Акрилонитрил-метилметакрилат жүйесінің радикалды
сополимерлену константасын анықтау
Реактивтер:
|
Метилметакрилат (ММА)
|
|
Акрилонитрил (АН)
|
|
Азоизомайқышқылының динитрилі (ДАК)
|
|
Этанол 150 мл
|
-
Термостат
|
1 дана
|
Ампула
|
3 дана
|
өлшегіш цилиндр
|
2 дана
|
Пипетка 10 мл
|
2 дана
|
Жалпақ түпті колба
|
3 дана
|
Стакандар
|
3 дана
|
Жұмыс істеу жолдары:
Ампулаларды толтырудан бұрын төменгі кестені толтырыңыздар.
ММА (М тығыздығы 0,936 г/см3
ВБЭ(М тығыздығы 0,806 г/см3
Таза нөмірленген ампулалардың әрқайсысына 5 мл АН-ММА қоспасын құяды (қоспалардың әрқайсысында 0,01 г ДАК ерітілген), ампулаларды тығындармен жауып немесе дәнекерлеп, 600С температурада термостатта 1,5 сағат ұстайды. Уақыт өткен соң ампулаларды алып, бөлме температурасына дейін суытып, полимерлерді этанолда (30 мл) араластыра отырып тұндырады.
Тұнбаны декантация әдісімен жуып, кептіргіш кебежелерде тұрақты салмаққа дейін кептіріп, шығымын анықтайды. Сополимерлердің құрамын көміртегінің (элементтік талдау) мөлшері арқылы анықтайды.
Алынған мәндерді өңдеу
ДАК-тың қатысында АН-мен ММА-тың сополимерлену реакциясының теңдеуін жазыңыз.
Сополимердің шығымын анықтап, соның нәтижесінде мономерлердің бастапқы құрамдарының (мөлшерінің) реакция жылдамдығына байланыстылығын анықтап көрсетіңіз.
Сополимердің құрамын көміртегінің мөлшерін элементтік талдау арқылы анықтау нәтижесінде (мәндерін оқытушы береді), төменгі теңдеулерді қолданып, сополимерлердің құрамын анықтаңыздар (3- жұмыстағы сияқты).
4. Бастапқы молекулалық қоспалармен сополимерлердің құрамын біле отырып, процестің бастапқы қолданылатын Майо-Льюис пен Файман-Росс дифферинциалды теңдеулерін қолдана отырып, сополимерлердің константасын есептеңіздер (3-жұмысқа қараңыз).
№ 5 жұмыс
Катионды полимерлену әдісі бойынша полистиролды алу.
Реактивтер:
|
|
Стирол (тазартылған)
Этанол
Хлороформ
Төртхлорлы қалайы
|
3,5 мл
30 мл
18 мл
1,5 мл
|
Қажетті құралдар:
|
|
Үш түтікті колба
Электромеханикалық
араластырғыш
Пипетка 5 мл
Ризина сорғыш
Стакандар
Термометр
Шыны таяқша
Петри табақшасы
|
1 дана
1 дана
2 дана
1 дана
2 дана
1 дана
1 дана
1 дана
|
Жұмыс істеу әдісі .
Төртхлорлы титан ылғалдың әсерінен ыдырайды, сондықтан жұмысты істеу үшін құрғақ ыдыстар мен реактивтер қолдану қажет.
Араластырғыш пен термометрді үш түтікті колбаға орналастырып, колбаға 18 мл хлороформ құйып, сыртынан мұз салып, 00С-ке дейін суытамыз. Содан соң құрғақ пипеткамен 1,5 мл SnСl4 абайлап колбаға құямыз да, 20 минуттан кейін аз-аздан қажетті мөлшердегі стиролды құямыз. Реакция 00С-та жүргізіледі. Реакциялық қоспа полимерлеу кезінде жылынады және түсі өзгереді. Монемерді түгел құйғаннан кейін қоспаны 50-60 мин араластырып, содан соң этанолда полимерді тұндырып алып, Петри табақшасына салып кептіреміз. Келесі сабақта кепкен полимердің салмағын анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |