Темірқазығыңнан жаңылма.
Біз адал болдық. Ешкімнің, яғни қоғамның ала жібін аттамадық. Қанашыл едік.
Жағымпаз болмадық, шындыққа тоқтадық. Шешен, батыл сөйлегендерді, іскер, қабілетті
адамдарды бағаладық, соларға еліктеп өстік. Ғани Мұратбаевты ұлт жастарының
боямасыз өнеге алар тұлғасы деп білдік. Ғаниді қазір де «комсомол», «қызыл» деп қана
санамай, ұлттың нағыз жалынды жас қайраткері деп танып, мемлекеттік деңгейдегі жас
өркеннің өнеге тұтар тұлғасы қатарына қойса, олқы емес. Ол жалаң қылыш белсенді
болмаған, заманы тақсіретке душар еткен, сол кездегі жетімдер мен аш-жалаңаштарды
аман алып қалу үшін арпалысқан, ұлтты сол кезде-ақ дүниеге танытуға ұмтылған
жалынды қайраткер. Жас өркенге өнеге тұтар тұлға керек. Бала әуелі тетелес аға-
апасына, одан әке- шешесіне қарап өсіп, ержете келе қоғамдық деңгейдегі беделді іздейді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Жасты неге бастап, икемдесең, соған бейімделеді. Қазіргідей еліміздің ұлы бетбұрысты,
тәуелсіздік қадаларын қаға бастаған шағында жастарымыздың табандылығы, тазалығы,
денсаулығы, отаншылдығы, қоғамшылдығы аса маңызды. Еліміздің ертеңі де бүгінгі жас
буынның осы қасиеттерінің саулығына тікелей байланысты. Ынжық, жасық, аяншақ,
тартыншақ, басбұзарлар тұлға бола алмайды. «Көрген көргенін істейді, көсеу түрткенін
істейді» деген халқымыздың даналық сөзі бар. Көрген дегені – талапты, талпынысты,
әрекетшіл жас болса, көсеуі – өз бетінше жол тауып жүре алмайтын, тек біреудің
айтуымен ғана жүретін ынтасыздар. Біздің жастар көсеу болып қалмай, көргенді болып
өссе деймін (Сабыржан Шүкірұлы. Ана тілі. №44. 05.11.1998ж.).
Жоғарыда келтірілген мысалдан ұйқастың дыбыстық анафорамен, аллитерация және
ассонанспен тығыз байланысты болып келуін ғана емес, сонымен қатар оның
морфологиялық қайталама арқылы ұйқасатындығын көруге болады.
Қайталамалар ішіндегі толымдысы, қызмет ауқымының кең болып келетіні, әдеби
тілдің функционалды стиль түрлерінің барлығында дерлік қолданылатыны – лексикалық
қайталамалар. Біз бір сөздің немесе сөз тіркесінің қайталану үрдісін лексикалық қайталама
деп алып, оны қайталамалардың қалған түрлерінен ажыратып жүрміз. Лексикалық
қайталамалар қайталама категориясының басқа да түрлері секілді өзіндік ерекшеліктерге ие
болып, өз ішінен бірнеше түрлерге тармақталады. Кейбір ғалымдар лексикалық
қайталамалардың бастау алуын қос сөздермен байланыстырады. Алайда негізі бір болу
мүмкіндігі болғанымен, бүгінгі қайталамалар бастапқы қалыптарын мүлде жоғалтқан.
Лексикалық қайталаманың шешендік сөздер мәтінінде қолданылуы оның көнеден
қолданыста болғандығын дәлелдейді. Ол автордың ойын жинақтайды, сөзінің әсерлі жетуіне
жағдай жасайды. Қайталамалардың мақал-мәтелдерде де көп ұшырасуы да осының айғағы.
Мысалы, лексикалық қайталаманың симплока түрі:
Бұл не деген сөз? Бұл – ебірей жұрты ешуақытта қор болмайды деген сөз (Жас
Алаш. 22.10.02ж.). Сондай-ақ:
Бір төбенің басында халықтың қазынасын қарпып кетіп, шетел асқан алаяқ
«демократтар» тұр.
Бір төбенің басында шетел аспаса да билікке өкпелеп жүрген, қалтасы қалың
төңкеріс «демократтар» тұр.
Бір төбенің басында өз ішімізде ірткі салуды ойлап жүрген «ұлтшыл»
«демократтар» тұр (Жас Алаш. 23.07.2002ж.).
Уәжсіз қайталаманың өзін тавтология дейміз. Әдетте, мұндай қолданысты штамп
сөздер (таптаурын) деп атайды [112б.]. Мысалы, Мейрам мейрамда қуантты (Тәрбие
Смағұлова. Орал өңірі. №63. 03.06.2008ж.) деген мақала атауын алар болсақ, еш прагматика
жоқ.
Синтаксистік қайталамалар қазақ тілінде тек сөйлем мүшелері қызметін атқарумен
ғана шектелмейді, олар одан да кең синтаксистік ауқымда келеді. Олар көркемдегіш
қызметпен қоса мәтін түзімі, және мәтін құрылымы қызметтерін атқаруға икемді болады.
Сөйлемнің толық түрде өзгеріссіз қайталануы. Мұндай сөйлем кесімділікті,
сенімділікті білдіреді. Мысалы: Ертең Бекзаттың туған күні мақаласы.
«МЕНІҢ ЖЕҢІСІМ – ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕҢІСІ!» Мұндай астарлы қалың, аталы сөз
тек атадан асып туған аруақты ердің ғана аузынан шықса керек.
«МЕНІҢ ЖЕҢІСІМ – ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕҢІСІ!» Ұлттың бақытына туған,
халқымның қамын жеп, елінің ертеңіне алаңдаған алғаусыз ақ жүректі азаматтың ғана
кеудесін жарып шықса керек.
«МЕНІҢ ЖЕҢІСІМ – ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕҢІСІ!» Жекенің емес, көптің көзайымы.
Мұндай ой елдік мұратпен тыныстап, ұлттық намыстың қайрағында жанылған, өз
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
арманы мен мақсатын ұлттық мүдде мен мұраттан бөлектей алмайтын арда азаматтың
ғана кеудесіне ұялары хақ. (Несіп Жүнісбайұлы. Жас Алаш. №27. 03.04.2007ж.).
7-Апта
№7 дәріс
Тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдары айдарларының лексикалық-семантикалық
құрамы, грамматикалық құрылысы
Қарастырылатын мәселелер:
1. Айдарлар – бұқаралық ақпарат құралдарының ішкі құрылымын айқындайтын басты
компонент.
2. Айдарлардың лексика-семантикалық, грамматикалық құрылысы.
Айдарлар (рубрикалар) – БАҚ-тың ішкі құрылымынан хабардар ететін, оны танытатын
басты компоненттерінің бірі. Айдарлар қызметі жағынан негізгі және арнаулы болады.
Бірнеше БАҚ-қа ортақ жалпылама және арнайы айдарлар ұшырасады. Айдарлар құрылымы
жағынан тұтас, бір ғана мәселеден хабар береді. Мысалы, «Қазақ» газетінде «Сыртқы
хабарлар», «Ішкі хабарлар», «Оқшау сөз» т.б. айдарларының әрқайсысы берер хабарының
шығу тегін (ішкі, сыртқы) немесе өзгелерге ұқсамайтын оқшаулығын аңғартып отыр.
«Қазақ» газетіндегі «Сыртқы хабарлар» айдары қазіргі газеттердің көбіне тән «Шетел
жаңалықтары» рубрикасына сәйкес келеді. «Шетел жаңалықтары» айдары баспасөз,
телевидение, радио құралдарында да қолданылады.
Айдарлар бейтарап лексикамен берілген айдарларға қарама-қарсы бағалауыштық
мәндегі сөздер де жұмсалады. Мысалы: «Дені саудың – жаны сау», «Серке сөз» (АА., 1998).
Айдарлар тілінің синтаксистік құрылысы аса күрделі болмайды.
1. Адам аттары атау тұлғада жұмсалады. Мысалы: «Абай және біз» (Ж., 13.08.98)
2. Атаулық тіркес түрінде келетін айдарлар. Атаулық тіркес терминін проф. С.Исаев
ұсынған. «Серке сөз», «Ұсыныс хат», «Жұмыр жер» (Ж., 98), «Жұлдыз жорамал» (ЕҚ., 98).
Соңғы айдар барлық БАҚ түрінде дерлік кездеседі. Мақсаты – оқырманды тарту, қызықтыру.
«Суыт хабар», «Ақжолтай хабар» сияқты тіркестерде бағалауыштық сипат басым.
«Оймақтай ой» (ЕҚ) айдары экспрессивті-эмоционалды лексикаға құрылған.
3. Қос сөз түріндегі айдарлар: «Өлең-жыр» (Қазақ), «Ақшам-ақпарат»
(АА).
4. Септік жалғаулармен келген айдарлар: жатыс септік жалғауымен «Тәртіптік
кеңесте», «Жол полициясында» (Ж).; шығыс септік жалғауымен «Басқарма қоржынынан»,
«Ел аузынан» (АТ), «Оқырман хаттарынан» (АА).; барыс септік жалғауымен «Оқырман
назарына», «Қаламдастарға құлаққағыс» (АТ). «Баспасөз – баршаға» сөйлеміндегі
баяндауыш қызметін барыс септігі атқарып тұр. Осындай ықшамдалған конструкцияларды
Р.Әміров сөйлеу талабымен байланыстырады. Мұндай сөйлемдегі түсіп қалған элементті ой
екпіні арқылы толықтыруға болады «Баспасөз баршаға арналады».
Айдарлардың көбі экспрессивті-эмоционалды болып келеді, ал ресми элементтермен
келетін рубрикалар аз ұшырасады.
БАҚ-тағы хабарлар мазмұнына айдар атаулары семантика-стилистикалық тұрғыдан
бағынышты. Синтаксистік құрылысы жағынан айдарлар көбінше сөз тіркесі күйінде келеді,
байланыс тәсілдерінің барлық түрі қамтылады. Аяқталған ойды білдіретін сөйлем түріндегі
айдарлар да бар: «Айтылмаса сөз өледі», «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» т.б.
(Б.Момынова).
8-Апта
№8-дәріс
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тақырыпаттардың тілдік ерекшелігі,
прагматикалық сипаты
Қарастырылатын мәселелер:
1.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тақырыпаттардың құрылысы.
2.
Тақырыпаттың лексика-семантикалық ерекшелігі.
3.
Тақырыпаттың фразеологиялану үрдісі. Тақырыпаттың прагматикалық
қызметі.
Мәтіндегі айтылатын ойдың жиынтығы тақырып арқылы көрінеді. Ойдан хабар беру
тақырыптың номинативтік функциясы. БАҚ тақырыбы мен айдарларын тілдік тұрғыдан
талдау БАҚ-тың хабар жеткізу және әсер ету функциялары ескеріле отырып жүргізіледі.
Тақырыпат құрылысы жағынан қарапайым не күрделі құрылымды болып келеді.
Күрделі тақырыптардың бірнеше түрі бар. «Ата Заң –асыл мұраттар бастауы (1) 30 тамыз –
Қазақстан Републикасы Конституциясының күні» (2) (ЕҚ) (Б.Момынова).
Бүгінгі тақырыпаттардың ақпараттық сипаты да айрықша басым болып отырғанын
айтуымыз қажет. Бұған әсіресе тақырыпаттың негізгі бөлігіне қоса берілетін, әдетте кішірек
қаріптермен жазылатын түсіндірме, қосалқы тақырыпаттардың көптеп кездесетіні дәлел бола
алады. Ондай қосалқы тақырыпаттарда мақалада ұсынылып отырған ақпарат жайында
болжам жасалып, қысқаша талдау беріледі. Бұл бәрімізге белгілі газет бетінде алдымен
тақырыпаттардың көзге түсетініне, оқылатынына қатысты қолға алынған шара деуге болады.
Яғни тақырыпаттардың қосалқы бөлігінде мәтіндегі негізгі мәселенің жай-күйі түйінделе
ұсынылады, сол шағын түсіндірме арқылы оқырман тұтас мәтін мазмұнынан хабардар
болады. Мысалы, Жанармай арзан, қаржы мол. Көктемгі егісті қысылмай өткізуге болады
(Егемен Қазақстан, 26.03.04). (прагм.қарқ.: арзан-мол). Қашанғы өгей баланың кебін киеміз?
«Қазақтелеком басшыларының назарына» (Егемен Қазақстан, 26.03.04) (прагм.қарқ.: өгей
бала, кебін кию). Жуа сатқан жасөспірімдер қоғамның балаларға жасаған
«қамқорлығының» бір ғана көрінісі (Жас Алаш, 13.06.06) (прагм.қарқ.: қоғамның
қамқорлығы). Жұмыссыз жастар аз емес, ал өндіріс салалары маманға зәру (Жас Алаш,
03.08.06) (прагм.қарқ.: жұмыссыз, маман, аз емес, зәру, ал).
Автор өзінің субъективті көзқарасын білдіру үшін қарама-қарсы ұғымдарды еркін
пайдаланып, оларды біріктіруге ұмтылады. Оның бір көрінісін тақырыпаттардағы
мағыналық оппозициядан байқаймыз. Мысалы, Ресей тұр электрді өшіргелі, Қытай тұр газ
бағасын өсіргелі (Айқын, 11.10.06) (өшіру/өсіру). Мұндағы өшіру мен өсіру қарама-қарсылық
мәндегі қолданыстар ретінде мәтін қабылдануында прагматикалық интенсификатор рөлін
атқарып тұр. Жері көп қазақ жерге зәру, ал бұған Астананың әкімі Шөкеев не дер екен? (көп
/ зәру). (Жас Алаш, 25.05.06).
Мәнерлілікті арттырудың кең таралған тәсілі ретінде антонимдер қолданысы еске
түседі. Өмірдегі қарама-қайшылықтарды айқын көрсету үшін антонимдерді жұмсау –
журналистер арасында бұрыннан бар амал. БАҚ мәтінінің прагматикалық әсерін күшейте
түсу мақсатымен бүгінгі журналистер дәстүрлі лексикалық қарама-қарсылықтармен қатар,
соны, тың, дәстүрге айнала қоймаған тосын қолданыстарды – контекстуалдық антонимдерді
кеңінен пайдаланады. Олар: Тағы да сөз көп, іс жоқ (Жас Алаш, 03.08.06). (Сөз – іс, көп –
жоқ). Бала ойнайтын жерде ит те серуендейді (бала – ит, ойнау – серуендеу) (Жас Алаш,
03.08.06). Газет мәтініндегі контраст оған ерекшелік, бейстандарттық, бағалауыштық,
жарнамалық, қарқындылық сипат бере отырып, басылымның да прагматикалық
бағдарлылығын анықтайды. Мұндағы адресат психологиясы мен эмоциясына әсер етуші
маңызды фактор – тосындық болып табылады. Яғни мәтіннің әсер ету күшін неғұрлым
қарқынды ете түсу мақсатымен таңдалынып алынған прагмемалар неғұрлым тосын, тың
болса, хабарламаның прагматикалық күші де соғұрлым басым болады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
«Егемен Қазақстанда» (26.06.04) «Жанайқай» айдарымен жарық көрген «Қазақ
жетіміне қажеті америкалық бесік пе?» атты көлемді, проблемалық мақаланың
интерпретациялануына тоқталайық. Ең алдымен көзге түсетіні – көлемді мақаланың
ортасына ойылып қойылған сұрғылт фонда қалың қара бояумен берілген тақырыпат. Бұл –
мәтінді интерпретациялаудың I сатысы – зейін қоюдың еріксіз назар аудартатын түрі.
Мақала тақырыпатының формалық жағынан ірілендіріліп, қою қара бояумен берілуі еріксіз
назар аударту тәсілі ретінде танылады.
Интерпретацияның II сатысы – түсінілім – жүзеге асуы үшін мақаламен толық
танысқан адресат онда берілген мәліметтердің растығына (негізділік) көз жеткізіп,
фактілерге назар аударады. Бұл мақалада көтерілген проблеманы дұрыс түсіну үшін адресат
ондағы сөздердің ауыспалы мағыналарын терең түсініп, қазақ менталитетіне тән сөздердің
семантикалық аясына қатысты кодты мүмкіндігінше ашуға тырысады. 6 лексикалық
бірліктен тұратын тақырыпаттағы екі сөз ұлттық-мәдени елтанымдық бірліктер, яғни
лингвокультуремалар: жетім және бесік. Бұл сөздердің тек тура мағынасын білетін жас,
тәжірибесіз оқырмандар (балалар) оның қолданылу себебіне мән бермейді, ондағы астарлы
ойды да түсінбейді. Олардың түсінігінде жетім – ата-анасы жоқ бала, ал бесік – сәби
ұйықтайтын кереует есебінде. Яғни ойды жеткізуге қажетті сөздердің дәл таңдалып алынуы
(анықтық) келтіріліп отырған фактінің шынайылығы, растығы (негізділік) айқын
болғанымен өзге екі белгінің (тереңдік, толық ұғыну) өз деңгейінде танылмауы мәтіннің
түсінілуіне кедергі болады. Соған сәйкес журналист көздеген мақсатына қол жеткізе алмауы
да мүмкін, яғни мәтінді үстірт түсінген оқырман «қамқоршысынан айырылған шарасыз
сәбиді бауырына басып, басқа ата-аналар отбасына алғанда тұрған не бар?» деген ой
туындайды да, автордың прагматикалық ұстанымы жүзеге аспай қалады. Яғни адресанттың
«жанайқайы» адресаттың «құлағына тигенімен, жүрегіне жетпейді». Демек, мұнда автордың
мәтінді салған коды толық ашылмайды. Аталмыш лексикалық бірліктердің аса кең
семантикалық аясын, потенциалын жақсы білетін қазақ менталитетіне сай ойлайтын, өмір
көрген, тәжірибелі адресат бұл мәтінді түсінуге қатысты төрт белгіні (тереңдік, негізділік,
анықтық, толық ұғыну) дөп басып, дәл анықтайды, соның нәтижесінде мәтіндегі негізгі
идеяны және автордың түпкі ойын адекватты түрде түсінеді. Осындағы тереңдік пен толық
ұғынуға негіз болатын, яғни мәтіннің толық түсінілуі арқылы интерпретациялануына жол
ашатын оқырмандардың бәрінде бірдей бола бермейтін аса маңызды фактор – аялық білім.
Мәтінге эмоционалды сипат беретін ақпарат негізінен мақаланың бастапқы бөлігінде
(тақырыпатта және кіріспе бөлікте) орналасады. Әсіресе қазақ оқырманының когнитивтік
санасында мықтап орныққан ұлттық дүниетанымын көрсететін, сөздік қорымызда ежелден
қолданылып келе жатқан фразеологизмдерді, әртүрлі лингвокультуремаларды түрлендіре
қолдану, яғни трансформация тәсілі эмоциялық күй тудыруда айрықша маңызға ие
(Қ.Есенова).
Прецеденттік бірліктер газет тақырыпаттарында актив қолданылып, оның жеңіл
қабылдануына, қызығушылығын оятуға себеп болады. Және де тақырыпат болып келген
прецеденттік бірліктер мақаланың соңында қайталанып қолданылады. Оған мына типтес
тақырыпаттар мысал бола алады. Мысалы, Баяғы жартас... тақырыпатындағы мақала: ...Тіл
мәселесі – ұлт боп қалуымыздың бірден-бір кепілі. Осыны түйсінген жауапты орындар ұлт
мүддесі үшін ортақ істің тізгінін әлдеқашан өз қолдарына алуы керек еді. Ал әзірге олай
болмай тұр. «Баяғы жартас – бір жартас». Бұл не сонда, кемшілікті үнсіз мойындау ма?
Жоқ, әлде, жауапкершіліктен үндемей құтылу ма? (Ана тілі. №1-2. 10.01.2008ж.). Немесе,
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен... прецедентті тақырыпат та мақала соңында
қайталанады. Мысалы: ...«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен...» деп, олар да Ұлттық
Кеңестің талаптарын сотта қаратпақшы екен (Әділбек Жапақ. Ана тілі. №30.
07.08.2008ж.) (Дәулеткереева Н.Ж.).
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Оқырман қауымға бұрыннан таныс мәтіндерден алынып, өзгеріссіз немесе өзгертіліп
(трансформацияланып) қолданылатын дәйексөздер мәтінде белгілі бір астарлы мән тудырып,
онда баяндалатын оқиғаға қандай да бір баға береді. Әсіресе әдеби шығармалардан алынған
логоэпистемалар қазіргі қазақ газеттерінде жиі қолданылады деуге болады. Мысалы,
Бандыны қуған Хамиттер қайда? (Егемен Қазақстан, 26.03.04) (С.Сейфуллиннің «Бандыны
қуған Хамит» повесінен). Қабдеш, «қайда барасың?» (Жас Алаш, 03.08.06,
Б.Нұржекеұлының мақаласы). («Керей қайда барасың?» деген жырау толғауынан) т.б.
Келтірілген мысалдардан көрініп отырғандай, оқырманға бұрыннан белгілі,
үйреншікті нәрсенің өзгеріп кетуі, күтпеген, оқыс құбылыстар прагматикалық әсер туғызып,
газет мәтінінің қабылдану қарқындылығын күшейте түседі (Қ.Есенова).
Сонымен, баспасөз бетіндегі тақырыпаттардың фразеологиялану үрдісі дегеніміз –
халыққа танымал, тілдегі күнделікті қолданылатын халық санасында тұрақты қалыптасқан
дайын тілдік бірліктер арқылы (мақал-мәтел, фразеологизмдер, қанатты сөздер, даналық
сөздер, ән-жыр атаулары, кинофильм, аттары т.с.с.) автордың «дайын құрылыс материалын»
тақырып ретінде қолданылуы. Мыс: «Оқу инемен құдық қазғандай» (ЕҚ), «Кебенек киген
келеді» (АТ) және жоғарыдағы келтірілгендер мысал бола алады (Р.Қожабекова).
9-Апта
№9-дәріс.
Тақырыбы: Бұқаралық ақпараттық құралдары тіліндегі қоғамдық-саяси лексика
Қарастырылатын мәселелер:
1.
Бұқаралық ақпарат құралдары лексикасының жалпы құрамы.
2.
Қоғам мен саясатты танытатын сөздер.
3.
Қоғамдық-саяси лексика – бұқаралық ақпарат құралдары лексикасының негізгі
құрамдас бөлігі
БАҚ тілінде қолданылатын сөздерді іштей екі топқа бөлуге болады.
1. БАҚ-тың барлығына ортақ қолданылатын сөздер. Бұл сөздер газеттегі белгілі бір
тақырып немесе жанрмен, белгілі бір газетпен байланыстырып қарастырылмайды. Айталық,
ел, халық, мемлекет, демократия, саясат, ынтымақтастық, ұлт, топ, қоғам, халықаралық
жағдай ,пікір, жетістік, үлес, дағдарыс, т.б. атаулар барлық жанрларда ұшырасады.
2. Белгілі бір тақырып, белгілі бір жанр түрімен байланысты қарастырылатын сөздер
тобы. Бұл сөздер қатарын мәтіндегі айтылар ойды жеткізу мақсатында қолданылатын
оңтайлы атаулар түзеді. Мысалы, ғылыми тақырыпқа жазылған мақалалар болса, термин
сөздер қатары мол болады. Газет лексикасының осы тобына ауызекі сөйлеу тілі элементтері,
диалектизмдер, әлеуметтік диалект элементтері кіреді.
БАҚ-тың қоғамдық–әлеуметтік қызметін қоғамдық – саяси лексика элементтері
танытса, автордың оқиғаға, ситуацияға деген көзқарасын бағалауыштық лексика қатары
білдіреді. БАҚ тілінің айтарлықтай бөлігі бейтарап лексиканың еншісіне тиеді. Лексиканың
бұл түрі арқылы оқиғаның болған немесе болатын жері, уақыты, мерзімі қамтылады.
БАҚ-та ауызекі сөйлеу тілі элементтері, диалектизмдер, термин сөздер қатары (жанр
түрлеріне орай) ұшырасады. Бағалауыштық сипат газет тілін құрайтын бүкіл лексикаға тән.
Тіпті бейтарап лексиканың семантикасында, мағыналық көлемінің бір бөлігінде
бағалауыштық болады.
Ал қоғамдық-саяси лексикаға бағалауыштықпен қоса оның басты ерекшелігі ретінде
сөздің саяси мәнді иеленуі немесе саясиландырылуы да жатады. Қоғамдық- саяси лексика
қоғамда болып тұратын өзгерістер әсерінен тыс қала алмайды да, белгілі бір дәрежеде кейде
жағымды, кейде жағымсыз (кері) мәнді атаулар тобы болып келеді. Осыған байланысты БАҚ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
лексикасын дәуірлеу, кезеңге бөліп қарау қажеттілігі алдан шығады. Біздіңше, дәуірлеу осы
қоғамдық-саяси сөздер тобы ерекшеліктерімен тікелей байланысты жүргізілуі керек.
БАҚ-тың функционалдық қызметі және лексикасының құрылымы тіл салаларының
өзге деңгейлерімен, әсіресе, семантикамен тығыз байланыста қарастырылады.
БАҚ лексикасына тән жалпы қасиеттер мен ерекшеліктерді осылайша санамалай
отырып, оның лексикасы мынадай құрамнан тұрады деген қорытынды жасауға болады:
1. қоғамдық-саяси лексика;
2. бағалауыштық лексика;
3. бейтарап лексика.
Бұлайша бөлу Г.Я.Солганиктің үлгісін басшылыққа ала отырып жасалынды.
Қазақ тіл білімінде қоғамдық-саяси лексикаға қатысты кейбір мәселелер жайында
профессор А.Ысқақов (145) , А.Қалыбаева (146) сынды ғалымдар өз мақалаларында сөз
қозғайды. Ал қоғамдық- саяси лексиканы арнай зерттеген ғалым Р.Барлыбаев болды. Ол
«Қазіргі қазақ тіліндегі қоғамдық- саяси лексика» атты кітабында кеңес дәуірі кезінде қоғам
қажетін толығымен өтеген аталмыш сөздер тобының көптеген ерекшеліктерін ашып көрсетті
(13).
Жалпы тіл білімінде «қоғамдық саяси лексика», «қоғамдық –саяси терминдер» және
«қоғамдық – саяси сөздіктер» атаулары жарыса қолданылады. Бірақ осы ұғымдардың
ғылымда бір ізге түскен, нақты анықтамасы жоқ екенін айта кету керек. Қоғамдық топтар
мен таптар арасындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси қатынастарды білдіретін
лексикалық бірліктерін жиынтығын, ал кейде қоғамға қатысты барлық термин атаулыны
қоғамдық-саяси сөздікке енгізу керек деп есептейтін ғалымдар да бар. Ғылыми әдебиетте
қоғамдық-саяси лексиканың бір ізге түскен анықтамасы жоқ деуге болады.
Жалпы қоғамдық-саяси терминдер қолданыс аясы тар, эмоционалды-экспрессивті
бояуы шектеулі салалық терминдер мен әдеби тілдің жалпықолданыстық лексикасы
аралығындағы сөздер тобы.
Қоғамдық-саяси лексика, ғалым Т.Крючкованың айтуынша, қоғамдық-саяси
терминдердің аса жиі әрі көп қолданылатын бөлігі. Мыс: заң, құқық, құн, нарық т.б.
(Б.Момынова).
Достарыңызбен бөлісу: |