Бағаның балды-рейтингінің әріптік жүйе кестесі
Бағалары
|
Әріптік
эквивалент
|
Рейтинг балл %
|
Балл
|
Үздік
|
А
|
95-100
|
4
|
А-
|
90-94
|
3,67
|
Жақсы
|
В+
|
85-89
|
3,33
|
В
|
80-84
|
3
|
В-
|
75-79
|
2,67
|
Қанағаттанарлық
|
С+
|
70-74
|
2,33
|
С
|
65-69
|
2
|
С-
|
60-64
|
1,67
|
Ескертпе:
* -1,67 балдан кем емес (60-64% кем емес) бағаны алуда машық игерілген деп саналады.
2.7. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Қазақ тілінде
негізгі:
1.Шабдарбаева М.С., Омаров С.Қ., Коммуналдық гигиенасы. Окулық. Алматы: ЖШС «Эверо» -2011, 264 б. ІІ бөлім.
2.Неменко Б. А. Коммунальдық гигиена. - Алматы, 2004 - 432 с.
косымша:
Терехин С.П., Ахметова С.В., Талиева Г.Н. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). - Қарағанды. 2006. - 276.
Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитариялық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.
КРЕДИТ №2
Тағам гигиенасы маманы ретінде өндірістік тәжірибе
2. Бағдарлама:
2.1.Кіріспе
Өндірістік тәжірибе бойынша осы жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2009 жылғы 05.11.№651 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды және «Тағам гигиенасы» пәні бойынша дайындау деңгейі мен мазмұнының міндетті минимуміне қойылатын мемлекеттік талаптарды жүзеге асыруға арналған.
Тағам гигиенасы маманы ретінде өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламасы гигиена және эпидемиология мен қоғамдық денсаулықты сақтауды ұйымдастырушылар мамандарын дайындау деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды жүзеге асыруға арналған. Жұмыс бағдарламасында тағам гигиенасы бөлімшесі жұмысының қамтылған сұрақтары:
Тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық қадағалау
Тамақтық азық-түліктерді санитарлық -эпидемиологиялық сараптау
Тағам гигиенасы саласында жүргізілетін ескертпелі санитарлық қадағалау, сауда,қоғамдық тамақтандыру және тамақ өнеркәсіп кәсіпорындарының жабдықталуына қойылатын талаптар
Тамақтық азық-түліктерді санитарлық қорғау
2.2.Тәжірибенің мақсаты: мемлекеттік санитарлық қадағалауды жүргізуде «тағам гигиенасы» пәндерін өтуде меңгерген көлемінде теориялық білімін нығайту, тереңдету және тәжірибелік машықтарды игеру.
2.3.Тәжірибе шаралары:
Тағам гигиенасы бойынша ескертпелі және ағымдық санитарлық қадағалау жүргізу негіздері үшін білімді, біліктілікті және дағдыларды тәжірибе жүзінде нығайту;
бақылау нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізу үшін тағам гигиенасы маманы жұмысында білімді, біліктілікті және дағдыларды тәжірибе жүзінде жетілдіру;
тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің тағам гигиенасы бөлімшелерінде есепке алу-есеп беру құжаттарын рәсімдеуді жетілдіру;
клиенттерге кеңес беру және мамандармен тұлғааралық қарым-қатынас машықтарын жетілдіру.
2.4.Тәжірибені өтудің соңғы нәтижесі:
Студент
білуі тиіс:
1. Тамақ обьектілерінде азық-түліктерді сақтау орнында санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.
2. Зертханалық зерттеу үшін сынамаларды алу мен азық-түліктерге
санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.
3. Ет жəне шұжық өнімдеріне санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.
4. Сүтке санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.
5. Ұнға санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.
6. Нанға санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.
7. Обьектінің санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін құрастыру.
8. Қоғамдық тамақтандыру кəсіпорындарын санитариялық-эпидемиологиялық тексеру.
9. Азық-түлік дүкенді санитариялық-эпидемиологиялық тексеру.
10. Базарды гигиеналық тексеру.
11. Тамақөнеркəсібі кəсіпорындарын гигиеналық тексеру.
Істей алуы тиіс:
1. Тамақ обьектілерінде азық-түліктерді сақтау орнында санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.
2. Зертханалық зерттеу үшін сынамаларды алу мен азық-түліктерге
санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.
3. Ет жəне шұжық өнімдеріне санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.
4. Сүтке санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.
5. Ұнға санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.
6. Нанға санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.
7. Обьектінің санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін құрастыру.
8. Қоғамдық тамақтандыру кəсіпорындарын санитариялық-эпидемиологиялық тексеру.
9. Азық-түлік дүкенді санитариялық-эпидемиологиялық тексеру.
10. Базарды гигиеналық тексеру.
11. Тамақөнеркəсібі кəсіпорындарын гигиеналық тексеру.
Студенттер өндірістік практиканы өтуде құқылы:
• практиканың бағдарламасын орындаудағы қажетті ақпараттық мəліметтерді алуға;
• базалық ұйымның апараттық, нормативтік-нұсқаулық əдебиеттерді қолдануға жəне білім меңгерушілерінің рұқсатымен ақпараттық қорларын пайдалануға;
• өндірістік практиканың бағдарламасы бойынша базалық ұйымның мамандарынан тұжырымды кеңес алуға.
Студенттер өндірістік практиканы өту кезінде міндетті:
• тəжірибенің оқу бағдарламасын толық орындауға;
• бекітілген үлгіде тəжірибе күнделігін күнделікті толтырып отыруға;
• базалық дәріханалық ұйымның ішкі тəртіптік ережелерін толық сақтап, орындауға;
• базалық дәріханалық ұйымның санитарлық ереже, еңбекті қорғау жəне техника қауіпсіздігін сақтау талаптарын оқып, біліп, қатаң сақтауға.
2.5. Тәжірибенің мазмұны: студенттің жұмысының көлемі мен түрі,күн тәртібі,жеке тапсырмалардың мазмұны мен орындау мерзімі
2.5.1. Студенттің жұмысының көлемі мен түрі :
№
|
Жұмыс түрі
|
Студенттің жұмысының көлемі
|
1
|
Тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық қадағалау.
Тағам гигиенасы бөлімі бойынша ТҚҚД құрылымы. Тағам гигиенасы бөлімі бойынша ТҚҚД мекемелері мен органдарының міндеттері. Тағам гигиенасы бөліміндегі ТҚҚД лауазымы қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары. Жұмысты жоспарлау. Азық-түлік сапасы жөніндегі инспекциясымен, ветеринарлық қызметпен, полициямен, прокуратурамен, жергілікті басқару органдарымен қарым-қатынасы. ҚР санитарлық заңы. ҚР қылмыстық кодексі заңы бойынша санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелердің бұзылуын жіктеу.
|
5
|
2
|
Тамақтық азық-түліктерді санитарлық-эпидемиологиялық сараптау.
Азық-түліктерді гигиеналық сараптау бойынша заңды материалдар мен нормативтік құжаттар. Гигиеналық сараптаудың негізгі міндеттері. Сапа жөніндегі инспекцияның және ветеринарлық қызметтің азық-түлікті сараптау жөніндегі өзара функцияларын ажырату. Зертханалық зерттеулерге үлгілер алу. Зертханада үлгілерді сақтау, зерттеу мерзімі мен тәртібі. Үлгілерді тексеру әдістері және зертханалық зерттеу нәтижесін жазу. Гигиеналық сараптау нәтижесі бойынша қорытынды жазу. Жарамсыз (бракталған) өнімдерді жою тәртібі.
Тағам гигиенасы бөлімі бойынша санитарлық сараптау орталығының (ССО) жұмысын ұйымдастыру. Зертхананың құрылымы. Жұмыс жоспары және мазмұны. Ведомствалық зертханалармен жұмыс үйлестіру. Анализдерді қабылдау және өткізу тәртібі. Технологиялық процесті зертханалық бақылау (бастапқы шикізатты, жартылай фабрикаттарды, дән өнімдерді, сынамаларды т.б. зерттеу). Халықтың тамақтануын зертханалық бақылау. Қойма желісінде сақталатын немесе сауда желісінде сатылатын азық-түліктердің сапасын зертханалық бақылау. Бақылауға алынған тамақ объектілерінің қызметкерлерін гельминтоздарға және бактерия тасымалдаушылыққа тексеру. Тамақ объектілері жұмысшыларының еңбек жағдайын бақылау. Зертханалық зерттеу әдістері. Зерттеу хаттамаларын безендіру. Зертхананың есепке алу-есеп беру құжаттары.
|
15
|
3
|
Тағам гигиенасы саласында жүргізілетін ескертпелі санитарлық қадағалау, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тамақ өнеркәсіп кәсіпорындарының жабдықталуына қойылатын талаптар.
Ескертпелі санитарлық қадағалау.
Ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізу бойынша ТҚҚД жұмыс көлемі және жалпы бағыттары. Ескертпелі санитарлық қадағалау бойынша нормативтік материалдар.
Тамақ өнеркәсіп кәсіпорындарына, қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсіпорындарына жүргізілетін ескертпелі санитарлық қадағалау. Тамақ кәсіпорындарына ескертпелі санитарлық қадағалау жүргізудегі ТҚҚД жұмыс көлемі мен негізгі бағыттары. Ескертпелі санитарлық қадағалаудың кезеңдері. Тамақ кәсіпорындарында ескертпелі санитарлық қадағалау жүргізу кезінде қолданылатын нормативтік құжаттар. Тамақ кәсіпорындары жобаларына келісім беру кезінде ТҚҚД ұсынылатын материалдар, жобаның құрамдық бөліктері. Тамақ объектілеріне ескертпелі санитарлық қадаалауды жүргізу кезіндегі әкімшілік-құқықтық акт формалары.
|
15
|
4
|
Ағымдық санитариялық – эпидемиологиялық қадағалау.
Ағымды санитарлық қадағалауды жүргізудегі ТҚҚД жұмысының көлемі және жалпы бағыттары. Ағымды санитарлық қадағалауды жүргізу кезінде қолданылатын нормативтік материалдар (ережелер, нормалар, санитарлық ережелер, әдістемелік нұсқаулар және т.б.).
|
5
|
5
|
Ұйымдастырылған ұжымдардың тамақтануына жүргізілетін санитарлық қадағалау.
Халықтың тамақтануын бағалау әдістемесі, негізгі міндеттері және мақсаты. Ересек топтарының тамақтануын бақылау. Балалармен жасөспірімдердің тамақтануын бақылау. Кеңінен қолданылатын тамақтық азық-түліктер мен дайын тағамдардың витаминдендіруін бақылау.
|
5
|
6
|
Тамақ өнеркәсібі, cayда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын санитарлық қадағалау.
Тамақ кәсіпорындарында жүргізілетін жоспарлы және жоспардан тыс ағымды санитарлық қадағалау.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының санитарлық-гигиеналық тексеруін өткізу. Санитарлық-гигиеналық тексеру актісін толтыру. Нұсқаманы толтыру. Айып салу бойынша қаулыны құрастыру. Анықталған бұзылыстар бойынша нұсқаманы орындалуын бақылау.
Азық-түлік дүкендерінің санитарлық-гигиеналық тексеруін өткізу. Санитарлық-гигиеналық тексеру актісін толтыру. Нұсқаманы толтыру. Айып салу бойынша қаулыны құрастыру. Анықталған бұзылыстар бойынша нұсқаманың орындалуын бақылау.
Әртүрлі саладағы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары – сүт өнеркәсібі (сүт зауыттары, сүт фермалары), ет өнеркәсібі (ет зауыттары, мал сою пункттері, шұжық зауыты), балық өнеркәсібі (балық өңдеу кәсіпорындары), консерві өнеркәсібі (консерві зауыттары), нан пісіру өнеркәсібі (нан зауыты, шағын наубайханалар), тоңазытқаш өнеркәсібі (тоңазытқыштар), кондитерлік фабрикалар, қант-қызылша зауыты, көкөніс-жеміс өнеркәсібі (көкөніс кептіру кәсіпорындары) санитарлық-гигиеналық тексеруін өткізу.
Санитарлық-гигиеналық тексеру актісін толтыру. Нұсқаманы толтыру. Айып салу бойынша қаулыны құрастыру. Анықталған бұзылыстар бойынша нұсқаманың орындалуын бақылау.
Азық-түлік базалары мен қоймаларының санитарлық-гигиеналық тексеруін өткізу. Санитарлық-гигиеналық тексеру актісін толтыру. Нұсқаманы толтыру. Айып салу бойынша қаулыны құрастыру. Анықталған бұзылыстар бойынша нұсқаманың орындалуын бақылау.
|
15
|
7
|
Тамақтық азық-түліктерді санитарлық қорғау.
ҚР тамақтық азық-түліктердің сапасын реттеу. ТҚҚД органдарымен тамақтық азық-түліктерді санитарлық қорғау жүргізу. Эпидемиялық тұрғыдан мінсіз жануар өнімдерін шығаруда ветеринарлық-санитарлық қызметінің атқаратын міндеттері. Ет өңдеу кәсіпорындарындағы өндірістік ветеринарлық-санитарлық тексеру бөлімінің міндеттері. Сатылып жатқан азық-түліктің сапасына жүргізілетін мемлекеттік тексеруді жүзеге асыратын ет-сүт және азық-түлік станцияларының ролі. Сапа жөніндегі инспекция және оның азық-түлік сапасының стандарт көрсеткіштеріне және техникалық жағдайларына сәйкес келуін қамтамасыз ету міндеттері. Санитарлық-эпидемиялық тұрғыдан мінсіз және тамақтық биологиялық құндылығы жоғары өнім шығару үшін өндірістік химиялық-бактериологиялық зертханалардың атқаратын ролі. Ауыл шаруашылығында пестицидтердің қолданылуына санитарлық қадағалауды (қолданудың бақылауды ұйымдастыру, азық-түліктегі пестицидтердің қалдық мөлшерін зертханада тексеру және т.б.) жүргізу.
Азық-түліктерге тамақтық қоспалардың қолдануына санитарлық қадағалау жүргізу. Азық-түлікпен жанасатын синтетикалық, полимер материалдардан жасалған заттарға санитарлық қадағалау жүргізу.
|
15
|
|
Барлығы
|
75с
|
2.5.2. Күн тәртібі:
№
|
Жұмыс түрлері
|
Уақыт үлгісі
|
1
|
Зерттеу үшін азық-түліктердің сынамасын дайындау.
|
9.00-10.00
|
2
|
Органолептикалық және физика-химиялық зерттеулерді жүргізу.
|
10.00-12.30
|
3
|
Алынған көрсеткіштерді МЕСТ көрсеткіштерімен салыстыру.
|
12.30-13.00
|
4
|
Зертханалық зерттеулердің нәтижесі туралы хаттаманы рәсімдеу.
|
13.00-14.00
|
Достарыңызбен бөлісу: |