Жұмыстың тақырыбы: Белдемше пішу. Жұмыстың мақсаты



Дата12.04.2023
өлшемі16,14 Kb.
#174347
Байланысты:
үйірме


«Тексерілді»
Оқу ісі меңгерушісі: Н.Жолшыбеков
Шебер қолдар үйірмесі
Күні: 20.01.2023ж
Жұмыстың тақырыбы:Белдемше пішу.
Жұмыстың мақсаты:
Білімділік:Белдемшенің шығу тарихы,оның түрлері туралы білім бере отырып,тік белдемше құрастыру.
Тәрбиелік:Матаны үнемдей білуге,жұмысты ұқыпты жасай білуге үйре-ту.Қауіпсіздік ережесін сақтау.
Дамытушылық:Матаны көз мөлшерімен өлшей білуге машықтанды-ру.Қызығушылықтарын,шеберліктерін арттыру.
Жұмыстың әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап.
Жұмыстың түрі:Практикалық сабақ,топпен жұмыс.
Қажетті құралдар:См-лік лента,жұмыс дәптері,белдемше,қол ине,жіп,бор,қайшы,оқулық,мата.
Жұмыстың көрнекілігі:Белдемшенің сызба үлгісі,белдемше үлгісінің түрлері,кесте,оқулық.
Жұмыстың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу..
II.Жаңа жұмыс.
1.Жұмыстың тақырыбын жариялап,мақсатын түсіндіру.
Сөз жұмбақ «Белдемше»
2.Кіріспе әңгіме
«Белдемше»
Шығу тарихы
Белдемше көне тас дәуірінде аң терісін қыстырып қолданған кезде пайда болған.Белдемшені тек қыздар ғана емес оны кей бір елде (Шотландияда) ерлер де киеді.
XIX ғасырда қыздардың белдемшелері кең етекті,бірнеше қабатты,ұзын болған.Оларды қымбат матадан желбір салып,әшекейлеген.
Қазіргі кезде сән бағытына байланысты белдемшелер ұзындығы «mini»,яғни өте қысқа «maxi» яғни тым ұзын деп бөлінеді.
Ұзындығы мен көлемі кішірейді.Өйткені қыз-келіншектер жұмыс істеп,көлікпен жүре бастады.Мұндай жағдайда кең әрі ұзын белдемшелер көп ыңғайсыздық тудырады.
Матаның сәйкестігі:Белдемшені кез-келген матадан тігуге болады.Матаны қолдануына қарай таңдаған жөн.Қолданылатын маталар түрі жүн,қоспа,мақта матадан,былғарыдан тігіледі.
Матаның түсіне қарай жұқа,қалыңдығына қарай таңдалып,белдемшені жылдың 4 мезгілінде киюге болады.Сондықтан матаны да соған сәйкес таңдаған дұрыс. Белдемшенің сән бағыты мен мата таңдау.
Сән бағыты Әшекейлеу
Шығу тарихы Белдемшені таңдау Түстің келісімі
Мата таңдау Сырт көзбен қабылдау
Белдемшенің түрлері
Белдемшені сәндеу мен құрастыру
Құралжабдықтар таңдау
Белдемшені орындаудың технологиялық тұтастығы.
Тік белдемше:ұзындығы тізеге дейін сол жақ бүйір тігісінде сыдырмалы ілгек орналасқан.
(Белдемше үлгісі арқылы түсінік беру).
Матаның шығыны:Ені 1,5 метр ұзындығы 60см жеңіл жүн мата.Жүн жылуды жақсы сақтайды,әрі төзімді келеді.Ылғалды жақсы тартады да,буланып бояу кебеді.
Құрастыру және сәндеу.Әр түрлі сәнді белдемшелер негізгі конструкциялық сызбадан алынады.
Оны кеңейту немесе қынау адам денесінің құрылысы мен қосымшаларға байланысты.Кең пішуге берілетін қосымшалар.(см)
Өлшем: Пішу түрі:
Қынамалы Жартылай
Бел айналымы Қынамалы
Бөксе айналымы Кең
Ұзындығы
Бұйымның өзіндік құнын алдын ала есептеу.Бұйымның өзіндік құнын алдын ала есептеу экономикалық тиімділігін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.Сонымен жобалаған белдемшенің құнын шамамен 425теңге деп аламыз.
Материалдың атауы: Құны/1м Шығыны: Барлығы:
Жүн мата 400теңге 60см 240теңге
Қатырма мата 150теңге 60см 75теңге
Сыдырма 50теңге 1дана 50теңге
Жіп 30теңге 2дана 60теңге
Барлығы:425теңге.
Бұйымның соңғы бағасына матаның құны көп әсер етеді.Матаны таңдағанда,оның құнын,қанша мата қажет болатын сапасына қарай алу керек.Егер белдемшенің құны базар нарығынан төмен болса,онда отбасының бюджеті экономика жағынан үлес қосады.
Қажетті құралдар мен жабдықтар:
1.Үлгі.
2.Пішу қағазы.
3.Сантиметрлік таспа,ине,моншақты ине.
4.Көктеуге арналған №50 жіп.
5.Бор немесе сабын.
6.Қайшы,мата.
Ескертулер:
1.Инені ауызға салуға,киімге түйреуге болмайды.
2.Инені доғал жағымен беріңдер.
3.Иненің санын біліңдер.
4.Жұмыс басында және аяғында инені түгенде.
5.Арнайы жастықша немесе арнайы құралды ұста.
6.Жіпті дұрыс ұстап,дұрыс сақта.
Практикалық жұмыс.
Белдемшенің тігілу реті-тәртібі.
1.Матаны қияр алдында оны өлшеп,ақауларын тексеріп,негізгі және арқау жіптердің бағытын анықтап алу керек.
2.Дайын үлгіні мата бетіне орналастырып матаның суретін,негізгі және арқау жіптердің бағытын ескеру қажет.
3.Бөлшектерді орналастырғанда,негізгі мақсат матаны ұтымды пайдалану.
4.Ол үшін алдымен үлгі бөлшектерінің ең ірілерін,содан кейін араларына майда бөлшектерді орналастырып соны тексеріп инешелермен қыстыру керек.
5.Орналастыру кезінде тігіске берілетін қосымшаларды ескеріп,орын қалдыру қажет.
6.Берілген орынды ескере отырып,үлгіні қиямыз.
7.Қиылып алынған үлгіні қол тігісі көктеу тігісімен тігу керек.
8.Киіп көріп,ақауларын түзеу керек.
Ойын ойнату
Оқушыларды екі топқа бөліп,еңбек,өнер туралы мақал-мәтелдер айту қажет.Көбірек айтқан топ жеңімпаз атанады.
Газет-журналдан белдемше түрлерінің үлгісін қиып,альбомға жапсыру керек.
Қорытындылау.
а)Сұрақтармен жұмыс жүргізу
1.Белдемшенің шығуы жайлы не айта аласың?
2.Белдемшенің қандай түрлерін білесің?
3.Беддемшеге матаны қалай таңдайсың?
4.Белдемшенің пішу ретін айтып бер.
5.Киімге қойылатын эстетикалық талаптар қандай болуы керек?
6.Эскиз дегеніміз не?
ә)Қауіпсіздік ережесін сұрап,еске түсіреміз.
б)Сынып ішін ретке келтіру. Өз шығармашылық жобаларын қорғай білуге әзірлеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет