Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) Басылым: Бірінші ф ену 703-13-17



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата24.02.2020
өлшемі1,49 Mb.
#58950
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
бак
1044, 1044, Әдеб. мәтіндер, бак

 

2-Апта  

№2-дәріс 

Тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің дамуы  

Қарастырылатын мәселелер: 

1. Бұқаралық ақпарат құралдары тілі және қазақ әдеби тілі   



 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 


 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 

 

2. БАҚ тілінің әдеби тілді қалыптастырудағы орны. 



3. БАҚ тілінің дамуы.  

 

Әдеби  тіл  -  жалпыхалықтық  тілдің  сұрыпталған,  сымбатталған,  нормаланған, 



жүйеленген,  жалпыға  түсінікті,  стильдік  тармақтары  белгіленіп,  қоғамдық  қызметі 

тұрақталған,  жетілген,  ең  жоғарғы  сапалы  түрі  болып  табылады.  Әдеби  тілдің  стильдік 

тармақтары  туралы  айтылғанда,  әдетте,  қарқынды  дамыған  әдеби  тіл  ұғымы  назарға 

алынады.  Әдеби  тілдің  қалыптасқан,  жаңа  дамып  келе  жатқан  шағында  одан  стильдік 

тармақтардың  түрлерін  іздеп,  оның  әдебилігін  сол  талаппен  ғана  өлшеуге  болмайды. 

Стильдік  тармақтардың  болу-болмауы  әдеби  тілдің  даму  қарқыны  мен  дәрежесінің  межесі 

болу керек (Р.Сыздық).  

Әдеби тілдің қалыптасу тарихында бұқаралық ақпарат құралдары тілінің, соның ішінде, 

мерзімді  баспасөз  тілінің  алар  орны  ерекше. Қазақ  тіл  ғылымында  алғашқы  қазақ  мерзімді 

баспасөзінің тілдік, стильдік ерекшеліктері, олардың қазақ әдеби тілін  дамытуда алар  орны 

көптеген  ғалымдардың  еңбектерінде  сөз  болды.  Мәселен,  Б.Кенжебаев,    Х.Бекхожин, 

Б.Әбілқасымов, Р.Сыздық, Н.Қарашева, Г.Момынова, С.Сапина т.б.  

ХХ ғ. басындағы мерзімді баспасөз ішінде басқалармен салыстырғанда, ұзағырақ уақыт 

шығып  тұрғандары  –  «Айқап»  журналы  мен  «Қазақстан»,  «Қазақ»  газеттері.  Кез-келген 

газет-журналдар  қоғамның,  қоғам  ұстанып  отырған  саясаттың  негізінде  туындайтын 

идеология  жұмыстарының  жаршысы  қызметін  атқаратыны  белгілі.  Аталған  мерзімді 

баспасөз беттерінде қазақтың саяси өмірі туралы мақалалар, көптеген көкейтесті мәселелер 

бойынша  пікірталастар  жарияланып  тұрды.  Ұлттық  мерзімді  баспасөз  тілдің  қолданылу 

аясын  кеңейтіп  қана  қоймай,  оның  нормалық  жүйесінің,  грамматикалық  құрылымының, 

сөздік құрамының дамуына да үлкен әсер етті. ХІХ ғ. 2 жарт. қалана бастаған публицистика 

стилі  алғашқы  газет-журналдар  тілі  арқылы  одан  әрі  дамыды,  әдеби  тілді  қалыптастыруға 

ықпал  етті.    Баспасөз  тіліндегі  жаңа  сөз,  жаңа  қолданыстардың  көңілге  қонымдысы  сөздік 

құрамға  еніп,  тілімізді  байытты,  кейбіреулері  пассив  қабатқа  өтті,  енді  біреулері  жаңа 

мазмұнда  тілімізге  оралды.  Мысалы:  от  кеме,  от  арба,  жел  кеме,  көк  кемесі,  қарындас 

(ағайын, туысқан), әкім, құқық, төраға, парыз, сайлау, хисаб (есеп), қаріп (әріп), ғаял (әйел), 

ғадет (әдет) т.б (Р.Сыздық).  

Бұқаралық ақпарат құралдары - радио, телевидение, интернеттің кейін пайда болғанын 

ескерсек,  мерзімді  баспасөз  тілінің  тілді  жүйелендіріп,  дамытудағы  қызметін  ғалым 

Б.Момынованың тұжырымдарымен беруге болады: 

-Әдеби  тілді  дамытып,  сөздік  құрамды  толықтырып,  молайтып,  байытып  отыратын 

қайнар көздердің бірі; 

- Ауызекі  сөйлеу  тіліне  де,  жазба  әдеби  тілге  де  ықпал  етуші  ақпарат  құралы  (бұл 

құбылыс керісінше де жүріп жатады); 

-Әдеби тілдің функционалдық стильдерінің қалыптасуына, дамуына зор әсер етеді; 

-Тіл мәдениетінің көрсеткіші; 

-Тілдегі сөзжасам саласының пәрменді құралы; 

-Термин  қалыптастыру  мен  бейтерминденуі  процесі  жүруіне,  сол  арқылы  тілдегі  

синонимдер қатарының пайда болуына мүмкіндік береді. 



 

3-Апта  

№3-дәріс 

Тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдарының функционалдық қызметтері. Баспасөз, радио, 

телехабар тілдерінің ерекшеліктері 



Қарастырылатын мәселелер: 

1. Бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметтері. 



 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 


 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 

 

2. Мерзімді баспасөз тілінің ерекшеліктері. 



3. Радио, телехабар тілдерінің ерекшеліктері. 

 

Бұқаралық  ақпарат  құралдары  түрлерінің  коммуникативті  құрылымында  кейбір 



айырмашылықтары  болмаса,  атқаратын  функционалдық  қызметтері  ұқсас.  Олар 

төмендегідей: 

1. Түрлі оқиға, факті мен ситуация туралы оқырманға, тыңдаушы мен көрерменге хабар 

жеткізу арқылы  танылатын информациялық-ақпараттық қызметі; 

2. Белгілі  бір факті, дерек туралы хабардар етіп, түсінік-комментарийлер, баға беруге, 

анализ жасауға ұштасып жататын, комментарийлық-бағалауыштық функциясы; 

3.  Қандай  да  бір  мәдени,  тарихи,  ғылыми  сипатты  ақпаратпен  таныстыру  барысында 

сол информацияны қабылдаушының таным-түсінігін, білім-біліктілігін арттыруға септесетін 

– ағартушылық-танымдық функциясы; 

4.  Қоғамдық  пікір  тудыру,  оны  қалыптастыру,  адамдардың  көзқарасын  кеңейту  және 

қоғамда болып жатқан өзгерістер мен науқандық, әлеуметтік-саяси акцияларды ұйымдстыру, 

өткізу кезінде, қайта құрулар мен ірі саяси оқиғалар, төңкерістер тұсында қоғам мүшелерінің 

дүниетанымына әсер ету қызметі; 

5.  Кез  келген  ақпараттың  таралуы  кезінде  қабылдаушының  эстетикалық  талғамынан 

шығуы  үшін  тиімді  тәсілердің  пайдаланылуы,  сол  арқылы  жағымды  эффектілер  тудыруы  – 

гедоникалық функциясына жатады. 

Кейбір  зерттеушілердің  пікірінше,  БАҚ-тың  аса  маңызды  қызметі  –  барша  адамзатты 

бірлікке жұмылдыруы  (Б.Момынова). 

 Баспасөз  жазба  әдеби  тілдің  қалыптасуымен  қатар  дүниеге  келген  ақпарат 

құралдарының  алғашқы  түрі  болғандықтан,  ол  жазба  тілдің  формасын  көрсетеді,  сөйтіп, 

тілдің  жаңа  құрылымдық  элементтерін  қолданысқа  түсіреді.  Аудиторияның  әлеуметтік 

құрамы  БАҚ  тілінің  өзіндік  ерекшеліктерінің  қалыптасуына  әсер  етеді.  Ақпарат 

қабылдаушылардың  әлеуметтік,  кәсіби  тұлғасы,  тематикалық  қызығушылығы  бұқаралық 

коммуникация  мазмұнын  құрауда  ескеріліп,  қоғамдық  өмірдің  әр  түрлі  құрылымдарына 

негізделген лексика көздерін пайдалануға алып келеді.  (С.Сапина). 

Газет-журналдар тілі маңызды орын алады. Ол оқырманмен тікелей кері байланыстың 

болмауымен,  мәтін  көлемінің  шектелуімен,  сол  мәтінге  максималды  ақпаратты 

сыйдыруымен  ерекшеленеді.  Сондай-ақ,  «В  современный  период  наблюдается  тенднция  к 

усилению  информативности.  Серьезные  изменения  имеют  место  и  в  самом  строе  газетной 

речи.  Это  обусловлено  стремлением  уйти  от  сухог,  официально-книжного,  обезличенного 

газетного языка предшествующего периода. Можно также видеть тенденцию отклонения от 

традиционного изложения мысли, применения готовых штампов. Напротив, на первый план 

выходит  речевое многообразие, характеризующееся активным использованием иноязычных 

слов,  профессионализмов,  разговорной  лексики  и  жаргона.  В  эпоху  коренных 

преобразований  в  истории  общества,  которое  затрагивает  все  сферы  жизни,  языковык 

процессы движутсянеобычайно быстро». (Е.А.Журавлева).     

«Кітаби  тілдің  ауызша  түріне  радио,  телевизия  хабарларынығ  тілі  жатады.  Өтйкені 

ресми  ақпарат  кітаби  тілмен  беруді  қажетсінеді.  Публицистикалық  шығарма  қалың 

жұртшылыққа  түсінікті  тілмен  елде,  әлемде  болып  жатқан  уақиғаларды  таныстыру,  оған 

талдау  жасау  арқылы  қоғамдық  пікір  қалыптастырады»  (Н.Уәли).  Радио  тілі  қарапайым, 

түсінікті, бейнелі, әуезді болуы керек. Радионың ерекшелігіне байланысты дыбыс айрықша 

рөл атқарады. Сондықтан сөйлегенде дауысты жоғарылату мен төмендетудің және екпіннің, 

үн  ырғағының  радиода  сөйлеу  үшін  орны  бөлек.  Дауыстың  қандай  дәрежеде  болуының  өзі 

адамға  әр түрлі  әсер  етеді.  Дұрыс  акцентпен  айтылған  сөз  көңілге  қонымды шығады.  Тілді 

радиохабарларда  орнымен,  өзінің  заңдылығымен  қолдану  тыңдаушыға  оңды  әсер  етсе, 


 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 


 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 

 

керісінше  дұрыс  қолдана  білмеу  кері  әсер  беретіні  белгілі.  Дауыс  тербелісі  сөз  бояуын 



арттырады. Осылайша радиодан берілген материалдар мен хабарларда белгілі  бір ырғақпен 

сөйлеуші  ақпаратты  тыңдарманға  әсерлі  де  сенімді  жеткізіледі.  Радиодағы  сөз  монолог, 

диалог түрінде келеді. 

Телехабар  тілі  үш  бағыт  бойынша:  бейне-дыбыс-сөздің  өзара  үйлесімі  арқылы 

анықталады. Телехабар көпшілікке арналғандықтан, онда қолданылатын сөздер де аса қысаң 

не  тым  әсіре  қызыл  сөзбен  көмкерілмей,  жалпыға  бірдей  түсінікті  болуға  тиіс.  Әрі  тым 

жеңіл,  эмоционалды-экспресивті  сөздердің  жиі  қолданылуы  да  басымдылық  танытпағаны 

дұрыс.  Сөйлем  құрылысын  күрделендірудің  қажеті  жоқ.  Көп  бағыныңқылы  сабақтас 

құрмалас  сөйлемдер,  қиын  тіркестер,  айтылуы  қиын  сөздер  экрандағы  қас-қағым  сәтте 

қабылдауды,  түсінуді  қиындатады.  Тележурналист  әдеби  тіл  нормаларынан  ауытқымай, 

қазақ тілінің заңдылықтарына, нормасына сәйкес сөйлеуі шарт (Д.Бисмильдина).  

 

4-Апта  

№4-дәріс  

Тақырыбы: Публицистикалық стильдің жанрлары, сипаттары 

Қарастырылатын мәселелер: 

1. Публицистиканың жанрлық белгілері. 

2. Ақпараттық, талдамалы жанрлар, сипаттамасы. 

3. Көркем-публицистикалық жанрлар. 

 

Жанр  дегеніміз  -  -  белгілі  бір  газет,  журнал,  материалдарның,  радио,  телевизия 



хабарының  көріну,  өмір  сүру  формасы.  О.С.Ахманова  жанрды  «жағдайдың  нақтылы 

шарттарына байланысты жұмсауды мақсат еткен қолданыс тілінің түрі» деп көрсетеді. Әрбір 

функционалдық стильде жазылған мәтін белгілі бір жанрлық түрлердің қалыптасу, я болмаса 

қолданылу  дәстүрінің  тарихын  көрсетеді,  сонымен  бірге  адам  қызметінің  сол  саладағы 

жағдаяттарға  байланысты  тілдік  тұлғалардың  жұмсалу,  бекітілу  сапасын  анықтайды. 

Сондықтан әрбір жанрлық түрге белгілі бір нақты құрылым, алдын ала айқындалып ұойған 

өзіндік қаситеттер тән болып келеді (Ә.Ыбырайым).  

Негізгі жанрлық белгілерге мыналар жатады: 

1.  Шығарма  тақырыбы.  Бұл  өмірді  суреттеудің  шынайылығын, мазмұнын,  мағынасын 

анықтайды. 

2.  Материалды  үйлесімді  етіп  ұйымдастыру.  Бейнеленетін  бөлшектер  арасындағы 

байланысын,  қандай  қағида  негізінде  құрылғандығын,  материалды  сұрыптауда  негізге 

алынған шарттарды анықтайды. 

3.  Топтастырудың  мөлшері  (шегі).  Шығармада  бейнеленген  оқиғаның  өмірде 

қаншалықты  белең  алып  жатқаны,  құбылыстар  мен  оқиғалар  шеңберінің  кеңдігі, 

мазмұндаудың жалпылық, жекелік сипаты анықталады. 

4. Көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдар. Шынайылықты көрсетуде соған сәйкес келетін 

пішіндерді  табуға  мүмкіндік  беретін  құралдар  (түс, жарық, ырғақ,  темп,  тіл,  стиль,  дыбыс) 

(М.Шындалиева). 

Жанр  ұғымымен  қатар,  стилистикада  подстиль  термині  де  қолданылады.  Ак. 

М.Серғалиев  шағын  стиль  деп  аударуды  ұсынады  және  публицистикалық  стильді  3  топқа 

бөледі:  1.  Үгіттік-публицистикалық  (корреспонденция,  репортаж,  жарнама,  хабарландыру); 

2.  Саяси-идеологиялық  (ақпараттық,  аналитикалық  мақалалар,  комментарий);  3.  Саяси-

бұқаралық (интервью, фельетон, памфлет, очерк) (М.Серғалиев). 

Ғалымдар  жалпы  публицистика  жанрын  табиғатына  қарау  3үшке  бөледі:  1. 

Ақпараттық; 2. Талдамалы; 3. Көркем публицистикалық.      



 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 


 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 

 

Ақпараттық жанрға жаңа нәрсені хабарлау тән (ақпараттық хабарлама, есеп, репортаж 



т.б.).  Олардың  негізінде  қоғамдық-саяси,  әлеуметтік-мәдени  мәні  бар  жаңалықтар,  ой-

пікірлер,  хабарлар,  деректер  жатады.  Ақпараттық  жанрлар  қоғамдық  пікірге  елеулі  ықпал 

етіп, қоғамдық сананың қалыптасуына әскер етеді.  

Талдамалы жанрда негізгі деректерді жан-жақты қарастыра отырып, оның негізгі мәнін 

жоғалтпай    автор  өз  пікірін,  көзқарасын  білдіреді  (комментарий,  хат,  шолу,  мақала,  пресс-

конференция,  журналистік  зерттеу  т.б.).  Материал  тек  жеке  көзқарасқа  негізделмей,  пікір 

теңдігі ескерілуі тиіс. Автор қарым-қатынаста бейтараптылық танытып, өзіне мәлім деректер 

мен  оқиға  желісін  тиімді  пайдалана  отырып,  пікір  алуандығына  қарамастан  тепе-теңдікті 

сақтауы тиіс. Бұл автор бейнесіне, автордың «әлемдік тілдік бейнесімен» тығыз байланысты. 

Көркем-публицистикалық  жанрларда  (суреттеме,  очерк,  эссе,  аннотация  т.б.)  автор 

өзінің көркем қабылдауын шынайы болып жатқан оқиғалармен ұштастыра отырып құруына 

мүмкіндік береді. Деректер кейде шындыққа сай болмаса да, нақты деректен алыстамайды. 

Жанраралық  синтезге  бейнебаян  жатқызылады.  Мәтін  мен  әуен,  бейне  мен  драмалық 

әрекет, композиция мен хаос, графика мен жарық эффектілерін бойына жинап, әрі біріктіруі 

– осы жанрдың өзгешелігі (М.Шындалиева)    

 

5-Апта  

№5-дәріс. 

Тақырыбы:  Медиа-мәтін  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  негізгі  сөйлеу  бірлігі 

ретінде.  



Қарастырылатын мәселелер: 

1. Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі сөйлеу бірлігі - медиамәтін. 

2. Медиа-мәтін байласымын жүзеге асыратын тілдік бірліктер. 

3. PR мәтіндер, оларды жазуда ескерілетін жағдайлар. 

 

Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, 



мәдени,  спорт,  өнер,  кино,  денсаулық  сақтау  және  білім  беру  салаларындағы  барлық 

қордаланған  проблемаларды  жұртшылық  назарына  ұсынатын  да,  қандай  да  бір  ғылыми 

жаңалықтар  мен  жетістіктерді  көпшілікке  таныстырып  жеткізетін  де  әмбебап  құрал 

болғандықтан журналистер қауымын ғаламның ақпараттық бейнесін жасаушылар деп тануға 

негіз  бар.  Осы  топтың  жинау,  талдау,  саралау,  іріктеу  сияқты  сатылардан  өткізіп  барып 

көпшілікке ұсынатын түпкі өнімін медиа-мәтін деп атауға болады. Жалпы БАҚ тілі нысанаға 

алынғанда лингвистика ғылымындағы негізгі ұғым мәтінге бұқаралық коммуникацияда жаңа 

мағыналық реңктер үстеледі. Сөйтіп БАҚ арқылы таралатын аудиалды және визуалды түрде 

қабылданатын  хабарламалардың  бәрі  біріге  келіп  вербалды  және  медиалық  белгілердің 

жиынтығы ретінде медиа-мәтін ұғымын құрайды.  

Медиа-мәтінді  прагмалингвистикалық  тұрғыдан  қарастырғанда  оларды  тілдік 

бірліктердің  ғана  емес,  жалпы  білім  аясы  мен  коммуникативтік  саланың  қосындысы  деп 

санаған жөн. Осымен байланысты соңғы жылдары БАҚ мәтіндерін когнитивті лингвистика 

шеңберінде  қарастыруға  айрықша  мән  берілуде.  Онда  тіл  сырттан  келіп  түскен  ақпаратты 

репрезентациялаушы және онда кодталған мәліметтерді ашу үшін қолданылатын когнитивті 

құрал  ретінде  танылады.  Когнитивті  лингвистика  мамандары  үшін  БАҚ  қалыптастыратын 

ақпараттық  кеңістіктің  тақырыптық  жағынан ұйымдастырылуы  аса  маңызды.  Өйткені  онда 

орасан  зор  ауқымды  медиа  ағынның    өзіндік  мәдени  спецификалық  ерекшеліктері  көрініс 

табады. Сондай-ақ медиа-мәтіндердің идеологиялық бағыттылығының қандай тілдік тәсілдер 

арқылы берілетінін анықтаудың да мәні зор. Бұған қоса сондай вербалды құралдар арқылы 

жеткізілетін  әлеуметтік  маңызға  ие  ақпаратты  экстралингвистика  факторларымен,  атап 

айтқанда,  Адам  факторымен,  кең  мағынасында  алғанда  қоғаммен,  тілдік  социуммен 



 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 


 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 

 

байланыста  қарастыру  бүгінгі  антропоцентрлік  бағытта  дамып  келе  жатқан  іргелі  ғылым 



саласының  талабынан  туындап  отыр.  Медиа-мәтіннің  жасаушысы  да  (журналист), 

қабылдаушысы  да  (оқырман),  объектісі  де  –  Адам  болғандықтан,  әрі  тақырыптық  аясын 

жалпыадамзаттық 

проблемалар 

мен 

құндылықтар 



құрайтындықтан, 

медиа-мәтін 

антропоөзектік сипаттағы бұқаралықкоммуникацияны құрайды.   

Аса  ауқымды  ақпараттық  кеңістікті  қамтитын  медиа-мәтін  бүгінде  социумның 

когнитивтік  санасын  құрайтын  діни,  саяси,  әлеуметтік,  мәдени,  тарихи  т.б.  факторлардың 

барлығын  тілдік  санада  айшықтай отырып;    бұқаралық  санаға  ықпал  етуші  қуатты  құралға 

айналды. Бұл жерде медиа-мәтінді бұқаралық сананы реттеп, қажетті идеологиялық бағытқа 

бейімдеп отыратын саяси тетік деуге де болады. 

Сонымен, медиа-мәтін: 

 Медиа-мәтін  –  БАҚ  арқылы  жүзеге  асырылатын  ақпараттық-коммуникативтік 

процестің маңызды элементі; 

 Медиа-мәтін 

қарым-қатынастың  өзге  түрлерінің  жүзеге  асырылуы  үшін 

қолданылатын сөзжұмсамдық әрекет формасы; 

 Коммуникацияның аяқталған, тиянақты және тұтас бірлігі; 

Медиа-мәтін  ақиқат  болмыстың  қандай  да  бір  үзігінің  репрезентациясы  болып 

табылатын күрделі, құрастырылмалы моделі; 

 Медиа-мәтін  –  оқиғаларды,  құбылыстар  мен  процестерді  интерпретациялаушы  көп 

құралдың ішіндегі аса әлеуеттісі; 

Медиа-мәтін – мәтіндік интерпретациялаушы механизмдер әрекетінің жемісі; 

Медиа-мәтінде – әсер етудің прагматикалық стратегиялары жүзеге асырылады; 

Медиа-мәтін – әлеуметтік регуляцияда қолданылатын қуатты құрал; 

Медиа-мәтін  –  ғаламның  медиа  бейнесін  қалыптастырушы  негізгі  фактор  болып 

табылады (Қ.Есенова).  

  Медиа-мәтін  өз  көрерменіне  не  тыңдарманына  ұғынықты  болуы  үшін,  сөзді  өз 

орнында  жұмсаумен  қатар,  оның  құрамына  енген  сөйлемдердің  арасындағы  лексика-

грамматикалық  амал-тәсілдерге  (есімдік,  шылау,  сан  есім,  шылау,  қыстырма  элементтер, 

тәуелдік жалғауы т.б.) ерекше назар аударған жөн (Қ.Есенова). 

PR  –  паблик  рилейшнз  ағылшын  тілінен  алғанда,  «қоғаммен  байланыс», 

«жұртшылықпен»  байланыс  деген  мағынада  қолданылады.  Көптеген  зерттеушілердің 

пікірінше, PR жеке бағыт ретінде ХХ ғ. басында таныла бастады. Жүйелі PR  отаны ретінде 

АҚШ танылады. Қазіргі таңда қазақ БАҚ-ында да PR сипатты мәтіндер бар. 

Көпшілік  алдында  сөйленетін  сөзге  ерекше  дайындықпен  шығу  қажет.  PR  мәтіндерді  

жазуға нұсқаулар: 

 

Мәтіндегі сандарды сөзбен жазу қажет (сөйлеуші нөлдерді санап тұрмас үшін); 



 

Ерекшеленген сөздердің астын сызу; 



 

Сөз сөйлеушінің мәтінге толықтырулар енгізуі үшін үлкен азат жол қалдыру; 



 

Зат есімдерді қайталап қолдану, есімдіктер тыңдаушыларды шатастыруы мүмкін; 



 

Қарапайым сөздерді және сендіру, болымды сөйлемдерді жұмсау; 



 

Сабақтас құрмалас сөйлемдерді көп қолданбау қажет. 



Өткен жетістіктерді еске түсіріп, болашаққа бағдар берген жөн. 

Егер  сөйлеушінің  бойында  шешендік  қабілеті  болмаса,  сөз  қысқа  да  нұсқа,  түсінікті 

болуы шарт (Киселев А.Г.). 

 

6-Апта 

 

№6-дәріс 

Тақырыбы: 

Бұқаралық 

ақпарат 

құралдары 

тіліндегі 

қайталамалардың 

коммуникативтік, прагматикалық қызметі  


 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 


 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 

 

Қарастырылатын мәселелер: 

1. 


Қайталаманың мәтінтүзімдік қызметі. 

2. 


БАҚ-тағы  фонетикалық,  лексикалық  қайталама  түрлері,  прагматикалық 

қызметі. 

3. 

БАҚ-тағы грамматикалық қайталама түрлері, прагматикалық қызметі.  



 

Адресант  медиа-мәтінді  жазбас  бұрын  оның  сұлбасын  көз  алдына  елестетеді. 

Мысалы, субъект алдымен жанр түрін таңдайды, медиа-мәтіннің көлемін анықтайды, макро-

микромәтіндік  құрылымын  болжайды  (үлкен  тақырыпты  бірнеше  тақырыпшаларға  бөлу 

арқылы).  Бұл  аталғандар  ұйымдастырушылық  мақсаттағы  стратегиялар.  Ал  әлеумет 

ерекшелігін  ескеру  (мамандыққа,  жынысына,  білім  дәрежесіне,  географиялық  орналасу 

аймағына, жас ерекшелігіне т.б.байланысты), дискурстың пресуппозициясын белгілеу, өткен 

оқиғамен салыстыра баяндау, объектіге әсер етудің тура және жанама  формаларын таңдау, 

таңбалау  барысында  әлеуеті  күшті  тіл  құралдарын  пайдалану  –  медиа-мәтінінің 

прагматикасын  жүзеге  асыратын  стратегияларға  жатады.  Соңғы  аталған  прагматикалық 

әлеуеті  күшті  тіл  құралдарының  қатарында  (прецеденттер,  этнолексика,  калька,  мақал-

мәтелдер, тұрақты тіркестер т.б.) – қайталамалардың рөлі ерекше.   

Баспасөз  тіліндегі  қайталамалар  поэзия,  көркем  әдебиет  тіліндегі  қайталамалардан 

прагматикалық  мақсатта  жұмсалуымен  ерекшеленеді.  БАҚ  тіліндегі  қайталамалар 

таңбааралық қарым-қатынас орнату, объектіге мақсатты түрде әсер ету қызметін атқарады.  

Бүгінде  қазақ  тіл  білімінде  қайталамалар  тілдің  қабаттарына    қатыстылығына  қарай 

дыбыстық  қайталама,  морфологиялық  қайталама,  лексикалық  қайталама,  синтаксистік 

қайталама  деп  бөлініп  жүр.    Біздің  ойымызша,  мазмұндауды  ұтымды  ұйымдастыруға 

қайталаманың барлық түрлері қатысады.  

Мәтіннің  дыбыстық  жағынан  бірыңғай  үйлесімді  берілуі  қайталаумен  тығыз 

байланысты.  Дыбыстар  бір-бірімен  үйлесімді  келу  нәтижесінде  ерекше  бояуға  ие  болып, 

олар  белгілі  бір  көркемдік  мақсатта  жұмсалына  алады.  Дыбыстық  қайталаманы  мақсатты 

түрде  қолданып,  оқырманға,  тыңдарманға  ой  тастауға,  немесе  оны  соңына  ертуге  немесе 

тақырыпатты  дыбыстық  қайталама  арқылы  беріп  адресатты  қызықтыруға,  өзіне  қаратуға, 

субъектінің  өзіндік  ерекшелігін  танытуға  болады.  Мысалы,  Көзбен  көріп,  көңілге 

түйгендеріміз (Ана тілі. 5.10.1998ж.), Жетекші жастардың жұмысы жемісті (Орал өңірі. 

24.01.2008ж.)  т.б.  Баспасөз  тілінде  аллитерация  мен  ассонанс  өнімді  қолданылатын  әдіске 

айналған.  Олар  берілетін  ақпараттың  тиісті  деңгейде  қабылдануы  үшін  көптеген 

ұйымдастырушылық қызметтерді атқарып жаңа прагматикалық қырынан танылуда. Мысалы: 



Сахидың «саяси сабағы» (Орал өңірі. №2. 05.01.2008ж.). 

Қылмыстық қудалау (Ғ.Жанқадамов.О рал өңірі. №3. 10.01.2008ж.). 

Желім иіскейтін желөкпелер  (Ұ.Сариева. Орал өңірі. №8. 22.01.2008ж. ). 

Табиғат тірлік тірегі  (Н.Отаров. Орал өңірі. №9. 24.01.2008ж.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет