Жұмыс өте қауіпті!
Ауа сорғыш кебеженің астында жүргізу керек!
Тапсырма:
1.Реагенттердің мөлшерін *г* есептеу.
2.Поликанденсациялау реакциясының теңдеуін жазу.
3.Поликанденсациялау процесінің кинетикасын (қышқылдық санның уақытқа байланысты өзгеруін) түсіндіру.
Полиэтерификация реакциясы жүре түскен сайын, реакциялық ортада қышқылдық саны азайып, ортадан бөлінген су мөлшері көбейеді. Поликанденсациялаудың әр сатысында қышқылдық саны мен бөлінген судың мөлшерін анықтау, процестің кинетикасын толық зерттеуге мүмкіндік береді.
Қышқылдық сан стандартты әдіспен, яғни реакциялық ортадан алынған сынаманы 10 мл. (бензол мен спирт 1:1 көлемі бойынша) қоспасында ерітіп, бір-екі тамшы фенолфталей тамызып, ерітіндіні 0,1 н. КОН ерітіндісімен титрлеу арқылы анықталады. Қышқылдық санның уақытқа байланысты өзгеруінің графикалық өрнегін тұрғызады. Қышқылдық санды мына теңдеу бойынша анықтайды.
Мұндағы, а – зерттелетін заты бар колбаны 0.1н КОН ерітіндісімен титрлеуге кеткен мөлшері, мл;
Т – 0.1н КОН ерітіндісінің титрі, г/мл;
g – зерттелетін заттың мөлшері, г.
№ 8 жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |