1. Тілдік нормадан прагматикалық ауытқу. Нормадан ауытқудың бұл түрі тілдік жүйе және құрылымға тікелей қатысты. Тілдік норма дегеніміз қоғамдық коммуникация кезінде әбден іріктелген, уақыт сынынан өтіп тұрақталған тілдік жүйенің бөлігі, жиынтығы. Тілдік нормадан прагматикалық мақсатта ауытқуға сөзді тіркеспейтін сөзбен тіркестіру; сөзді түрленбейтін қосымшалармен түрлендіру; фразеологизмдердің құрамын бұзып қолдану; орфографиялық норманы бұзып қолдану; орфоэпиялық норманы бұзып қолдану.
2. Мәтін нормасы/сөз нормасынан (норма речевые) прагматикалық ауытқу. Мәтіннің, сөздің тұтастығын мәтіннің құрылымдық бірліктерінің өзара байланысын, мәтіннің бір мәнді сипатын, белгілі бір стильге, жанрға жататынын қамтамасыз ететін жазбаша немесе ауызша сөз саптаудың, мәтін құрудың ережелері. Сөз әрекеті кезінде прагматикалық мақсатқа байланыста сөз, мәтін нормасынан әдейі ауытқу риторикалық тәсілге жатады. Тілдік норма бұзылмайды. Сөз сөйленім, мәтін нормасынан ауытқудың риторикалық тәсілдеріне амплификация, анадиплозис, антиэллипсис, т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |