер мен түбірін жұлу жатады. Қай жағдайында массаж жасауда пайдалы, онда саусақпен және басбармақпен жоғарғы қызыл етті жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай уқалайды. Уқалау қимылдары жеңіл болуы керек. Уқалау ұзақтығы-3-5 мин.
Дене және ақыл-ой еңбегінің гигиенасы. Адамның жүйке жүйесі үздіксіз қызмет істейді. Ол барлық ағзаның үйлесіп қызмет істеуін, оның қоршаған ортамен байланысын камтамасыз етеді. Адам қызметіне қарай шаршау дене еңбегінде болсын, ақыл-ой еңбегінде болсын алдымен ОЖЖ-де дамиды. ОЖЖ-іне ауырлық түсірмеудің алдын алу мақсатында тиімді еңбек туралы гигиеналық негізделген элементтер қолданылады.
Дене еңбегінің тиімділігі жұмысшының артық қимылын алып тастауға қызу ырғақты дұрыс жүйелеуге және түрлі бұлшық ет топтарын демалдыруға бағытталған. Бұнымен еңбек процесіне қатысатын бұлшық ет қызметін реттейтін бас миы бөлігін қоздыру мен тежеуді кезектестіруді қамтамасыз етеді. ОЖЖ салмағының алдын алуға қызметтің басқа түріне ауыстыру жәрдемдеседі, мысалы, өндірістік гимнастика, дене шынықтыру мезеті жаттығуларын орындау. Бұндағы ең маңыздысы жұмысқа қатысы жоқ бұлшық ет топтарын да жаттықтырады.
Үздіксіз және қарқынды ақыл-ойы еңбегі ОЖЖ-нің шаршауын туындатады. Бас миының шаршаған бөліктерін демалдырудың жақсы құралы "басқа жұмыс түріне өту болып есептеледі, бірақ ауыр дене еңбегі болмауы тиіс, мысалы, бақшаға қарау, серуен, жүгіру, гимнастика және т.б. Бұл ұсыныстар мүмкіндігінше оқу орнының сабақ кестесінде ескеріледі. Оларды оқушылар да біліп, қолдануы тиіс: үй тапсырмасын орындау үзілісінде жеңіл дене жаттығуларын орындауға пайдалану, емтиханға дайындалу барысында дене тәрбиесімен және спортпен айналысуды тоқтатпаңдар. Ақыл-ой және дене еңбегіне кезектестіру сендердің жүйке жүйелерінді шаршамаудан сақтап, оның жұмыс қабілетін арттыратынын есте ұстаған абзал.

ЛЕКЦИЯ №


Сыртқы ортаның табиғат факторларының гигиеналық маңызы. Ауа гигиенасы Су гигиенасы Адамдар тіршілігіне ауаның маңызы. Ауаның физикалық қасиеттері, химиялық құрамы. Ауаға қойылатын гигиеналық талаптар. Суға қойылатын гигиеналық талаптар. Сумен жабдықтау. Ауыз суының гигиенасы. Суды тазарту әдістері. Топыраққа қойылатын гигиеналық талаптар. Сыртқы ортаның табиғат факторларының гигиеналық маңызы және оларды мектеп оқушыларына шынықтыру үшін пайдалану.

Адамдардың ұзақ уақыт болатын бөлмелері күні бойғы тіршілік іс-әрекетінің қалдықтарымен, яғни дем алғандағы ішкі ауалар, ішек газдары, тері арқылы бөлінулер, антропотастандылар арқылы ластанып тұрады. Сонымен қатар ауа құрамы тұрмысқа байланысты химиялық бөлінулер (жеке жұмыстарға қолданылған полимерлік материалдар, залалсыздандыру заттары, желдеткіштердің дұрыс болмауы т.с.с.) арқылы ластанады.

Осындай жағдайлардың нәтижесінде ауаның биологиялық қасиеті жедел өзгеріп, тотығуы жоғарылап, бактериямен ластануы өсе түседі. Оның электрлік қасиеті де, иондық құрамы да өзгереді - организмнің функционалдық жүйелеріне қолайсыз әсер ететін ауыр, оң зарядталған бөлшектердің саны өседі. Адамнан бөлінетін жылу, ылғал арқылы бөлме ауасының температурасы мен ылғалдылығы жоғарылайды.

Ауаның ластануы бала организміне өте қолайсыз әсер етеді. Химиялық ластанулар аллергиялық тітіркендіргіш ретінде кейде тіпті улағыш зат ретінде әсер етеді. Аммиак пен ацетон сияқты антропотастандылар тыныс алу функциясына кері әсер етіп, сілекейдегі лизоцимнің азаюына, оның бактерицидтік қасиетінің төмендеуіне әкеліп соғады. Мұндай жағдайлар орталық жүйке-жүйесінің өзгерістеріне, қызмет қабілетінің төмендеуіне, бас ауруына, әлсіздікке, қатты қажуға әкеліп соғады.

Ауаның физикалық параметрлерінің өзгеруі организм мен қоршаған ортаның арасындағы жылу алмасуға әсер етіп жылу-реттеу жүйесінің күрделі қызметіне жүктеме түсіреді.

Балалар мен жасөспірімдердің термореттеу жүйелерінің ерекшелігіне байланысты, олар микроклиматтың және бөлменің жылулық өзгерісіне өте сезімтал келетіндіктен, оларға ауа-жылу комфортын қалыптастырып, термореттеу механизмдерін жаттықтыруға жағдай жасау қажет.

Балалар бөлмелерінің микроклиматын нормалау бөлменің функционалдық жағдайына, баланың жасына, климаттық аймаққа байланысты жасалады және бұл норма оның жаттықтыру әсерін ескере отырып жасалған, яғни тек комфорттық жағдай ғана емес, салыстырмалы түрдегі қолайлылығы қарастырылған.

Ылғалдылықтың жақсы көрсеткіші (климат ерекшеліктерін ескерместен) 30-50%, рұқсат етілген деңгейі 25-60 %; Ауа қозғалысының жылдамдығының ең қолайлы деңгейі 0,06-0,25 м/с, рұқсат етілген деңгейі 0,3 м/саралықта болады.

Бөлме микроклиматының дұрыс болуы әртүрлі жылу жүйелері арқылы жасалады. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің жылу қондырғылары шартты түрде конвективті (конвекторлар, радиаторлар) және сәулелі (панельдер) деп бөлінеді.

Ғимараттың жылу жүйесімен қамтамасыз етілуі орталық жылу электр жүйесінен (ОЖЭЖ) немесе жергілікті от жағатын орындардан алынады.

Конвекторлар мен радиаторлардан ауа ағынына жылу бөлінуі тұрақты түрде айналып отырады, мұнда қабырға салқын күйінде қалады. Жылу көзі болып табылатын – судың ыссылық деңгейі жылу қондырғыларының сыртында МДМ үшін 850С, мектеп және басқа оқу орындары мен салауаттандыру лагерлерінде 950С жоғары болады.

Жылу беретін жүйелер (еденде немесе төбеде) көлденеңінен орналасқан болса, оны сәулелі жүйе деп, ал қабырғаға тігінен орналасқан болса панельді жүйе деп аталады.

Ауа соратын желдеткіштердің жеке жүйесі сынып бөлмелеріне, оқу кабинеттеріне, лабораторияларға, мәжіліс залына, дәріс аудиторияларына, оқу шеберханаларына, спорт залдарға, асхана мен дәрігерлік пунктте орнатылады.

Мектеп асханаларының ауа алмасуы асханадан бөлінетін жылы ауаның сорылу көлеміне есептеледі.

Оқу бөлмелерінің терезелерінің жоғарғы жақтауының ашпалы көздері еденнің 1/50 бөлігіне тең болуы керек. Олар жылдың барлық мезгілінде іске қосылып тұрады.

Оқу бөлмелері үзіліс кезінде, ал рекреация бөлмелері сабақ өту кезінде желдетіледі. Сабақ басталуға дейін және сабақтан соң екі жақты желдетілу керек. Жылдың жылы мезгілдерінде сабақты терезенің жоғарғы жағын ашып қойып өткізуге болады.

Денешынықтыру сабағы жақсы желдетілген залда өткізіледі. Ол үшін даладағы ауаның температурасы +50С, онда жел ағыны төмен жағдайда 1-2 терезені ашып қойған дұрыс. Одан төмен температурада, жел ағыны жоғары болғанда терезенің жоғарғы жағын ашып қояды, балалар жоқта екі жақты желдетіледі. Бөлме температурасы 15-140С болғанда залды желдетуді тоқтатады.

Желдеткіш - бөлмедегі лас ауаны әкетіп, таза ауа әкелу арқылы, бөлмеде нормаға сәйкес метеорологиялық жағдай мен ауа тазалығын сақтауға жағдай жасайды. Табиғи желдету - таза ауа есік, терезелер арқылы келіп, лас ауа қабырғаға орнатылған ауа сорғыш каналдар арқылы әкетіледі. Механикалық желдеткіш - ауаны механикалық соруға арналғандықтан, ауа алмасуды күшейтеді.

Жергілікті ауа сорғыш желдеткіші лас ауа бөлінетін жерге орнатуға арналғандықтан олар химия кабинетінде, оқу-өндірістік шеберханаларда, асханаларда, т.с.с. орналастырылады.

Балалар мекемелерінде балаларды салқын тигеннен сақтандыру үшін, бөлмелердің желдетілуі мен желдеткіштердің жұмысына бақылау жасалады. Терезенің жоғарғы жақтарының, терезе жаппаларының дұрыстығы тексеріледі. Бөлмені екі жақты желдету, балалар жоқ кезде жасалады. Желдету кезінде дәретхана есіктері жабық тұрады.

Мектептерде үзіліс кезінде сыныптар желдетіліп, ал, сабақ кезінде рекреация бөлмелері желдетіледі. Дәретханаларда желдету тек ауа сорғыш каналадар арқылы жасалады.

Желдеткіштердің қызмет етіп тұрғандығын анықтау үшін, оның тесігіне жанып тұрған шырақты немесе жеңіл қағаздың қиығын апарады. Егер желдеткіш дұрыс болса шырақ оты немесе қағаз бір жаққа қарай қозғалады. Ауаның жағдайын анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізіледі.

Жалпы білім беру мекемелері СанНменЕ сәйкес залалсыз таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі керек. Химия, физика, биология кабинеттерінің лабораторияларына, санитарлық тораптарға, бірінші-төртінші сыныптардың әрбір бөлмелеріне және ұзартылған күн тәртібіндегі бөлмелерге міндетті түрде суық су жүйесі қосылуы керек. Сызу және көркемөнер кабинеттеріне, информатика және электрлі есептеу техникалары, техникалық модельдеу, жас натуралистер, сурет салу, скульптор жасау үйірмелеріне арналған бөлмелерге тігін және ас пісіру шеберханаларына, оқытушылар бөлмесіне, асханаға, қыз балалардың жеке бас гигиенасына арналған бөлмелеріне, фото- және кино лабораторияларына т.с.с. суық сумен қатар, ыстық су жүйесі қосылуы керек.

Ыстық судың температурасы 600С жоғары болмауы керек. Жалпы білім беру мектептерде эпидемиологиялық жайлы кездерде сода, сабын немесе жасанды жуғыш заттарды пайдалану арқылы күнделікті жуып-тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Сынып бөлмелерін және т.б. оқу және қосымша бөлмелерді сабақтан соң, терезе жаппаларын ашып жуып, тазартады. Мектеп 2 ауысымды болса, тазартуды күніне 2 рет жүргізеді.

Айына бір рет тазалық заттарымен бірге залаласыздандыру заттарын пайдалана отырып жалпы тазарту жасалады.

Жалпы көпшілікке арналған орындар (буфет, асхана, мед. кабинеттер және дәретханалар) күнделікті залаласыздандыру заттарын пайдалану арқылы тазартылады.

Мектеп учаскесінің территориясы да күнделікті тазартылып отыруы керек. Қоқыс-қалдықтарды беті жабылатын металл қоқыс салғыштарға жинайды. Оларды ғимараттан 25м қашықтықта, бетон немесе асфальтпен қапталған арнаулы орындарда орналастырады. Қоқыс салғыштарды аптасына 2 рет тазартып, залалсыздандырады.

Балалар мекемесінің территориясында бақылаусыз, қаңғырған малдар, ит, мысықтар т.б. жануарлар жүруіне тиым салынады.

ЛЕКЦИЯ №


Спорттық ғимараттарға және санитарлық-техникалық құрылыстарға қойылатын гигиеналық талаптар.

Спорттық жабдықтарға спорттық-оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар Спорт құрылыстарына қойылатын гигиеналық талаптар. Ашық және жабық спорт құрылыстарының түрлері. Ғимарат орны мен жер участогын таңдау. Ғимарат жоспары. Жылыту. Ауа режимі. Жарық режимі. Сумен жабдықтау. Оқу жабдықтары. Жиһаздарды дұрыс іріктеу және парталарға оқушыларды дұрыс орналастыру. Жиһаздарды бөлмелерде дұрыс орналастыру. Оқулықтар, оқу-жазу саймандары, көрнекті құралдар гигиенасы.

Балалардың дене тұлғасының дұрыстығын гигиеналық негіздеу. Оқу-тәрбие мекемелерін , қажетті жиһаздармен қамтамасыз етудің және оны тиімді пайдаланудың өсіп келе жатқан балалардың денсаулығын сақтауда, барлық оқу-тәрбие процессінің тиімділігін жоғарылатуда маңызы өте зор.

Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің негізгі бөлмелерінің жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар, антропомерия, гигиена, физиология ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді және жиһаздардың әрқайсысының қолданылуына қарап анықтайды.

Негізгі талаптардың бірі – жұмыс столы мен орындықтардың баланың бой ұзындығы мен дене пропорциясына міндетті түрде сәйкес келуі.

Бұл талаптардың сақталуы балалардың дене бітімі дамуының үйлесімді болуына, дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына, қызмет қабілетінің ұзақ уақыт жоғары болуына жағдай жасайды; Сонымен қатар, көз анализаторы мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарының профилактикалық шаралары ретінде де өте маңызды роль атқарады. Бұл талаптар сақталмағанда жұмыс істеу жағдайының қолайсыздығы арта түседі: дене кейіпінің еңкіштігі ұлғаяды, оның ассиметриясы дамиды, “дене мүсінінің” бұлшық еттеріне түсетін жүктеме көбейіп, ауырлық орталығы ауысып, дене тұлғасының тұрақсыздығына әкеліп соғады, балалар сабақта тыныш отыра алмай, артық қимыл-қозғалыстары көбейеді және т.б. Оқушының дене бітімінің дамуы мен ақыл-ой қызмет қабілетінің дұрыс қалыптасуы үшін сабақта отырғандағы дене тұлғасының дұрыстығы қажет.

Ғылыми мәліметтер бойынша бас пен дененің кеуде бөлігінің алға қарай біраз еңкіш болып келгені дұрыс. Дененің еңкіштігі аздаған немесе орташа болып келеді. Аздап еңкіштік кеуде бөлігінің, белге қарағандағы бұрышы 1700-қа жуық, ал орташа болғанда бұл бұрыш 1600-қа жуық болып келеді. Статикалық және биомеханикалық тұрғыдан дене тұлғасының аздаған еңкіштігі, ауырлық орталығының амплитудасын онша көп ауыстырмайтындықтан дұрыс болып саналады. Орташа және одан көбірек еңкіштік ауырлық ортасының алға қарай ауысып, оның қозғалу амплитудасын кеңейтіп жібереді. Мұндай жағдайда арқа, мойын бұлшық еттеріне жүктеме түсетіндіктен, тыныс алу қозғалыстарының амплитудасы тарылып, пульс жиілігін біршама жоғарылатып, көз көруін нашарлатып, веналық қан тамырлардың қызметін төмендетіп, омыртқа аралық шеміршектердің алдыңғы жағының жаншылуына әкелетіндіктен бірқатар патологиялық өзгерістер туғызуы мүмкін.

Балалардың сабақ кезіндегі дене тұлғасының дұрыстығын анықтау үшін дене кейіпінің жағдайына әсер ететін бірнеше мағлұматтарды ескеру қажет және осыған байланысты физиологиялық, патофизиологиялық, психофизиологиялық белгілерді бөліп қарауға болады.

Дене тұлғасының жағдайына баға беруге арналған физиологиялық белгілерге дене қалпын сақтауға қатысатын бұлшық еттердің белсенділігінің дәрежесі жатады. Дене тұлғаның дұрыстығы қан айналуы мен тыныс алу реакцияларымен де анықталады.

Түрегеліп тұрғаннан көрі, отырған жағдайдағы дене тұлғасы энергия шығыны тұрғысынан алғанда біршама қолайлы болып келеді: тірек аудунының кеңдігімен, ауырлық орталығының біршама төмендеу келетіндігімен, соған сәйкес дене тұрақтылығы гемодинамикалық ыңғайлылығымен сипатталады.

Дененің тепе-теңдігі мықты, жүрек, қан-тамыр, тыныс алу, ас қорыту, есту және көру анализаторларының қызметі жақсы болған жағдайдағы дене тұлғасы дұрыс деп саналады.

Патофизиологиялық белгілерге дене тұлғасының ассиметриясы және соған сәйкес бұлшық ет белсенділігінің ассиметриясы мен партаға отырған кезде немесе верстакта жұмыс істеген кезде дененің кеуде бөлігінің еңкіштігі жатады.

Сүйек-бұлшық ет жүйесінің шартты түрдегі ыңғайсыздығы организмде қажу дамуын жеделдетіп, соған байланысты әр түрлі өзгерістерге (дене тұлғаның еңкіштігі, сколиоздар, иық пен жауырынның ассиметриясы т.с.с.) дамуына әкеліп соғады.

Психофизиологиялық белгілерге дене тұлғасының құймшақ маңайы және санның артқы бөлігімен субъективті байланысы, ұзақ уақыт мазасыздыққа, көру жұмысы кезінде көзден жұмыс бетіне дейінгі қолайлылық жпғдайына баға беру жатады. Оқу процесінде техникалық оқу құралдарын пайдалануға байланысты психофиологиялық белгілердің маңызы арта бастады.

Баланың сабақ кезінде столға дұрыс отыруы, баланың басының, столдың жазық бетіне еңкеюінен пайда болады, мұнда еңкею бұрышы 25-510, кеуде жағы 41-620, бүкіл дене 85-1000 болуы керек. Ол үшін мектеп жиһаздарының негізіг бөліктерінің - стол мен орындықтың биіктіктерінің қатынасының дұрыстығы міндетті түрде сақталуы қажет.

Бұл қатынастар дифференция, орындық арқалығының ара қашықтығы және орындықтың ара қашықтығы көлемдері арқылы анықталады (сурет)

Дифференция - столдың артқы қырынан (тігінен алғандағы) орындыққа дейінгі ара қашықтық. Бұл аралық иықтың шынтаққа дейінгі ұзындығына 5-6см қосқанға тең болуы керек. Дифференцияның 2см өзгеруі мүмкін. Одан жоғары болуы оқушы жазу жазғанда оң жақ иығы көтеріліп тұруына, соған байланысты дене ассиметриясы дамып, омыртқа бағанының қисаюына жағдай жасайды. Одан төмен болуы дененің еңкіштенуіне, көздің дәптер немесе кітаптан дұрыс ара қашықтығының бұзылуына әкеліп соғады.

Орындық арқалығының ара қашықтығы - столдың артқы қырынан (көлденеңінен) орындық арқалығына дейінгі аралық, бұл аралық көкірек қүысының алдыңғы-артқы диаметрінен 5см жоғары болмауы керек. Орындық арқалығының ара қашықтығы жоғары болса оқушы орындықтың арқалығын, қосымша тірек ретінде пайдалана алмайтындықтан ауырлық орталығы алдыға қарай ауысады, төмен болса стол беті көкірек қуысына тіреліп, тыныс алу, қан айналу қызметі бұзылып, жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыз болып, статикалық жүктеме жоғарылап, қажудың басталуы жеделдеп, қызмет қабілеті төмендейді.

Орындықтың дистанциясы - столдың артқы қыры мен (көлденеңінен) орындықтың алдыңғы қырының аралығы. Орындықтың дистанциясы - теріс болуы керек, яғни орындықтың отырғышы столдың астына 4-8см кіріп тұруы керек; «Нөлдікң, әсіресе «оңң дистанцияда, оқушы столға қарай еңкейіп, алдына қарай созылып отыруға мәжбүр болады. Жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыздыққа ұшырап, статикалық жүктеме жоғарылап, қажудың дамуы жеделдейді. «оңң дистанция оқушы орнынан тұрып, столдан шығуы үшін ғана қажет. «Терісң дистанцияның «оңң дистанцияға ауысуы стол қақпағын ашу немесе орындықты жылжыту арқылы жасалады.
ЛЕКЦИЯ №

Жұқпалы аурулардың алдын алу. Жұпалы аурулар, олардың түрлері. Оларды емдеу, алдын алу. Ауа-тамшылы инфекцияны алдын ала емдеу. Тері аурулары. Венериолгиялық аурулар. Организмнің жұқпалы аурулардан өзін-өзі қорғау. Иммунитет. Иммунитет түрлері.



Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу).
Биологияда – организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.
Иммунитет - ағзаның ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморальды реттеу жағдайында әрекет етеді.
Қорғаушы заттар, антидене
Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар – фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау адамдар мен жануарлардың барлығында әр түрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары) түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын белок, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар – антиденелер (иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.
Президенттік иммунитет
Президенттік иммунитет – мемлекет басшысы өзінің міндетін атқарып тұрған кезінде тұтқындалмайтынын, қамауға алынбайтынын, сот алдында жауапқа тартылмайтынын білдіреді. Президенттік иммунитет тек Конституцияда көзделген ерекше тәртіппен қызметтен кетірілгенде ғана (импичмент, қызметтен босатылу, т.б.) алынып тасталады. Бұдан кейін президент сот тәртібімен қудалануы мүмкін (АҚШ, Бразилия, Венесуэла), не мүлде қудаланбайды (Чехия). Францияда және кейбір басқа да елдерде президент тек мемлекеттік опасыздық жасаған жағдайда ғана парламенттің шешімімен арнаулы сотқа беріледі. Қазақстанда, Конституцияда көзделгеніндей, ел Президентіне, оның абыройы мен ар-намысына ешкімнің тиісуіне болмайды .
Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу
Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін.
Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса – белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса – енжар иммунитет дейді. Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша, туберкулез, сіреспе, күл, т.б. ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 – 3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар.

ЛЕКЦИЯ №


Тамақтану гигиенасы.

Тамақтану режимін құру. Тәуліктік энергия шығынын анықтау. Хронометражды кесте әдісімен танысу

Тәуліктік тамақтанудың гигиенасы. Тәуліктік тамақ мөлшерін және құрамын анықтау. Спортшылардың тамақтану тәртібі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет