Қайталама қос сөз
Қора маңын тақырлап қоңылтақсып қалған қойлар жаздан бері мал баспаған беткейдің жұқа қарын кішкене тұяқтарымен үсті - үстіне тепкілеп құнжыңтасып жатыр (“ Боран”, 7 бет).
Оқшау тұрған Дөңқара жұқа қардан бойы асқан қараған, тобылғысы қарауытып жап-жақын боп көрінеді (“ Боран”, 11 бет).
Бірақ жым-жырт тына қалған табиғат - бір нәрсені бағып тұрғандай (“ Боран”, 11 бет).
Ышқына соққан зәрлі жел ауаны осып-осып жіберді де, ішін тартып тына қалды (“ Боран”, 11 бет).
Ұйтқыған боран омырауына, мойынына әкеп жас қарды былш-былш соғады (“ Боран”, 12 бет).
Әлде екі өкпесін қолына алып бет-бетіне бытырай қашқан тоқтыларды қуып жанығып жүр ме екен? (“ Боран”, 12 бет).
Үсті-үстіне ұйтқып бетіне түскен қар еріп мұздай су болып қайта тоңазып екі бетіне қылқандай қадалады, кірпігінде дымқыл қырау сірестіріп көзің әрең ашады (“ Боран”, 13 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |