2.Қосарлама қос сөздер – мағына жағынан ыңғайлас, морфологиялық жағынан тектес, синтаксистік жағынан теңдес сөздерден құралады. Қосарлама қос сөздер 3 түрге бөлінеді:
1. Екі компоненті де бірдей мағыналы қосарлама қос сөздер, мысалы: сақал – мұрт, аяқ – қол, туып – өскен, т.б.
2. Бір компоненті мағыналы, бір компоненті мағынасыз қосарлама қос сөздер, мысалы: бала – шаға, қатын – қалаш, темір – терсек, т.б.
3. Екі компоненті де мағынасыз қосарлама қос сөздер, мысалы: некен – саяқ, жапыр – жұпыр, пыс – пыс, т.б. [22, 20 бет]
Жазушы Т. Ахтанов ‟Боран ” романындағы қос сөздердің қолданысы төмендегідей:
Қосарлама қос сөз
Биыл қыс аумалы-төкпелі болып, қойын ұзатып әкете алмай жақын төңіректі шиырлап тастап еді (“ Боран”, 8 бет).
Ал, Қасболат болса үйдің ішін жадыратып тіпті мәз-мейрам қылып кетеді (“ Боран”, 9 бет).
Оның дәрежесіне деген ізет-құрметке достық көңіл мен жақсы пейілі араласып Қоспан да, Жаңылда Қасболат келгенде айрықша бір елгезек халге түсіп, көңілдері лүпілдеп тұрады.
(“ Боран”, 9 бет).
Қысқы жайылымның өзін жаздағыдай көңілмен мөлшерлеп өлшеп-пішіп қойған (“ Боран”, 10 бет).
Осындай жан ұшырған алас-қапаста үзіліп-жыртылып қай-қайдағы ойлардың ұштығы елестейді (“ Боран”, 12 бет).
Тату-тәтті өмір,қабақ шытыспаған жарастықты тұрмыс-бір ғана жалт етіп,арылмас арман тастап кетті. (“ Боран”, 16 бет)
Қаршадайынан әке-шешесін бірдей жалмаған,өз маңдайының сорынан көрсін. (“ Боран”, 18 бет).
Сақалды басыңмен бала-шағаның арасына түсіп нең бар.
(“ Боран”, 20 бет).
Жусан арасында пыр-пыр етіп боз торғай жортақтайды. (“ Боран”, 80 бет).
10.Сонымен ерлі-зайыптының арасындағы сол бір ауыр сөз де мысықтың дәретіндей бүркеулі қалды. . (“ Боран”, 70бет).
11.Бетінен балалық табы кетпегенмен-денесі ұлғайып,қол-аяғы сомдалып қалған. (“ Боран”, 75 бет).
12. Қауіп-қатерге де бой үйреніп кетуші еді (“ Боран”, 113 бет).
13.Бар арман-тілегі-жату. (“ Боран”, 200 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |