1. Тілдік нормалар: орфоэпиялық норма, орфографиялық норма, лексика-фразеологиялық норма, грамматикалық (сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік) нормалар. Екі немесе одан да көп вариант болғанда, олардың біреуін талғап, таңдап қолдану қажеттілігінен бірнеше варианттың біреуі ғана норма деп танылады: көбі – көбісі емес, туралы – турасында емес, т.б. Кей жағдайда екі немесе үш вариант та норма деп танылады мұны/бұны, келуімен байланысты/келуіне байланысты. Алайда бұлардың ішінде қайсыбіріне артықшылық берілетін нұсқалары болады.
Сөйлеу тілінің әдеби тілдің құрамына кіретін бөлігі болады. Сөйлеу тілінің кодификацияланған нормалардан бөлек, өзіне тән нормасы бар: саған бірдеңелерді ала кеп едім тәрізді қолданыстар жазба тіл мәтіндеріне жат болып есептеледі. Бірақ сөйлеу тілі үшін норма деп танылады. Сондай-ақ Қазақстанның экономикасы тұрақты дамуда десек,сөйлеу тілі мәтініне жат, сөйлеу тілінің нормасы емес.