Сабақтың тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы. Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі54,07 Kb.
#28839
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Су.Табиғаттағы су айналымы.

Сабақтың мақсаты:

1.Сурет арқылы табиғаттағы су айналымы туралы білу; Судың физикалық қасиеттерінің үш күйде кездесуі; Оқушылардың су туралы өткен сыныптарда алған білімдері мен күнделікті өмірден білетіндерін қорыту; Өлең ұйқасын табу;

2.Су, оның адам өміріндегі маңызы; Оқушылардың сөздік қорын молайту; Өз ойын ашық айта білуін қалыптастыру;

3.Суды дұрыс пайдаланып ,оны қорғай білуге тәрбиелеу;

Түрі: Жаңа білімді меңгеру

Көрнекілік: интерактивті тақта, оқулық, үлестірмелі қағаздар,

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі :

(Оқушылардың сабаққа дайындығын, олардың көңіл-күйін тексеру)

*сыныпты  суреттер арқылы екі топқа бөлу

*Топ басшысын сайлау

*Оқушыларға сабақтың мақсатын қойғызу  

*Оларға топ  ережесін құру

*Бағалау парақшасын беру

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбіде сабақ,

Сәттілікке толсын.

Бүгін сенің алар бағаң,

Тек қана бестік болсын!

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

1.Топтастыру



1 топ: Кенді пайдалы қазбалар

2топ: . Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

2. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар туралы айту

3.Ойын «Пайдалы қазбалардың белгілерін табу» /картамен жұмыс/

(Оқушылар пайдалы қазбалардың белгілерін атын айта отырып, оларды картада орналастырады)

Сергіту сәті

ІІІ Жаңа сабақ

*Жұмбақ шешу

Өзенде, көлде өмір сүреді,

Аспанда қалқып жүреді.

Іші пысқан кездерде,

Жерге тамып түседі. /су/

-Балалар су туралы не білесіңдер?

/Су туралы мәліметтер айту/

Су-ғажайыпзат. Олай деуімізге бірнеше себебі бар. Су- түссіз, иссіз, еріткіш, мөлдір, пішінсіз, жұққыш. 


Су- тіршілік көзі. 
Ағзалар денесі 50-90 пайызға-ға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50кг су бар. Адам су ішпесе бір апта ғана шыдай алады. 
Су- табиғатта ең көп таралған зат. 
Глобусқа қарасақ Жер шарының төрттен үш бөлігін көгілдір түске боялган.

Ол су,мұхит,өзен,көл,теңіздер.Сонымен қатар өсімдік, топырақ, ірі ағзалардың құрамында да су бар. 


Су-ащы,тұщы 
Өсімдіктің құрамында да су бар. Оған су құймасақ өліп қалады.

Су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінінашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді

Су- тіршілік нәрі. Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су білеміз. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4-5 литр су ішеді. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз 1 аптадан артық өмір сүре алмайды

 Судың мөлшері 17 кг кемісе адам өледі. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.

 Су тіршілік көзі. Олсұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр тү рінде түседі.

 Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.



ІV Өлең оқу

/өлең мазмұнына іштей түсіну/

V Топпен судың күйін, түрлі себептерін анықтау

/презентация /

-Су табиғатта қандай күйде кездеседі?

 1топ тауып айтады: қатты мұз күйінде

2 топ тауып айтады: Температура 0º С-тан төмен

1топ: сұйық күйінде

2 топ: Температура 0 ºС-тан жоғары

1 топ: Газ тәрізді

2 топ: Температура 0 º С-тан жоғары                 100 ºС-та қайнайды

VІ Суретпен жұмыс

«Табиғаттағы су айналымы » тақырыбын ашу



(Оқушылар суретке қарап отырып, табиғаттың су айналымын өздері тауып айтады.)

VІІ Мәтінмен жұмыс

( Оқушылар мәтінді іштей, түсініп оқиды)

VІІІ Сұрақтар қою

(Мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қояды) /диалог/

ІХ Өлең ұйқасын табу

/Өздік жұмыс, Авторлық орындық/

Білгін мұны -----------

Сусыз құрғақ -------------

Сусыз қараң -------------

Ескертеміз бар-------------

Ескертеміз бар-------------

Суды босқа ----------------.



Х Дебат

(1 топ судың пайдасын айтса, 2 топ судың зиянын айтып жарысады)

*Судың пайдасы-1 топ

*Судың зияны- 2 топ

ХІ «Тату көрші» ойыны.

( Балаларға тест беріледі, болған соң көршісі тексереді.)

1.Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?



А) төрттен бірін ( 4/1)

ә) төрттен екісін (4/2) б) төрттен үшін (4/3)

2. Судың тірі ағзалар үшін басты қасиетін көрсет.



А) еріткіш Ә) аққыш Б)түссіз, дәмсіз В) исі бар

3. Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады?



А) тұщы Ә) минералды Б) қышқыл В) салқын

4.Еліміздегі ең терең көлді тап.



А) Алакөл Ә) Балқаш Б) Байкал В) Зайсан

5. Арал теңізіндегі тұз тозаңының көбеюі ненің әсерінен?



А) теңіздің тасуынан Ә) дауылдың соғуынан

Б) судың көп булануынан В) жиі жауған жаңбырдан

ХІІ Бағалау критериі

/Топ басшылары топтағы оқушыларды қалай бағалағанын, ол бағаларды не үшін қойғанын айтып түсіндіреді./

ХІІІ Рефлексия

(Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады)

ХІV Үйге тапсырма:

Күнделікті енді ашайық


Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.

“Су айналымы” туралы сызба сызу ;

“Мен сумын” эссе жазу;

Мәтінді түсініп оқу;

-Балалар мен сендерге өте ризамын. Сабаққа барлығында өте жақсы қатыстыңдар.Әрдайым осылай ізденіп, сабағымызға жаңалықтар енгізіп отырайық. Осымен ашық сабағымыз аяқталды, көңіл-қойып тыңдағаңыздарға көп рахмет.

«Красный Октябрь орта мектебі» ММ



(Дүниетану 4 сынып)



Өткізген: Темиргалиева Б.К.

2015-2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет