Жұмыстың өзектілігі: Жазушы Тахауи Ахановтың «Боран» романының тілдік қолданысын зеріктеу. Жазушы шығармасындағы көркемдік құралдардың қолданылуын айқындау. Жұмыстың нысаны


Жазушы Т. Ахтановтың “Боран ” шығармасы тіліндегі эпитеттің қолданысы төмендегідей



бет61/76
Дата08.02.2022
өлшемі120,19 Kb.
#130876
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76
Байланысты:
Боран романы

Жазушы Т. Ахтановтың “Боран ” шығармасы тіліндегі эпитеттің қолданысы төмендегідей:

1. Кенет ауаға шымырлап ызғар кіріп, теріскейде қара бұлт тұтасып келе жатса да, Қоспан асықпады (“ Боран”, 7 бет).


2. Биыл қыс аумалы-төкпелі болып, қойын ұзатып әкете алмай жақын жақын төңіректі шиырлап тастап еді (“ Боран”, 8 бет).
3. Әжімі тереңдеген дөңгелек ажарлы жүзінде нұр ойнап, ойлы көзі күлімдеп Қоспанның қолын бар ықласымен қатты қысады (“ Боран”, 9 бет).
4. Менің қатал командир екенімді ұмытып кеткен жоқсың ба? (“ Боран”, 10 бет).
5. Қазақы қой желге төзімсіз (“ Боран”, 10 бет).
6. Ашық дөңестің малы да жұқа (“ Боран”, 10 бет).
7. Шақырайған аппақ қардың сәулесі сөніп, реңі солып күңгірт аспанның астында сұлық жатыр (“ Боран”, 10 бет).
8. Үлкен жылы қол шашынан сипайды (“ Боран”, 22 бет).
9. Қазір осы жігіт тұрып кетсе Жаңылдың тәтті үміті, жүрегіне кірген жылуы бірге кетеді (“ Боран”, 22 бет).
10. Өңінде ұдай өшпей, бір рақат күлкінің ізі тұратын болды (“ Боран”, 23 бет).
11. " Құдая, сақтай гөр" деп жүрегі ұшып жүргенде сол суық хабар келді (“ Боран”, 23 бет).
12. Өңіне түс жалғасып тоңазыған денесін маужыратқан жылумен бірге көңіліне алдамшы тәтті үміт еніп келеді (“ Боран”, 25 бет).
13. Ол ұмыт болған бірақ тамсандырған тәтті тағамның дәміндей кеудеде үлкен қуаныштың жақсы, жылы орны қалыпты (“ Боран”, 27 бет).
14. Даусы қандай ащы еді (“ Боран”, 26 бет).
15. Қыстың қақап тұрған кезінің өзінде бас қосып суық үйдіжылытып ән салады (“ Боран”, 28 бет).
16. Жылы үйдің есігіне жуықтай бергенде желкесінен тартып әкеткендей, адам баласының әлі келмейтін ақ дүлей (“ Боран”, 42 бет).
17. Сұңғақ бойлы, атжақтықара торы қыз (“ Боран”, 56 бет).
18. Соның кішкене қара көзінің бір сиқыры бар ма әлде (“ Боран”, 54 бет).
19. Жаман жігітке қыз құмарта ма (“ Боран”, 58 бет).
20. Бастапқы кезде Шәрипа сұлу емес, тым жақсысүйкімді ғана қыз сияқты (“ Боран”, 60 бет).
21. Мұның ауыр халін түсінетін де, жебейтін де сол (“ Боран”, 63 бет).
22. Ақылды кісі екен (“ Боран”, 65 бет).
23. Сонау кездегі көкірегін бүкіл табиғатын толтырған жарқын дүние нұры семіп алыстай берді (“ Боран”, 67 бет).
24. Ұйысқан майда жүнін жел аша алмайды (“ Боран”, 83 бет).
25. Ондай қызыл көз пәлеге болмысынан жуас Байәділ шыдай ала ма (“ Боран”, 145 бет).

Қорыта айтқанда, жазушы Т. Ахтанов “ Боран ” романы тілін талдау барысында 25 эпитет теріліп, талданды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет