Жұмыстар № тақырыбы. Химияда лабораториялық



бет2/5
Дата12.10.2023
өлшемі3,51 Mb.
#184928
1   2   3   4   5
Байланысты:
№1 Қауіпсіздік ережесі және ыдыстар

Лабораториялық ыдыспен және шыныдан жасалған бұйымдармен жұмыс жасау ережелері

Оқу лабораторияларында апаттардың және қайғылы оқиғалардың елеулі бөлігі шыныдан жасалған заттармен дұрыс емес және абайсыз жұмыс жасаудың салдарынан болады. Беттің, қолдың кесулері, күшті жылытылған шыныға абайламай тиген кезіндегі қолдың күйіктері және шыны жарықшақтарының көзге тиюі айрықша жиі кездеседі.
Шынымен жараларды келесі жағдайларда алуға болады: вакуумның ішінде айдауды өткізген кезде, вакуум-эксикатордан ауаны эвакуациялау кезінде, Бунзен склянкасынан шөгінділерді сору кезінде, пробиркаларға шыны трубкаларын абайламай енгізу кезінде, жеңіл ұшалатын заттары бар, тығыз жабылған ыдысты жару кезінде, ішкі көлемі айналадағы атмосферамен қатынас жасамайтын, дұрыс емес жиналған аспаптарды жылыту кезінде, қорғанысы жоқ қолдармен шыны трубкаларды және таяқшаларды сындыру кезінде; заттың үлкен көлемі бар ампулаларды дәнекерлеу кезінде жараларды алуға болады.
Шынымен жұмыс істеуі кезінде жаралардың алатын санын, кейбір негізгі ережелерді сақтаумен елеулі төмендетуге болады: шынымен жұмыс істеу кезінде, қорғаныс көзілдіріктерін қолдану қажет және қолдарын саусақты қолғаппен немесе орамалмен қорғау қажет; экспериментті бастағанға дейін, синтезді өткізу үшін жинаған аспаптарды және оларға бастапқы заттарды енгізуге дейін, оқытушыға көрсету керек; пробиркаларға шыны трубкаларды қондыру кезінде, бұл трубкалардың ұштарын кішкене балқытып, оларды сумен немесе глицеринмен сулау қажет, бұл кезде трубканы саусақтармен пробкаға қондырылатын ұшына жақын ұстау қажет, операцияны қолды орамалмен орап өткізу керек

    1. Жеңіл жанатын және жарылыс қауіпті заттармен жұмыс

Препаративті органикалық химияда эфирлер, спирттер, бензол, ацетон және тағы басқа сол сияқты отқауіпті ерітінділерді жиі пайдалану қажет. Бұл заттармен ерекше абайлап жұмыс жасау керек, себебі олардың булары тез жануы мүмкін. Келесіні есте сақтау және атқару қажет:

  • бұл ерітінділерді отқа жақын, жылы орындарда немесе жылытатын аспаптардың жанында ұстауға болмайды;

  • оларды ашық отта, отқа жақын немесе ашық ыдыстарда жылытуға болмайды, оларды тек қана кері сулы мұздағышы бар сулы моншада жылытуға рұқсат беріледі;

  • бұл ерітінділерді тек қана сулы мұздағышы бар сулы моншада лабораториялық үстелдің үстінде айдауға болады;

  • көп сақталған эфирді алдын ала тотықтардың бар болуына тексергеннен кейін айдау қажет;

  • егер лабораторияның ішінде көп жеңіл жанатын сұйық төгілсе, онда барлық жанғыштарын және электржылытқыш приборларын сөндіріп, әйнектерді ашып, төгілген сұйықты шүберекпен немесе орамалмен жинау қажет.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет