Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген


Турбо паскаль тілінің графикалық мүмкіндіктері тақырыбын оқыту әдістемесі



бет4/5
Дата21.07.2017
өлшемі0,77 Mb.
#21457
1   2   3   4   5

Турбо паскаль тілінің графикалық мүмкіндіктері тақырыбын оқыту әдістемесі.


10 апта

Үй жұмысы

1 балл


4.

Компьютерді бағдарламалық қамтамасыз етудің негізгі компоненттері.

11 апта

Коллоквиум

1 балл


5.

Компьютерлік желі туралы түсінік.

12 апта

Реферат

2 балл


6.

Мультимедия технологиясы жөнінде түсінік.


13 апта

Үй жұмысы

1 балл


7.

Компьютерде есеп шығару технологиясы.

14 апта

Үй жұмысы

2 балл


∑ 10 балл


8-апта

Коллоквиум

2 балл

Оқу алгоритмдік тілі

Алгоритмдік тіл –алгоритмдер мен олардың атқарылуын бірыңғай және дәл жазуға арналған белгілер мен ережелердің жүйесі. Алг. тіл бір жағынан әдеттегі тілге жақын. Бұл тілде алгоритмдер әдеттегі текст секілді оқыла да, жазыла да алады . Екінші жағынан агоритмдік тіл өзіне математикалық символиканы, сандарды, шамалар мен функциялардың белгілерін, операция таңбаларын , жақшаларды т.б.қамтиды.

Алгоритмдіктілдің басқа әрбір тіл секілді өзінің сөздігі бар. Кез-келген алгоритмдегі атарушының командалар жүйесіне енетін командаларды жазуға қолданылатын сөздер осы сөздіктің негізін құрайды. Мұндай командалар жай командалар деп аталады.

Алгоритмдік тілде мағынасы мен қолдану тәсілі біржола берілген санаулы сөздер ғана пайдаланылады. Бұл сөздер қызметші сөздер деп аталады.

Қызметші сөздер- алдын-ала мағынасы анықталған, тілдің құрамының бір бөлігі болып табылатын сөздер.

Алгоритмдік тілде жазылған алгоритмнің аты болуы керек. Алгоритмнің аты берілген алгоритмнің қандай есептің шшуін сипаттайтыны айқын болатындай етіп таңдалады. Алгоритмнің атын көрсету үшін оның алдына алг деген қызметші сөз жазылады.

Әр алгоритмнің жазылуы оның тақырыбынан басталады. Алгоритм тақырыбының жалпы түрі мынадай:



Алг алг. Аты

Арг аргумент аттары

Нәт нәтижелер аттары

Бірнеше аргумент,бірнеше нәтиже болса, онда олар үтір арқылы ажыратылып жазылады.



Алгоритмнің басы мен соңын көрсету үшін оның командалары басы мен соңы деген қызметші сөздерінің араларына жазылады. Командалар тізбектеліп жазылады. Бір команданы жазу кезінде, егер қажет болса,оны екінші жолға жалғастырып жазуға болады. Егер бірнеше команда бір жолға жазылса, онда олар бір-бірінен нүктелі үтір арқылы ажыратылады.

Сонымен алгоритмдік тілде жазылған алгоритмнің жалпы түрі мынадай болады.



Алг алгоритмнің аты

Арг

Нәт

Басы

Алгоритм командалары (серия)



Соңы

Алгоритмдік бірінен кейін бірі орындалады бірнеше командасының тібегі серия деп аталады. Серия бір ғана командадан да тұра алады.



Мыс: у=(4х+3)(8х+6)

Алг өрнектің мәнін табу.

Арг х

Нәт у

Басы

R1=4*x; R2=R1+3; R3=8*x; R4=R3+6; у=R2*R4

Соңы

Бір сериялы жай командалардан құралған алгоритмдер алгоритмдік тілде сызықтық алгоритм болады.



Сұрақтар:
1. Алгоритмдік тіл дегеніміз қандай тіл?

2. Алгоритмдік тілдің алфабиті.

3. Қызметші сөздер.

4. Алгоритмнің тақырыбы.

5. Алгоритмнің атынан соң жай жақшалардың ішінде не жазылады?

6. Аргументтер және нәтижелер бірнеше болса, олар қалай жазылады?

7. Серия дегеніміз не?

8. Сызықтық алгоритм дегенді қалай түсінесіз?

9. Жоғары деңгейлі программалау тілдері.

10. Алогритмдерді программалау тілдерінде жазу үшін нені білу керек?

11. Транслятор дегеніміз не?

12. Basic тілінде интерпретатор қолданылады. Интерпретатор деген не?

13. Pascal тілінде компилятор қолданылады. Компилятор деген не?

9-апта

Үй жұмысы

1 балл

Визуальды программалау тілдері туралы түсінік.

Бейсик, Паскаль сияқты дәстүрлі программалау тілдерінде күрделі, үлкен программаларды дайындаудың кемшілігі – ол үшін программалаушылар тобының көп күш жұмсауы қажет болатын. Программалауды жеңілдету үшін 80-жылдары объект, класс (object, class) ұғымдары енгізіліп, объектілі – бағдарлы программалау (ОБП) тәсілі негізге алынды. ОБП – Паскальда қолданылатын процедуралық және құрылымдық программалаудың және модуль құрудың дамытылған түрі. Ол берілгендерді белгілі бір абстракциялық деңгейде көрсетіп, модульдік программалауды пайдаланады. Мысалы, Visual Basic программалау жүйесі объектілі программалау тәсілін пайдаланып, Qbasic тілі негізінде визуальды түрде құрылған. Паскальдың ОБП тәсілін пайдаланып құрылған жаңа нұсқасы Object Pascal (Объектілі Паскаль) деп аталады. Delphi осы тілдің негізінде дайындалған. Объектілі программалаудың ыңғайсыздығы – онда дәстүрлі программалау тәсілдері пайдалана берілмейді, бірақ ондағы көп қиындықтар арнайы тәсілдерді пайдалану арқылы тез шешілген.



ОБП тілінің дәстүрлі программалау тілдерінің өзгешелігі – онда, өрістерге қоса, мынадай ұғымдар негізге алынған: класс, объект, өңдеу тәсілі, объект қасиеті және оқиға.

Өрістер – Турбо Паскальдағы жазу (record) типінің өрістері сияқты;

Қасиеттер – объект сипаттамалары (параметрлері);

Тәсілдеркластың өрістері мен қасиеттерін өңдеу процедуралар

мен функциялар;



объект – түрлі мәндердің қасиеттері тәсілдерінің жиынтығы;

оқиға – объект жағдайының өзгеруі.

Класс - өрістер, қасиеттер және тәсілдерінің бірлігінен тұратын тип, не, жалпы түрде, өңдеу тәсілдері не қасиеттері ортақ түрде сипатталатын объектілер (нысандар) жиынтығы.
Сұрақтар:

1. Визуальды сөзінің мағынасы.

2. Объектілі-бағдарлы программалау тілдерінің құрылымдық программалау тілдерінен

айырмашылығы.

3. ОБП-ның негізгі ұғымдары.

4. Объект дегеніміз не?

5. Оқиға дегенді қалай түсінесіз? Ол ОБП-да шарт па?

6. ОБП-ның принциптері: Мұрагерлік.

7. ОБП-ның принциптері: Инкапсуляция.

8. ОБП-ның принциптері: Полиморфизм.

9. Объектілі-бағдарлы программалау тілдері қандай операциялық жүйеде жұмыс істейді?


10-апта

Үй жұмысы

1 балл

Турбо Паскаль тілінің графикалық мүмкіндіктері тақырыбын оқыту әдістемесі

Turbo Pascal – графикалық режимінде 80 – ге жуық процедуралармен функциялар бар. Олар жүйелік программалардың GRAPH блогында жазылып қойылған.

Блокты ашу нұсқауы uses GRAPH, оны CRT блогын ашу нұсқауымен бірге программаның блогына енгізіп қойса болғаны. Мысалы:

uses CRT, GRAPH;

GRAPH блогының операторына енгізілетін сандар INTEGER типті болуы тиіс.


  • InitGRAPH (Gdriver, Мode, Path) – экранды графикалық режимге көшіру.

Мұндағы Gdriver – графикалық драйвердің типін анықтайды, мode – графикалық адаптердің жұмыс режимін береді, Path – қажетті драйверді пайдаланатын файлға жол. Оның орнына ‘D:\tp\bgi’ жолын енгізуге болады, (bgi – графикалық драйвердің кеңейтілуі). Драйверді автоматты түрде анықтау үшін әдетте мәні 0 – ге тең detect атауы тұрақты пайдаланылады. Бұл кезде Path орнына бос жолды (‘ ‘) енгізу мүмкін.

  • SetbкColor (<түс>) – экран кеңістігінің түсін орнату. Бұл оператор программаға енгізілмесе, экран ағымдық қара не көгілдір түске боялып көрсетіледі.

  • SetColor (<түс>) – кескін түсін орнату. Бұл оператор енгізілмесе кескін ақ түске боялып көрсетіледі.

- Putpixel(х,у<түс>) - <түс> - ке боялған (х,у) нүктесін орнату. Putpixel(х,у,color);

Мұндағы х,у- нүкте координаталары, color – нүкте түсі.

- Line (x1,y1,x2,y2) – (x1,y1) нүктесінен (x2,y2) нүктесіне дейін түзу кесіндісін сызу операторы.

- Rectangle(x1,y1,x2,y2) – сол жақ жоғарғы төбесі (х1,у1), оң жақ төменгі төбесі (х2,у2) болатын тік төрт бұрыш сызу операторы.

- Circle (x,y,r) процедурасы – шеңбер сызады.


Мұндағы х,у - центрі , радиусы – R.

-Ellipse процедурасы – эллипс сызу операторы.

Procedure Ellipse (x, y:integer;bega, enda, rx, ry:word);

Мұнда х,у – центрінің координаттары, begA, endA –доғаның бастапқы және ақырғы бұрыштары, rx, ry- эллипстің вертикаль және горизонталь радиустары.
Сұрақтар:
1. Программалау тілдерінде режимдер.

2. Редакторды іске қосқанда автоматты қай режим қосылады?

3. Паскаль тілінде графикалық режимге өту.

4. Графикалық режимде жұмыс істеу Uses бөлімінде қай модульді жариялау керек?

5. Графикалық режимде суреттер нелер арқылы салынады?

6. Коардината осьтері экранның қай бұрышынан басталады?

7. Суретті салуда қанша түсті пайдалануға болады?

8. Кескін, фон түстерін таңдау.

9. Түзу, көпбұрыш, шеңбер, эллипс салу.

10. Тұйықталған фигураларды бояу.

11. Графикалық режимде текстермен жұмыс істеу операторлары.
11 –апта

Коллоквиум

1 балл

Компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етудің негізгі компоненттері

Программалық қамтамасыз ету - ол компьютерді "жандандырады".

Программалық қамтамасыз ету жүйелік, қолданбалы және программалау жүйелерінен тұрады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) негізгі болып табылады.

Операциялық жүйе - деректерді өңдеу арқылы компьютердің барлық жұмысын ұйымдастыратын бағдарлама жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқарады, компьютер құрылғыларының бір - бірімен байланысын және компьютер мен адам арасындағы байланыстарды ұйымдастырады.        Сонымен қатар операциялық жүйе - әмбебап жүйе, оны әртүрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылатын қосымша құрылғыларға баптауға немесе жеке баптауға болады.

Компьютердің операциялық жүйесі төмендегі міндеттерді орындайды:

- компьютер қорларын: жадтың, процессорлардың, сыртқы құрылғыларының жұмысын басқарады:

- қолданбалы бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

- компьютер мен адам арасындағы қарым - қатынасты ұйымдастырады.

Драйверлерді операциялық жүйенің бір бөлігі деп айтуға болады. Компьютерге қандай да бір жаңа құрылғыны қосу үшін, құрылғы жұмысын қамтамасыз ететін драйвер қажет.

Қолданбалы программалық жабдықтау тек мәліметтерді өңдеуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар құруға, графиктік объектілер салуға, әр түрлі есептеулер жүргізуге, орындауға болады.  Қолданбалы программаларды арнайы бағыттағы және әмбебап программалар деп екі топқа бөледі.

Жүйелік программалардың жабдықтарына драйверлер де енеді. Бұл программалар компьютерге қосылған құрылғылармен бірге беріледі. Ол программаларда құрылғы жөніндегі барлық мәліметтер бар. Операциялық жүйе қосымша құрылғылар мен драйверлер арқылы қатынасады.

Программалар жүйесіне программалау тілдері және арнайы программалар да енеді, олар арқылы құрылған программалар компьютер жадына ендіріледі, қателері түзетіледі, тестіленеді және орындалады.

Сұрақтар:
1. Бағдарламалық қамтамасыз ету дегеніміз не?

2. Операциялық жүйе, оның қызметі.

3. Офистік программалар пакеті, оның құрамындағы программалар, олардың қызметі.

4. Офистік программалар пакеті операциялық жүйеден бұрын орнатылады ма, кейін

орнатылады ма?

5. Офистік программалар пакетіндегі программаларды біртіндеп орнатуға болады ма?

6. Драйвер дегеніміз не?

7. Қолданбалы программалар, олардың қызметі.

8. Жүйелік программалар.

9. Офистік программалар пакеті, Операциялық жүйе, PhotoSchop программасы, Антивирус

программасы, Архивтеу программасы. Осыларды компьютерге орнату ретімен жаз.
12-апта

Реферат

2 балл

Компьютерлік желі туралы түсінік
Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады.

Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.

Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты болып бөлінеді.

Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.


  • Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ) және аумақты (АКЖ) компьютерлік желі болып бөлінеді.

  • Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді.

  • Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.

Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл жер шарын қамтуы мүмкін.

Реферат тақырыптары:
1. Компьютерлік желі, оның негізгі топологиялары.

2. Желілік техникалық құралдар.

3. Интернет.

13-апта

Үй жұмысы

1 балл

Мультимедиа технологиясы жөнінде түсінік.

Мультимедия – бұл компьютердің көмегімен кез-келген тасымалдаушыдағы мейлі ол компакт диск, магниттік таспа немесе қатаң магниттік диск болсын, ауди және бейнеинформациямен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін технология.

«Мультимедия» термині ағылшынша «көптеген орта» дегенді білдіреді. (multi - көп және media- орта).

Мультимедия технологиясы информацияны көрсетудің әр түрлі тәсілдерін, атап айтқанда, сандарды, мәтіндерді, графиканы, анимацияны, бейне және дыбысты бір мезгілде пайдалануға мүмкіндік бередіі.

Мультимедия технологиясының маңызды ерекшелігі оның интерактивтігі болып табылады, яғни компьютермен сұхбаттасқанда пайдалануға белсенді рөл ұсынады.


Сұрақтар:
1. Мультимедия технологиясы.

2. Компьютер мультимедиялық болуы үшін қандай құрылғылары болуы керек?

3. Мультимедиялық технологиялардың оқыту процесіндегі ролі.

4. Кез-келген пәнді оқытуда мультимедиялық технологияларды пайдалануға болады ма?

5. Электронды оқулық, артықшылығы, кемшілігі.

6. Мультимедиялық технологияларды сабақта пайдалану үшін мұғалім нелерді меңгеруі керек?

7. Интерактивті тақта, оның мүкіншіліктері.
Тапсырмалар:

1. Компьютерге мультимедиялық құрылғыларды оранатыңыздар және баптаңыздар.

2. Информатика курсынан бір тақырыпты мультимедиялық технологияны пайдаланып өтуге

жоспар дайындаңыз.

14-апта

Үй жұмысы

2 балл

Компьютерде есеп шығару технологиясы

Кез келген салада ғылымда және техникада ақпараттық технологияларды мақсатты және тиімді пайдалану деңгейі, инновациялық жүйелердің дұрыс қалыптасуы өмірде кездесетін практикалық есептерді ғылыми тұрғыда сауатты қоюға және оны шешудің техзнологиясын тәсілдерін меңгеруг тікелей байланысты болады.

Есепті компьютерде шығарудың біраз бөлігі компьютерсіз жүзеге асырылатын мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:


  1. Есептің қойылуы:

  2. Есепті, модельдерді талдау және зерттеу:

    • есептің бар ұқсастарын талдау;

    • техникалық және программалық құралдарды талдау;

    • математикалық модельді жасақтау;

  3. Алгоритмді жасақтау:

    • алгоритмді жобалау тәсілдерін таңдау;

    • алгоритмді жазу пішінін ( блок-схема, мектептік алгоритмдік тіл т.б.) таңдау;

  4. Программалау:

    • программалау тілін таңдау;

    • алгоритмді таңдалып алынған программалау тілінде жазу;

  5. Тестілеу және жөндеу:

    • синтаксистік жөндеу;

    • семантикасын және логикалық құрылымын жөндеу;

    • тестілік есептеулер және тестілеу нәтижелерін талдау;

    • программаны жетілдіру.

  6. Есептің шешілу нәтижесін талдау:

    • Қажет болатын болса 2-5 кезеңдерді қайтадан орындай отырып математикалық модельді айқындай түсу.

  7. Программаны даярлау:

    • нақтылы есепті шығару үшін программаны жетілдіру;

    • есепті шешуге, математикалық модельге, алгоритмге, программаға, тестер жиынына, программаны пайдалану үшін құжаттар жасау.



Тапсырмалар:

Төмендегі есептерді жоғарыдағы кезеңдерді пайдаланып Паскаль не Бейсик тілінде программа құрыңыздар:


1.
2. x,y нақты сандары берілген (xy). Бұл сан ның кішісін олардың жарты қосындысымен,

үлкенін екі еселенген көбейтіндісімен алмастырыңыз.


3. Қайталану командасы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет