Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген



бет3/5
Дата21.07.2017
өлшемі0,77 Mb.
#21457
1   2   3   4   5


Әдебиеттер тізімі:
а) негізгі:

1. Бидайбеков Е.Ы. Подготовка специалистов совмещенного с информаткой профиля в Республике Казахстан.-Алматы : АГУ им Абая, 1998-123с.

2. Бидайбеков Е.Ы., Абдулкаримова Г.А. информаткиа и средства информатики в начальной школе: Учебно-методическое пособие для студентов педагогического университета. – Алматы, 2002.-80с.

3.Бочкин а.и.,Вислобокова н.С. Об оценке доли знаний с помощью комбиноторных тестов. Инфо.-2004.-№11

4.Брыксина О.Ф. конструирование урока с использованием средств информационных технологий и образовательных электронных ресурсов. Инфо.-2004.-№5

5. Гейн А.Г. Линецкий Е.В., Сапр м.А., Шолохович М.Ф. информаткиа:модели, алгоритмы и исполнители. ИнфО.-1989.№2-4

6.Ершов а.П. Компьютеризация школы и математическое образаование. Основные направления работ по программе «Информатизация образования». ИнфО.-1992.-№5,6

7.Жужжалов В.Е. интеграция парадигм программирования в курсе информатики. ИнфО.-2004-№10

8.Каймин в.А. курс информатики: состояние, методика и перспективы. ИнфО.-1990.№6

9. КателлД. Информационные и коммуникационные технологии для активного обучения. ИнфО-2004.-№3

10.Кузнецов а.а. о разработке тандарта школьного образования по информатике. ИнфО.-1994

11. Кузнецов А.А., Бешенков с.а., Ракитина е.А. Современный курс информатики: от концепции к содержанию. ИнфО.-2004.-№1,2

12.Леднев В.С., Кузнецов А.А., Бешенков С.А. Состояние и перспективы курса информатики в общегообразовательной школе. Инф-1998.№3

б) қосымша

13. Машбиц Е.И. Психолого-педагогичсие проблемы компьютеризации обучения .-М.: педагогика, 1998

14. Методика преподавания информатики: Учебно пособие для студентов педвузов/ М.п.Лапчик и др.Москва «академия» 2001,-624с

15. Основные компоненты содержание информатики в общеообазовательных учерждениях. ИнфО-1995.-№4

16. Талызина н.ф. Формировани познавательной деятельности младших школьников.-М.: Просвещение, 1998

17. Полат Е.С. и др. Новые педагогические и информационные технологии в системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия» 1999-224стр.

18. Софронова Н.В. Теория и методика обучения информатике. Учебное пособие. М.: высш.шк., 2004-223с. Ил

19. Халықрва к.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы .Білім ,2000

20. Халықова К.З., Абдулкаримова Г.А. Жоғарғы оқу орындағы педагогикалық практика. Әдістемелік құрал.Алматы, 1999

21. Информатика негіздері журналы.

22. Қазақстан мектебі журналы

23. Интернет www.google.kz



Ескерту:

Студенттердің білімін бақылау, бағалау, СӨЖ есептері, жаттығулар, тесті лік бақылау (Т), реферат тар (Р), глоссарий (Г),коллоквиум (К)-оқытушыға тапсыру кестесі әр аптада:

Дүйсенбі - 1400-1600 – 202 ауд.

Сейсенбі - 1400-1600 – 202 ауд.


Бірінші аралық бақылау

Бірінші аралық бақылау





Тақырып

Өткізілетін уақыт

Бақылау түрі

1.

Оқыту түрлерін таңдау.

1 апта

Үй жұмысы

2 балл


2.

Информатика бойынша үйірме жұмыстары.

2 апта

Реферат

1 балл


3.

Информатика пәнін оқытудағы сыныптан тыс жұмыс түрлері.


3 апта

Коллоквиум

1 балл


4.

Компьютер білімді тексеру құралы ретінде.

4 апта

Үй жұмысы

2 балл


5.

Ақпараттың өлшем бірлігі туралы ұғым жайлы түсініктер.

5 апта

Үй жұмысы

2 балл


6.

Алгоритм ұғымы және қасиеттері.


6 апта

Коллоквиум

1 балл


7.

Алгоритмнің негізгі құрылымдары.

7 апта

Реферат

1 балл


∑ 10 балл


1-апта

Үй жұмысы

2 балл

Оқыту түрлерін таңдау.

Компьютердегі оқу процесі төмендегідей үш аспектіні қамтиды:



  • оқушының оқу танымдық іс-әрекетін басқару;

  • оқушының информациялық процестерді басқаруы ;

  • оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту.

Аталған аспектілерге сәйкес:

  • оқу танымдық процесті ұйымдастырудың түрлері:класс-сабақ жүйесі және т.б.

  • оқытуды ұйымдастыру түрі:дербес,фронтальды,коллективтік,топтық;

  • тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрі,-болып бөлінеді.

Педагогикалық оқу іс-әрекетінде сабақта ұйымдастыру мен өткізудің қандай түрі пайдаланылса да,ол оқушылардың дайындық деңгейіне өтілетін материалдың күрделілігі мен жаңалығына, сондай-ақ, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты.Ал,оқыту түрін таңдау аса маңызды мәселе болып табылады, дегенмен сабақтың мақсаты оқытушының таңдаған әдісіне байланысты өз деңгейіне жетеді.

Осындай әдістің бес түрін атап көрсетуге болады:

-түсіндірмелі-иллюстрациялы;

-программаланған;

-модельдік;

-эвристикалық;

-проблемалық;

Сұрақтар:
1. Сабақ ұғымына түсініктеме беріңіз.

2. Оқытудың лекциялық түрі.

3. Семинар сабақтары.

4. Конференциялар.

5. Әңгімелесу арқылы оқыту.

6. Консультация, ол қандай жағдайларда өткізіледі?

7. Фронтальдық-лабораториялық жұмыс.

8. Практикум.



2-апта

Реферат

1 балл

Информатика бойынша үйірме жұмыстары
Информатикадан ұйымдастырылатын үйірме – мектеп оқушыларымен жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі. Есептегіш техника кабинетінің бар болуы – үйірме жұмысын ұйымдастырудың алғы шарты, өйткені үйірме жұмысын ұйымдастыру үшін ЭЕМ –ның болуы қажет.

Информатикадан жүргізілетін үйірмені мектептерде, оқушылар сарайында, оқу- өндірістік комбинаттарындағы мектеп аралық есептегіш техника кабинеттерінде, жоғарғы оқу орындарының кафедраларында ұйымдастыруға болады. Үйірмені компьютермен жұмыс істейтіндей қызықты ойын сипатында беруге болады.

Сондықтан информатикадан жүргізілетін үйірме жұмыстары оқушыларды, оның ішінде орта және төменгі класс оқушыларының өте қызықтырады. Бірақ үйірме жұмыстарын балалардың компьютерлік ойындарға деген қызығушылығы негізінде ұйымдастырмау керектігін есте ұстаған дұрыс. Орта мектепте информатиканы оқытудың жалпы жүйесіне сай үйірме жұмыстарының программаларын дайындау, мектеп оқушыларының дайындық деңгейіне қарай оқу тапсырмаларының жиынтығын, сонымен бірге осы сабақтардың тиімді программалық қамтамасыз етілуін дайындау – маңызды әдіснамалық міндет болып табылады.


Реферат тақырыптары:
1. Үйірме жұмысының міндеті және жоспары.

2. Үйірме жұмысының оқушыларға ықпалы.

3. «Информатик» үйірмесінің жоспары және қызметі.

4. «Бағдарламашы» үйірмесінің жоспары қызметі.

3-апта

Коллоквиум

1 балл

Информатика пәнін оқытудағы сыныптан тыс жұмыс түрлері

Информатика пәнін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстың мынадай түрлерін атауға болады:



  • үйірме жұмыстары;

  • олимпиада

  • экскурсия

Үйірме жұмысы туралы алдыңғы тақырыпта берілген.

Олимпиаданың мақсаты:



  • білімді, дамыған, дарынды мектеп оқушыларын іхдеу;

  • мектепте информатиканы оқыту деңгейін бағалау;

  • информатиканы оқыту барысындағы ең жоғарғы деңгейге қойылатын талапты ашу;

  • мектеп, жоғарғы оқу орындары буынындағы кері байланысты жүзеге асыру.

Олимпиаданың негізгі мақсаты-оқушының қабілетін ашуды ескере отырып, логикалық-алгоритмдік және жүйелі комбинаторикалық ойлауы дамыған оқушыларды табу қажет. Бұл әртүрлі дайын программалық құралдар мен командаларды пайдалану іскерлігінде пайда болады.

Олимпиаданы дайындау әдістемесі-қарастырылып отырған тәсілде оқушыларды олимпиадаға дайындау информатиканың базалық курсының жалғасы болып табылады. Дайындықтың ең тиімді түрі-сабақты олимпиада түрінде жүргізу. Стандартты емес есептерді шешу үшін мәліметтерді ұйымдастыру мен программалаудың қазіргі әдістерін білу қажет.

Экскурсия-бұл қарастырылп отырған сала бойынша оқушының танымын кеңейтіп, теориялық біліммен оның практикалық қолданылуының арасындағы байланысты көруге және бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, кәсіптік бағдары мен политехникалық оқытуды қамтитын, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқытуды ұйымдастыру түрі болып табылады.

Экскурсия өткізу тыңғылықты дайындықты талапт етеді. Мұғалім алдымен оның мазмұны мен міндеттерін анықтап, есептеу орталығын таңдап, онымен танысып, пайда болуы ықтимал қиындықтарды болжап, онымен күресу жолдарын қарастырады.

Экскурсияға дайындық: оқушылар алдын-ала тапсырма алып, олардың әрқайсысы қандай бақылаулар жүргізіп, қандай сұрақтарға өз бетімен жауап беруі, материалды қандай түрде жинақтауы (ауызшы, хабарлама, реферат, коллекция, альбом) және экскурсия жайлы есепті қай мезгілде дайындау қажетін білуі тиіс.
Сұрақтар:
1. Сыныптап тыс жұмысқа кім басшылық етеді?

2. Сыныптан тыс жұмыстың оқушыларға ықпалы.

3. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны.

4. Мектепте информатика пәні бойынша қандай үйірме жұмыстарын ұйымдастыруға болады?

5. Мектеп, аудан, облыс, Республика көлеміндегі олимпиадалар.

6. Информатика сабағынан экскурсияны қай жерлерде өткізген дұрыс.

7. Экскурсияның мақсаты.

8. Сыныптан тыс жұмыстың басқа қандай түрлерін білесіңдер?

9. Информатика сабағынан сыныптан тыс жұмыстың қай түрлерін өткізген абзал?
4-апта

Үй жұмысы

2 балл

Компьютер білімді тексеру құралы ретінде

Компьютердің кәдімгі бақылау құралдарына қарағанда мынадай артықшылықтарына байланысты болып отыр:



  1. Ол оқу материалдарын балаларға беру жолдарын кеңейтті. Түрлі түстерді, графиканы, мультипликацияны, дыбысты, бейнелеу техникасының басқа да мүмкіндіктерін пайдалану оқытудың қызықты әрі нақты ортасын ұйымдастыра алады.

  2. Компьютер балалардың оқуға деген ынтасын туғызады. Қиындығы әр түрлі есептерді беруді , оны шығаруды ақыл айтпай, көп сөйлемей (кей мұғалімдер бұған көп уақыт кетіріп алады) жылдам реттеу мүмкіндігі оқуға деген қызығушылықты арттырады.

  3. Оқу материалдарын тек беріп қана қоймай жауаптарын қабылдап оны талдап балалардың талаптарын да есепке алуға мүмкіндік болады.

  4. Жұмыс барысында оқушылар жіберген қателерді топтастырып олармен тұрақты кері байланыс жасауға болады. Бұрыңғы оқыту түрінің негізгі кемшіліктерінің бірі мұғалімнің оқу процесінің негізгі бір кезеңдерін бақылауға алу қиындығы еді. Сыныппен жұмыс істеу кезінде педагогтың әр баланың қалай есеп шығаратынын бақылауы қиын болатын. Ал дер кезінде байқалмағанымен қателер оқылып отырған тақырыпты игеруді басқа жолға салып, кейіннен оны қалыпқа келтіру қиын болады. Компьютер барлық жауаптарды тексеріп шығып көбінесе ол тек қатені тауып қана қоймай оның сипатын байқауға көмектесіп оның неден болып отырғанын анықтап негізін жоюға жол ашады.

  5. Қателерді табудан (оларға диагноз қоюдан) компьютердің яғни программаның бейімделу ерекшелігі байқалып отыр. Компьютерлендірілген сабақ оқушылардың жеке мүмкіндіктерін есепке ала жүргізіледі. Бір материалды оқыу, үйрену, бақылау ісі әр түрлі деңгейде көбіне оқушының өз таңдауы бойынша атқарылады.

  6. Осындай оқыту процесінен автоматтық режимді пайдалан отырып компьютерлік сабақтың сапасын төмендетпей одан бірсыпыра көп факторлы статистикалық информация жинақтауға оны талдауға болады. Компьютер осындай жолмен көптеген параметрлерді жазып алуға мүмкіндік береді, олар:

    • Оқушылардың бақылау жұмысына жіберген уақыты;

    • Жауаптың саны мен сапасы;

    • Қателердің түрлері (типтері) мен топталуы (жіктеуі);

    • Анықтамалық ақпаратты пайдалану саны және ең жиі сұралатын көмектің сипаттамасы;

    • Тапсырмаларды орындау кезіндегі шешу жолдарын таңдау саны.


Сұрақтар:
1. Білімді компьютермен тексерудің артықшылығы және кемшіліктері.

2. Білімді компьютермен тексерудің түрлері.

3. Тест және оның түрлері.

4. Компьютер арқылы оқушының білімін жан-жақты дұрыс бағалай аламыз ба?

5. Ауданымыздағы мектептерде оқушының білімін бағалау компьютер арқылы бағалау жолға қойылған ба?

6. Компьютермен бағалау оқушылардың сабаққа ынтасын арттырады дегенге көқарасыңыз.

7. Өзің бағалаудың қандай әдісін қолданғанды жөн санайсың?

5-апта

Үй жұмысы

2 балл

Ақпараттың өлшем бірлігі туралы ұғым жайлы түсініктер
Сонымен компьютер сандық түрде ғана берілген ақпаратты ғана өңдей алады. Кез келген ақпаратты компьютерде өңдеу үшін сандық түрге келтіруі керек. Текстік ақпаратты компьютерде өңдеу үшін әрбір әріп қандай да бір санмен кодталады. Экранға немесе принтерге шығарылғанда адамның қабылдауы үшін кодталған сандарға сәйкес әріптер шығарады. Берілген сандар мен әріптер арасындағы сәйкестік символдарды кодтау деп аталады.

Компьютер үшін пайдаланатын код 0 мен 1 цифрларынан тұратын тізбек. 0 мен 1 екілік санау жүйесінің цифрлары. Сандарды компьютерге енгізу және шығару өзімізге үйреншікті ондық санау жүйесінде орындалады. Қажетті басқа өңдеулердің барлығын компьютердегі программа орындайды. Есептеу техникасында ақпараттың өлшем бірлігі ретінде бит және байт алынған. Бір байтта бір символды кодтауға болады. Іс жүзінде байттан үлкен килобайт (Кбайт), мегабайт (Мбайт), гигабайт (Гбайт) өлшемдері де пайдаланылады.

1 байт = 8 бит

1 Кбайт = 1024 байт

1 Мбайт = 1024 Кбайт

1 Гбайт = 1024 Мбайт




Сұрақтар:
1. Компьютер қандай түрде берілген ақпаратты өңдейді?

2. Символдарды кодтау не үшін керек?

3. Компьютер пайдаланатын код.

4. Ақпараттың өлшем бірліктері және оларды түсіндіру әдістемесі.

5. Ақпаратты өлшеу не үшін қажет?

6. ГБайт-тан үлкен қандай өлшем бірліктері бар?

7. Дискілердегі ақпараттың өлшемдерін, файлдың өлшемін қалай білуге болады?

Тапсырмалар:
1. Жоғарыдағы мәтін және сұрақтарды қоса есептегенде қанша ақпарат барын анықтаңыздар.

2. Өзіңіздің аты-жөніңізді ASCII кестесін пайдаланып кодтаңыздар.


6-апта

Коллоквиум

1 балл

Алгоритм ұғымы және қасиеттері
Алға қойылған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жсасу керектігін түсінікті түрде әрі дәл көрсететін жарлық (нұсқауу) алгоритм деп түсініледі.

Алгоритм сөзі ІХ ғасырда арифметикалық амалдарды орындау ережесін тұжырымдаған өзбектің ұлы математигі Әл-Хорезмидің аты латынша algoritmi болып жазылуынан шыққан. Алғашқы кезде алгоритмді тек көп таңбалы сандарға арифметикалық төрт амалды орындау ережесі ғана деп ұсынған. Кейінірек бұл ұғым алға қойылған мәселені шешуге келтіретін әрекеттер тізбегін жалпы түрде белгілеу үшін пайдалана бастады.

Алгоритмнің мынадай негізгі қасиеттері бар:

Дискреттілік. Алгоритм аяқталған іс-әрекеттер тізбегінен- қадамдардан тұрады. Келесі қадамға өту тек алдыңғы қадам жүзеге асқан соң немесе аяқталған соң ғана орындалады. Әрбір жеке қадамның орындалуы орындаушыға арнаулы нұсқау арқылы алдын-ала көрсетіледі. Алгоритмнің жеке қадамдардан тұру қасиетін дискреттілік деп аталады.

Анықтылық. Бұл қасиет алгоритмнің әрбір ережесі анық бір мәнді және ешқандай күмән туғызбауы керектігінен тұрады. Бұл қасиеттің арқасында алгоритмнің орындалуы ешқандай қосымша нұсқау немесе есептер туралы мәлімет қажет етпейді.

Бір алгоритмнің бірнеше орындалуы немесе бірнеше орындаушының бір алгоритмді орындауы нәтижесінде алатын жауап әруақытта бірдей болуы керек.

Әрбір қадамды орындағаннан кейін келесі қай қадамды орындау керектігін орындаушы дәл білуі керек.

Жалпылық. Алгоритмнің көмегі арқылы тек бір ғана тиянақты есепті шығаруға емес сонымен қатар соған ұқсас есептер жиынын шығаруға болады. Мұндай есепті шешудің алгоритмі жалпы түрде құрылады. Ал есептер бір-бірінен тек бастапқы берілгендердінен ғана ажыратылады.

Нәтижелілік. Бұл қасиет алгоритмнің қадамдарының белгілі бір саны есепті шешуге алып келуі керектігінен тұрады.
Сұрақтар:
1. Алгоритм деп нені түсінесіз?

2. Күнделікті атқаратын істерімізді алгоритмсіз орындай аламыз ба?

3. Алгоритм ұғымын түсіндіру әдістемесі.

4. Алгоритмнің дискреттілік қасиеті.

5. Алгоритмнің анықтылық қасиеті.

6. Алгоритмнің жалпылық және нәтижелілік қасиетін түсіндіріп беріңіздер.

7. Алгоритмі жазылу тәсілдері: Сөзбен жазылу және алгоритмдік тіл.

8. Алгоритмі жазылу тәсілдері: Блок-схема жән программалау.

9. Программалар құрудағы алгоритмнің ролі.
7-апта

Реферат

1 балл

Алгоритмнің негізгі құрылымдары
Алгоритмдік тілде екі негізгі құрама команда-тармақталу алгоритмі және қайталану алгоритмі қолданылады. Осы екі команданың жай командадан айырмашылығы мынада: оған құраушы командадалардың орындалуына немесе орындалмауына байланысты болатын шарт енген:

Тармақталу алгоритмі былай жазылады:

Егер шарт

Онда 1-серия

Әйтпесе 2-серия



Бітті

Шартқа тәуелді түрде тармақталу алгоритмі енетін командалар серияларын екеуінің тек біреуі ғана орындалады. Егер шарт сақталатын болса онда 1-ші серияны, ал шарт сақталмаса 2-ші серияны орындау керек.


Қайталану алгоритмі.

Адам өзінің іс-жүзінде қызыметінде шешуі үшін белгілі бір амалдарды бірнеше рет қайталауға тура келетін есептермен ұдайы кездеседі. Бұл есептерді яғни осындай мәселені шешу үшін қайталану құрама командасы қолданылады.

Қайталану клмандасының мынадай үш түрі бар:

1.Үшін қайталану командасы.

2.Әзір қайталану командасы.

3. Дейін қайталану командасы.

Таңдау командасы былай орындалады. Алдымен орындаушы 1 шартты тексереді. Егер шарт сақталса онда орындаушы 1 серияға енетін командаларды орындайды. Егер 1-шарт сақталмаса онда орындаушы 2-шартты тексереді.

Реферат тақырыптары:
1. Тармақталу командасы.

2. Таңдау командасы.

3. Әзір қайталану командасы.

4. Дейін қайталану командасы.

5. Үшін қайталану командасы.

Екінші аралық бақылау

Екінші аралық бақылау





Тақырып

Өткізілетін уақыт

Бақылау түрі

1.

Оқу алгоритмдік тілі

8 апта

Коллоквиум

2 балл


2.

Визуальды программалау тілдері туралы түсінік.

9 апта

Үй жұмысы

1 балл


3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет