Қос сөздердің қолданыс ерекшелігі
Қос сөздер табиғаты жөнінде академик Ә.Қайдардың, профессор А.Ысқақовтың профессор Нұргелді Уәлиевтің және т.б.ғалымдардың еңбектерінде қысқаша сөз етілгені белгілі. Біз профессор А.Ысқақовтың жасаған классификациясы бойынша қос сөздерді былай қарастыруды жөн көрдік.
1. Қайталама қос сөздер – дыбыстық және морфологиялық ерекшеліктеріне қарай 4 түрге бөлінеді:
1. Қосымшасыз түбірдің қайталануынан құралатын қайталама қос сөздер, мысалы: қайта – қайта, тілім – тілім, кезек – кезек, т.б.
2. Қосымшалы түбірдің қайталануынан құралатын қайталама қос сөздер. Қос сөздің бұл тобына түбірге жұрнақтар да, жалғаулар да жалғанып қайталанатын қос сөздер жатады. Мысалы: жүйе – жүйесімен, қолма – қол, ауыл – ауылға, т.б.
3. Түбірдің бір дыбысы өзгертіліп құралатын қайталама қос сөздер, мысалы: кісі – місі, қағаз – мағаз, шетсіз – шексіз, айғай – ұйғай, т.б.
4. Түбірі ықшамдалып құралатын қайталама қос сөздер, мысалы: әп – әдемі, жап – жақсы, оп – оңай, кіп – кішкене, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |