мүмкіндігін мол пайдаланған. Шал болса сол халықтық поэзияның қолтығынан шыққан
адам. Теңеу, тұспалдауы,
метафора, символ секілді бейнелеу құралдары да соны паш
етеді. Редифтік рифмалардың ұшырасатындығын да айта кеткен жӛн. Кейде тармақтың
аяғы ӛзара ұйқасады. Бір мысал келтіре кетелік: «Басеке, мал жануар басқа бітер, Қына
шӛп секілді ол тасқа бітер. Үйіңнен ит жаланып шықпайтұғын, Ӛзіңдей жатып ішер насқа
бітер», – дегенде «басқа», «тасқа», «насқа» сӛздері «бітер» етістігімен біте қайнасып,
әуезді ұйқас жасаған. Кейде «шӛлді біледі», «елді біледі», «жеңуді біледі» деген зат есім
мен етістіктің тіркестері ӛзара ұйқасады да, келісті ӛрнек құрайды. Қай кезде де ӛңін
жоғалтпас Шал ақынның фәлсафалық тұжырымдары
мен ұтымды ұйқасын былай
қойғанда, тапқыр теңеулеріне тәнті боласыз. «Ай нұрланар аспанда толған сайын,
Пенделер үміт етер болған сайын, Ашу-пышақ болғанда, ақыл-таяқ, Сол таяқ кемімей ме
жонған сайын». Мәнерлі, әсерлі шумақтан ғибадаты кең ой түйесіз. Кәрінің ӛлімін соққан
дауылдың тынғанына теңесе, жастың ӛлімі сынған бәйтерекпен парапар дейді. «Таудың
кӛркі – тас» деген баламаларды Шалдан естідік. Кісі мінезіндегі олқы жайларды жіті
байқап қалып, ӛз байламын ұсынады. Ӛмір тәжірибесін оймақтай сӛзбен тізеді.
Сабырсыздықтан, санасыздықтан сақтандырады. «Жігіттің мұрты кебер мақтанарда» десе,
оның немен аяқталатынын жазбай танисыз. Бір жолдың ӛзінде мінез, кескін-келбет тұтас
кӛрініс береді. Ақын ақылдың кӛзімен кӛп нәрсені ашып кӛрсетеді. Ақ пен қараның
бітіспес күресінің арасында жүріп Шал ӛзінің шығармашылық нысанасынан ауытқымаған.
Ӛзі
сезіп білгенін, кӛргенін, түйгенін айтқаны басқалар үшін рухани азық еді. Қысқалы,
ұзынды нақылдарына бірқатар жүк артты. Кейбір шумақтары шешендік сӛздердің
жүйесіне жақындайды, енді бірқатары кәдімгі ақ ӛлеңмен айтылғандай әсер етеді. Кейінгі
айтушылары, кӛшірушілері ұйқасқа икемдеуі мүмкін. Сосын кейбір шумақтар Шалдікі
болмауы мүмкін. Айталық, «Кӛкала кӛл, нар қамыс», «Бұл ӛлім қайда жоқ», «Күні суық
болғансын түні қайтсін» дегендер халықтікі, не кейінгі қоспалар сияқты. Ақыннан жазба
нұсқа қалмағаннан кейін оны жамап-жасқаушылар, «жӛндеушілер» табылып қалады.
Шал белгілі бір зат, құбылыс туралы дәл, анық айта білген.
Қаққан қазықтай
сӛздерін орнынан жылжыту қиын. Жердің салмақты тұсынан ойып алған кен іспеттес.
«Жігіттің ӛзім білем дегені, – Басына салған ойраны. Ісін кӛпке бергені, – Тастан соққан
қорғаны. Ӛсек басты болады, Қыздың жасқа толғаны. Жан шошырлық жаман іс, – Ағайын
ала болғаны». Неден сақтанып, неден аянбау керектігін айнаға түсіргендей айнытпай
береді. Қазіргі ӛркениетке де бұл керекті ой. Рухани тәжірибе кӛпке ортақ. Ертедегі
жыршы, жыраулар алауыз, алакӛз болған қатерлі хандарды осындай сӛздермен
ауыздықтап, тізгін тарттырғаны белгілі. Енді біз мемлекеттер алакӛз болмаса деп тілейміз.
Мұның ӛзі, Шал ақынның кемеңгерлілікке иек артар сӛздері
қай дәуірге де қызмет
ететіндігіне дәлел болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: