Ж¦мыстыњ жалпы сипаттамасы


Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар



бет8/42
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#33493
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: сөз мәдениетін зерттеу қазіргі жаһандану кезеңінде академиялық формада қала бермеуге тиіс. Қазіргі заманда, сөз мәдениеті тілдің өміршеңдігін (vіtalus), тілдік кеңістікті, тілдік ортаны қалыптастырып, тілдік тұлғаның ұлттық болмысын сақтап, өзге тілдің басқыншылығына қарсы күресетін тіл ғылымының саласы болуға тиіс; сондықтан сөз мәдениеті өз объектісін кеңейтіп, лингвоэкологиялық бағытты да қамту қажет;
Сөз мәдениеті тілдік-құрылымдық жүйені тілдік емес құрылымдармен тығыз байланысты қарастыруы керек, өйткені тілдік емес мәнділіктер тілдік құралдар мен стильдік, риторикалық амал-тәсілдерді таңдап-талғауға, мәтін түзіліміне мықтап әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып саналады.
Тілдік коммуникацияның сапасын қарастыруда сөз мәдениеті ғылыми пән ретінде диалогтік принципті басшылыққа алуға тиіс. Өйткені, осы кезге дейін сөз мәдениетін тексеруде монологтік принцип үстем болып келді. Тілдік коммуникация адресанттың/ автордың/ коммуникатордың/ сөйлеушінің позициясы тұрғысынан тексерілді, ал адресаттың/ оқырманның/ коммуникаттың/ реципиенттің, тыңдаушының позициясы ескерілмеді. Мұндай жағдайда тілдік коммуникацияға баға беру тек авторлық позиция тұрғысынан болса, тілдік қарым-қатынастың сәтті-сәтсіз болуының себептері толық ашылмай қалады.
Айтылымды/ мәтінді/ жанрды коммуникацияның толық өзі емес, оның бір ғана бөлігі деп қарастыру қажет, өйткені мәтінде айтылатын ой, сезім тіл арқылы объективтенуге дейін де белгілі бір құрылым түрінде болады, сөйтіп барып, тілдік құрылымға (айтылымға, мәтінге) айналады, бірақ тілдік коммуникация аяқталмайды. Өйткені айтылымды, мәтінді қабылдаушы (реципиент) мәтінде, айтылымда кодқа салынған тілдік, тілдік емес ақпараттарды ашу арқылы сөйлеушінің коммуникативтік діттемін, мақсатын, аңғарады. Осымен байланысты сөз сапасын осы айтылған үш “аймақтан” автор-мәтін-реципиент қатынасынан іздестіру қажет; осы кезге дейін зерттеушінің басты назары тек мәтінде болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет