Жас баланың жанарындай бадырайып тұратын дөңгелек көзінде қуанышты ұшқын бар (“ Боран”, 26 бет).
Ескі жараның орны сыздағандай, ұмыт болған, бірақ ертеректе жүрегін талай қарыған, суық сезім қайта тіріліп келеді (“ Боран”, 27 бет).
Енді сол төрт жыл өмірі өтіп кеткен әдемі көрініс сияқты алыстан елестейді (“ Боран”, 27 бет).
Қатып қалған қара нан мен қатық тойдың асындай ішеді(“ Боран”, 28 бет).
Жаңылдын денесінің ыстығы су сепкендей басылды (“ Боран”, 33 бет).
Жүрегі құрғыр бір жамандықты сезген екен, қайтып келе Мұраты қалпақтай ұшып, ауырып қалыпты (“ Боран”, 34 бет).
Жаңыл буыны дірілдеп, сүрініп-қабынып жүріп, ат қорадай азынаған үйін әзер жылытып, баласын әкелді (“ Боран”, 39 бет).
Тек өз үйіңе,от басына келгенде ғана Қасболат теңін шешкен түйедей белі босап,рақаттанып дем алатын. (“ Боран”, 47 бет).
Бірақ сол кежір ой жүрегін қыжылдатқандай қазір тағы қайтып оралды (“ Боран”, 54 бет).
Қасболат дәретін көмген мысықтай өткен кінасының бетін бүркей салды (“ Боран”, 54 бет).
Өзі де жүзіктің көзінен өткендей жұтынып тұр. (“ Боран”, 56 бет).
Бұрын Шәрипамен қосылуға бел буып жүрген кездегі әйелін,баласын уайымдайтын,соларға жасамақ әділетсіздігіне өкінетін,жұрттың сұқ көзі,сыртынан сыбырлаған ғайбат сөзі-болашақтағы сүтке тиген күшіктей жағдайы мазасын алып қинайтын. (“ Боран”, 68 бет).
Осы сәтте біреу көзіндегі шелін сыпырып алғандай Қасболат бәрін көрді. (“ Боран”, 69 бет).
Сонымен ерлі-зайыптының арасындағы сол бір ауыр сөз де мысықтың дәретіндей бүркеулі қалды. (“ Боран”, 70 бет).
Жүгіріп өткен ерке толқынның ізі сияқты әсем сымбат. (“ Боран”, 125 бет).
Осындай бір торығып,күңгірт өмір кешіп беймағлұм халде жүргенде –жарқ етіп шыға келіп,нұрлы шұғласына балқытып әкеткен күндей-бақытқы кенелген кезі болып еді ғой. (“ Боран”, 102 бет).
Ол енді соққыға жығылған адамдай жалтақтап, предстательге үрейлі, бағынышты кескінмен қарады (“ Боран”, 164 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |