Дәріс сабақтарының кешені Тақырып 1. Пенитенциарлы психологияның зерттеу пәні, объектісі және міндеттері.
Пенитенциарлы психология заң психологияның бір саласы болып табылады. Латын сөзінен аударғанда –«poenitentiarius»-өкінетін және түзетілген деген мағынаны білдіреді.
Пенитенциарлы психология – бұл қылмыстық-атқару жүйесі шеңберіндегі «адам-құқық» жүйесінде әрекет ететін психикалық құбылыстар мен фактілерді зерттейтін заң психологияның бір саласы.
Пенитенциарлы психологияның объектілеріне мыналарды жатқызуға болады:
- айыпталушы тұлғасы, оның спецификалық ерекшеліктерінің динамикасы,
жазасын өтеудің әр түрлі жағдайында және реәлеуметтендіру процесінде
көрініс беру тәсілдері;
- айыпталушылар топтары мен бірлестіктері, олардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары, құндылық бағдарларының ерекшеліктері,
асоциалді субмәдениеттері, айыпталушылар арасындағы стратификация;
- айыпталушыларды түзету мен реәлеуметтендірудің негізгі
құралдарының психологиялық негізділігі;
- қылмыстық жазаны өтеу мекемелері қызметкерлерінің тұлғасы мен
ұжымы, олардың айыпталушыларды түзету және реәлеуметтендіру
процесін ұйымдастыруға байланысты іс әрекеті;
- қылмыстық орындау заңы нормаларына психологиялық сараптама тағайындау
және олардың айыпталушыларды түзету мен реәлеуметтендіру
міндеттеріне сәйкес келуі.