Фтизиатрия пәні бойынша дәрігер – интерндерге арналған аралық тест сұрақтар– 50 сұрақ
6 вариант
1~ Науқас әлсіздікке, түнгі тершеңдік, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Оң жақтылы өкпенің төменгі бөлігінің пневмониямен диагностикаланған. Манту сынамасы-15 мм, бактериологиялық зерттеуде микрофлора өсуі болған жоқ. Кеуде қуысы рентгенограммасында оң жақ төменгі бөлік проекциясында өкпе тінінің ошақты бірігуге бейім инфильтрациясы көрінеді, ыдыруы жоқ. Амоксициклинмен 3 күнді терапия нәтиже берген жоқ. Сіздің болжамды диагнозыңыз :
| микоплазмалы пневмония+
| инфильтративті туберкулез
| пневмакоккты пневмония
| жедел бронхит
| орнитоз
2~ Науқас 26 жаста; әлсіздікке, тершеңдікке, кешкі уақыттағы субфебрильді температураға шағымданады. Қанда: Л- 8*109 \л, ЭТЖ-19мм\сағ. өкпе ренгенограмасында 1-2 сегментте баяу қарқындылықтағы ошақты көлеңкелер тобы анықталды. Ең қолайлы диагноз:
| ошақты түберкулез+
| біріншілік кешен (комплекс)
| диссемирленген түберкулез
| инфильтративті туберкулез
| өкпе туберкулемасы
3~ 30 жастағы науқаста туберкулездік менингит анықталған. Төсектік тәртіпті сақтаудың неғұрлым тиімді ұзақтығы:
| ликвор қалпына келгенше+
| 2-3 ай
| менингеальды симптомдар жойылғанша
| ауру симптомдары жойылғанша
| 3-4 ай
4 ~ І категориядағы туберкулезбен ауыратын науқастарды сүйемелдеу кезеңінде неғұрлым тиімді емдеу кестесі:
| 4HR+
| 2HR
| 3HRE
| 5HR
| 7HRE
5~ 28 жастағы науқас әлсіздікке, аз өнімді жөтелге шағымданады. Өкпені физикалды зерттегенде патология анықталған жоқ. Қан анализі: лейк. – 7,6 х 109/л, лимфоциттер – 17%, ЭТЖ - 27 мм/сағ. Өкпенің рентгенографиясы: диаметрлері 1,5 – 2 см қосылған фокустар, перициссурит.
Неғұрлым мүмкін диагноз:
| өкпенің инфильтративті туберкулезі +
| өкпенің ошақты туберкулезі
| өкпенің диссеминирленген туберкулезі
| біріншілік туберкулездік кешені
| өкпенің каверноздық туберкулезі
6~ Науқас 20 жаста. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Профилактикалық флюорография кезінде анықталған, қақырықтың 3- порциясында да ТМБ анықталмаған. Кеуденің жалпы шолу ренгенографиясында: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде бірлі – жарым аз интенсивті, контуры тегіс емес ошақтар бар; өкпе түбірі құрлымды, синустар бос.
Сіздің диагнозыңыз:
| оң өкпенің жоғарғы болігінің ошақты туберкулезі, инфильтрация кезеңі ТМБ- жаңа жағдай І категория +
| оң өкпенің жоғарғы болігінің ошақты туберкулезі, инфильтрация кезеңі ТМБ- жаңа жағдай ІІ категория
| оң өкпенің жоғарғы болігінің инфильтративті туберкулезі, инфильтрация кезеңі ТМБ- жаңа жағдай І категория
| оң өкпенің S1 S2 шекеулі диссеминирленген туберкулезі ТМБ- жаңа жағдай ІІ категория
| оң өкпенің жоғарғы бөлігі туберкулезінің тығыздалу ошағынан кейінгі қалдық өзгерістер
7~ 50 жастағы науқас 10 жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған, толық емдеу курсынан кейін Д есептен шығарылған. Кәзіргі уақытта дене қызуы 380С жоғарылаған, әлсіздік, түнгі терлегіштікке шағымданады. Рентгенограммада: сол өкпенің жоғарғы бөлігінде гомогенді емес қараюлар бар, өкпе түбірі құрылымды, синустар бос. Қақырық анализінде ТМБ анықталды.
Сіздің диагнозыныз:
| сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау кезеңі ТМБ+, 2 категория, 1Б топты есеп+
| сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау кезеңі ТМБ+, 1 категория, 1А топты есеп
| сол өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі шашырау кезеңі ТМБ+, 2 категория, 1В топты есеп
| сол өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі инфильтрация кезеңі ТМБ+, 1 категория, 1 топты есеп
| сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау кезеңі ТМБ+, 2 категория, 1 топты есеп
8~ 25 жастағы науқас емханаға 3 аптадан асқан қақырықты жөтел, айқын әлсіздік, арықтауына дене температурасының субфебрильді көтерілуі шағыммен келді. Қақырық анализінің бактериоскопиялық әдісінен кейін өкпе туберкулезінің активті формасы қойылды.
Науқас қақырығында анықталған қоздырғыш:
| Р.Кох бацилласы, 1882 жылы ашқан +
| Кальмент және Герен бацилласы, 1919 жылы ашқан
| Лаэйннека бацилласы, 1825 жылы ашқан
| И.Мечников бацилласы, 1888 жылы ашқан
| А.Фонтес бацилласы, 1910 жылы ашқан
9~ 30 жастағы науқас соңғы 2 жыл көлемінде өкпенің кавернозды туберкулезімен диспансерлік есепте тұрды. Кезекті рентгенограмалық зерттеуде: оң өкпенің 6 сегментіндегі деструкциялық қуыс анықталмайды, ескі кавернаның орнында домалақ пішіңді фокусты көлеңке анықталады, өкпе суреті орташа интенсивті контуры анық. Қақырықты 2 реттік бактериоскопиялық әдісте және микобактерияға себіндісінде ТМБ анықталмады. Ең мүмкін диагноз:
| оң өкпенің туберкулемасы тығыздалу және сіңірілу кезеңі. ТМБ(-) +
| оң өкпенің кавернозды туберкулезі сіңірілу кезеңі. ТМБ-
| оң өкпенің туберкулемасы ыдырау кезеңі. ТМБ-
| оң өкпенің инфильтративті туберкулезі. ТМБ-
| оң өкпенің инфильтративті туберкулезі сіңірілу кезеңі. ТМБ-
10~ 24 жастағы науқас жедел ауырып үдемелі ентікпе, бас ауруы, құсу, 38,50С температура, әлсіздікпен ауруханаға түсті. Анамнезінде балалық шағында омыртқа туберкулезімен ауырған. Рентгенограммада симметриялды контуры тегіс емес, аз интинсивті көлемі 2 3 мм дейін майда ошаұты татальды көлеңкелер. Қақырықта ТМБ анықталмаған. ЖКА лейкацит 15*10/9 СОЭ 35 Жұлын ми сұйықтығының анализінде Цитоз, 229 жасуша 1мм пленка алынған, Белок 0,66 г/л.
Науқастың болжам диагнозы:
| милиарлы туберкулездің инфильтрация фазасы +
| диссеминирленген туберкулездің инфильтрация фазасы
| туберкулездік менингиттің базилярлы формасы
| туберкулездік менингиттің спиналды формасы
| ошақты туберкулездің туберкулезді менингитпен асқынуы
11~ 47 жастағы науқас ыдырау фазасындағы өкпенің инфильтративті туберкулезі диагнозымен толық емдеу курсын алды. Қазіргі уақытта науқасты Д-есептің 2-тобына ауыстыруға ықтимал болатын жағдайлар:
| жабық ыдырау қуысы, интоксикация сиптомын жою, МБ(-) +
| қақырықтын конверсия жағындысы, интоксикация симптомы сақталған
| бактерия бөлу тоқтатылған, интоксикация симтомын жою
| жабық ыдырау қуысы, интоксикация симптомын жою, МБ(-)
| фиброзды-кавернозды туберкулезге ауысу, шашырау
12~ 20 жастағы туберкулездің активті түрімен ауыратын науқас туберкулезге қарсы дәрілерді қабылдай бастады. Жүргізілген 1 ай емнен кейін науқаста артралгия, есту қабілетінің, жарық сезу және көру өткірлігі төмендеуі байқалға. Ең ықтимал себеп :
| пиразинамидке жанама әсер +
| стрептомицинге жанама әсер
| рифампицинге жанама әсер
| этамбутолға жанама әсер
| канамицинге жанама әсер
13~ 45 жастағы науқас соңғы 2 жыл көлемінде өкпенің кавернозды туберкулезімен диспансерлік есепте тұрды. Кезекті рентгенограмалық зерттеуде: оң өкпенің 6 сегментіндегі деструкциялық қуыс анықталмайды, ескі кавернаның орнында домалақ пішіңді фокусты көлеңке анықталады. Өкпе суреті орташа интенсивті контуры анық. Қақырықты 2 реттік бактериоскопиялық әдісте және микобактерияға себіндісінде ТМБ анықталмады.
Казіргі кездегі науқастың Д-есеп тобы:
| 2 топ+
| 3 топ
| 1 А топ
| 1 Б топ
| 1 В топ
14~ 35 жастағы науқас оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ыдырау кезеңі ТМБ + 1 категория бойынша 5 ай туберкулезге қарсы антибактериалды препараттармен ем алуда. Дезинтоксикация, инфильтраттының сіңірілуі аздап байқалып, ыдырау қуысы сақталған. Қақырық жағындысында конверсия жоқ.
Ем жоспары:
| науқасты ІІ категорияға ауыстыру, емінің сәтсіздігіне байланысты +
| науқасты ІІІ категорияға ауыстыру, емінің сәтсіздігіне байланысты
| науқасты ІV категорияға ауыстыру, емінің сәтсіздігіне байланысты
| науқасты І категория бойынша емдейміз
| науқасты емханалық емге ауыстыру.
15~ 25 жастағы науқас дене температурасының 37*c жоғарлауына, табетінің төмендеуіне, аз мөлшерде қақырықты жөтелге шағымданады. Оң өкпенің бұғана астынан ылғалды сырыл естіледі. Қақырықта ТМБ анықталмады. Жалпы қанда ЭТЖ 22 мм сағат. Кеуде ағзаларының жалпы шолу ренгенограммасында оң өкпенің жоғарғы бқлігінде гомогенді емес фокусты қараю орташа интенсивті шеттері анық емес көлеңке. Өкпе түбірімен байланысқан « ауалы жол» анамнезінде туберкулезбен ауырған.
16 Науқасты емдеу категориясы:
| ІІ рецидив+
| ІІ, сәтсіз ем
| ІІІ алғаш анықталған
| ІV созылмалы
| І рецидив
17 ~ Өкпе туберкулезімен ауыратын 25 жастағы науқаста 6 апталық жүктілік анықталды. Туберкулезге қарсы қолдануға болмайтын дәрі:
| стрептомицин+
| этамбутол
| пиразинамид
| изониазид
| рифампицин
18 ~ 30 жастағы науқас емханаға кезекті профилактикалық тексерілуде оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы, инфильтарация кезеңі 4*4 см көлемінде анықталды.
Емдеу тактикасы:
| 2 ай бойы специфкалық ем, одан кейін хирургиялық ем+
| 2 ай бойы специфкалық ем, жасанды пневмоторакс
| 2 ай бойы специфкалық ем, пневмоперитонеум
| спецификалық еммен бірге комплексті хирургиялық ем
| ұзақ спецификалық ем.
19 ~ Науқас 40 жаста , алдында туберкулезбен ауырған. Дәрігерге қақырықты жөтелге , кешкілік субфебрильді температураға шағымданып келді. Қақырықты екі рет алып зерттегенде қышқылға төзімді бактериалар анықталды. Жалпы шолу рентгенограммасында: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде , 1-3 қабырғалар деңгейінде ыдырау аймағы бар біртекті емес көлеңке анықталды. Оң және сол жақ өкпенің төмеңгі бөліктерінде интенсивтілігі әлсіз, шекаралары анық емес ошақтар анықталды. Өкпе түбірі өзгермеген .
Қолдануға тиімді ем:
|изониазид , рифампицин, пиразинамид, этамбутол +
| изониазид , рифампицин, пиразинамид
| изониазид , рифампицин, пиразинамид, канамицин
| изониазид , рифампицин, пиразинамид, этамбутол, стрептомицин
| изониазид , рифампицин, ПАСК ,этамбутол, стрептомицин.
20 ~ 42 жасар науқас бір жыл көлемінде сырқаттануда; кеуде клеткасындағы ауырсынуы , әлсіздік пен шаршағыштық мазалайды. Аускультацияда майда және орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: интенсивтілігі әр түрлі полиморфты ошақтар, көбіне жоғарғы аймақта орналасқан . Қақырық Сәйкес келетін диагноз:
| созылмалы диссеминирленген туберкулез +
| жедел диссеминирленген туберкулез
| майда ошақты пневмония
| өкпе саркоидозы
| өкпе карциноматозы.
21 ~ 42 жастағы науқас ауруы жедел басталған; дене қызуы 40С дейін көтерілу, жүрек айну, құсу, айқын менингеальді симптомдар байқалған. Жұлын сұйықтығы жиі тамшылап ағады, сұйықтық мөлдір, түссіз, лимфоцитарлы, Панди сынамасы оң; тұнғанда фибринді қабық түзеді. Қақырық анализінде 3 порциясында да МБ теріс.
Ең нақты диагнозы:
|туберкулезді менингит +
| іріңді менингит
| вирусты менингит
| серозды менингит
|менингококкты менингит
22 ~ 57 жастағы ер адам бірнеше ай бойы сырқаттануда; гриппозды күйден өздігінен бірнеше рет ем қабылдаған . Соңғы уақытта тамағында ауырсыну сезімі мазалаған. Айқын интоксикация, ентігу , кеуделік синдром байқалады. Қақырық анализінде МБ оң мәнді. Жалпы шолу рентгенограммасында екі өкпеде де бір- бірімен қосылатын, интенсивтілігі әртүрлі көптеген майда ошақтар бар, ағару аймақтары анықталады.
23 Сәйкес келетін диагноз:
|созылмалы диссеминирленген туберкулез ыдырау фазасында +
|жедел диссеминирленген өкпе туберкулез
| туберкулома
| фиброзды кавернозды туберкулез
| кавернозды туберкулез
24~ 48 жастағы ер адам өкпе туберкулезімен 5 жыл көлемінде сырқаттанады. Туберкулезді процесс өршуде. Обьективті: кахексиялы, перифириялық цианоз. Аускультативті: барлық өкпе алаңынан әр түрлі колибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Қан анализінде: айқын лейкоцитоз, ЭТЖ 25 мм/сағ., лимфопения, анемия белгілері . Рентгенограммада : өкпенің жоғарғы алаңында сақина тәрізді бірнеше көлеңкелер, олардың айналасында көптеген бронхогенді фиброз ошақтары байқалады.
25 Сәйкес келетін диагноз:
|фиброзды кавернозды өкпе туберкулезі +
|өкпенің кавернозды туберкулезі
| өкпе поликистозы
| абсцестелген пневмония
| брохоэктаздық ауру.
26 ~ Пәтерде туберкулез қақырық жұғындысы оң нәтижелі науқас анықталды. Контакте ол науқаспен бірге 2 ересек, 3 бала және 15 жасар жасөспірім тұрады.
Дәрігердің туберкулез ошағында жүргізетін шаралары:
| барлық шаралар дұрыс +
| науқасты ем қабылдау үшін стационарға госпитализациялау
| ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізу
| балаларға және жосөспірімге Манту сынамасын жасау, жөтеліп жүргендерге 3 реттік қақырығын ТМБ-ға тексеру
| инфицирленген балалар мен жасөспірімге химиопрофилактика жүргізу.
27~ Адамдардың туберкулезбен залалдануының негiзгi көзi:
| туберкулезбен ауырғандар +
| залалданғандар
| туберкулезбен ауырған жануарлар
| қан сорғыш жәндiктер
| туберкулездi науқаспен қатынаста болғандар
28~Өкпе туберкулезiн анықтаудағы негiзгi бактериологиялық әдiс:
| қақырықты егу мен бактериоскопия +
| қақырықты лабораторлық жануарларға жұқтыру
| қанды қоректi ортаға егу
| жалпы қан анализi
| зәрдің бактериоскопиясi
29~ Балалар туберкулезiн ерте анықтау үшiн қолданылатын сынама:
| 2 ТБ Манту +
| Пирке
| туберкулиндi-эозинофильдi
| градуирленген туберкулиндi
| Кох
30~ 2 ТБ Манту сынамасының оң деп есептелiнетін папула көлемi:
| 5 мм +
| 4 мм
| 3 мм
| 2 мм
| 1 мм
31~ Химиопрофилактика көрсетілген:
| туберкулинге сезімтал вираждағы балаларға+
| туберкулезден үлкен қалдық өзгерістері бар балаларға
| туберкулезбен ауырғандарға
| бактерия бөлушімен контактта болған жасөспірімдерге
| бактерия бөлушімен контактта болған ересектерге
32~ Дұрыс химиопрофилактика әдісінде туберкулез инфекциясының виражы анықталғанда тағайындалады:
| 3 ай бойы изониазид күнделікті +
| 2 ай бойы изониазид күнделікті
| 3 ай бойы изониазид + этамбутол күн ара
| 6 ай бойы изониазид + этамбутол күніге
| 1 жыл бойы изониазид + этамбутол
33~ БЦЖ вакцинасы- бұл:
| тiрi әлсiз туберкулез микобактериясының жануарлық түрi+
| автоклавирлi сорпалы культурадағы туберкулез микобактериясы
| туберкулез микобактериясының тауық культурасындағы фильтраты
| автоклавирлi культурадағы фильтратты микобактерия түрi
| туберкулез микобактериясының өнiмдерi
34~ БЦЖ ревакцинациясы жасалынатын мерзімі:
| 6-7 жаста+
| жыл сайын
| әр 4 жыл сайын
| тек қана эпидемиологиялық көрсеткiші бойынша
| 17 жаста
35~ Туберкулезге қарсы иммунитеттiң қалыптасқанын дәлелдейтін тыртық көлемі:
| 2-10 мм+
| 12 мм
| 1-2 мм
| 13-14 мм
| 10-20 мм
36~ БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинацияда кезіндегі кездесетін жиі асқынулар:
| суық абсцесс+
| гематогендi генерализация
| келлоидтi тыртық
| беткейлi жара
| жергiлiктi инфильтрат
37~ БЦЖ вакцинасы жасалынғандарда туберкулездiң клиникалық ағымы:
| аз симптомды+
| жедел
| жеделдеу
| симптомсыз
| жайылған
38~ БЦЖ вакцинасы енгiзiлгендерде туберкулездiң жиi кездесетін түрі:
| асқынбаған, кіші+
| жоғары
| айқын
| асқынған
| жайылған
39~ Бiрiншiлiк туберкулез деген:
| бiрiншiлiк инфицирленген кезеңде пайда болған +
| бұрын туберкулезбен ауырғандар
| алғашқы анықталған
| алғашқы пайда болған
| кеш анықталған
40~ Өкпе суретi күшейген, өкпе түбiрi кеңейген, интенситвлiгi жоғарылаған, сыртқы
контуры бұдырлы рентгенологиялық көрiнiс... тән.
| кеуде iшiлiк лимфа түйiндерiнiң туберкулезiне+
| бiрiншiлiк туберкулездi комплекске
| ерте туберкулездi интоксикацияға
| диссеминацияланған туберкулезге
| ошакты туберкулезге
41 ~Өкпенің біріншілік туберкулезі кезінде Манту сынамасының диагностикалық мақсаты, егер ол ... болса.
| гиперергиялық+
| оң
| әлсіз
| теріс
| өлшемі 10-12 мм
42~Туберкулезге қарсы препараттардың ДОТС бақылауы бойынша емнің тиімділігі ...
| қақырықты ТМБ тапсыру+
| рентгенография
| флюрография
| томография
| аурудың ұзақтығы
43 ~Жұлын сұйықтығының түссіз, мөлдір, цитоз 5кл, қандағы қант -2,4 ммоль/л,хлорид-120 ммоль болуы тән:
| қалыпты ликвор құрамына +
| туберкулезді менингитке
| іріңді менингитке
| бас миының ісігіне
| серозды менингитке
44 ~ Біріншілік туберкулезді комплекстің диагностикасында рентгенологиялық кезеңдер қиындық тудырмайды:
| жиналу және тығыздалу (биполярлы)+
| пневмониялық
| кальцинаттық
| сорылу
| тығыздалу
45 ~ Туберкулездің активтілігін көрсететін процесс:
| инфильтрация фазасы+
| фиброз
| тығыздалу
| тыртықтану
| әктену
46 ~Қышқылға тұрақтылық штампын анықтайтын бояу әдісі:
| Циль-Нильсин +
| Грамм
| Пфейффер
| Гимзе-Романовский
| серология
47 ~ Жасөспірімдегі біріншілік туберкулездің клиникалық формаларына жатпайды:
| циррозды туберкулез +
| біріншілік туберкулезді комплекс
| кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі
| ерте туберкулезді интоксикация
| жедел диссиминацияланған туберкулез
48 ~ Туберкулезді анықтаудағы негізгі алдын алу әдіс:
| спецификалық +
| социальді
| санитарлы
| химиопрофилактика
| санитарлы ағартушылық
49 ~ Біріншілік туберкулездің негізгі диагностикалық критерийі:
| туберкулинді сезімталдық виражы +
| интоксикация синдромы өкпе симптомдарымен бірге
| туберкулинді сезімталдықтың гипоергиялық сипаты
| керотоконъюктивит, фликтена
| оң анергия
50~ Туберкулинді гранулема құрамына кірмейді?
| Березовский-Штернберг клеткалары +
| эпителиоидты клеткалар
| Пирогов-Лангханс клеткалары
| лимфоидты клеткалар
| казеозды некроз
№6 қосымша
2013-2014 оқу жылы
Фтизиатрия курсының бөлмелері мен аудиториялардың тізімі
№
|
Фтизиатрия курсының бөлмелері мен аудиториялардың тізімі
|
саны
|
Көлемі
(м2)
|
1
|
Аудитория №10
|
1
|
10
|
2
|
Аудитория № 28
|
1
|
10
|
3
|
Аудитория № 1
|
1
|
15
|
4
|
Аудитория № 2
|
1
|
25
|
5
|
Ассистентская
|
1
|
20
|
|
Барлығы:
|
5
|
80
|
Терапия пән кафедрасының профессоры Е.Б.Бекмұратов
Достарыңызбен бөлісу: |