Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет, метонимия, синекдоха )
Теңеу
Белгілі бір халықтың көркем әдебиеті басқа халықтардың әдебиетінен, ең алдымен, өзінің образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдебиеттегі образдар жүйесі және сөз бейнелеу тәсілдері – ұлттық характердің ең басты көрсеткіштері. Бұларсыз ешбір ұлт әдебиеті өмір сүре алмайды. Көркем әдебиет үшін, әсіресе, ұлттық тілдің маңызы зор.
Түрдің өзінің көріну тәсілдері, жүзеге асу жолдары, өмір сүру заңдылықтары болады. Сол түрдің көріну тәсілдерінің бірі – теңеу категориясы. Теңеу категориясы – бүкіл бейнелеу, көркемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең пәрмендісі. Бейнелеу тәсілдерінің барлығы да бастауын осы теңеуден алады [34, 3 бет].
Зерттеуші –ғалым Есқараева А.Д. өзінің ‟З.Шүкіровтің поэзиялық шығармаларындағы метафоралық қолданыстар” атты диссертациясында:
Теңеуді шығу тегінен бастап стилистикалық қызметіне дейін зерттеу жүргізген орыс ғалымдары А.Г.Рубайло, А.Н.Веселовский, Б.В.Томашевский т.б. еңбектерінің ғылыми маңыздылығы зор.
Қазақ тіл білімінде теңеу жан – жақты зерттелген. Қазақ тіл білімінің тұңғыш зерттеушісі А.Байтұрсынов ‟Теңеу заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей – ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді” деп көрсетеді.
М.Серғалиев ‟теңеудің стильдік қызметі әр алуан, бір ыңғайда, негізінен аз сөзге көп мағына сыйғызуды мақсат етсе, тағы бір жағдайда автордың астарлап сөйлеуіне мүмкіндік береді. Сол астарлап сөйлеудің өзі жинақылықтың арқасында болып отырады” деп, теңеудің көркем әдебиет тілінде алатын орнын айқындайды.
Қазақ тіл білімінде теңеуге толық талдау жасаған ғалым – Т.Қоңыров. ‟Қазақ теңеулері” атты ғылыми монографиясында теңеудің бүкіл лингвистикалық болмысын: жасалу жолдары мен синтаксистік құрылымын, түрлерін жан – жақты қарастыра отырып, теңеуге мынадай анықтама береді: ‟Теңеу дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды – экспресссивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы” – дейді [35, 8 бет].
Қазақ теңеулерінің грамматикалық табиғаты жөнінде пікірлер (зерттеулер) жоқтың қасы. Дегенмен, кейбір оқулықтар мен монографиялық зерттеулерде белгілі бір ақын – жазушының шығармаларындағы теңеулер және олардың жасалу тәсілі жөнінде айтқан бірлі – жарым пікірлер жоқ емес.
Ғалым Қ.Жұмалиевтің білдірген пікірі бойынша, қазақ теңеулерінің жасалуының үш түрлі тәсілі бар: бірінші, - дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнақтары арқылы, екінші, –ша, - ше жұрнағының көмегімен, үшінші – секілді, сияқты, тәрізді сөздері. Қ.Жұмалиевтің бұл пікірі дұрыс болғанымен, теңеудің жасалу тәсілдерін түгел қамти алмайды. Қазақ тіліндегі теңеулердің жасалуының төмендегідей жолдарын анықтап, көрсеткен Т.Қоңыров:
– дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнақтарының көмегімен;
–ша, - ше жұрнағының көмегімен;
Достарыңызбен бөлісу: |