Зерттеу нысаны - иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудегі ерекшеліктер.
Тақырыптың өзектілігі - иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің тиімді тәсілдерін оқып - үйрену арқылы математикалық білім деңгейін көтеру.
Зерттеу жұмысының мақсаты-иррационал теңдеулер мен теңсіздіктердің ерекшеліктерін айқындап, оларды шешудің кейбір тиімді тәсілдерін көрсету.
Мақсатқа жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойдық:
- иррационал теңдеулер мен теңсіздіктердің ерекшеліктерін айқындау;
- иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге қойылатын талаптарды анықтау;
- иррационал теңсіздіктерді шешудегі тиімді тәсілдерді көрсету.
Зерттеу болжамы- орта мектеп бағдарламасына сәйкес теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің тиімді тәсілдері оқушылардың пәнге қызығушылығын тудырып, сабақ тиімділігін арттырады.