Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет80/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   108

Жұмыс үлгілері

1. Электр жабдықтардың агрегаттары мен аспаптары – толық тәсім бойынша орнату, торапқа қосу, оларды техникалық қызмет көрсетуде реттеу.

2. Маховикті иінді біліктері – теңгеру.

3. Генераторлар, статорлар, спидометрлер – жөндеу, құрастыру, сынау, ақауларды жою.

4. Самосвалды механизмнің жүк көтергіштері – құрастыру және сынау.

5. Гидротрансформаторлар – жөндеу, құрастыру.

6. Барлық түрдегі және маркадағы қозғалтқыштар – стендіде сынау, реттеу, диагностикалау.

7. Алдыңғы және артқы мостылар – мойынтіректерді ауыстыру және реттеу; тежегіштер, рульдік басқару, жарықтандыру және дабыл қағу жүйесі – диагностикалау.

8. Трансмиссияны, рульдік басқаруды тексеруге арналған аспаптар, шығын өлшегіштер мен газ талдағыштар – қызмет көрсету, ыдысқа салу, жөндеу.

9. Жандыру таратқыштары, реле-реттегіштер - стендіде тексеру, реттеу, ақауларды жою.

10. Гидравликалық және пневматикалық тежегіштер – жөндеу, құрастыру, орнату және реттеу.

11. Цилиндрлер, түбірлі және шатунды мойынтіректер – стендіде сынағаннан кейін тексеру, ақаулықтарды жою және барлық құрамаларды түпкілікті бекіту.

§ 104. АВТОМОБИЛЬ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі маркадағы автомобильдің күрделі агрегаттары мен тораптарының технологиялық шарттарына сәйкес стендіде және шассиде жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау және тапсыру. Пайдалану сипаттамасын шеше отырып құрастырудың дұрыстығын тексеру. Жеңіл және жүк автомобильдері мен автобустарының барлық жүйелері мен агрегаттарын диагностикалау және реттеу. Қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу.

Білуге тиіс: түрлі маркадағы автомобильдер мен автобустардың құрылымдық ерекшеліктері; күрделі агрегаттар мен тораптарды жөндеудің, сынау және тапсырудың техникалық шарттары; тозған бөлшектерді толықтай қалпына келтіру және төзімдету тәсілдері, қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу тәртібі; диагностикалық жабдықтарды реттеу және ыдысқа салу, жөндеу ережесі мен тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Автоматты жіберу қораптары – құрастыру, реттеу, сынау.

2. Автомобильдің жетекті-экономикалық және тежегіш сапасын тексеруге арналған стенділер – қызмет көрсету, жөндеу, ыдысқа салу.

3. Электр жабдықтары, жандыру жүйелерін, пневматикалық тежегіш жүйелерін, рульдік басқару гидрокүшейткіш жүйелерін тексеруге арналған аспаптар – қызмет көрсету, жөндеу, ыдысқа салу және реттеу.

§ 105. ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫ МЕН ТРАКТОРЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жол құрылыс машиналарын, тракторлар мен прицепті механизмдердің жай тораптарын бөлшектеу. Кескішпен кесу, қол арамен кесу, егеулеу, қылтанақтарын тазалау, шаю, бөлшектерді тазалау және майлау. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: күрделі емес слесарлық жұмыстарды орындаудың негізгі жолдары, қарапайым слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі, металдардың, майлардың, отын, майлау, жуатын заттардың атаулары мен таңбалануы.

Жұмыс үлгілері

1. Қарапайым жол-құрылыс машиналары мен тракторларының бөлшектері мен тораптары – тазалау және жуу.

2. Қарапайым бөлшектер – қылтанақтарын егеулеу, дайындамаларды қол арамен кесу, кескішпен кесу, бұранданы қиыстыру.

3. Жол құрылыс тракторлары мен машиналары – бөлшектеуден алдын кірден тазарту.

§ 106. ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫ МЕН ТРАКТОРЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жол құрылыс машиналарын, тракторларды, прицепті механизмдерді бөлшектеу және оларды жөндеуге дайындау. Жол құрылыс машиналары мен тракторларының жай құрамалары мен тораптарын жекелеген бөлшектері мен бөліктерін ауыстыра отырып бөлшектеу, жөндеу, құрастыру. Күрделі емесе жарықтандыру арматурасын шешу және орнату. Техникалық байқау және қызмет көрсетуде бекіту жұмыстарын орындау. Айлабұйымдарды пайдалана отырып 12-14 квалитеттер бойынша тораптар мен бөлшектерді слесарлық өңдеу. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен жөндеу және монтаждау бойынша күрделірек жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: жол құрылыс машиналары мен тракторлардың құрылысы туралы негізгі мәліметтер; жол құрылыс машиналары мен тракторларды тораптарға бөлшектеудің ережесі мен кезектілігі және жөндеуге дайындау; кеңінен таратылған әмбебап және арнайы айлабұйымдармен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі; салқындататын және тежегіш сұйықтықтарының, май, отындардың қызметі және пайдаланылуы; өңделетін материалдардың механикалық қасиеті, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері және параметрлері; орындалатын жұмыстың көлемінде электротехника және металдың технологиясы негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Бензобактар, аккумуляторлар, кабиналар, қапшықтар – машинаға орнату және бекіту.

2. Дискілер, тежегіш таспалар мен фрикциялық жапсырмалар – бүлінулерді жою және тойтару.

3. Кронштейндер, қапсырмалар, қапшықтар – жасау.

4. Шығырлар, ілініс муфталары, артқы мостылар, табан шынжыр арбалар, рульдік басқару, реверсивті механизмдер – шешу, бөлшектеу және жөндеуге дайындау.

5. Артқы мостылар, қозғалтқыштар, жіберу қораптары – шешу.

6. Плафондар, сәулелік фонарлар, балауыздар, стартерлер – шешу және орнату.

7. Май сүзгілер, су сорғылары, қозғалтқыш желдеткіштері – шешу.

§ 107. ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫ МЕН ТРАКТОРЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі тораптар мен агрегаттарды жекелеген бөлшектер мен бөліктерді ауыстыра отырып жөндеу, құрастыру және реттеу. Жол құрылыс машиналары мен тракторларды техникалық байқау және қызмет көрсету кезінде тораптардың, механизмдер, агрегаттар мен аспаптардың жұмысындағы ақауларды айқындау және жою. Агрегаттарды, тораптар мен электр жабдықтарын жөндеуге бөлшектеу және дайындау. Сымдарды біріктіру және дәнекерлеу, оларды оқшаулау және бүлінген жерлерін ауыстыру. Орташа күрделіктегі жол құрылыс машиналары мен тракторларын жүру барысында жалпы құрастыру. Әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып 11-12 квалитеттер бойынша тораптар мен бөлшектерді слесарлық өңдеу. Жоғарылау білікті слесардың басшылығымен жол құрылыс машиналарын, тракторлар мен прицепті машиналарды жөндеу жөніндегі күрделірек жұмыстарды орындау.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет